- •Лекция №1 Тақырыбы: Топырақтану ғылымына жалпы түсінік
- •Әдебиеттер
- •Лекция №2 Тақырыбы: Топырақтың түзілуі және үгітілуі
- •Лекция №3
- •Әдебиеттер
- •Лекция №4 Тақырыбы: Топырақтың минералогиялық және химиялық құрамы
- •Әдебиеттер
- •Лекция №5
- •Әдебиеттер
- •Лекция №6
- •Топырақтың су қасиеттері мен ылғалдылығы
- •Топырақтың ауа тәртібі.
- •Лекция №7
- •Әдебиеттер
- •Лекция № 8
- •Әдебиеттер
- •Лекция № 9, 10
- •Әдебиеттер
- •Лекция № 11
- •Әдебиеттер
- •Лекция №12
- •Лекция №13 Тақырыбы: тмд, Қазақстан топырақтары, олардың түзілуінің экологиялық жағдайлары
- •Лекция №14 Тақырыбы: тмд, Қазақстан топырақтары, олардың түзілуінің экологиялық жағдайлары
- •Лекция №15
- •Лекция №16
- •Әдебиеттер
- •Лекция №17
- •Әдебиеттер
- •Лекция №18 Тақырыбы: Арам шөптер және олар туралы түсінік
- •Лекция №19
- •Әдебиеттер тізімі
- •Лекция №20
- •3.Ауылшаруашылығы дақылдарының өнімін арттыруда, топырақтың құнарлылығын күшейтуде тыңайтқыштардың ролі.
- •Әдебиеттер тізімі
- •Лекция №21
- •Пестицидтердің ыдырау механизмі
- •Пайдасы мен Зияны
- •Әдебиеттер тізімі
- •Лекция №22
- •Әдебиеттер тізімі
- •Лекция №23
- •Әдебиеттер
- •Лекция №24 Тақырыбы: Астық тұқымдас дақылдар
- •Әдебиеттер
- •Лекция №25 Тақырыбы: Астық дақылдарының төзімділігі Лекцияның жоспары:
- •Тақырыбы: Май алатын дақылдар Лекцияның жоспары:
- •Әдебиеттер
- •Лекция №27 Тақырыбы: Көкөніс дақылдары Лекцияның жоспары:
- •Қызанақ сорттары мен тамыр жүйелері.
- •Әдебиеттер
- •Лекция №28 Тақырыбы: Жеміс-жидектер Лекцияның жоспары:
- •Әдебиеттер
- •Лекция № 29
- •Әдебиеттер
- •Лекция №30 Тақырыбы: Бұршақ дақылдары
- •Әдебиеттер
- •Әдебиеттер тізімі
Әдебиеттер
1. Е.Жамалбеков, Р.Білдебаева. Топырақтану және топырақ геологиясы мен экологиясы. -Алматы, 2000.
2. Почвоведение. Под ред. проф. С.И.Кауричева. -Москва, 1998.
3. Цуриков Т. Почвоведение. М.: Высшая школа, 1992.
4. И.Г.Добровольский. География почв с основами почвоведения. МГУ, 1999.
5. Ерденов М.Т., Омарова З.М., Абдраимова Қ.Т. Топырақтану пәнінен практикум
6.Тазабекұлы Т., Тазабекова Е. Топырақтану түсіндірме сөздігі – Алматы: Рауан, 1193.
Лекция №6
Тақырыбы: Топырақтың су-физикалық қасиеттері
Лекция жоспары:
1.Топырақтың су қасиеттері. Гидрологиялық константалары. Топырақтағы ылғал түрлері.
2.Топырақтың су, ауажылу, қоректік заттар тәртіптері және олардың экологиялық маңызы.
Лекция мақсаты: Тірі ағзалар үшін және топырақтың маңызды ауылшаруашылықтық өндірістік құрал ретіндегі су-физикалық, физикалық қасиеттері туралы мағлұмат қалыптастыру.
Қолданылатын әдістер: Лекция-консультация, сұрақ-жауап-талдау.
