- •Лекция №1 Тақырыбы: Топырақтану ғылымына жалпы түсінік
- •Әдебиеттер
- •Лекция №2 Тақырыбы: Топырақтың түзілуі және үгітілуі
- •Лекция №3
- •Әдебиеттер
- •Лекция №4 Тақырыбы: Топырақтың минералогиялық және химиялық құрамы
- •Әдебиеттер
- •Лекция №5
- •Әдебиеттер
- •Лекция №6
- •Топырақтың су қасиеттері мен ылғалдылығы
- •Топырақтың ауа тәртібі.
- •Лекция №7
- •Әдебиеттер
- •Лекция № 8
- •Әдебиеттер
- •Лекция № 9, 10
- •Әдебиеттер
- •Лекция № 11
- •Әдебиеттер
- •Лекция №12
- •Лекция №13 Тақырыбы: тмд, Қазақстан топырақтары, олардың түзілуінің экологиялық жағдайлары
- •Лекция №14 Тақырыбы: тмд, Қазақстан топырақтары, олардың түзілуінің экологиялық жағдайлары
- •Лекция №15
- •Лекция №16
- •Әдебиеттер
- •Лекция №17
- •Әдебиеттер
- •Лекция №18 Тақырыбы: Арам шөптер және олар туралы түсінік
- •Лекция №19
- •Әдебиеттер тізімі
- •Лекция №20
- •3.Ауылшаруашылығы дақылдарының өнімін арттыруда, топырақтың құнарлылығын күшейтуде тыңайтқыштардың ролі.
- •Әдебиеттер тізімі
- •Лекция №21
- •Пестицидтердің ыдырау механизмі
- •Пайдасы мен Зияны
- •Әдебиеттер тізімі
- •Лекция №22
- •Әдебиеттер тізімі
- •Лекция №23
- •Әдебиеттер
- •Лекция №24 Тақырыбы: Астық тұқымдас дақылдар
- •Әдебиеттер
- •Лекция №25 Тақырыбы: Астық дақылдарының төзімділігі Лекцияның жоспары:
- •Тақырыбы: Май алатын дақылдар Лекцияның жоспары:
- •Әдебиеттер
- •Лекция №27 Тақырыбы: Көкөніс дақылдары Лекцияның жоспары:
- •Қызанақ сорттары мен тамыр жүйелері.
- •Әдебиеттер
- •Лекция №28 Тақырыбы: Жеміс-жидектер Лекцияның жоспары:
- •Әдебиеттер
- •Лекция № 29
- •Әдебиеттер
- •Лекция №30 Тақырыбы: Бұршақ дақылдары
- •Әдебиеттер
- •Әдебиеттер тізімі
Әдебиеттер
1. Негрука В.И., Бутенко Р.Г. Биотехнология сельскохозяйственных растений – М.: Агропромизад, 1997 г. – 301 стр.
2. Петров Д.Ф. Генетика с основами селекции. Изд.2-е, доп. Учеб. Пособие для ун-тов. М., Высш. Школе, 2006 г. -416 стр.
3. Горин А.П. Руководство к практическим занятиям по селекции и семеноводству полевых культур. – М.: Сельхозиздат, 2003 г. -575 стр.
4. Новоселова А.С., Константинова А.М., Кулешов Г.Ф. (и др). Селек-ция и семеноводство многолетних трав. М.: Колос, 1998 г. - 303 стр.
5. Бороевич С. Принципы и методы селекции растений. – М.: Колос, 2004 г. -344 стр.
6. Гужов Ю.Л. Генетика и селекция сельскому хозяйству. – М.: Просвещение,
1994 г.-240 стр.
7. Уильямс У. Генетические основы и селекция растений. – М.: Колос, 1968 г. – 448 стр.
8. Бриггс Ф и Ноулз П. – М.: Колос, 2002г. -399 стр.
Лекция №28 Тақырыбы: Жеміс-жидектер Лекцияның жоспары:
1.Жеміс-жидектердің халық шаруашылығындағы маңызы, құрамы, шаруашылықта пайдаланылуы.
