- •2012-2013 Ж.Ж. «Қазақстан Темір Жолы» Ұлттық компаниясы» ақ
- •2012-2013 Ж.Ж. «Қазақстан Темір Жолы» Ұлттық компаниясы» ақ еңбек ресурстарды тиімді пайдалануды талдау
- •2012-2013 Ж.Ж. «Қазақстан Темір Жолы» Ұлттық компаниясы» ақ негізгі құралдарын тиімді пайдалануын талдау
- •2012-2013 Ж.Ж. «Қазақстан Темір Жолы» Ұлттық компаниясы» ақ материалдық ресурстарын тиімді пайдалануын талдау
- •2012-2013 Ж.Ж. «Қазақстан Темір Жолы» Ұлттық компаниясы» ақ актив және пассив бөлімдерінің құрамын және құрылымын талдау
- •2012-2013 Ж.Ж «Қазақстан Темір Жолы» Ұлттық компаниясы» ақ
- •2012-2013 Ж.Ж. «Қазақстан Темір Жолы» Ұлттық компаниясы» ақ төлем қабілеттілігін талдау
- •2012-2013 Ж.Ж. ««Қазақстан Темір Жолы» Ұлттық компаниясы» ақ жалпы табысын талдау
- •2012-2013 Ж.Ж. «Қазақстан Темір Жолы» Ұлттық компаниясы» ақ сату көлемiнiң табыстылығын талдау
2012-2013 Ж.Ж. «Қазақстан Темір Жолы» Ұлттық компаниясы» ақ актив және пассив бөлімдерінің құрамын және құрылымын талдау
№ |
Көрсеткшітер |
Өлшем бірлігі |
Іс-жүзінде |
Ауытқу (+;-) |
|
2012 ж. |
2013 ж. |
||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
|
Актив |
мың тг. |
25664,0 |
109371,0 |
+83707,0 |
1. |
Қысқа мерзімді активтер |
мың тг. |
2851,0 |
86210,0 |
+83359,0 |
1.1 |
Ақша қаражаттары және оның эквиваленттері |
мың тг. |
4,0 |
10,0 |
+6,0 |
1.2 |
Қорлар |
мың тг. |
2747,0 |
85904,0 |
+83157,0 |
1.3 |
Ағымдағы салық активтері |
мың тг. |
14,0 |
58,0 |
+44,0 |
1.4 |
Өзге қысқа мерзімді активтер |
мың тг. |
86,0 |
238,0 |
+152,0 |
2. |
Ұзақ мерзімді активтер |
мың тг. |
22813,0 |
23161,0 |
+348,0 |
2.1 |
Негізгі құралдар |
мың тг. |
22813,0 |
23161,0 |
+348,0 |
|
Пассив |
мың тг. |
25664,0 |
109371,0 |
+83707,0 |
3. |
Қысқа мерзімді міндеттемелер |
мың тг. |
90835,0 |
185449,0 |
+94614,0 |
3.1 |
Салықтар бойынша міндеттер |
мың тг. |
750,0 |
1102,0 |
+352,0 |
3.2 |
Басқа да міндетті төлемдер бойынша міндеттемелер |
мың тг. |
867,0 |
1161,0 |
+294,0 |
3.3 |
Қысқа мерзімді кредиторлық қарыздар |
мың тг. |
85234,0 |
178554,0 |
+93320,0 |
3.4 |
Еңбекақы бойынша қысқа мерзімді кредиторлық қарыздар |
мың тг. |
1968,0 |
2595,0 |
+627,0 |
3.5 |
Өзге қысқа мерзімді кредиторлық қарыздар |
мың тг. |
147,0 |
137,0 |
-10,0 |
3.6 |
Өзге қысқа мерзімді міндеттемелер |
мың тг. |
1869,0 |
1900,0 |
+31,0 |
4. |
Ұзақ мерзімді міндеттемелер |
мың тг. |
- |
- |
- |
5. |
Капитал |
мың тг. |
-65171,0 |
-76078,0 |
-10907,0 |
5.1 |
Бөлінбеген пайда |
мың тг. |
-65171,0 |
-76078,0 |
-10907,0 |
3.5 кестенің мәліметтері бойынша «Қазақстан Темір Жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ бухгалтерлік балансын талдау барысында оны екіге бөліп қарастырдық. Соның ішінде активті қарастыратын болсақ, актив екіге бөлінеді. Олар: қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді активтер.
