Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ҚБ-топырактану Лек. сабаққа.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.12 Mб
Скачать

Әдебиеттер

1. Негрука В.И., Бутенко Р.Г. Биотехнология сельскохозяйственных растений – М.: Агропромизад, 1997 г. – 301 стр.

2. Петров Д.Ф. Генетика с основами селекции. Изд.2-е, доп. Учеб. Пособие для ун-тов. М., Высш. Школе, 2006 г. -416 стр.

3. Горин А.П. Руководство к практическим занятиям по селекции и семеноводству полевых культур. – М.: Сельхозиздат, 2003 г. -575 стр.

4. Новоселова А.С., Константинова А.М., Кулешов Г.Ф. (и др). Селек-ция и семеноводство многолетних трав. М.: Колос, 1998 г. - 303 стр.

5. Бороевич С. Принципы и методы селекции растений. – М.: Колос, 2004 г. -344 стр.

6. Гужов Ю.Л. Генетика и селекция сельскому хозяйству. – М.: Просвещение,

1994 г.-240 стр.

7. Уильямс У. Генетические основы и селекция растений. – М.: Колос, 1968 г. – 448 стр.

8. Бриггс Ф и Ноулз П. – М.: Колос, 2002г. -399 стр.

Лекция №17

Тақырыбы: Ауыл шаруашылығы дақылдарын табиғи және ғылыми негізде ауыстырып егу және ауыспалы егіс.

Лекция жоспары:

1.Ауыспалы егіс туралы түсінік.

2.Топырақтың құнарлылығына, физикалық қасиетіне, биологиялық жағдайына байланысты дақылдарды ауыстырып егудің маңызы.

Қолданылатын әдістер: Лекция-консультация, сұрақ-жауап-талдау.

Лекция мәтіні: Ауыспалы егіс – топырақ құнарын сақтау және арттыру, тұрақты мол өнім алу мақсатында дақылдарды және танаптарды алмастырып отыру жүйесі. Ауыспалы егістің б.з.б. қолданылуы туралы мәліметтер Рим шежірелері (Катон, Варрон, Вергилий, т.б.) арқылы жеткен. Қазақстанда қара топырақты, ылғалдылығы жеткілікті аймақтарда 5 танапты және 8 танапты Ауыспалы егістің кеңінен қолданылады. Ауыспалы егістің жүйесі ауыл шаруашылығында өндірілетін өнім түріне қарай егістік, мал азықтық және арнайы болып үш түрге бөлінеді. Егістік ауыспалы егістің жүйесі бойынша ылғалдылығы мол жерлерде егістік дақылдарды (бидайсұлыарпажүгеріқызылшакүнбағыскартоп, т.б.) себердің алдында танапқа 2 – 3 жыл жоңышқа егіледі. Ал қуаңшылық аудандарда сірі жер танабын бос қалдырады. Мал азықтық ауыспалы егіс жүйесі бойынша көп жылдық жоңышқа өсіруден кейін оның орнына отамалы дақылдар (бір жылдық, көп жылдық шөптер, сүрлемдік жүгері) өсіріледі. Арнайы ауыспалы егіс жүйесінде көкөністерді, мақтанытемекінікүрішті, т.б. жыл сайын орын ауыстырып егеді. Сондай-ақ арнайы ауыспалы егіс жүйесін қолдану үшін жер құнарлығы жоғары, ылғал, температура жеткілікті болуы керек. Ауыспалы егіс мол өнімді дақылдар егіп, халықты азық-түлікпен, малды жемшөппен және техниканы жыл бойы жұмыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Дақылдар алмастырылып егілгенде, өнім көрсеткіштері жақсарады, жердің құнарлылығы артады, топырақ эрозиясы төмендейді, егістіктің ластануы, зиянкестер мен ауру қоздырғыштардың көбеюі азаяды.

Ауылшаруашылық өндірісін әртараптандырудың басты принциптерінің бірі егіншілік мәдениетін көтеру, жаңа тиімді агротехнологияларды қолдана отырып өндірілетін өнімнің өнімділігімен бәсекеге қабілеттілігін арттыру. Сонымен бірге өндірілетін өнімнің өзіндік құнын барынша төмендету. Сондай-ақ егіншілік жүйесінің қарқынды буындарының бірі – бұл ауыспалы егістер. Ол өсірілген дақылдардың көлемі мен алмастырып егу тәртібін анықтап қана қоймай, көп жылдар бойы жүргізілетін агромелиоративтік және басқа да іс-шараларды жүйелі түрде іске асыруға негіз болады. Егіншілік мәдениетін арттыру, осы негіздерге тікелей байланысты болып келеді, және де әр гектардан алынатын өнімді жылма-жыл молайту, егін шаруашылығын тұрақтылығын арттыру шарттарының бірі ауыспалы егістерді өз тәртібімен игеру болып есептеледі.