2.Жеміс ағаштарының құрылысы, алманың сұрыптары, таралуы.
3.Жеміс-жидектерді көбейту жолдары. Телу, маңызы, пайдаланылуы.
Қолданылатын әдістер: Лекция-консультация, сұрақ-жауап-талдау.
Лекция мәтіні: Алма (лат. malus) өте кең тараған жеміс ағашы. Табиғи өсімдіктер қауымдастығында ең көп кездесетін түрлері мыналар: орман алмасы (яблоня лесная). Ол бұрынғы одақтас республикалардың европалық бөлігіңдегі жалпақ жапырақты ормандарда; Шығыс алмасы (яблоня восточная Кавказдың жалпақ жапырақты ормандарыңда; Сиверси алмасы (яблоня Сиверси — Орта Азия мен Қазақстанның таулы және өзен жағалық ормандарыңда өседі. Бұл түрлер кейде таза алма ағашынан тұратын тоғай түзеді. Орта Азияның тауларыңда өсетін, алмадан тұратын бай орманның өндірістік маңызы зор. Жабайы түрлерінің жемістері жеуге келеді және оларды өндірісте пайдалануға толық мүмкіндік бар (кептіруге, вино жасауға, джем жасауға). Недзвецкий алмасы аса сөңді, оның сабақтары және жемістерінің жұмсақ бөлігі (етженді бөлігі) антоциаңды түсімен ерекшеленеді. Алма ағашының барлық екпелі сорттарыньщ күрделі комплексі «үй алмасы» (яблоня домашняя -) деген ашен топтастырылады.
Табиғи алманың жер шарында 36 түрі белгілі, олардың 10 — 12-сінің шаруашылықтық маңызы бар. Қазақстанда, негізінен, Сиверс алмасы, Недзвецкий, қырғыз алмасы өседі. Алманың жаздық, күздік, қыстық сорттары бар. Алма ағашының өмір сүру ұзақтығы 20—100 жыл, биіктігі 3—10 м болады. 3—12 жылда жеміс береді, әр гектардан шамамен 100—300 ц өнім алынады. Тұқымынан және өсімді (вегетативті) жолмен көбейеді. Тұқымынан көбейту бұлама алуда және селекцияда қолданылады. Алманы көбейту кейде ұластыру арқылы да жүргізіледі. Қазақстанда алманың 40-тан астам сорттары аудандастырылған, оның 20-сын (Салтанат, Іле, Алатау шапағы, Алматы т.б.) қазақ селекционерлері өсіріп шығарған. Алма жемісі тасымалдауға, сақтауға жарамды, тағамдық заттарға бай, дәмді келеді, әрі жақсы өңделеді. Алма құрамында 83—88 % су, 7,5—16 % қант, 0,2—0.8 % қышқыл, 9,5—18,5 % құрғақ қалдық, 0,28—1,0 % илік заттар, А, В1, В2, В6, С, РР дәрумендері, көптеген минералды заттар бар. Шырынынан шарап, сусын дайындалады, жемісін емдік дәрі ретінде де, адам ағзасын ауыр металл заттардан тазалауға, қан бұзылу және жүрек ауруларын емдеуге қолданады.
Алмұрт. Бұрынғы одақтас республикалардың территориясыңда 17 түрі белгілі, ал Қазақстаңда 2 түрі өседі. Алмадан қысқарған сабақтарынан пайда болатын тікенектерінің болуымен, формасы қабақ тәрізді сопақша болып келетін жемістерімен және соңғысының жұмсақ бөлігінде (етженді бөлігінде) склереидтердің (тасты клеткалардың) болуымен ажыратылады. Кәдімгі алмүрт (груша обыкновенная) табиғи жағдайда өзгергіш больш келеді. Көп жағдайда ол біртектес таза орман түзіп өседі (бұрынғы одақтас республикалардың европалық бөлігінің оңтүстік батысында және Кавказдың, Орта Азияның, өсіресе таулы аудандарыңдағы ормандар). Мәдени жағдайда өсірілетін сорттардың барлығы осы түрден шыққан. Табиғи жағдайдағы өсімдіктер қауымдастығының қалыптасуына уссурий алмүртының (груша уссурийская ) (Қиыр Шығыс, Уссурий аймағы) және қырымда өсетін жиде жапырақты алмүрттың (груша лохолистна қатысы үлкен болады.
