- •Лекция №1 Тақырыбы: Топырақтану ғылымына жалпы түсінік
- •Әдебиеттер
- •Лекция №2 Тақырыбы: Топырақтың түзілуі және үгітілуі
- •Лекция №3
- •Әдебиеттер
- •Лекция №4 Тақырыбы: Топырақтың минералогиялық және химиялық құрамы
- •Әдебиеттер
- •Лекция №5
- •Әдебиеттер
- •Лекция №6
- •Топырақтың су қасиеттері мен ылғалдылығы
- •Топырақтың ауа тәртібі.
- •Лекция №7
- •Әдебиеттер
- •Лекция № 8
- •Әдебиеттер
- •Лекция № 9, 10
- •Әдебиеттер
- •Лекция № 11
- •Әдебиеттер
- •Лекция №12
- •Лекция №13 Тақырыбы: тмд, Қазақстан топырақтары, олардың түзілуінің экологиялық жағдайлары
- •Лекция №14 Тақырыбы: тмд, Қазақстан топырақтары, олардың түзілуінің экологиялық жағдайлары
- •Лекция №15
- •Лекция №16
- •Әдебиеттер
- •Лекция №17
- •Әдебиеттер
- •Лекция №18 Тақырыбы: Арам шөптер және олар туралы түсінік
- •Лекция №19
- •Әдебиеттер тізімі
- •Лекция №20
- •3.Ауылшаруашылығы дақылдарының өнімін арттыруда, топырақтың құнарлылығын күшейтуде тыңайтқыштардың ролі.
- •Әдебиеттер тізімі
- •Лекция №21
- •Пестицидтердің ыдырау механизмі
- •Пайдасы мен Зияны
- •Әдебиеттер тізімі
- •Лекция №22
- •Әдебиеттер тізімі
- •Лекция №23
- •Әдебиеттер
- •Лекция №24 Тақырыбы: Астық тұқымдас дақылдар
- •Әдебиеттер
- •Лекция №25 Тақырыбы: Астық дақылдарының төзімділігі Лекцияның жоспары:
- •Тақырыбы: Май алатын дақылдар Лекцияның жоспары:
- •Әдебиеттер
- •Лекция №27 Тақырыбы: Көкөніс дақылдары Лекцияның жоспары:
- •Қызанақ сорттары мен тамыр жүйелері.
- •Әдебиеттер
- •Лекция №28 Тақырыбы: Жеміс-жидектер Лекцияның жоспары:
- •Әдебиеттер
- •Лекция № 29
- •Әдебиеттер
- •Лекция №30 Тақырыбы: Бұршақ дақылдары
- •Әдебиеттер
- •Әдебиеттер тізімі
Пестицидтердің ыдырау механизмі
Қоршаған ортаға түскен пестицидтер абиотикалық және биотикалық жолдармен ыдырайды. Біріншісі – фотохимиялық, тотығу – тотықсыздандыру реакциясының және гидролиздің көмегімен жүзеге асса, екіншісі – ферменттердің әсерінен ыдырайды. Биотикалық ыдырау абиотикалыққа қарағанда тезірек жүреді. Ыдырау жылдамдығы ферменттердің концентрациясына және пестицидтерді ыдырата алатын микроорганизмдердің санына байланысты.
