Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
диплом.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
667.14 Кб
Скачать

Кіріспе

Инвестициялық іс-әрекет - кәсіпорын жүргізетін құрылымдық саясатымен тығыз байланысты. Құрылымдық саясат экономиканың дамуының негізгі бағыттары және қызмет етудің жаңа ресурс үнемдеуші, жоғары технологияны және экологиялық дұрыс моделіне көшумен анықталады. Ұйымның инвестициялық іс-әрекеттің басты механизімінің бірі - инвестиция тиімділігі болып табылады. Инвестиция тиімділігі - кәсіпорын экономиканың тиімділігін реттеу құралдарының басты комплексі болып табылады. Олар мемлекеттік бюджеттен және бюджеттен тыс қорлардан құрылады.

Ал Қазақстан Республикасындағы экономикалық жүйенің қалыптасу кезеңінде инвестициялық саясат басым сипатқа ие. Елімізде шетелдік инвестицияларды тартуға бағдарлану негізгі бағытқа айналды, мұның өзі қолайлы инвестициялық ахуал туғызуды талап етті. Қазақстанда ел экономикасына қаржы ресурстарын тартуды жандандыру үшін институттық және нормативтік-құқықтық алғы шарттар жасалды. Мысалы, мамандандырылған өкілетті орган және ҚР Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесі пайда болды. Инвестициялар туралы заңдар қабылданды, инвестицияларды ынталандыру және өзара қорғау туралы, қосарланған салық салуды болдырмау туралы бірқатар үкіметаралық келісімдер жасалды.

Бүгінгі таңда Қазақстанның постиндустриялық тұрпаттағы әлемдік экономикаға кіріге бастауына мүмкіндік бар. Бірақ IT-индустрияны дамытумен қатар әлемнің түрлі елдеріндегі неғұрлым көп пайда әкелетін компанияларға қаржылық қатысуға негізделген экономиканы дамыту есебінен жүзеге асырылуы керек. Соңғысын «инновациялық тұрпаттағы инвестор елдің тұжырымдамасы» деуге болады. Аталған тұжырымдамада Қазақстан экономикасының дамуы шикізат секторынан қозғау алады, бұл оның қазіргі нақты жағдайына сай келеді. Сонымен бірге белгілі бір дәрежеде мемлекеттің бақылауында болуға тиісті шикізаттық салалардан алынған қаржыны тиімді және жоғары пайдамен инвестициялаудың жәрдемі арқылы қол жеткізу көзделінеді. Бұлайша инвестициялауды мемлекеттік инвестициялық институттар жүйесін іске асыру керек.

Бұл дипломдық жұмыстың мақсаты - ұйымның инвестициялық қызметінің еліміздің экономикасының дамуындағы функциялар мен жүргізетін операцияларын, ол қандай саясатты, құралдарды, шараларды қолдану арқылы өз қызметін атқаратынын зерттеп, алдағы жылдардағы бағыттарын болжап, соңғы жылдардағы негізгі көрсеткіштерге талдау жасау.

Мақсатпен байланысты осы жұмыстың орындалуында келесі міндеттер қойылды:

  • инвестация, инвестициялық қызмет, шетел инвестициялары, инвестор терминдеріне айқындылық беру;

  • ұйымның инвестициялық қызметінің мемлекетке әсерін қарастыру, ұйымның инвестииялық қызметін мемлекеттік реттеу;

  • ҚР-ғы инвестициялық климатқа әсер етуші факторларды талқылау;

  • шетел инвестициясын тарту мәселелерін қарастырып талдау;

  • ең алғаш рет ҚР-да инвестициялық саясаттың қалыптаса бастауы;

  • инвестициялық саясаттың қажеттілігі мен іске асыру кедергілері жанында көптеген мәселелер талқыланатын болады.

Зерттеу объектісі болып «Қазақстан Темір Жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ қаржылық активтері мен міндеттемелері есебі және аудиті табылады.

Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы кәсіпорындағы қаржылық құралдардың есебін дамыту бойынша сұрақтарды теориялық негіздеу және практикалық шешу болып табылады.

Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы мынадай нәтижелерінен тұрады:

  • қаржылық құралдардың есебінің әдістемесі ұсынылды;

  • қаржылық құралдарды бағалау әдістері негізделеді;

  • қаржылық құралдардың аудитінің әрекеттілігі мен тиімділігін арттыру бойынша кепілдемелер берілді.

Жұмыстың практикалық маңыздылығы. Зерттеудің нәтижесін «Қазақстан Темір Жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ жүзеге асыру қаржылық активтердің және қаржылық міндеттемелердің есебін дұрыстығын арттыруға мүмкіндік береді. Ол қызметтің тиімділігін арттыру үшін уақытылы шешім қабылдауға мүмкіндік туғызады.