Бұрыш алқа тұқымдасына (Sofanacene Pens), Capsient Tourn туыстығына жататын көпжылдық жартылай бұталы өсімдік, бірақ дақыл ретінде біржылдық өсімдік етіп өсіріледі .
Барунторул 65 тәтті бұрышы Молдова суармалы егіншілік ғылыми-зерттеу институтында шығарылған. Тамыр жүйесі шашақ. Болгар бұрыштың негізгі сабағы 60 см-ге дейін жетеді. Сабағы штамб тәрізді. Жапырағы бет пішінді, тамырымен қоса есептегенде бір өсімдіктегі жалпы жапырақ салмағы 300 гр болса, ол жалпы өсімдік салмағының %-ін құрайды. Жалпы өсімдік салмағының 50% сабақ және жапырақ үлесіне тиеді.
Жемісі - синкарпты жидек, жеке. Биологиялық пісу кезінде түсі ашық қызыл. Жемісі тасымалға шыдамдылығымен және сақталғыштығымен ерекшеленеді. Сорт орташа, кеш піседі, отырғызғаннан биологиялық пісуге дейін 150-170 тәулік қажет.
Өнімділігі
200-300
ц/га.
Жемісінің орташа салмағы шамамен 100
гр
құрайды. Ірі жемісті сорттарындағы бір
өсімдіктегі жеміс саны
10-20 дана. Ал ұсақ
жемістілерінде 20-30
дана. Жалпы жеміс
салмағы өсімдік салмағының
құрайды.
Ал жекелеген сорттарда ол 45%
дейін
жетеді. Кейбір жағдайларда 1 кг жер үсті
вегетативті салмағына 0,8-0,9
кг
жеміске дейін келеді. Тұқымының көлемі
ұсақ. 1000
дәннің
салмағы 8
гр-нан
аспайды.
Болгар бұрыштың шығуы
Ауылшаруашылық өсімдіктерінің биологиялық ерекшеліктері көбіне олардың географиялық шыққан жеріне және дақылдың табылған жеріне байланысты болып келеді. Бұрыштың отаны Оңтүстік Мексика, Гватемала болып саналады. Оны дақыл ретінде қазіргі АҚШ және Солтүстік Мексика территориясында ежелгі үнділіктер өсірген. Әдебиеттерде бұрыш туралы алғаш рет 1493 жылдан бастап жазыла бастаған. Бұрыш Еуропаға XVI-ғасырдың ортасынан бастап тарала бастады. Бұрышты дақыл ретінде алғаш рет Испанияда өсірді, одан соң ол Италияға және басқа елдерге таралды.
Балқан елдеріне бұрыш 1585 жылы әкелінді. Болгарияда бұрыш қазіргі кезде ең сүйкімді көкөніс болып табылады. Оны тағамға жас күйінде дәмдеуіш ретінде және өңделген күйінде қолданады. Болгарияның консерві жасау өндірісінде бұрыштан 28 түрлі консерві дайындайды. Құрғақ, үгітілген күйіндегі бұрыш Болгар асханасындағы кең таралған дәмдеуіштердің бірі болып табылады. Сондықтан Болгарияда eгic көлемі және өнім жинау бойынша көкөніс дақылдарының ішінде бұрыш бірінші орынды алады. Бұрыш қазіргі кезде 11-12 мың га жерге өсіріледі. Ал жылдық жалпы өнім 200-250 мың центнерді құрайды.
Венгрияда бұрышты XVI-ғасырдан бастап пайдалана бастады және қазіргі кезде ол кең таралған.
XVIII-ғасырда бұрыш Германияға тез таралды.Германияда бұрыштан гектарына 480-нен 210 центнерге дейін өнім алады.
Румынияда, Чехословакияда, Югословияда және басқа да елдерде бұрышты көптеп өсіруде.
