- •Лекция №1 Тақырыбы: Топырақтану ғылымына жалпы түсінік
- •Әдебиеттер
- •Лекция №2 Тақырыбы: Топырақтың түзілуі және үгітілуі
- •Лекция №3
- •Әдебиеттер
- •Лекция №4 Тақырыбы: Топырақтың минералогиялық және химиялық құрамы
- •Әдебиеттер
- •Лекция №5
- •Әдебиеттер
- •Лекция №6
- •Топырақтың су қасиеттері мен ылғалдылығы
- •Топырақтың ауа тәртібі.
- •Лекция №7
- •Әдебиеттер
- •Лекция № 8
- •Әдебиеттер
- •Лекция № 9, 10
- •Әдебиеттер
- •Лекция № 11
- •Әдебиеттер
- •Лекция №12
- •Лекция №13 Тақырыбы: тмд, Қазақстан топырақтары, олардың түзілуінің экологиялық жағдайлары
- •Лекция №14 Тақырыбы: тмд, Қазақстан топырақтары, олардың түзілуінің экологиялық жағдайлары
- •Лекция №15
- •Лекция №16
- •Әдебиеттер
- •Лекция №17
- •Әдебиеттер
- •Лекция №18 Тақырыбы: Арам шөптер және олар туралы түсінік
- •Лекция №19
- •Әдебиеттер тізімі
- •Лекция №20
- •3.Ауылшаруашылығы дақылдарының өнімін арттыруда, топырақтың құнарлылығын күшейтуде тыңайтқыштардың ролі.
- •Әдебиеттер тізімі
- •Лекция №21
- •Пестицидтердің ыдырау механизмі
- •Пайдасы мен Зияны
- •Әдебиеттер тізімі
- •Лекция №22
- •Әдебиеттер тізімі
- •Лекция №23
- •Әдебиеттер
- •Лекция №24 Тақырыбы: Астық тұқымдас дақылдар
- •Әдебиеттер
- •Лекция №25 Тақырыбы: Астық дақылдарының төзімділігі Лекцияның жоспары:
- •Тақырыбы: Май алатын дақылдар Лекцияның жоспары:
- •Әдебиеттер
- •Лекция №27 Тақырыбы: Көкөніс дақылдары Лекцияның жоспары:
- •Қызанақ сорттары мен тамыр жүйелері.
- •Әдебиеттер
- •Лекция №28 Тақырыбы: Жеміс-жидектер Лекцияның жоспары:
- •Әдебиеттер
- •Лекция № 29
- •Әдебиеттер
- •Лекция №30 Тақырыбы: Бұршақ дақылдары
- •Әдебиеттер
- •Әдебиеттер тізімі
Әдебиеттер тізімі
1. Е.Жамалбеков, Р.Білдебаева. Топырақтану және топырақ геологиясы мен экологиясы. -Алматы, 2000.
2. Почвоведение. Под ред. проф. С.И.Кауричева. -Москва, 1998.
3. Цуриков Т. Почвоведение. М.: Высшая школа, 1992.
4. И.Г.Добровольский. География почв с основами почвоведения. МГУ, 1999.
5. Ерденов М.Т., Омарова З.М., Абдраимова Қ.Т. Топырақтану пәнінен практикум
6.Тазабекұлы Т., Тазабекова Е. Топырақтану түсіндірме сөздігі – Алматы: Рауан, 1193. – 448 бет.
Лекция №21
Тақырыбы: Ауылшаруашылығында пестицидтерді қолдану ерекшеліктері
Лекцияның жоспары:
1.Пестицидтер туралы жалпы түсінік.
2.Түрлері және қолдану ерекшеліктері.
Қолданылатын әдістер: Лекция-консультация, сұрақ-жауап-талдау.