Қаржылық активтердің және қаржылық міндеттемелердің есебін берудің аудитінің әрекеттілігі мен тиімділігін арттыру бойынша кепілдемелер аспаптар мен жабдықтарды, керек жабдықтарды металл қалыптарды дайындау, құрылыс материалдарын, бұйымдар мен құрылымдарды дайындау, оттегі өндірісінде өнімсіздік шығындар мен шығыстарды болдырмауға себін тигізеді.

Зерттеу нәтижелерін жүзеге асыру. Зерттеудің негізгі нәтижелері дипломдық жұмыстың зерттеудегі біртұтас ұсыныстары және кепілдемелері оперативтік шешімдерін дайындау және өткізу жайында байланыс желісінің барлық дәрежелерінде басқару қызметкерлерге, бас бухгалтер және қаржыгерлер үшін тәжірибелік қызығушылығын білдіреді.

1. Экономиканың индустриалды-инновациялық даму кезеңіндегі бухгалтерлік есепті ұйымдастыру және кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдау

1.1 Бәсекеге қабілеттілік жағдайында өндірісті ұйымдастыру және оның келешектегі даму жолдары

«Қазақстан Темір Жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ 2002 жылдың 15 наурызында Қазақстан Республикасы Үкіметінің №310 бұйрығымен құрылған.

«Қазақстан Темір Жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ 2004 жылдың 2 сәуір айында Астана қаласының Әділет юстициясында тіркелген.

Ұйым заңды тұлға болып табылады. Ол өзінің қызметін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргізеді.

Ұйымның банктерде жеке, ағымдағы және валюталық шоттары, сонымен қатар екі тілде жазылған мөрі бар.

Ұйымның мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Жеңіс даңғылы, 98.

Ұйымның негізгі қызмет түрлері:

  • Могистралды темір жол жүйесін құрастыру, модернизациялау;

  • Тасымалдау процесін бақылау;

  • Магистралды темір жол жүйесінің қызметін көрсеті;

  • Темір жол көлігімен жүк тасымалдау;

  • Жылжымалы темір жол құрамын жөндеу;

  • Жүк жіберушілердің және жүк қабылдаушылардың әр түрлі қажеттіліктерін қанағаттандыру.

«Қазақстан Темір Жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ есеп жүргізудің автоматтандырылған, яғни машинограмма, нысанын бухгалтерлік есеп жүргізуде қолданады.

Есеп жүргізудің автоматтандырылған жүйесі элетронды есептеуіш машиналарды пайдаланудың негізінде құрылған, есеп жүргізудің автоматтандырылған нысанын қолдану өте қолайлы.

Бұл нысанға ақпаратты өңдеудің келесі кезектігі тән:

- шаруашылық операциялары;

- ақпаратты тіркеу құрылғылары;

- бастапқы құжаттар;

- машинаға мәліметтерді еңгізу құрылғылары;

- тұрақты және өзгермелі ақпараттар базасы;

- анықтамалық және есеп беру машинограммалары.

Қазіргі уақытта барлық кәсіпорындар бухгалтерлік есептің автоматтандырылған формасын қолданады. Компьютерлердің көмегімен ақпараттар мен мәліметтерді есеп регистрлерінде және машина жадынында (дискетте, дискте, флешкада) жинақтауға болады.

Автоматтандырылған форманы қолдану есептік процестегі есептік ақпараттардың жоғары дәлдігін, жылдамдығын, есеп жүргізуші қызметкерлердің еңбек өнімділігін өсуін қамтамасыз етеді.

Бас бухгалтердің негізгі мақсаты, қызметі кәсіпорынның барлық қаржы және басқару есебін жүргізуге құқылы және өз атынан келісім-шарт жасауды, сенім хат бере алады.

Аға бухгалтердің қызметі кассалық операцияларды жүргізуге құқылы және бас бухгалтер егер іс-сапарға кеткенде, кезекті демалыста болғанда жұмыстарын жүргізуге құқылы.

Бухгалтерлік есептің бірінші звеносы кәсіпорын бухгалтериясы. Бас есепші әкімшілік қатынаста кәсіпорын директорына бағынады. Бухгалтерия бірнеше бөлімдерге бөлінеді. Бухгалтерияның есеп айырысу бөлімі еңбек ақы және әлеуметтік сақтандыру бойынша жұмысшылармен және қызметкерлермен есеп айырысуды жүргізеді, қаржы мекемелерімен есеп айырысуды жүзеге асырады. Материалдық бөлім жабдықтаушылармен есеп айырысу есебімен айналысады. Негізгі құралдар, материалдар, тауарлар қозғалысын есепке алады. Бұл бөлім материалдық құндылықтардың қоймадағы есебінің жүргізілу дұрыстығын тексеріп отырады.