Ресейге көкөністік бұрыш Болгариядан әуесқой дақыл ретінде XVIII-ғасырдың екінші жартысында әкелінді. ХІХ-ғасырдың аяғында Одесса маңында бақшамен айналысатындар бұрыш өсірді. ХХ-ғасырдың басында бұрыш Ресейдің оңтүстігі мен Молдавияға таралды.
Оңтүстік Қазақстан облысында бұрышты ХХ-ғасырдың ортасынан бастап өсіре бастағанына қарамастан Қазақстанда оны ғылым нысаны ретінде аз қарастырды. Тәтті бұрыш бойынша жүргізілген салмақты ғылыми зерттеу жұмысы ретінде А.Селедцов еңбегін атауға болады.
Г.Каплина мәлімдеуі бойынша Қазақстанның жылы аймақтарында бұрыштың Болгарский 79 сорты аудандастырылған. Оның пікірі бойынша бұрышты қарашірік мөлшері жеткілікті, механикалық құрамы жеңіл гидроморфты топырақта өсіру тиімді. Мұнда ол 448 ц/га дейін өнім береді.
Болгар бұрыш жоғары құрамды дәруменді және жеңіл сіңімді минералды тұздары бар азық болып табылады, сондықтан оның азықтық және диетикалық маңызы жоғары. Бұрыш жемісінде С дәрумені қызанаққа қарағанда 10-12 есе, цитрустарға қарағанда 2-6 есе және қарағай, шыршаға қарағанда 2-4 есе көп. С дәрумені бойынша тәтті бұрыш тек қарақатқа ғана орын береді. 1 гектардағы өнімі 120 центнер болатын, 100 гр шикі жемісінде 450 мг С дәрумені бар өнімнен 25 кг-ға дейінСдәруменін жинауға болады. Цинга ауруына қарсы бұрыштың маңызы бар. Каротин құрамы бойынша бұрыш сәбізге жақын. Бір күнде 25 гр тәтті бұрыш пайдаланған ересек адамның С дәруменіне деген тәуліктік мөлшері қамтамасыз етіледі. 45 гр бұрыш А дәруменінің тәуліктік қабылдау мөлшерін қамтамасыз етеді. Бұрыштағы (А,В,С,Р) дәрумендерінің жоғары құрамды болуы, оның биологиялық белсенді заттар көзі ретінде қарастыруға болатындығын көрсетеді. Азотты заттар бойынша (2,73-3,66%) тәтті бұрыш көкөніс дақылдарының ішіндегі алғашқы орындардың бірін алады.
Бұрыштың дәмдік қасиеті капсанцин араматты затына көп байланысты. Ол адам ағзасында ас қорытатын сөлдерді көп бөлдіріп, тағамның сіңімді болуын қамтамасыз етеді.
Халық арасында бұрыш жоғары сұранысқа ие. Бұрыш жемісін кулинарияда пайдаланады, оларды маринадтайды, тұздайды және әр түрлітағамдар жасайды. Бұрыш жемісі қызанақ, қияр және көптеген тұздықтар дайындауда қолданылады. Бұрыш консерві жасау өндірісінде құнды шикізат болып табылады. Консерві жасауда және тұздағанда бұрыш дәрумендерінің 50-80% сақталады.
Қызанақ соусында көкөністермен фаршталған бұрыш консервісінде орташа 22,7% құрғақ зат, 6,6% май, 8% көмірсу, 0,3% органикалық қышқылдар, 1,7% ақуызды заттар, 2,0% минералды заттар бар.
100 гр фаршталған бұрышта мг есебімен алғанда С дәрімені 22%, каротин 9,9%, В1 дәрумені 0,17%, кальций 62%, фосфор 47%, темір 18%, калий 17,3%, магний 33% құрайды.100 гр фаршталған бұрышта 104 калория бар .
Болгар бұрыштың биологиялық ерекшеліктері
Бұрышты дұрыс өсіру үшін оның өсу жағдайларына қажетті биологиялық ерекшеліктерін білу керек.