Көпжылжық стацинарлы ғылыми-зерттеу тәжірибе жұмысы Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының тәжірибелік 44-ші бөлектегі 7-ші алқабында, мақтамен жүргізілетін далалық тәжірибелер әдістемесі бойынша жүргізілді (Бүкілодақтық МҒЗИ, 1981, А. Имамалиев).

Топырақ құнарлылығының маңызды элементтерiнiң бiрi оның агрофизикалық күйлерi болып табылады. Топырақ тығыздығын 30см тереңдікке дейін талдап-анықтау,  әр 10см -де, яғни  0-10 см,  10-20см,  20-30см  топырақ қабаттарында жүргізілді. Тәжірибе барысында топырақтың көлем салмағы көрсеткіштері вегетация басында жоғары көрсеткіштерде болды. Кестеге жүгініп қарасақ, вегетация басында мақтаның бірегей егістігінде топырақ тығыздығының құрылымы, жоғары дәрежеге жақын екені байқалды, яғни 0-10 см қабатта– 1,37 г/см3, 10-20см — 1,44 г/см3 және 20-30см  қабатта 1,50 г/ см3  көрсеткіште ерекшеленіп отыр.

Топырақтың орнықты тығыз көлем көрсеткіштері бұршақ тұқымдас дақылдардан кейін егілген мақта қозасы егілген топырақта ерекшеленіп отыр, яғни айтқанда бұршақ дақылынан (фасоль) кейін егілген мақтаның бірінші жылғы топырақтың терең 0-10 см қабатында вегетация басында орташа есеппен 1,33 г/см3, 10-20 см – 1,38 г/см3  және 20-30 см  — 1,46 г/см3 көлем көрсеткіште болса, бесінші нұсқадағы соя дақылынан кейін егілген мақтаның бірінші жылғы егілген топырақтың терең 0-10 см қабатында орташа есеппен 1,32 г/см3, 10-20 см – 1,35 г/см3 және 20-30 см топырақтың терең қабатында 1,44 г/см3 көлем көрсеткіште болғаны тәжірибе жүзінде айқындалды.

Ал көктемнен күзге қарай топырақтың көлем салмағы мақтаны бір жерге қайта-қайта егіле беретін бірегей егістігінде ауыспалы егіс тізбектерімен салыстырғанда өзгермей, орнықты дәрежеден жоғары болғаны айқындалды, яғни айтқанда яғни 0-10 см қабатта – 1, 37 г/см3 болса, күзге қарай 1,38 г/см3, 10-20см -1,44 г/см3 күзге қарай 1,42 г/см3 және 20-30см  қабатта көктемде  1,50 г/ см3  көрсеткіште болып, вегетация соңында бұл көрсеткіш небәрі 1,48 г/см3 көлемде болды. Бұл деген мақтаның бірегей егісі, яғни айтқанда бұл жерде мақта дақылы жыл сайын қайта-қайта егілгеннің салдарынан, топырақтың агрофизикалық қасиеті өзінің орнықты деңгейінен төмендегені айқындалады.

Осы заманғы ауылшаруашылық өндірісі сортқа жо­ғары талаптар қояды. Олардың негізгілері мыналар:

1. Жыл сайын жоғары және тұрақты өнім беруі. Сорт жоғары өнімді болуымен қатар, тыңайтқыш себу мен басқа агро әдістерге кеткен шығынды өз түсімімен өтеуі қажет.

2. Даму барысында ауа райының қолайсыз жағдайла­рына төзімді болуы тиіс. Сорттар құрғақшылыққа, төмен температураға, қыстап шығу барысында қолайсыз жағ­дайларға (күздік, және көп жылдық дақыл сорттары) төзімді болуы шарт. Бұл қасиеттер өнімнің тұрақтылы­ғын анықтайды.

3. Аурулар мен зиянкестерді қоздырушыларға да төзімді болуы керек.

  1. Механикалық баптауға икемділігі.

  2. Өнімнің жоғары сапасы. Сорттар себілу мақсатына қарай қажетті өнімді (ақуыз. қант, крахмал, май, тал­шық) мол беруі керек.