Өткеру операциялары есебі бойынша өткеру бөлімінің бухгалтері есеп жүргізеді. Аға бухгалтер жинақтық және қортындылаушы құжаттар жасайды, негізгі қызмет бойынша есеп береді.

Пайдалылық – инвестициялық капиталды тарту және ұстап тұру үшін жеткілікті таза табыс табу қабілеттілігі.

Өтімділік - берілген мерзімге борыштарды өтеу үшін жеткілікті төлем қаражаттарының болуы.

Нарық бәсекелестік жағдайда өндірісті тиімді басқару нарық қатынастарының қалыптасуына, өндірістің тиімділігін көтеруге кәсіпорынның қаржыларын нығайтуға ықпал етеді.

«Қазақстан Темір Жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ болашақта атқарылған қызметтердің өзіндік құнын төмендетіп одан түскен табыстың көлемін көбейту үшін алдын-ала заңды тұлғалармен келісім шарттар жасауға бет бұруы, нарықтық бәсекелестік жағдайда өзінің орынын табу үшін жаңадан шығып жатқан тиімді жұмыс істейтін техникалық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуі қажет.

Кәсіпорын экономикасын көтерудің басты звеноларының бірі есеп болып табылады. Бухгалтерлік есеп әртүрлі басқару функцияларын орындау үшін ақпараттар дайындау.

Өндірістің бухгалтерия бөлімі есеп және талдау жұмыстарымен айналысады. Бухгалтерия жұмысын бас бухгалтер басқарады және ұйымдастырады.

Кәсіпорын бухгалтерлік есептің автоматтандырылған түрін қолданады. Орындалатын операциялар алғашқы құжаттармен хатталады. Олардың түрлері бір ізге салынған, стандартталған және автоматты өңдеуге бейімделген. Құжаттардың бухгалтерлік есептің журнал-ордерлік және автоматтандырылған регистрларының түрлері белгіленген тәртібі бойынша бекітілген.

Шаруашылық қызметтің түріне, көлеміне және шаруашылық жүргізудің нақты жағдайына қарай бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды жүзеге асыра отырып, кәсіпорын:

  • шаруашылық операцияларын рәсімдеу үшін пайдаланылатын бастапқы құжаттардың нысанын өкілетті орган бекіткен талаптар негізінде өз бетінше жасап бекітеді;

  • өз бетінше бухгалтерлік есепті ұйымдастыру нысанын белгілейді;

  • есеп саясатын құрады;

  • бухгалтерлік есептің қаржы және басқару бухгалтерияларына функционалдық бөлінуін жүзеге асырады.

Шаруашылық операцияларына бақылау жасау тәртібін қарастырады.

Кәсіпорын басшысы бас бухгалтерді тағайындайды және жұмыстан босатады.

Кәсіпорын шаруашылық қызметі барысында орындалатын әрбір операция өзінің түрі мен мазмұнына қарамастан міндетті түрде құжаттарда тіркеліп отырады.

Бухгалтерлік құжат дегеніміз – орындалған шаруашылық операцияларын растайтын немесе оларды орындауға берілген бұйрықтарды белгілейтін жазбаша өкім қағазы.

Пайдалану мақсатына қарай құжаттар өкімдік, растаушы, бухгалтерлік дайындау құжаттары және құрастырушы құжаттар болып бөлінеді.

Операцияның көлеміне қарай құжаттар бастапқы және жинақтаушы құжаттар болып бөлінеді.

Толтырылу тәсіліне қарай құжаттар типтік және мамандандырылған болып бөлінеді.

Толтырылу орнына қарай құжаттар ішкі және сыртқы болып бөлінеді.

Құжаттарға түсірілетін мәліметтер сиямен немесе шарикті қаламсаппен, электрондық есептеу машиналарымен жазылады.

Құжаттар көрсеткіштерін толтыруда қателер жіберілуі мүмкін . Мұндай қателер корректуралық түзету әдісін қолдану арқылы түзетіледі.

Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру мәліметтерінің дұрыстығын қамтамасыз ету мақсатында кәсіпорынның мүліктеріне және ақшалай міндеттемелеріне кем дегенде жылына 1 рет түгендеу жүргізіледі.

Түгендеу дегеніміз – кәсіпорын мүліктері мен міндеттемелерінің нақты барының бухгалтерлік есеп мәліметтерімен сәйкестігін тексеру.

