Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ҚБ-топырактану Лек. сабаққа.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.12 Mб
Скачать

Лекция №16

Тақырыбы: Тұқымдық материалға биологиялық және агротехникалық талаптар және шаруашылық дақылдарын себу

Лекция жоспары:

1.Тұқымдық материалдардың сапалылығының маңызы.

2.Тұқымның сапасының биологиялық ерекшелігі.

3.Сорт, оның маңызы, қасиеттері. Сорттық тұқымдарын алу.

Қолданылатын әдістер: Лекция-консультация, сұрақ-жауап-талдау.

Лекция мәтіні: Өсімдіктің қайсы бір формасы немесе сорты болма­сын, көптеген білгілері мен қасиеттерінің жиынтығы­мен сипатталады. Өсімдік құрылымының морфология­лық ерекшелігі белгілер деп аталады. Өсімдіктердің белгілері өлшеу, салмағын тарту және көзбен баға беру жолымен анықталады. Оларға өсімдіктің биіктігі, жапырағыньщ саны мен көлемі, сабағының жуан­дығы, масақ пен сыпырғыньщ көлемі, түйіндердің, тамыр жемісінің, жемістің формасы, дән ірілігі, өсімдік тұлғасы, масақтағы және сыпырғыдағы дәннің толықтығы, тұқым мен жемістің түсі және тағы басқалар жатады. Өсімдік белгілерін шартты түрде екі топқа бөлуге бо­лады: сапалық және сандық. Сапалық белгілер - көз өлшемімен айыру арқылы анықтауға болатын айырмашылық.

Сандық белгілер деп, көз өлшемімен айыруға келмейтін, тек өлшеу, салмақтау, есептеу арқылы анық­тауға болатын өлшемді айтамыз.Қандай бір сапалық белгі болмасын сандық сипат бе­руге болады, бірақ көп жағдайда көз өлшемімен анықта­ма беріледі. Егер көз өлшемімен бағалау жеткіліксіз бол­са, онда айырмашылық сан өлшемі бойынша сипаттала­ды. Мәселен, екі сортты салыстыру кезінде, бірі кылта­нақты, екіншісі қылтанаксыа болса, бұл белгілер бой­ынша айырмашылық көз өлшемімен анықталады. Егер қылтанақты екі сортты салыстыру қажет болса, бұл бел­гілерге сандық сипаттама беру қажеттігі туады. Кейде сандық жөніндегі белгілер бойынша айырмашылық көз өлшемімен анықталады. Мәселен, сабақтардың ұзынды­ғын анықтау: биік, орта, төмен; дәннің көлемін анық­тау кезінде: ірі, орта, майда болып бөлінеді.

Өсімдіктердің физиологиялық, биохимиялық және техникалық ерекшеліктерін олардың қасиеттері деп атайды. Өсімдіктердің физиологиялық қасиеттеріне олардың құрғақшылыққа, суыкка, қысқа, аурулар мен аияннестерге төзімділігі, жарыққа рөакциясы, жоғары агрофонға, оның ішінде тыңайтқышпен суды пайдала­нуға икемі жатады. Биохимиялық қасиет өсімдік бой­ында болатын түрлі заттардың сандық және сапалық бел­гілері: акуыа, крахмал, қант, май, эфир майы, витамин­дер, алкалоидтар бойынша анықталады. Өсімдіктердің технологиялық қасиеттері оларды өндірістік өңдеуге байланысты анықталады. Бұған тартылған дәннен ұнның шығу мөлшері, иленген қамырдың көлемі мен ашып көтерілуі, арпа дәнінің экстрактивті заттар саны, мата тоқылатын дақылдардың талшықтарының техни­калық мәліметтері жатады.

Сорт бағасының негізгі көрсеткіші - оның өнімділігі.

Ол өсімдіктің көптеген шаруашылық-биологиялық бел­гілері мен қасиеттерін біріктіретін күрделі байланыс болып табылады.

Ағза өмір сүрген орта тұрақты болмағандықтан, бұры­нғы белгінің қайта көрініс табуын модификация деп атай­ды. Тұқым қуалайтын өзгерістерді генетикалық өзгерістер деп атайды. Сапалық белгілер гендермен қатаң бақыланып, олар тұрақтылық сипат алып, дамуы сыртқы жағ­дайлардың әсеріне байланысты болмайды да, үзіліс си­патта болады. Сандық белгілер гендердің көп санымен айқындалып, қатаң бақыланбайды, олардың дамуы сыр­тқы ортаның әсеріне өте бағынышты болғандықтан, үзіліссіз сипатқа ие болады.

