Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
диплом.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
667.14 Кб
Скачать

2012-2013 Ж.Ж. «Қазақстан Темір Жолы» Ұлттық компаниясы» ақ төлем қабілеттілігін талдау

Көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

Іс-жүзінде

Ауытқу

(+;-)

2012ж.

2013ж.

1

2

3

4

5

6

1.

Қысқа мерзімді активтер, оның ішінде:

мың тг

2851,0

86210,0

+83359,0

1.1.

Ақша қаражаттары және қысқа мерзімді қаржылық салымдар

мың тг

4,0

10,0

+6,0

1.2.

Дебиторлық қарыз және басқа да активтер

мың тг

-

-

-

1.3.

Қорлар

мың тг

2747,0

85904,0

+83157,0

1.4

Өзге қысқа мерзімді активтер

мың тг

100,0

296,0

+196,0

2.

Қысқа мерзімді міндеттемелер мың теңге, оның ішінде:

мың тг

90835,0

185449,0

+94614,0

3.

Өтімділік көрсеткіштері

3.1.

Абсолюттік өтімділік коэффициенті

теңге

4,404

5,392

+0,988

3.2.

Аралық өтімділік коэффициенті

теңге

4,404

5,392

+0,988

3.3.

Жалпы өтімділік коэффициенті

теңге

0,0314

0,465

+0,4336

3.7 кесте бойынша «Қазақстан Темір Жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ төлем қабілеттілігін есептеу барысында қысқа мерзімді активтердің деңгейлеріндегі ауытқуларды және оларға әр түрлі факторлардың әсер ету көлемін дәлелдедік. Қысқа мерзімді активтерді өткен жылмен салыстырғанда 83359,0 мың тг. артқанын көреміз. Оның арту себебі барлық баптардың артуында.

Сонымен қатар кысқа мерзімді міндеттемелер де 94614,0 мың тг. артқан.

Өнімділік көрсеткіші негізінен үш коэффициенттік қызмет атқарады, яғни абсолюттік өтімділік коэффициенті, аралық өтімділік коэффициенті және жалпы өтімділік коэффициенті.

Сонын ішінде: абсолюттік өтімділік коэффициенті 2012 жылы 4,404 теңгені құраса, 2013 жылы 5,392 теңгені құраған, яғни 0,988 теңгеге артқан.

Ал ұйымның аралық өтімділік коэффициентін өткен жылмен eсепті жылды салыстырсақ 2012 жылы 4,404 теңгені құраса, 2013 жылы 5,392 теңгені құрап отыр, яғни 0,988 теңгеге артқан.

Жалпы өтімділік коэффициенті 2012 жылы 0,0314 теңгені құраса, 2013 жылы 0465 теңгені құраған, яғни 0,4336 теңгеге артқан.

3.3 Кәсiпорынның қаржы нәтижелерiн жетiлдiру жолдары

Кәсіпорынның қаржы нәтижелері – ол оның табысы немесе зияны болып табылады. Халықаралық есептің стандарты 18 «Табыстар» бойынша қаржының келуі немесе активтер құнының өсуі не болмаса пассивтердің азаюы түріндегі есепті кезеңдегі экономикалық пайданың ұлғаюы болып табылады. Бұл акционерлер салымдарының есебінен өсуден басқа жағдайдағы капиталдың өсуіне әкеледі. Табыстылықтың көрсеткіштер жүйесі ең алдымен қаржылық нәтижелердің абсолютті көрсеткіштерінен тұрады, олар өнімді өткізуден алынатын табыс; жалпы табыс, негізгі қызметтен түскен табыс; салық салынғанға дейінгі дағдылы қызметтен алынатын табыс; салық салынғаннан кейінгі дағдылы қызметтен алынатын табыс; төтенше жағдайлардан алынған табыс;

Кәсіпорын қызметінің соңғы қаржылық нәтижесі болып табылатын таза пайда.