Түгендеу жүргізу сәтінде белгілі бір мерзімге кәсіпорын мүліктері мен міндеттемелерінің нақты барын көрсету құжаты – «Түгендеу тізімдемесі» толтырылады.

1.2 Кәсіпорын қызметінің негізгі қаржы-экономикалық көрсеткіштерін талдау

Ұйымның қаржылық жағдайы – бұл оның қаржы бәсекелестік қабілеттілігінің сипаттамасы, қаржы ресурстары мен капиталды пайдалану, мемлекет алдында және басқа да кәсіпорынның алдында өз міндеттерін орындау. Ұйымның қаржы жағдайы осы кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі қаржылық тұрақтылығын және оның өз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізу мен өзінің кредиторлық қарыздарын уақытылы өтеу үшін қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуін көрсетеді.

Қаржылық тұрақтылық - бұл әрдайым төлем қабілеттілігін кепілдендіретін ұйымның белгілі бір шоттар жағдайы. Ұйымда тұрақты қалыптасқан табыстың шығыннан артуын – қаржылық тұрақтылық деп атайды. Ол ақша қаражаттарын еркін пайдаланып, оларды тиімді қолдану арқылы өндіру мен өнімді өткізу процесінің үздіксіздігін қамтамасыз ететін, сондай-ақ кәсіпорынды кеңейтуге және жаңартуға қажетті шығындарын қаржыландыратын, ұйымның қаржы ресурстық жағдайын сипаттайды. Қаржылық тұрақтылық ұйымның жалпы тұрақтылығының негізгі бөлігі болып табылады. Сондықтан да қаржылық тұрақтылық барлық өндіріс – шаруашылық қызметі процесінде қалыптасады және кәсіпорынның жалпы тұрақтылығының негізгі бөлігі болып табылады. Ал, кәсіпорынның жалпы қаржылық тұрақтылығы, ол ең алдымен әрдайым табыстың шығыннан артуын қамтамасыз ететін ақша ағымының қозғалысын көрсетеді.

Қазақстан Республикасының әлемдік экономикалық қауымдастыққа кіруіне байланысты барлық пайдаланушыларға, әсіресе шетелдік инвесторларға түсінікті бухгалтерлік есеп жүргізудің және қаржылық есеп беруді жасаудың қағидаларын жетілдіруге белгілі бір талаптар қойыла бастады. Шетелдік инвесторлар қазақстандық ұйымдарға ақшалай қаражат сомасын салғаннан кейін олардың барлығына түсінікті есептілік табыс ету қажет болды. Осыған байланысты қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттары (ҚЕХС) жалпы қабылданған кәсіби іскерлік қарым-қатынас жасау тілі болып табылады.

Қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттары (ҚЕХС) – бұл бүкіл әлемде ұйымдардың қаржы есептерін жасау үшін қаржы-шаруашылық операцияларын тануға, бағалау мен ашып көрсетуге талаптар қоятын ережелер.

Ұйым қызметін басқару үшін экономикалық көрсеткіштер жүйесін пайдаланады, ол бойынша өз жұмысын жоспарлайды, есеп пен есеп беруді ұйымдастырады, баға және жұмысқа ынталандыру жүзеге асырылады. Бұл жүйе өзінше өзара бір-бірімен байланысты көрсеткіштер жиынтығын құрайды. Экономикалық көрсеткіштер өзінің қалыптасу жағдайына байланысты жоспарлы және есепті болып бөлінеді. Есепті көрсеткіштер бұл белгілі кезеңдегі нақты жеткен көрсеткіштерді қамтып көрсетеді. Міне сондықтан бухгалтерлік есепті ұйымдастыруда экономикалық көрсеткіштер жүйесін барынша белгілеуді қамтамасыз ету қажет. Оған шаруашылық процестері мен көрсеткіштер, ұйым қорларының жағдайы, жоспарлы тапсырманың орындалу ақпараты көрсетілуі қажет. Бухгалтерлік есеп көрсеткіштер жүйесінің мүлтіксіз шарты ұйым басқаруда шешім қабылдауға ақпараттармен барынша қамтамасыз ету болып табылады [2].

Ұйымның қаржы жағдайы әлсіз және өмір сүру нарықтық экономика жағдайындағы ұйымның сенімді болуын, тұрақтылығын және келешегі барлығын куәландырылуы тиіс. Қаржы жағдайы ұйымның белгілі бір кезеңдегі қаржылық тұрақтылығын және оның өз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізуі мен өзінің қарыз міндеттемелерін уақытылы өтеуі үшін қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуін көрсетеді.