Пайдасы мен Зияны
А.Спутников тәжірибе жүргізу арқылы уытты заттардың жануарларға әсерін анықтап, пестицидтердің уыттылығын 1 кг дене массасына препараттың неше миллиграмм концентрациясы келетініне қарай сипаттады. Оларды уыттылық дәрежесіне қарай 4 класқа топтастырды. XX ғасыр аяғында Республика территориясында шикізат материалдары мен тағамдарда өсімдіктерді зиянкестерден қорғауға пайдаланатын химиялық заттар 20-30% жеткен. 1999 жылы шайдың сынамаларына (пробаларына) талдау жасалып, құрамында хлор бар пестицидтердің шекті рауалы концентрациясынан (ШРК) 40% артық болғандығы анықталған. Бұл жай Алматы қаласында, Оңтүстік және Шығыс Қазақстан, Алматы, Қызылорда және Жамбыл облыстарында байқалған. Соны мен қатар, 1999 жылы Республикалық санитарлық эпидемиологиялық қадағалау комитетінің токсикология бөлімі шайдың сынамаларына талдау жасағанда олардың 45%-да пестицидтердің бар екендігі, соның ішінде 10% дикофол пестицидінің ШРК (0,01 мг/кг) артық екендігі анықталған. 1998 жылы Алматы облысы бойынша шикі және піскен тағамдардың 0,41%нда пестицидтердің қалдығы анықталып, ШРК-0,41%-ға және 0,16%-ға көп болған. 1999 жылы бұл көрсеткіштер 0,3% артқан. Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымы жыл сайын дүние жүзінде пестицидтерді пайдаланудың салдарынан 500 000-нан 2 миллионға жуық адам уланып, олардың 10-40 мыңы өліп кеткен жағдайлар болғанын айтады. Көп елдерде пестицидтерді пайдалануға тыйым салынған. Әсіресе дихлордифенилтрихлорметилметанды (ДДТ) пайдалануға болмайды, себебі оның ыдырауына бірнеше жылдар керек. Бұл заттың шығу тарихы өте қызық. 1940 жылы швейцария химигі Пауль Мюллер ең алғаш синтездеу жолымен ДДТ-ны тауып, оны ауылшаруашылығының зианкестерімен күресуге пайдалануды ұсынған. Осы жаңалығы үшін ғалымға кезінде Нобель сыйлығы берілген. Алғашқы кезде бұл зат адамдардың көптеген қиыншылықтарын шешті. ДДТ-ны пайдаланып кесіртке мен көптеген зиянкес бунақ денелілерді қырды. Әсірісе ауру таратушы масаларды өлтіріп, миллиондаған Адам дарды безгек ауруынан құтқарды. Кейінірек ДДТ-ның күштілігінен зияндығы басым екендігі анықталды. ДДТ барлық тірі организмдерге тіпті балдырларға да зиянын тигізеді екен. Оның миллиардтан бір бөлігі фотосинтездің жылдамдығын баяулатады. Ал жасыл өсімдіктер атмосфераны ауамен қамтамасыз ететіндігі сіздерге белгілі. Кейінірек ДДТ-ның басқа пестицидтер тәрізді кумулятивтік эффектісі бар екендігі анықталды. Оның әсері уландырудан бастап мутагендікке дейін жетті. ДДТ тұрақты болғандықтан, ол қоректену тізбегімен өсімдіктер организміне өтедіде, өсімдікпен қоректенетін жануарларға, олардан аңдарға беріледі. Өсімдік және жануар тектес тағаммен тамақтанудың арқасында ДДТ адам организміне де түсетіндігін сезіп отырған боларсыздар. Осылайша жылжу кезінде әрбір организмде жинақталған ДДТ—ның шамасы 10 есе артып отырады. Организмде жиналған препарат ондағы басқа заттармен қосылысып, улылығы артады да, адамдарды, жануарларды өлтіре алатын шамаға жетеді. Табиғи жағдайда ДДЭбастапқы ДДТ-дан да қауіпті. Себебі ДДЭ-нің ыдырау алғашқысынан да баяу жүреді. Ауылшаруашылығында пестицидтерді пайдаланудан гөрі өсімдіктерді қорғаудың биологиялық жолы іздестірілуде және пестицидтер пайдаланылмаған экологиялық таза өнім алу көзделіп отыр. Пестицидтердің адам организміне зиян екенін, табиғи процестерді бұзып, қоршаған ортаны ластайтынын ескеріп, оны өте сақтықпен басқа шара жоқ болған жағдайда ғана пайдаланған жөн. Бунақденелілермен күресудің кейінде шыққан биологиялық әдісінің бірін айта кетейік. Ол түрпілі материалдарды (абразивы) қолдану. Түрпілі материалдарды бунакденелілер көп жүретін жерге себеді. Оның үстімен жүріп өткен жәндіктің денесі кеуіп қалады, себебі сыртқы жабыны зақымданады. Түрлі заттардың өсімдіктерге, жануарларға және адамдарға ешқандай зияны жоқ.
