Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
диплом.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
667.14 Кб
Скачать

2012-2013 Ж.Ж «Қазақстан Темір Жолы» Ұлттық компаниясы» ақ

пайдасы мен шығындарын талдау

Көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

Іс-жүзінде

Ауытқу

(+;-)

2012ж.

2013ж.

1

2

3

4

5

6

1

Өнімді (қызметті, жұмысты) өткізуден түскен пайда

мың тг.

759,0

2163,0

+1404,0

2

Өткізілген өнімнің (қызметтің, жұмыстың) өзіндік құны

мың тг.

46496,0

57254,0

+10758,0

3

Жалпы пайда

мың тг.

-45737,0

-55091,0

-9354,0

4

Өзге пайда

мың тг.

20,0

30,0

+10,0

5

Әкімшілік шығындар

мың тг.

19454,0

21017,0

+1563,0

6

Салық салынғаға дейінгі пайда (зиян)

мың тг.

-65171,0

-76078,0

-10907,0

7

Корпоративті табыс салығы бойынша шығындар

мың тг.

-

-

-

8

Салық салынғанан кейінгі пайда (зиян)

мың тг.

-65171,0

-76078,0

-10907,0

3.6 кесте бойынша өнімді (қызмет, жұмыс) өткізуден түскен пайданы өткен жылмен eсепті жылды салыстырсақ 1404,0 мың тг. артқан. Сатылған дайын өнімнің өзіндік құныда өткен жылмен салыстырғанда 10758,0 мың тг. артқан. Жалпы пайда көрсеткіш бұл өнімді (қызмет, жұмыс) өткізуден түскен пайда пен өткізілген өнім (қызмет, жұмыс) өзіндік құны арасындағы айырманы көрсетеді. «Қазақстан Темір Жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ жалпы пайдасы 2012 жылы -45737,0 мың тг. құраса, 2013 жылы -55091,0 мың тг. құраған, яғни -9354,0 мың тг. кеміген.

Нәтижесінде таза пайда ұйымда екі жылда да теріс мәнге ие болған.

Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі оның қаржылық тұрақтылығының маңызды белгілерінің бірі және сондықтан онымен тығыз байланысты болады. Сол себептен нарық экономикасы жағдайында оған көңіл бөлінеді.

Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін талдау барысында ағымдағы және келешектегі төлем қабілеттілігі зерттелді. Ағымдағы төлем қабілеттілігі баланс мәліметтері бойынша төлем құралдарын жедел міндеттемелермен салыстыру арқылы анықталады. Төлем құралдарына ақшалай қаражаттар, бағалы қағаздар, түсу сенімділігі жоғары дебиторлық қарыздар жатады. Жедел міндеттемелерге кәсіпорынның ағымдағы міндеттемлері жатады. Төлем құралдарының жедел міндеттемелерден жоғары болуы кәсіпорынның төлемге қабілеттілігін сипаттайды. Төлем қабілетсіздігі жөнінде банк шотттарында ақшалай қаржаттардың болмауы, кейінге қалдырылған төлем міндеттемелерінің болуы көрсетеді.

Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есепте негізгі, инвестициялық және қаржы жөніндегі қызметін жүзеге асыру нәтижесінде алынған ақшалар ағыны туралы барлық деректері, сондай-ақ қаржы қызметінде пайдаланатын таза ақшалар, олардың эквиваленттерінің таза көбеюі, жылдың басындағы және аяғындағы ақшалар көрсетіледі. Мұндағы, операциялық қызметі – заңды тұлғаның табыс алатын негізгі қызметі, инвестициялық, қаржылық қызметтеріне қатысы жоқ басқадай қызметі; инвестициялық қызметі – ұзақ мерзімді активтерді сатып алу және сату; қаржылық – заңды тұлғаның меншікті және несие қаражатының мөлшері мен құрамындағы өзгерістері.

Меншікті капиталындағы өзгерістер туралы есепте 2 кезеңнің аралығында болған меншікті капиталындағы, оның құрамындағы өзгерістер, таза кірістер мен шығыстардың болу себептерін анықтайды.

Түсіндірме жазба – кәсіпорында жасалған негізгі аналитикалық құжат. Онда, бірінші кезекте, бизнес жоспарының барлық тауарлары бойынша негізгі себептермен қоса, орындалу жайында қысқаша баға беріледі, және теріс әсер еткен жақтары да ашылады. Түсіндірме жазба реттелген түрде берілуі тиіс. Ол пайдаланушыларға қаржылық есептілікті түсінуге және оны басқа ұйымдардың есептілігімен салыстыруға көмектеседі.

Балансты және басқа да беретін есептердің уақытында, әрі сапалы жасау үшін бухгалтерия өндірістік бөлімшелеріндегі барлық мәліметтердің құжатталуын, белгіленген материалдық және басқа есептерін толық көлемде берілуін қамтамасыз ету керек.

Қаржылық – шаруашылық қызметі туралы есеп беру нысаны табыс пен шығыс шоттарын ашып, оларға шолу жасайды. Кірістер мен шығыстар туралы есеп беруі келесі көрсеткіштерден тұрады: өнімді сатудан түскен табыс; негізгі қызметтен түскен табыс; негізгі емес қызметтен түскен табыс; салық салынғанға дейінгі және кейінгі қызметінен алынған табыс; табыс салығы бойынша шығыс; таза табыс.

Ағымдағы төлем қабілеттілігі есеп беру кезеңінің ішінде төлем күнтізбесі көмегімен анықталады. Төлем күнтізбесі аналитикалық есеп, банк көшірмесі және т.с.с. мәліметтер негізінде құрылады. Мұндай есептеулер күн сайын немесе 3-5 күнде бір жүзеге асырылуы мүмкін. Есептеулер мерзімі кәсіпорын төлем қабілеттілігіне байланысты. Егер ол тұрақты болса, онда есептеулер ара-тұра, ал тұрақсыз болса, есептеулер жиі жүргізіледі.