Ұйымның қызметін жан-жақты зерттеу негізінде бір-бірімен байланысты экономикалық көрсеткіштердің тобы жатады, олар ұйымның және бөлімшелердің жұмысын сипаттайды.

  • Ұйымның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі– қаржылық есеп беру болып табылады. Олар: Қаржылық жағдай туралы есеп; Жиынтық пайда туралы есеп; Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп; Капиталдағы өзгерістер туралы есеп;

Есептік саясаттағы өзгерістер бойынша түсіндірме хат. Есеп беру пайдаланушыны қажетті ақпаратпен қамтамасыз етеді. Қаржылық есеп берудің құрамдық бөліктері өзара байланысты, оларды бір-бірінен бөліп қарау мүмкін емес (1.1-кесте).

Кесте 1.1

2012-2013 Ж.Ж. «Қазақстан Темір Жолы» Ұлттық компаниясы» ақ

қаржы нәтижесінің қалыптасуын талдау

Көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

Іс-жүзінде

Ауытқу

(+;-)

2012ж.

2013ж.

1

2

3

4

5

6

1

Өнімді (қызметті, жұмысты) өткізуден түскен пайда

мың тг.

759,0

2163,0

+1404,0

2

Өткізілген өнімнің (қызметтің, жұмыстың) өзіндік құны

мың тг.

46496,0

57254,0

+10758,0

3

Жалпы пайда

мың тг.

-45737,0

-55091,0

-9354,0

4

Өзге пайда

мың тг.

20,0

30,0

+10,0

5

Әкімшілік шығындар

мың тг.

19454,0

21017,0

+1563,0

6

Салық салынғаға дейінгі пайда (зиын)

мың тг.

-65171,0

-76078,0

-10907,0

7

Корпоративті табыс салығы бойынша шығындар

мың тг.

-

-

-

8

Салық салынғанан кейінгі пайда (зиян)

мың тг.

-65171,0

-76078,0

-10907,0

9

Қызметкерлердің орташа тізімдік саны

адам

50

53

+3

10

Негізгі құралдардың орташа жылдық құны

мың тг.

165962,0

169073,0

+3111,0

11

Қор қайтарымдылығы 1/9

теңге

0,0045

0,013

+0,0085

12

Қор сыйымдылығы 9/1

теңге

218,66

78,17

-140,49

13

Қормен қарулану 9/8

теңге

3319,24

3190,1

-129,14

1.1-кестенің мәліметтерінен көріп отырғандай ұйымның қаржылық қызметін көрсететін негізгі көрсеткіштердің бірі өнім өткізуден және қызмет көрсетуден түскен пайда болып табылады. Аталған көрсеткішті өткен жылмен салыстырғанда 1404,0 мың тг. артқан. Өткізіген өнімнің және көрсетілген қызметтің өзіндік құнын өткен жылмен салыстырғанда 10758,0 мың тг. артқан. Сәйкесінше жалпы пайда 9354,0 мың тг. кеміген. Жалпы пайданың кему себебі өткізілген өнім өзіндік құнының артуына байланысты болған.

Ұйымның қаржылық қызметін көрсететін келесі көрсеткіш бұл таза пайда. Таза пайда жалпы пайдаға кезеңдік табыстарды қосып кезеңдік шығындарды алып тастау арқылы анықталынады. Ол да өткен жылмен салыстырғанда 10907,0 мың тг. төмендеген. Ұйымның қаржылық қызметін көрсететін келесі көрсеткіш бұл қызметкерлердің орташа тізімдік саны. Оны өткен жылмен салыстырғанды 3 адамға артқан. Негізгі құралдардың орташа жылдық құны да 3111,0 мың тг. артқан. Аталған көрсеткіштердің қатынасында қор қайтарымдылығы, қор сиымдылығы, қормен қаруланы көрсеткіштері анықталынады. Қор қайтарымдылығы 0,0085 тг. артса, қор сиымдылығы 140,49 тг. және қормен қаруланы 129,14 тг. кеміген.

Талдаудың нәтижесінде «Қазақстан Темір Жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ қаржылық жағдайы нашарлаған.

Өнімді өткізуден және қызмет көрсетуден түскен пайданың өзгеруіне келесідей факторлар әсер етеді:

  1. Ұйымды еңбек ресурстарымен қамтамасыз ету және тиімді пайдалану (1.2-кесте);

  2. Ұйымды негізгі құралдармен қамтамасыз ету және тиімді пайдалану (1.3-кесте);

  3. Ұйымды материалдық ресурстармен қамтамасыз ету және тиімді пайдалану (1.4-кесте).

Кесте 1.2

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]