Шығарылып жатқан сорттың белгілері мен қасиет­терінің нақты жиынтығы негізгі үш көрсеткіш бойын­ша анықталады:

1) болашақ сортқа арналған аймақтың топырақ-кли­мат жағдайлары;

2) сорттың өндірісте өсірілуіне байланысты (тыңайт­қыштың жоғары нормасы, суландыру, г.б.) агротехни­касы және механикаландырылу дәрежесі;

3) дақыл бағдары және оны пайдалану (жүгері - дәнді немесе сүрлөмдік арпа сыра кайнату мен мал азықтық, кар­топ асханалық және техникалық, тағы басқа бағыттарда).

Селекциялық орталықтардың келешек даму бағдар­ламаларында бидайдың интенсивті типтегі мынадай негізгі көрсеткіші бар сорт үлгілері белгіленген: мықты және қысқа сабақтылар.

Бір масақтағы дән салмағы 2 г және одан жоғары, 1 м2 өнім беретін сабақтардың орташа саны 500-600. Жоғары өнімділік жағдайында дән үлесіндегі биомасса - 55-65% . Мұндай қысқа сабақты сорттар ауруға төзімді, құрамын­да 15-16% ақуыз, 32-35% қ.лөйковина болуымен қатар, ұн күші 300-350 ө.а. болуы қажет. Барлық дақылдар үшін селекциялық жұмыстар бағ­дарламасында нақты жағдайда өсіру және өндіріс талап­тарына сәйкес шығарылатын сорттардың үлгілері жаса­луы тиіс. Ауыл шаруашылығы дақылдарының сортта­ры нақты табиғи жағдайда өсіру үшін жасалады және осы жағдайларға бейімделуіне қарай сұрыпталады. Сон­дықтан барлық аймаққа жарамды сорт болуы мүмкін емес және болмайды.

Сорт икемділігі сыртқы ортаның күрт өзгеру жағдай­ына биологиялық икемділігімен, ауа райының қолайлы және қолайсыз жағдайларында жоғары агротехника фо­нында мол өнім беру икемімен сипатталады.

Жаздық бидайдың Саратов 29 сорты өте икемді сорт­тар қатарына жатады. Бұл сорттың өсімдіктері суды аз пайдаланады және тамыр жүйесі сінірімділік қасиеті­мен сипатталады. Кейбір сорттардың кең көлемде себілуі олардың сапа­сы жоғары, икемділік қасиеттерінен ғана емес, сол то­пырақ-климат аймақтарында селекциялық жұмыс жеткіліксіз жүргізілмеуі мен икемді сорттардың жоқ­тығынан, сондықтан бұл аудандарда жергілікті жерге бейімделген сорттарды шығару қажет. Барлық сорттар экологиялық бейнесі жағынан толық сипатталып, сұрыпталу бейімі және шығару мақсатына қарай нақты экологиялық жағдайда өз рөлін атқарады. Н. Борлауг­тың жұмысы көрсеткендей жоғары өнімді, икемді, жо­ғары экологиялық бейімі бар сорттар күн ұзақтығына сезімтал болмауы керек.Кейбір сорттар ауданның спецификациясына қарай бейімделгендіктен, шағын егістерде ғана себіледі. Мұндай сорттар айтарлықтай шаруашылық-биологиялық қасиеттерге ие болғандықтан, жоғары бағаланады. Дәнді дақылдардың және көкөністің тез және өте ерте пісетін сорттары жылылығы аз және өніп-өсу кезеңі өте қысқа солтүстік облыстарда өсіруге арналған. Ал кейбір дәнді және басқа дақылдардың батпақты, тұзданған және құмдауыт топырақтарда, жартылай шөлейт және таулы аудандарда өсіруге арна.пған сорттары шығарылған. Бірақ мұндай сорттар егілетін жер көлемі оншама үлкен емес. АҚШ-та жүздеген жаңа сорттардың шығарылғанына қарамастан, тұрақты өнім беретін азғантай сорттар түрі өсіріледі. Мәселен, жүгерінің екі жүз сортының тек алты буданы егістің 70 пайызына, бидайдың 270 сорты ның тек тоғызы ғана егістің 50 пайызына, картоптың 82 сорты­ның тек төртеуі егістің 72 пайызына, бұршақтың 50 сор­тының тек екеуі ғана егістің 96 пайызына егіледі.