- •Тас жұмыстарының өндірісі Жалпы мағлұматтар
- •3.1 Тасшының жұмыс орнын ұйымдастыру
- •3 .2 Тас қалау үшін пайдаланатын ағаштар мен мінбелер
- •3.3 Тас және құрастыру жұмыстарын қатар өндіру үшін крандар таңдау
- •3.4 Тас жұмыстарын өндіру технологиясын баяндау
- •3.5 Тас жұмыстарын қауіпсіз өндіру бойынша шаралар
3 .2 Тас қалау үшін пайдаланатын ағаштар мен мінбелер
Қабырғалар тасын қалауда ең кең қолдану алған ЦНИИОМТП және Промстройпроект құралымының металл құбырлы ағаштары.
ЦНИИОМТП құралымдық ағаштарында тіреулер алынып-салынатын қамыт арқылы көлденең және бойлық байланыстармен қосылады, ал қамыттар тіреулердің немесе көлденең байланыстардың қай жері болса да бекіте алынады.
Промстройпроект құралымдық ағаштары план бойынша тік бұрышты және жай келбетті үймереттер үшін қолданылады, ал ЦНИИОМТП құралымдық ағаштарын қай пішінді үймереттер болса да пайдалануға болады.
Ағаштардың ең үлкен биіктігі – 40 м, жұмыс ярусы биіктігі – 1 м, жұмыс жабыны ені – 1,8, ал қабырға бойы – 2 м, мүмкіндік жүк – 2500 Н.
Қабаттар аралық жабындардан қабырғалар қалағанда қабаттан қабатқа кран арқылы ауыстырылатын мінбелер қолданады.
Материалдар үнемдеу мақсатына сәйкес инвентарлық панель-блокты және топсалы-панельді типті жобамен дайындалатын мінбелер пайдаланған жөн.
3.3 Тас және құрастыру жұмыстарын қатар өндіру үшін крандар таңдау
Тас және құрастыру жұмыстарын өндіру үшін кран таңдау негізгі және қосымша жұмыстар көлемін есепке алып жасалады. Сонынен, тұрғызатын үймереттің жұмыс көлемдері және шамаларына байланысты тас және құрастыру жұмыстары үшін крандар таңдау бөлек немесе бірге жасалуы мүмкін. Бірінші жағдайда крандар саны екіден кем болмау керек, олардың біреуі тасшылармен, ал екіншісі құрастырушылармен жұмыс істейді. Екінші жағдайда бір немесе бірнеше крандар тасшы және құрастырушылармен бірге істейді.
Көтергіш механизмдер ретінде мұнаралы және тағы жыланбауыр табанды немесе пневмодоңғалақты өзі жүретін жебелі крандар пайдалануға болады.
Крандар еңбек сыйымдылығын толық пайдалану мақсатына сәйкес құрылыс материалдарын пакеттермен беруді ескеру керек.
Тас және құрастыру жұмыстарын өндіру үшін кран іріктеу және таңдау техникалық параметрлері және техника-экономикалық көрсеткіштер бойынша жасалады.
3.4 Тас жұмыстарын өндіру технологиясын баяндау
Тас құралымдарын тұрғызу келесі операциялардан құралатын кешенді процесс болады: бау орнату және оларды ауыстыру; кірпіштерді әперу және оларды құрылып жатқан қабырғаға жаю; ерітіндіні күректеу, әперу, төсеп жаю және тегістеу; кірпішті құралымға қалау (шек қатарларына, шоймаға); жікті әшекейлеу (әшекейлеумен қалағанда); төселген қалаудың дұрыстығын тексеру, кірпішті шабу және жану (қажеттілік шама бойынша).
Жоғары мамандық тасшылар бау тарту, шек қатарларға кірпіш қалау және ұстасқан қалаудың дұрыстығын тексеруін орындайды, басқа операциялар төмен мамандық тасшылармен орындалуы мүмкін.
Күрделі сәулетті пішіндері бар қабырғалар немесе көп санды ойықтар, діңгектер немесе қалыңдығы 1 және 1,5 кірпішті қабырғалар тұрғызғанда қалауды «екілік» звеносымен жүргізген жөн. Мұндай звенода V-VI дәрежелі тасшы бау орнатады, кірпіш төсейді және қалауды тексереді, ал ІІІ – дәрежелі тасшы жәшіктегі ерітіндіні күректейді, әпереді және оны төсеп жаяды, шойма қалауын жүргізуге көмектеседі.
Тізбекті байлауда екі кірпіштен артық қалыңдығы бар және көп қатарлы байлауда қалыңдығы 15 кірпіштен артық қабырғалар калауын "үштік" звеносымен жүргізген орынды. Мұндай звенода V-VI дәрежелі тасшы бау орнатады, шек қатарын төсейді және қалаудың дұрыс-тығын тексереді; III – дәрежелі тасшының біреуі ерітінді әпереді және төсеп жаяды, кірпіш әпереді және жаяды, ал екіншісі шойма қалайды.
Қасбеттерін қаптап және сәулеттік бөлшектерін орнатып, екі кірпіштен артық қабырғаларды тұрғызғанда "төрттік" звенолар тиімді. Мұнда V-VI дәрежелі тасшы III дәрежелі тасшымен бірге қаптау элементтерін орнатады және сәулеттік бөлшектерді бекітеді, ал олардың соңынан жылжып келе жатқан IV және III дәрежелі тасшылар кірпіш қалауын орындайды. Екі кірпіш қалыңдықты жай және орта күрделі қабырғаларды қалауын "бестік" звеносымен орындаған тиімді.
Кірпішті жаю айқын тәртіппен жасалады: сыртқы шек қатар үшін – қабырғаның ішкі жағына жайылады, ал ішкі шек үшін – қабырға ортасына.
