Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ҚБ-топырактану Лек. сабаққа.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.12 Mб
Скачать

Қызанақ сорттары мен тамыр жүйелері.

Қызанақтың жерсіндірілген сорттары: Өте ерте пісетіндері: Сибирский скороспелый, Волгоградский скороспелый 323, Превосходнмй 176, Доходный, Восток 36, Ранний 83, Талалихин 186, Белый налив 241.Ерте пісетіндері: Перемога 165, Тамбовский урожайный 340, Прогрессивный, Пламя, Бизон 639, Солнечный. Орташа пісетіндері: Лучезарный, Меруерт, Нарттай,Новинка Приднестровья, Новичок, Викторина, Колхозный 34, Глория, Факел, Ракета. Кеш пісетіндері: Волгоградский 5/95, Советский 679, Крупно-красный, Бычье сердце, Чудо рынка, Микапо-желтый, Крупноплодньй.(19)

Қызанақ сорттарының Қазақстан жерінде өсетіндеріне тоқталып өтейік:

Белый налив-241, Солтүстік-батыс ауыл шаруашылық ғылыми-зерттеу институты шығарған сорт. Ерте піседі (100-115 күн). Түбі сидам, аздап бұтақты, жапырағы қоңыр көк түсті. Жемісі сопақша домалақ және домалақ келген, сырты тегіс, түсі қызыл, тасымалдауға ыңғайлы, орташа салмағы-80-130 т. Орташа өнімі—40-90 т/га. Біздің облыстардың барлығында аудандастырылған. Пламя - Қазақтың ғылыми-зерттеу институтының көкөніс-картоп шаруашылығында шығарылған сорт, орташа піседі (100-108 күн). Жемістері піскеннен кейін 22-25 күнге дейін сапалы күйінде сақталады. Жемістері алхоры тәрізді, сырты тегіс үлкендігі орташа, ашық-қызыл, қабығы қатты, салмағы - 66-85 г. Жемістерін бір рет жинауға ынғайлы. 45-59 т/га өнім алуға болады. Тасымалдауға, ыстыққа ауруларға өте төзімді. Павлодар облысына ұсынылған.

Меруерт- Қазақтың ғьшыми-зерттеу институтының көкөніс-картоп шаруашылығында шығарылған сорт. Орташа мерзімде піседі (103-110 күн). Жемістері алхоры тәрізді, сырты тегіс, салмағы 58-82 г, қызыл, сақтауға, тасымалдауға төзімді, жарылмайды, сапасы жоғары 18-22 күнге дейін сақталады. Алматы, Жамбыл облысына ұсынылған. Нарттай - Қазақтың ғылыми зерттеу институтының көкөніс-картоп шаруашылығында шығарылған сорт. Орташа піседі (106-116 күн). Жемістері алмұрт тәрізді, ірі, қызыл, салмағы 110-125гр. Мүмкіндікті өнімі — 54-77 т/га. Алматы обдысына ұсынылған. Самаладай- Қазақтың ғылыми-зерттеу институтының көкөніс-картоп шаруашылығы шығарған сорт. Жемістері жиналағанан кейін 25 күн дәмділігі мен сапасын сақтайды. Жемістері-алхоры тәрізді, орташа салмағы-60-76г, қызыл етті болады. Ыстыққа төзімді. Консервілеуге, өңдеуге жас балауса күйінде пайдаланылады.

Павлодар облыстарына ұсынылған. Лучезарный- Қазақстан ғылыми-зерттеу институтының көкөніс-картоп шаруашылығында шығарылған сорт. Тұқым көктеп шыққаннан жемістерінің пісуіне дейін 110-118 күн керек. Жеміс беру мезгілі 45-55 күн. Жемістері-домалақ, жоғары қарай үш қабырғалы. Ыстыққа, ауруларға төзімді. Жемістерін жинауға ыңғайлы, өнімдері мүмкінше 57-69 т/ге. Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Шымкент облыстарына ұсынылған. Біздің республикамызда «Агата», - «Виктория», «восток», «Глория», «Искорка», «Урожайный-340», «Колхозный-3», «Ақтөбелік -85», «Талахан-186», т.б. іріктемелері өсіріледі. Қызанақ көшетінен отырғызады. Ол үшін ағаш жәшіктерге ерте көктемде тұқымын себеді. Шамамен 50 күндей болған көшетті мамырдың аяғы мен маусымның басында ұялап отырғызады. Ұяларға алдымен қарашірік салады, содан соң 2-3 көшеттен отырғызып суарады. Қатар аралықтарын 70-80 см, ұя аралықтарын 30-40 см етіп отырғызу керек.

Қызанақтың тамыр жүйелері

Қызанақтың тамыры жүйесін көшеттен отырғызып және көшетсіз егіп сирету әдісін қолданыпта қолданбайда зерттедік.