Мәдени өсімдіктердің туыстық және түрлік құрамы және олардың жабайы тектестерінің формалары сан алу­ан, олар көптеген белгілері мен қасиеттері бойынша ерек­шеленеді. Бұлардың көпшілік бөлігінің көрініс табу дәре­жесі, әсіресе, шаруашылық-биологиялық қасиеттері өсірілетін жерлері мен жағдайына өте тәуелді болады.

Сорт туралы ұғым. Селекцияда тұқым шаруашылығы жұмыстарын та­быспен жүргізу үшін және ауыл шаруашылығы өндірісінде сорттарды дұрыс пайдалану үшін сорттың не екенін, сорт топтарының өзара ұқсастығы мен олар­дың бір-бірінен айырмашылығын білу аса маңызды.

Өсімдіктерді жүйелеуде "форма" және "сорт " бір ұғымды білдіреді. Алайда, сорттар мен ботаникалық формалар арасында түбірлі өзгерістер бар. Сорт адамның өндірістік қызметі арқасында шығарылады. Ол ауыл шаруашылығы өндірісінің құралы болып табылады.

Сорm деп, селекция тәсілімен алынған морфологиялық, биологиялық және тұқым қуадау ерекшеліктері­мен шаруашылыққа құнды белгілері бар мәдени өсімдіктің жиынтығын айтады.

Мынадай негізгі шарттарды атап өту қажет:

1)сорт құрамына кіретін өсімдік топтарының шығу тегінде жалпыламалық бар. Ол бір немесе бірнеше өсімдік тұқымынан көбейтіледі.

2)өсімдіктің бастапқы тегін көбейте отырып, шыққан тұқым шаруашылық-биологиялық қасиеттері мен морфологиялық белгілері бойынша сұрыптау жолымен алынады.

3) сорт ашық бір аймақтағы табиғат жағдайында өсірілу ушін шығарылады. Ол бір топырақ-климат ай­мағында жоғары өнім берсе, екінші аймақта ондай өнім бермеуі мүмкін.

4) сорт нақты өндірістік жағдайда өсіру ушін жасала­ды және механикаландыруда қол жеткен деңгейге, егіншілік мәдениетіне сай болуы қажет.

5) тиісті табиғи және өндірістік жағдайларда сорт тұрақты және жоғары сапалы өнім беруді қамтамасыз етуі тиіс.

Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорттары шығу тегі бойынша жергілікті және селекциялық болып бөлінеді.

Жергілікті сорт деп, дақылдардың нақты бір жерде өсірілуіне орай ұзақ, табиғи және жасанды сұрыптау­дың қарапайым әдістерімен жасалған сорттарды айта­ды. Турлі дақылдардың жергілікті сорттарының үлкен бөлігі халықтық селекция процесімен алынған.

Селекциялық сорт деп, селекциялық ғылыми әдістері негізінде ғылыми-зерттеу мекемелерінде шығарылған сорттарды айтады. Олар морфологиялық белгілері мен шаруашылық-биологиялық қасиеттері бойынша біркелкі болуымен ерекшеленеді.

Сорт шығару тәсілі бойынша сорт - популяция, лини­ялық сорт, сорт-клон, будан нан шыққан сорт, мутант сорты болып бөлінеді.

Сорт - популяция айқас және өзін-өзі тозаңдандыру­дың нәтижесінде жаппай сұрыптау арқылы алынады. Олар тұқым қулаушылығы жағынан біркелкі емес.

Линиялық деп, өздігінен тозаңданатын дақылдарды жеке сұрыптау арқылы алынатын сорттарды айтады. Линиялық сорт - біртекті өсімдіктің көбеюі, сондықтан олар барлық белгілері мен қасиеттері бойынша біркелкі болады.

Будан популяциясынан будандастыру және сұрыптау арқылы алынған сорттарды будандар деп атайды. Өздігінен тозаңданатын будан сорттары линиялық сор­ттарға қарағанда, біркелкі болмайды. Кейде оларды қайта сұрыптау жолымен жаңа сорттар шығарады. Бар­лық дақылдардың көптеген аудандастырылған сортта­ры будан болып табылады. Дәнді дақылдар арасынан күздік бидайдың - Алматинская полукарликовая, Жет­ісу, Таза, Алмалы, ОПАХС-18, Лютесценс-41, Бота; Жаз­дық жұмсақ бидайдың Казахстанская 3, Казахстанская 6, Казахстанская 16, Арай, арпаның Сәуле, Жұлдыз, Арна сорттары, жүгерінің Сарыарқа 150, будан 237В, Це­линный 160 СВ, Алатау 107 ТВ, Казахстанский 587 СВ будандары жатады.

Сорт-клондар өсімдіктердің вегетативті көбейетін түрлерін жеке сұрыптау жолымен алынады. Сорт-клон өсімдіктің бір текті вегативті көбеюінен шыққан ұрпақ, сондықтан олар біркелкі болып келеді.

Сортқа қойылатын өндірістік талаптар