Ұйымның қысқа мерзімді активтері өткен жылдармен салыстырғанда 83359,0 мың тг. артқан. Қысқа мерзімді активтер ақша қаражаттары және оның эквиваленттерінен, қорлардар, ағымдағы салық активтерден, өзге қысқа мерзімді активтерден құралған. Оның ішінде ақша қаражаттары және оның эквиваленттері 6,0 мың тг., қорлар 83157,0 мың тг., ағымдағы салық активтер 44,0 мың тг., өзге қысқа мерзімді активтер 152,0 мың тг. артқан.
Ұзақ мерзімді активтер ұйымда бір жылдан артық пайдаланатын және болашақта пайда алып келетін активтер. Олар ұйымда негізгі құралдардан ғана құрылған. Ұзақ мерзімді активре 2012 жылы 22813,0 мың тг. құраса, 2013 жылы 23161,0 мың тг. құраған, яғни 348,0 мың тг. артқан.
Активтің екінші бөлімі ұзақ мерзімді активтерді өткен жылмен салыстырғанда 23161,0 мың тг. артқан. Оның арту себебі негізгі құралдар 23161,0 мың тг. артуында.
Бухгалтерлік баланстың екінші бөлігі пассивте сәйкесінше өткен жылмен салыстырғанда 83707,0 мың тг. артқан. Өзімізге белгілі бухгалтерлік баланстың пассиві үшке бөлінеді. Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді міндеттемелер, капитал. Қысқа мерзімді міндеттемелерді талдайтын болсақ, есепті жылы 94614,0 мың тг. артқан. Олар салықтар бойынша міндеттемелерден, басқа да міндетті төлемдер бойынша міндеттемелерден, қысқа мерзімді кредиторлық қарыздардан, еңбекақы бойынша қысқа мерзімді кредиторлық қарыздардан, өзге де кредиторлық қарыздардан, өзге қысқа мерзімді міндеттемелерден тұрады. Оның ішінде салықтар бойынша міндеттемелер 352,0 мың тг., басқа да міндетті төлемдер бойынша міндеттемелер 294,0 мың тг., қысқа мерзімді кредиторлық қарыздар 93320,0 мың тг., еңбекақы бойынша қысқа мерзімді кредиторлық қарыздар 627,0 мың тг., өзге қысқа мерзімді міндеттемелер 31,0 мың тг. артқан және өзге де кредиторлық қарыздар 10,0 мың тг. кеміген.
Ұйымда ұзақ мерзімді міндеттемелер екі жылда да болмаған. Пассивтің үшінші бөлігі капитал болып табылады. Ол өткен жылмен салыстырғанда 10907,0 мың тг. кеміген. Кему себебі, бөлінбеген табыс 10907,0 мың тг. кеміген.
Ұйымның пайдасы мен шығындарын талдау үшін 3.10-кестені құрастырамыз.
Шығындарға қарағанда табыстың көлемінің артық болуына байланысты мекеменің қаржылық жағдайы өте жоғары көрсеткіштер көрсетіп отыр.
Қысқа мерзімді активтердің құрамындағы ақшалай қаражаттардың өсуі кәсіпорынның қаржы жағдайының тұрақтылығын дәлелдейді. Олардың көлемі бірінші кезектегі төлемдерді өтеуді қамтымасыз етуі тиіс. Бірақ ұзақ мерзім бойына үлкен ақшалай қаражат қалдықтарының болуы айналым капиталының дұрыс пайдаланылмауының нәтижесін көрсетеді. Олар табыс алу мақсатында өз өндірісін кеңейту немесе басқа кәсіпорындардың акцияларына және бағалы қағаздарына салу жолымен жедел түрде айналымға түсулері тиіс.
