- •Тас жұмыстарының өндірісі Жалпы мағлұматтар
- •3.1 Тасшының жұмыс орнын ұйымдастыру
- •3 .2 Тас қалау үшін пайдаланатын ағаштар мен мінбелер
- •3.3 Тас және құрастыру жұмыстарын қатар өндіру үшін крандар таңдау
- •3.4 Тас жұмыстарын өндіру технологиясын баяндау
- •3.5 Тас жұмыстарын қауіпсіз өндіру бойынша шаралар
3.5 Тас жұмыстарын қауіпсіз өндіру бойынша шаралар
Тас жұмыстарын өндіру жобасында жұмыстарды қауіпсіз жүргізу мәселелерін ерекше мұқиятты шешу керек. Жобада зерттеп жасалған шаралар ҚМЕ ІІІ-4-80 талаптарына сәйкес келу керек.
Тас қалауды орындағанда ағаштар және мінбелері қорғаныш күнқағарлар және қоршаулар орнатқанда, биікте сыртқы және ішкі қабырғалар қалағанда ерекше сақтану шараларын қолдану керек.
Ені 1,5 м тіреуішті жабын түрінде жасалған инвентарлы қорғаныш күнқағарлар көкжиекке 20 бұрышпен сыртқы қабырғалардың барлық периметрі бойынша жасалу керек. Күнқағарлардың бірінші қатары жерден 6 м көп емес биіктікте орнатылады және осы деңгейде үймеретті барлық биіктігіне дейін қалағанша қалады. Күнқағарлардың екінші қатары бірінші қатардың үстінен 6-7 м биіктікте орнатылады, содан-соң қалау жүрісі бойынша әр 6-7 м сайын қайта орналастырылып отырады (2 қабаттан кейін).
Тас қабырғаларды қорғаныш қүнқағарларсыз орнатуды 7 м артық емес биіктікте рұқсат етіледі, бұл жағдайда жерде үймереттің периметрі бойынша қабырғадан 1,5 м кем емес аралықта қоршаулар орнатылады. Үймеретке кіретін есіктер үстіне 2x2 м қалқалар жасалады.
Төменгі қабаттың мінбелер биіктігі жабын деңгейінен биік 2-3 қатар қабырға қалауға мүмкіншілік беру керек, бұл жоғары қабаттың бірінші ярусын қалауының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Тас қалағанда жұмыс жабынның ені 2,5 м тең алынады. Сонымен кірпіш табандықтары және ерітінді жәшіктері сөйтіп қойылады, тек жұмыс зонасында ені 60 см кем емес өтіс қамтамасыз ету үшін мінбелердің жабын деңгейі қалау деңгейінен 15 см кем емес болу керек.
Қабылдау алаңшаларда, басқыштарда, өтулерде, қабаттардағы ашық ойықтарда қоршаулар жасауды ескеру керек.
Жобада тас қалауын қысқы жағдайда орындағанда көрсету керек: ерітінді еритін мезгілде рұқсат етілетін қабырғалар және тіректердің шекті биіктігін; күш алушы құралымдар және аралық дуалдар үшін еритін мезгілдегі уақытша бекіткіштерді; қысқы қалау үшін қолданатын ерітінділер маркасы және қатыру температурасын төмендететін химиялық қосымшаларды.