Лекция мәтіні: 1.Топырақтың құрамындағы ылғал түрлері.
1.Химиялық байланыс күйіндегі су. Су көбінесе әртүрлі минерал кристалдарымен байла-нысты болады. Бұл су заттың молекуласына гидроксил (ОН) тобымен кіреді. Мысалы, Fe2O3+H2O = 2Fe(OH)3. Ол топырақтан 400-8000С ажыратылады, сондықтан топырақтағы биологиялық құбылыстарға тікелей қатыса алады.
2.Гравитациялық су деп - топырақтың түйірлерінің аралықтарын жайлап, өз салмағымен (гравитация арқылы) көбінесе төмен қарай жылжитын суды айтамыз.
3.Қылтүтік (капилляр) су - топырақ түйіршіктерінің ішіндегі су барлық бағытта қозға-лады.
4.Жарғақты су. Топырақтың қатты бөлшектерінің сыртын молекулалық тартылыс күші-мен, жарғақты қабат күйінде қоршап тұрады.
5.Гигроскопиялық су - гигроскопиялық ылғал топырақ түйіршіктерінің бетінде молекула-лық тарту күшімен будан жиналған су.
6.Қатты ылғал. Мұз төмен температурада (00С) пайда болады. Ал жарғақты сулар 78 градуста мұзға айналады.
Топырақтың су қасиеттері мен ылғалдылығы
Топырақтың су қасиеттеріне су сыйымдылығы жатады. Оның бұл қабілеті топы-рақтың су ұстаушылық қасиетін блдіреді, су өткізгіштігі, су көтергіштігі, гигроскопия-лылығы және буланғыштығы жатады.
Топырақтың су сыйымдылық шегі - оның белгілі мөлшерде өз бойына суды сіңіріп ұстай алатын қасиеті. Су сыйымдылығы бірнеше түрге бөлінеді.
1.Далалық су сыйымдылық шегі - буға айналмайтын, жердің төменгі қабатында жататын, топырақ бойында ұсталып қалатын су мөлшерін далалық су сыйымдылық шегі деп атала-ды.
2.Капиллярлық су сыйымдылық шегі деп судың топырақ түйіршік-терінің ішінде ұсталып қалатын қабілетін айтады.
Топырақтың су өткізгіштігі деп оның жоғарыдан төмен қарай су өткізу қасиетін айтады. Суды жақсы өткізгіш топырақтарға - құм, құмайт, ең аз су өткізгіш топырақтарға - балшытар жатады.
Топырақтың су көтергіш қабілеті деп өзінің капиллярлары (тү-тіктері) арқылы оның төменгі қабатынан жоғарғы қабатына су кө-тергіштігін айтады.
2.Топырақтың су тәртібі.
Топырақ суы - топырақ қыртысындағы әртүрлі минералдық тұздарға бай сұйық. Топырақ суын ауыз су ретінде, не шаруашылық мақсаттарға пайдалануға болмайды. Топырақ суы - өсімдіктер әлемінің негізгі қорегі, өсіп-дамуына қажет су көзі. Қүм топы-рақтар салмағының 4-10% құмайт, құмды саздардың 10-30%, сз топырақтардың 25-30%-тен астамын топырақ суы құрайды. Ауа райының өзгеруіне байланысты, топырақ суы жыл маусымдарына сәйкес өзгеріп отырады.
Топырақ ылғалдылығы өсімдіктерге екі түрлі әсер етеді:
1.Тамырдың өсуі мен тармақталуы топырақ ылғалдылығына байланысты;
2.Өсімдіктің ылғалды қабылдауы, топырақтағы судың мөлшеріне де байланысты.
Топыраққа су - жаңбыр, қар, бұршақ, не шық түрінде түсіп отырады. Кейде ол то-пырақтың беткі қабаттарына төменнен көтеріледі.
Су - табиғатта ең көп таралған, сонымен бірге нағыз ерекше зат. Өсімдік тіршілігі-не қажетті су қорын негізінен топырақтан алады.