Негізгі қызметтің, басқада қызметтің және негізгі емес қызметтің қаржы нәтижелеріне ерекше аудару қажет. Қаржы нәтижерінің (табыстың) қалыптасуы негізгі емес қызметтің нәтижелеріне байланысты сондықтан, негізгі емес қызметтің табысына жататындар:

  • негізгі құралдарды өткізуден түскен пайда;

  • материалдарды өткізуден түскен пайда;

  • қосудан түскен пайда;

  • автоқызметтерден түсен пайда;

  • жалгерліктен түскен пайда;

  • айыппұл, штрафтар бойынша;

  • күдікті міндеттемелерді істен шығарудан түскен пайда;

  • бағам айырмасынан түскен пайда және т.б.

Негізгі қызметтің табыстары:

  • өндірілген тауарлы өнім;

  • тауарлы өнім.

Қайталанған немесе басқа қызметтің табыстары- құрылыс – монтаждық жұмыстардың тауарлы өнімі.

Қаржылық экономика жағдпйында акционерлік қоғамның қызметін бағалаудағы көрсеткіштерінің бірі қаржы нәтижелері, яғни табыс немесе зиян.

Табыстың орындалуын талдаудың негізгі міндеттері:

  • шаруашылық қарекеттің түпкі қаржы нәтижесі ретінде өнім өткізуден түскен табыстың орындалуын бағалау; салық салынуға дейін табысты бағалау;

  • кәсіпорынның негізгі емес қызмет түскен қаржы нәтижелерін талдау;

  • табыстың арттыру резервтерін анықтау.

Табыстылықтың келесі абсолютті көрсеткіші – негізгі қызметтен алынған (түскен) табыс. Ол жалпы пайда пен кезең шығындары арасындағы айырма ретінде анықталады.

Жалпы пайда көлемі қаншалықты көп және өткізілген өнімнің өндірістік өзіндік құнына кірмейтін тұрақты шығындарды білдіретін кезең шығындары қаншалықты аз болса, негізгі қызметтен алынатын табыс соншалықты жоғары болады.

Табыстылықтың екiншi абсолюттi көрсеткiшi жалпы пайдасы. Ол өнiмдi өткiзудiң қаржылық нәтижесiн бiлдiредi және негiзгi қызмет нәтижесiнде өнiмдi өткiзуден түскен табыс пен өткiзiлген өнiмнiң өндiрiстiк өзiндiк құны арасындағы айырма ретiнде анықталады.

Жалпы пайдаға әсер ететiн маңызды фактор өндiрiстiк өзiндiк құн, сондықтан оның төмендеуi оның көлемiне көп әсерiн тигiзедi.

Жалпы пайда көрсеткiшi кәсiпорынның белгiлi бiр кезеңде тапқан табысының жалпы сомасын сипаттайды, ол кәсiпорынның өндiрiстiк – шаруашылық қызметiнiң соңғы қаржылық нәтижелерiн көрсетедi.

Факторлық талдау – жалпы пайдаға әсер ететiн баға, шығындар сияқты барлық факторлармен көрсеткiштердi талдау, солардың негiзiнде табыс анықталады.

Жалпы табыстың көлемiне келесi факторлар әсер етедi:

  • өткiзiлген өнiм бағаларының өзгеруi;

  • өткiзiлген өнiмнен түсетiн табыстың өзгеруi;

  • өткiзiлген өнiмнiң бiр теңгесiне кеткен шығындардың өзгеруi.

Жалпы табыс көлемi қаншалықты көп болса, өнiмнiң өзiндiк құнына кiрмейтiн тұрақты шығындары аз болса негiзгi қызметтен түсетiн табыс соншалықта жоғары болады.

Кестедегі ауытқуға келесi факторлар әсер етуі мүмкін:

  1. Өткiзiлген өнiмнiң өндiрiстiк өзiндiк құны;

  2. Өнiм бiрлiгiнiң бағасы;

  3. Өткiзiлген өнiм көлемi (саны);

  4. Өткiзiлген өнiм құрылымындағы құрылымдық өзгерiстер.

Аталған факторлардың жалпы табысқа әсерiн анықтау үшiн «Кірістер мен шығыстар туралы» есептiң мәлiметтерi бойынша 3.8 кестені талдауда көрсетемiз.

Кесте 3.8

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]