Лекция мәтіні: Пестицидтер (латын сөздерінен pestis – жұқпалы ауру, caedo - өлтіремін) – мәдени өсімдіктерді зиянкестерден, паразиттерден, арамшөптерден, аурулардан және микроорганизмдерден қорғау үшін қолданатын барлық химиялық қосылыстар. Пестицидтерді пайдалану ауылшаруашылық өнімдерін 18-20% сақтайды. Қазіргі кезде оларды көп қолданатын болғандықтан биосфера мен адамдарға зияны тиіп жатыр. Оларды пайдаланбай өнім алуға мүмкіндік жоқ, себебі зиянкестер өте көбейіп кетті. Бунақденелілер пестицидтердің бір түріне тез бейімделетін және ол қасиетін ұрпағына бере алатын қабілеті бар. Сондықтан пестицидтерді қолданарда зиянкестердің түріне қарай таңдап алу керек.
Химиялық құрамы жағынан пестицидтер 5 класқа топтастырылады:
хлорорганикалық қосылыстар – гексахлоран, ДДТ (дуст) гексахлорциклогексан, полихлорпинен, полихлоркамфен т.б. Олар организмде жинала алады да, ыдырауы бірнеше ондаған жылдарға созылады. Хлорорганикалық қосылыстар диоксиндермен қосылысып, тұрақты органикалық қосылыстар түзеді.
Фосфорорганикалық инсектицидтер – карбофос, дихлофос, диазинон, фосфамид, метафос, амофос, өсімдіктің өсуін реттегіштер және т.б. Бұлар топырықта және басқа ортада тезірек ыдырайды.
Карбаматты инсектицидтер – карбамин қышқылының күрделі эфирлері (севин). Бунақденелілердің жекелеген түрлеріне ғана әсеретеді, ал жануарлар мен адамдарға зияны жоқ.
Хлорфеноксиқышқыл туындыллары – дефолиант ретінде су қоймаларында өсетін өсімдіктерді жою үшін қолданады.
Пиретроидты табиғаты бар пестицидтер – транс-хризантема қышқылы. Бұл инсектицидтердің жаңа түрі, оны табиғи материалдардан бөліп алған. Мысалы, түймедақ өсімдігінің сығындысынан табиғи пиретрин-І алынған. Бұдан басқа өте қатты әсер ететін жасанды пиретроидтер де алынған.
Әсер ету обьектісіне (арамшөптер, зиянды жәндіктер, жылы қанды жануарлар) және химиялық табиғатына байланысты пестицидтер мынадай топтарға бөлінеді:
акарецидтер - кенелермен күресу үшін;
альгицидтер - балдырлар мен басқа да су өсімдіктерін
құрту үшін;
антисептиктер - бейметалл материалдарды
микроорганизмдерден қорғау үшін;
бактерицидтер - өсімдіктердің бактериалды ауруларымен
және бактериялармен күресу үшін;
зооцидтер - кемірушілермен күрес үшін;
инсектицидтер - зиянды жәндіктермен күресу үшін;
лимацидтер - әртүрлі моллюскалармен күресу үшін;
нематоцидтер - жұмыр құрттармен күресу үшін;
фунгицидтер - топырақтағы саңырауқұлақтармен күресу
үшін. Сондай-ақ пестицидтерге өсімдіктердің жапырақтарын жою үшін пайдаланатын - дефолианттар, өсімдіктің артық гүлдерін құрту үшін - дефлоранттар, өсімдіктің дамуы мен өсуің реттейтін - химиялық заттар, арамшөптерді жою үшін _ гербицидтер, жәндіктер, кемірушілер және басқа да жануарларды үркіту үшін қолданылатын химиялық заттар - репелленттер, жою үшін алдымен жәндіктерді еліктіретін - аттрактанттар, жәндіктерді жыныстық стерилдеу үшін қолданатын - стерилизаторларды жатқызады.Адамдарға зиян келтірмейтін пестицидтерді атап кетейік. Олар: гидрохинон І туындылары, триазиндер (ІІ) және азолдар (ІІІ), бензой қышқылының (IV) туындылары және т.б. Тірі организмге түскен пестицидтердің әсері препараттың тұрақтылығына, яғни персистенттілгіне және организмде жүретін метаболизм процесінің жылдамдығына байланысты болады.