Болгар бұрыш қысқа күнгі (12 сағат) өсімдіктер тобына жатады. Өсімдікті басқа жерге ауыстырып отырғызу, оның дамуын 8-15 тәулікке қысқартады [9]. Өсімдіктің жақсы өсіп жетілуі үшін топырақ ылғалдылығы мен ауаның қолайлы жағдайы және бұрыштың жақсы қоректенуі қажет. Бұрыштың өте баяу өсуі гүл мүшелерінің пайда болғанына дейін байқалады (5-8 нағыз жапырақтар). Күрт өсуі гүл түйіндері пайда болғаннан бастап есімдіктің өсіп даму кезеңінің соңына дейін жалғасады. Бұл тамырға да тән. Өсіп дамудың барлық кезеңдерінде өсімдіктің жер беті бөлігі тамырга Карағанда белсенді өседі. Әсіресе, жеміс түзу кезеңінде бұл айқын байқалады. Сондықтан бұрыштың топырақ құнарлылығына және өсімдіктің қоректік заттармен қамтамасыз етілуіне осы кезеңде жоғары талап қояды .
Тамырдың топыраққа тереңдеуі және олардың көлбеу бағытта өсуі ең алдымен топырақтың механикалық құрамына байланысты. Құмдақ топырақта бұрыштың тамыр жүйесі өсіп дамудың соңында 80 см тереңдікке жетеді және көлбеу багытта 1 м және одан да көп өседі. Тамырдың негізгі массасы топырақтың жыртылған қабатында орналасады. Қолайлы жағдайда тамырдың регенерациясы өсімдікті отырғызғаннан соң тез жүреді. Бақылау нұсқасымен салыстырғанда отырғызылған өсімдіктердің тамырының дамуы тежелгендігі жеміс түзгенге дейін байқалады. Бұрыш жылуға талабы жоғары өсімдікке жатады. Оның тұқымы 13°С-ден кем емес температурада өне бастайды. Бұл жағдайда өскіндер тек 18-20 тәуліктен кейін пайда болады, ал 15°С-ден жоғары температурада өскіндер 15-20 тәулікте пайда болады және тәтті бұрыш тұқымының қолайлы өнуінің тиімді температурасы 20-30°С болып табылады. Әсіресе өсімдіктер жылуға 50 тәулікке дейінгі жаста сезімтал. Өсімдіктің өскіндерінің пайда болғанынан жемістерінің биологиялық пісіп жетілу кезеңіне дейінгі белсенді температура жиынтығы 25-30°С-ді құрайды. Өсімдік әлсіз үсікте өліп қалады (-0,3°С), 35°С-ден жоғары температура оның өсіп дамуына кері әсер етеді.
Бұрыш өсімдігінің топырақ пен ауа ылғалдылығына талабы жоғары. Бұл оның тамыр жүйесінің әлсіздігімен байланысты. 1 тонна тауарлы өнімге 162-180 м3 су жұмсалады [11].
Бұрыш өсірілетін танапқа қажетті су шығыны өсімдіктің жасына байланысты өзгеріп отырады. Алғашқы өсіп-даму кезеңінде (жеміс түзгенге дейін) 4900-6400 м3 болатын жалпы су қажеттілігінің 8-10%-ы қажет. Ең жоғарғы су қажеттілігі жеміс түзілу және өнімнің арту кезеңдеріне сәйкес келеді. Жеңіл құмдақ топырақтарда ең жоғарғы ылғалдылық 70%-дан кем емес тыс, ал ауыр топырақтарда 80% тыс болу қажет. Саздақ топырақтарда ылғалдылық 70% тыс төмендегенде, ал ауыр топырақтарда 80% ТЫС төмендегенде суару қажет. Саздақ топырақтардың 0-30 см тереңдігінде, ал жеміс түзу кезеңінде 0-50 см тереңдігінде ылғалдылық 70% тыс болғанда суғаруға қажет.
А.Селедцова пайымдауы бойынша Қазақстанның оңтүстік шығысында өсірілетін бұрышты қалыпты сумен қамтамасыз ету үшін 9-10 рет суғару қажет. Оның ішінде 2-3 рет жеміс түзгенге дейін, 5-6 рет гүлдеу және жеміс түзу кезеңінде.