Дебиторлық қарыздардың өсуі де оң жағынан, сондай-ақ кері жағынан сипатталады. Бұл рете қалыпты және кейінге қалдырылған дебиторлық қарыздарды ажырата білу қажет. Кейінге қалдырылған дебиторлық қарыздардың болуы қаржылық қиындықтарға соқтырады. Себебі кәсіпорынның өндірістік босалқыларды сатып алуға, еңбекақы төлеуге және басқа да мақсаттарға қаржы ресурстары жетіспейді. Қаражаттардың жұмсалмауы капитал айналымдылығының төмендеуіне алып келеді.
Кәсіпорынның қаржы жағдайына өндірістік босалқылар жағдайы да елеулі әсер етеді. Көлемі аз, бірақ ширақ қозғалатын босалқылардың болуы қаржы ресурстарының аз ғана бөлігі қорда тұрғанын бейнелейді. Ал олардың шамадан тыс көп болуы өндіріс белсенділігінің төмендегенін сипаттайды. Біздің кәсіпорында қорлардың көлемі шамалы көбейген.
Кәсіпорын активтерінің құрылымы өз кезегінде қалыптасу көздеріне байланысты. Сондықтан келесі кезекте активтердің қалыптасу көздері бағаланады.
Талдау жүргізушінің келесі әрекеті баланс активінің құрылу көздерін талдау болады.
Нарық қатынасы жағдайында кәсіпорынның қызметі және оның дамуы көбіне өзін-өзі қаржыландырумен, яғни меншікті капиталдың көмегімен жүзеге асырылады. Тек ол капитал жетпегенде ғана шеттен капитал тартылады. Бұл кезде қиын болса да сырттан тартылған капиталдан қаржылық тәуелсіздік аса маңызды орын алады, бірақ онсыз әрине мүмкін емес.
Активтердің қорлану көздерін талдау кезінде меншікті және қатыстырылған капиталдың көрсетілген көлемі белгіленіп, есеп беру кезеңіндегі олардың өзгеру себептері анықталып, оларға баға беріледі.
Нарық қатынасы жағдайында кәсіпорынның қызметі және оның дамуы көбіне өзін - өзі қаржыландырумен, яғни меншікті капиталдың көмегімен жүзеге асырылады. Сондықтан да қаржылық есеп берудің ағымдағы активтерінің құрастырылу көздерін шектеу керек. Оның ең аз бөлігі өндірістік бағдарламаны қамтамасыз ету үшін өзінің кейбір кезеңдерінде ағымдағы активтерге әдеттегіден жоғары, яғни қосымша қажеттілік туғанда, ол бөліктердің қысқа мерзімді несиелерімен және коммерциялық несиелермен табылады.
Активтердің қорлану көздерін талдау кезінде меншікті және қатыстырылған капиталдың көрсетілген көлемі белгіленіп, есеп беру кезіндегі олардың өзгеру себептері анықталып, оларға баға беріледі. Бұл кезде өз меншігіндегі капиталға, басты назар аударылады, себебі өз қаражаттарының қоры болуы оның қаржылық тұрақтылығының барлығын көрсетеді.
Қорлар мен шығындардың меншікті айналым қаражаттарымен қамтамасыз етілудің қалыпты коэффициенті меншікті қаражат көздерімен қажетті қорлар мен шығындарын қалғандарын қысқа мерзімді қарыздармен жабу назарға алынып анықталады. Егер олардың мөлшері негізгі қажеттілікпен асып кетсе, онда меншікті айналым қаражаттары материалдық қорлардың бір бөлігін ғана жоба алады. Яғни көрсеткіш < 1 болады. Керісінше кәсіпорынның материалдық қорлары үздіксіз жұмыс жасауға жеткіліксіз болғанда көрсеткіш > 1 болуы мүмкін, бірақ кәсіпорынның қаржылық жағдайы екендігін көрсетпейді. Сондықтан материалдық қорлардың меншікті айналым қаражаттарымен қамтамасыз етілу көрсеткішінің деңгейін ең бірінші материалдық қорлардың жағдайына байланысты бағалап қарастыру керек. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын тек қана қаражат көздерінің құрамымен емес, сонымен бірге қаржылық есеп берудің активтеріне салудың дұрыстығымен де сипатталады. Сондықтан меншікті қаражаттардың құрылымымен бағалаумен қатар кәсіпорынның қарыз қаражаттарының құрылымы 3.6 кестеде қарастырылады.
Кесте 3.6