Қолдану ережелері. Қолдану регламенті деп, пестицидтердің қолданылу сипаттарын - препараттық күйіндегі белсенді затының концентрациясын, жұмсалу мөлшерін, бүрку санын, қосалқы заттарды қолдануын, керекті мөлшерін анықтайтын өңделетін ауданын, бүрку және өнім жинауға дейінгі аралық мерзімдерін айтады. Пестицидтердің улылығына, қоршаған ортаның нысандар- ында ұзақ уақыт сақталуына байланысты әр препаратқа ғылыми тұрғыдан негізделген ұсыныстар талап етіледі. Пестицидтердің регламентін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бекітеді. Кеден одағындағына мүше болатын мемлекеттер аумақтар- ына Мемлекеттік пестицидтер тізіміне тіркелген препараттар кіргізіледі. Пестицидтерді қолданудың қауіпсіздігі белгіленген талап- тарға сай, олардың тиісті қаптамасына, маркіленуіне, гигиена- лық регламенттеу жағдайына байланысты. Халық денсаулығын қорғау және пестицидтердің табиғатта айналымын болдырмау мақсатында жұмыс орнының ауасы, ашық су қоймалары, топырақтағы мөлшерлері шектік рұқсат етілген концентрациямен (ПДК-предельно-допустимая концен- трация) белгіленген. Пестицидтердің тамақ өнімдеріндегі қалдық мөлшерін санитарлық бақылау үшін әр препараттың тамақ өнімдеріндегі жоғары шектік мөлшерін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бекітеді. Пестицидтердің жоғары шектік мөлшерлері химиялық зат- тардың жануарларға улылығын, әртүрлі дақылдарда қалдық мөлшерлерінің таралу динамикасын зерттеу барысында анық- талады. Пестицидтердің жоғары шектік мөлшері адамның 1 кг тамақ рационындағы қауіпсіздігі мг мөлшерінде белгіленеді. Пестицидтердің жоғары шектік мөлшерлеріне байланысты өнім жинауға дейінгі соңғы бүрку мезгілі анықталады. Соңғы бүрку мезгілі пестицидтердің әсер етуші заттарының физикалық-химиялық қасиеттері, препараттық формасына, бүркілетін нысанаға, климаттық жағдайға және пестицидтердің қоршаған орта нысандарындағы тұрақтылығына байланысты анықталады. Тез ыдырағыш, улылығы төмен препараттардың күту мерзімі 2-20 күнге дейін, ал мейлінше улы препараттар үшін 1-2 айды құрайды. 53 Фосфорорганикалық қосылыстарының көпшілігі үшін күту мерзімі 15-30 күнді құрайды. Жеке және жалпы қауіпсіздік шарттары. Зиянды заттардың адам ағзасына әсер етуі бойынша бірнеше класқа (2-кесте) бөлінеді: -өте қауіпті; -жоғары қауіпті; -шектеулі қауіпті; -қауіптілігі төмен. 2-кесте. Пестицидтердің қауіптілік класы Көрсеткіш Қауіптілік класына арналған мөлшері 1 2 3 4 Пестицидтің жұмыс орнын- дағы ауадағы мөлшері (ПДК) мг/м3 10,0 СД50 асқорыту мүшелеріне енгізгенде, мг/кг 2500 Пестицидтерді қолданудағы ережелер: Барлық пестицидтер канцерогенді, кумулятивті, адам имму- нитетін төмендететін заттар. Сондықтан, қауіпсіздік ережеле- ріне жеңіл тұрғыдан қарауға болмайды, өйткені оның зиянды әсері уақыт өте білінеді. Пестицидтермен жұмыс істегенде міндетті түрде респира- тор және адам терісін қорғайтын киім кию керек, өйткені пестицидтер тері, ауадан өкпе арқылы қанға өтеді, ары қарай ағзаның бүйрек, бауыр жасушаларын зақымдайды. Пестицидтермен жұмыс істегеннен кейін міндетті түрде ағзадан токсиндерді шығаратын сүт, Е витаминіне бай тағамдар қабылдаған жөн. 54 Сонымен қорыта айтсақ, өсімдікті зиянды ағзалардан қорғаудың негізгі жолы - химиялық препараттарды қолдану болып табылады. Сондықтан, пестицидтерді қолданудағы басты мәселелердің бірі - қоршаған орта нысандарының олар- дың қалдық мөлшерлерімен ластануын және адам ағзасына зиянды әсерін мейлінше төмендету. Ол үшін мынандай іс шаралар жүргізілуі тиіс: уыттылығы төмен зиянды ағзаларға биологиялық, эконо- микалық тиімді қосылыстарды синтездеп алу; пестицидтердің санитарлық-гигиеналық талаптарына сай ауылшаруашылық өнімдеріндегі қалдық мөлшерлері үнемі қадағалануы тиіс; ауыспалы егістіктерде химиялық препараттардың жүйелі түрде қолданылуы; пестицидтерді қолдану регламенті, сақталу, тасымалдау жағдайларының қатаң сақталуы; пестицидтермен жұмыс істейтін білікті мамандар дайын- дау және ауылшаруашылық фермерлерімен өсімдік қорғау мамандары тығыз байланыста жұмыс істеуі керек. Пестицидтерді сақтау, тарату және тасымалдаудың