Бірақ ағымдағы төлем қабілеттілігін анықтауға тек баланс мәліметтерін қолдану дұрыс емес, яғни тек баланс мәліметтері жеткіліксіз болып табылады. Сондықтан келешектегі кәсіпорынның төлем қабілеттілігін көрсететін өтімділік коэффициенттері зерттеледі. Оларға абсолютті өтімділік коэффициенті, аралық өтімділік коэффициенті, ағымдағы өтімділік коэффициенті жатады.

Абсолютті өтімділік коэффициенті ақшалай қаражаттар мен бағалы қағаздардың ағымдағы міндеттемелерге қатынасымен анықталады.

Ол ағымдағы қарыздардың қай бөлігі баланс құру күнінде немесе жақын уақыт аралығында өтелетінін көрсетеді.

Оның оңтайлы мәні келесі түрде болып табылады: Ка.ө.=0,2-0,5

Аралық өтімділік коэффициентін есептеу үшін жоғарғы аталған көрсеткіштің ағымдағы ақшалай қаражат құрамына дебиторлық қарыздар мен басқа да активтер қосылады.

Аралық өтімділік коэффициентінің оңтайлы мәні Кар.≥1

Ағымдағы өтімділік коэффициенті ағымдағы (мобильді) активтер мен (болашақ кезеңнің шығындары шегерілген) ағымдағы міндеттемелердің арақатынасы арқылы анықталады.

Бұл коэффициент ағымдағы активтер қанша уақыт аралығында ағымдағы міндеттемелерді жабатынын анықтауға мүмкіндік береді және кәсіпорынның дер уақтылы дебиторлық қарыздар бойынша есеп айырысып және дайын өнімдерін өткізумен қатар материалдық айналым қаражаттарын сатумен байланысты (қажет болған жағдайда) болатын төлем мүмкіндіктерін көрсетеді. Ол өтімді қаражаттардың ағымдағы міндетемелерді өтей алуын бағалауға мүмкіндік береді және осы арқылы баланс құрылымының тұрақтылығын, сонымен қатар кәсіпорынның өзінің ағымдағы міндеттемелерін жедел өтей алу қабілетін көрсетеді.

Ағымдағы өтімділік коэффициенті ағымдағы активтердің бір айналымының орташа ұзақтығына тең (норматив – 222 күн) кезеңдегі кәсіпорынның күтілетін төлем қабілеттілігін сипаттайды.

Ағымдағы өтімділік коэффициентінің оптималды мәні: Кағ.ө.≥2

Кәсіпорынның өтімділігі шын мәнінде баланс өтімділігі көрсетеді. Сондықтан кәсіпорынның төлем қабілеттілігін бағалау үшін бухгалтерлік баланстың көрсеткіштерін тереңінен зерттеу болып табылады. Баланс өтімділігі талдаудың мәні – активтегі өтімділік дәрежесі бойынша топталған қаражаттарды пассивтің міндеттемелер салыстыруда.Талдау келесі кестеде қарастырылған. Актив пен пассив баптары белгілі бір тәртіппен топталады, өтімділігі жоғарылардан бастап өтімділігі төменгілерге (актив), яғни өтімділігінің төмендеу тәртібі бойынша қайтару уақыты ұзақтардан қайтару уақыты қысқаларға қарай (пассив), яғни қайтару уақытын жоғарылату тәртібі бойынша болады. Кейде керісінше тәртіп болуы да мүмкін, мысалы батыс европалық елдерде осыны қолданады.

Енді кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипайттайтын кейбір көрсеткіштерін талдауға ауысайық, ол үшін 3.7-кестені құрамыз. Кәсіпорынның қаржы жағдайына нақты баға беру үшін оның төлем қабілеттігі талданады. Ол өтімділік көрсеткіштерін зертеу арқылы жүзеге асырылады. Абсолютті өтімділік коэффициенті ақшалай қаражаттармен кәсіпорынның ағымдағы міндеттемелерін төлеуді сипаттайды, оның мөлшері 0,2-0,5 аралық өтімділік коэффициенті ақшалай қаражатқа төленген дебиторлық қарызды қосқандағы ағымдағы міндеттемелерді өтеу мүмкіншілігін көрсетеді, бұл көрсеткіштің дұрыс көлемі 1,0-ден жоғары немесе 1,0-ге тең болғаны жөн. Жалпы өтімділік коэффициенті кәсіпорынның барлық ағымдағы активтерін өткізгенде ағымдағы міндеттемелерін өтеу мүмкіншілігін сипаттайды және оның дұрыс көлемі 2-ден жоғары болғаны жөн. «Халмат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде 2009-2010 жылдардағы мәліметтері бойынша оның өтімділік көрсеткіштерін талдаймыз. Ол үшін форма № 1 Бухгалтерлік баланстан мәліметтерді алып, өтімділік коэффициенттерін есептейміз. Бұл өтімділік көрсеткіштерге мыналар жатады:

  1. Абсолютті өтімділік коэффициенті – Ақша қаражаттары / Қысқа мерзімді міндеттемелер;

  2. Аралық өтімділік коэффициенті – Ақша қаражаттары + Дебиторлық қарыздар / Қысқа мерзімді міндеттемелер;

  3. Жалпы өтімділік коэффициенті – Қысқа мерзімді активтер / Қысқа мерзімді міндеттемелер.

Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін сипаттайтын қысқа мерзімді активтердің өтімділік көрсеткіштерін талдау үшін 3.7-кесте құрылады.

Кесте 3.7

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]