Көшеттерді 5-6 жапырақты болған кезінде алып ашық топырақ бетіне қолмен отырғыздық, топырақ қыртысының тереңдігі 10-12 см болды. Тұқымның өсуі жердің бетінде жүреді. Алғашқы өсу кезінде тұқымның қабық және гипокотил бірдей қарқындылықпен өседі. Жердің бетіне көктеп шыға бастағанда гипокотилдің өсуі сәл баяулайды ал тамырдын өсуі күшейеді.Алғашқы жапырақ жұптары пайда болғанға дейін тұқымдық тамырдың және базалъдық бөлігінде бүйірлік тамырлай түзіле бастайды,ал гипокотилдің төменгі бөлігінде 7 10 қосалқы тамырлар пайда болады.Негізгі жапырақтардың бірінші жұбы пайда болған фазада тұқымдық тамыр топыраққа 15см дейін бойлап өседі.Оның айналасын барлығы бүйірлік тамырлардың бірінші қатарымен жабылып тұрады.Олардың ұзындығы 7см дейін жетеді.Одан соң бүйірлік тамырдың екінші қатары пайда болады.Гипокотилдегі қосалқы тамырлар жан жағынан тармақтанбайды және олардың ұзындығы 4см аспайды.Қызанақ тамырлары бүйірлік тамырлары жылдам дамуымен және күшті тармақтанып жайылуымен ерекшеленеді.Олар жер бетіне көктеп шыққаннан соң 30 тәулік арасында 4, 6 жапырақты фазасында өсімдіктің бойы 15, 20см болып тұқымдық тамырдың топыраққа бойлап өсуі 40см дейін жетеді.Бүйірлік тамырлардың 4ші қатары түзілгенше тармақтанып өседі.Бірінші қатардағы бүйірлік тамырлардың ұзындығы 25см дейін жетеді,екіншісінің ұзындығы 10,үшіншісі 2см,төртіншісі қатарының ұзындығы 0,7см дейін өседі.Олардың ұзындығы 9, 10 см дейін жетіп екінші қатарға дейін жайылады.

Алтыншы жапырақ пайда болғаннан кейін өсімдіктің тамыр жүйесі және жер бетіндегі бөлігінің де өсуі еүшейеді. Қызанақ гүлдей бастағанда негізгі тамыр топыраққа 70-смге дейін бойлап өседі, бұл кезде бесінші қатардағы бүйірлік тамырлар түзіледі. Қосалқы тамырлардың ұзындығы 20см-ден аспайды. Олардың бірінші қатардағы бүйірлік тамырлардың тармақтануы пайда болады. Гүлдің фазасында қосалқы тамырлардың қосымша тармақтануы қарқынды түрде жүреді. Қызанақ түйнектер пайда бола бастағанда бірінші қатардағы бүйрлік тамыр ұзындығы 15см, екінші қатардағы ұзындығы 1,5см-ге жетеді. Негізгі тамырдағы бүйірлік тармақтану бізтәріздес жеңішке майда болады ұзындығы 1-7см олардың кейбіреулері ғана екінші қатарға тармақталып өседі (Сурет 7 ).

Көгеріп шыққаннан бастап гүлдегенге дейінгі аралықта қызанақтың тәуліктік өсуі негізгі тамырдың өсуі 1,1 болады. Ал гүлдегеннен бастап

вегетациялық мерзімнің соңына дейін 1,8см-ге жетеді. Вегетациялық мерзім аяғында қызанақ тамыр жүйесі көшетсіз өсірген тәсілде топыраққа 200-250см-ге дейін бойлап өседі. Негізгі тамырмен қатар топыраққа бүйірлік ттамырмен 2-3 ірі түрлері енеді. Сондықтан жыртылатын топырақ қабатында негіщзі тамыр бірінші қатардағы тармақталып өскен бүйірлік тамырлардан басым бола алмайды. Тіке өсетін бүйірлік тамырлар күшті тармақталады екінші тармақтағы тамырлар көлденең өседі олардың ұзындығы 20см-ден асады. Сондықтан габитус бойынша тіке өсетін бүйірлік тамырға өте ұқсас болады. Үшініш қатардағы бүйірлік тамырлар күшті тармақтанып өседі олардың ұзындығы 10см-ден аспайды. Тармақтану қарқындығы топырақтың жыртылған қабатында күшті иллювиальдық горизонтта әлсіздеу болады 30-50см. Бұл жерде екінші қатардағы тармақналу сирек кездеседі 65-70см топырақ тереңдігіне тармақталу күшейеді және оның ең жоғарғы дәрежесі 80-125см болады. Кейде 200-230см. -ге жетеді ( Сурет 8). Вегетациялық мерзімі аяқталған кезде топырақтың айлалатын қабатындағы тамырлары түгелімен өледі. Олардың ұштары және вазальдық бөлігінің ортаңғы бөлігі өледі. Одан соң тереңірек орналасқан бүйірлік және қосалқы тамырлары өледі.