Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тасты калау лекция.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
27.95 Кб
Скачать

Тас жұмыстарының өндірісі Жалпы мағлұматтар

Тас қалау табиғи және жасанды тастардан орындалады. Сыртқы пішіні дұрыс емес табиғи тастар (шой тастар) және бетон қоспасы үймереттер мен ғимараттардың жерасты бөліктерін тұрғызғанда, әсіресе ауыл шаруашылық құрылысында шой бетон қалауында пайдаланылады. Жасанды тастар ішінде ең кең тарағаны арнайы зауыттарда дайындалатын: кәдімгі созымды балшық және жартылай құрғақ сығымдалған (МСТ-530-80), силикат (МСТ-530-80), балшық қуыс денелі созымды сығымдалған (МСТ-6316-74), трепел мен диатомиттерден жасалған (МСТ-648-73) және басқа кірпіштер.

Кірпіштер 50, 75, 100, 125, 150 және жоғары маркалы болып шығарылады. Кірпіш қалауы маркалары 4, 10, 25, 50, 75, 100, 150, 200 жай (әк, цемент) және күрделі (цементті-әк, цементті-балшық) ерітінділермен жүргізіледі.

Жазғы жағдайда орындалатын тастар қалау үшін ерітінділер маркалары үймереттердің ұзақ уақыттылығына белгіленген талаптарға және қажетті беріктікке сәйкес есеп бойынша тағайындалады (3.1-кесте).

Кірпіш үймереттердің қабырғалар тұтастығы әр қатардағы тік жіктерін асыра жабумен қамтамасыз ететін негізінде жаппай қалаудан орындалады. Қалауды қабырғаны бойлай әр қатарда байлайды, ал қабырғаға көлденең бірнеше қатардан кейін (кірпіш қалыңдығы 65 мм болса қалаудың алты қатарынан көп емес бір үшкір қыр, қалыңдығы 88 мм болғанда төрт қатар қалаудан көп емес).

Ең үлкен қолдану орны көп қатар және бір қатар (тізбек) жүйелеріне жатады. Маркасы 25 және одан жоғары ерітінділер арқылы осы байлаулармен орындалған қалаудың беріктігі практикада да бірдей.

Көп қабатты байлауы бар қалау тізбек байлаумен салыстырғанда аз еңбекті және оны жазғы жағдайда берік ерітінділер мен қалағанда және тағы қысқы уақытта химия қосымшалары бар ерітінділермен қолданған жөн. Тізбек байлау химиялық қосымшаларынсыз қатыру (мұздату) әдіспен қалауға ұсынылады.

Барлық құралымдық элементтер қалауын үшкір қырмен бастап, сонымен аяқтайды. Үшкір қырларды карниз, белдіктердің шығып тұрған бөліктері және тағы арқалық, сырғауыл және жабын төсемдер астына төсейді. Үшкір қыр қатарларында тек қана бүтін кірпіш пайдаланылады. Жарты кірпіш және кірпіш сынықтарын шойма (забутка), терезе ойықтар астындағы қабырғалардың аз жүктелген учаскелер қалауына төсейді. Тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін еркін тұрған қабырғалар биіктігі құрылыс кезеңінде белгіленген мөлшер мағынасынан аспау керек .

Қабырғалар биіктігі кестеде келтірілген шамалардан артық болса жұмыс өндіру кезеңінде уақытша бекіткіштер қолдану керек.

3.1 Тасшының жұмыс орнын ұйымдастыру

Тасшылар звеносының жұмыс орнын орынды ұйымдастыру үшін келесі жағдайлар орындалуын қамтамасыз ету керек: тасшылар жұмыс зонасы 60-65 см болу керек: материал қоятын зона кірпіш табандықтары мен ерітінді жәшіктер еніне сәйкес және 60-100 см болу керек; материал қоятын зона кірпіш табандықтары мен ерітінді жәшіктерінің аралықтары 30 см болу керек; жұмыс кеңістігінің жалпы ені 200-250 см болу керек; ойықтары бар қабырғаларды тұрғызғанда ерітінді жәшіктерін ойықтарға қарама-қарсы қояды, ал екі жағына кірпіш табандықтарын орналастырады. Алымдағы қажетті материалдардың мөлшерін анықтау және оларды тасшылар жұмыс орнына ұтымды орналастыру үшін алым шегінде ойықтар көлемінсіз қалау көлемін және кірпіш (Рк) пен (Ре) шығындарын анықтау керек.

Қажетті кірпіш табандықтары мен ерітінді жәшік-терінің саны барлық қалау көлемінде алым шегінде мына формула бойынша анықталады:

,

мұндағы Nk – табандықтар саны; К – табандықтағы кірпіш саны (табандықтың жүккөтергіштігін кірпіштің массасына бөліп анықталады), дана

мұндағы Nжжәшіктер саны; 0,3 – жәшіктің сыйымдылығы, м3.

Кірпіш құрылыс алаңына табандықтармен әкелінеді (3.4 кесте), ерітінді пландағы шамасы 101х61 см сыйымдылығы 0,3 жәшіктермен әперіледі.

Мінбелер үстіне орналастырған тасшылардың екі сағаттық жұмысын қамтамасыз ететін кірпіштен орындалған қалау еңбек сыйымдылығы мына формуламен анықталады

адам-сағ.,

мұндағы НуБМБ бойынша уақыт мөлшері, адам-сағ; К – табандықтағы кірпіш саны, дана; Нк1 м3 қалауға кететін кірпіштің шығын мөлшері, мың дана; п – кірпішпен орналастырылған табандықтар саны, дана, мына формуламен анықталады:

дана,

мұндағы L – алымдағы қабырғалар ұзындығы, м; В – табандық ұзындығы, м; 1,01 – ерітіндімен жәшік ұзындығы м; 0,6 – ең аз саңылау, м.

Келтірілген есептер нәтижелері бойынша алым шегіндегі қабырға қалағандағы тасшылар звеносы жұмыс орнын ұйымдастыруын график арқылы көрсету керек.