Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ішкі ауру ситуациялық есеп.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
27.54 Кб
Скачать

Ситуциялық есеп № 7

5 жасар бала жұкпалы аурулар жататын ауруханаға келіп түсті. Ауру күрт басталады. Шағамдары: ішінің ауырсынуы, жүректің айнуы, сұйык нәжіс күніне 5-6рет. Қарағанда: жалпы жағдайы орташа дәрежелі, селқостау. Терісі таза, кәдімгі түсті. Аузы кебіңкі, тілі ақ жамылған. Өкпе жағында ешқандай өзгеріс жоқ. іші жұмсақ, тоқ ішектің бойы ауырсынады, бүйен толыңқы, қаттылау, ауырсынады. Жүрек тондары ритмді, таза. Зәр шығаруы жақсы, ауырсынбайды. Нәжісін тексергенде сұйық, сары – көкшіл түсті арасында майлы кілегей бар.

Тексергенде ЖҚА: Эр. 3,7х10 12/л, Нв-106г/л, т.к. – 0,9, ЭТЖ – 10мм/сағ., лейкоциттер 8,1х10 9/л, э – 1, с- 45, л- 35, м- 14, п-3.

Копрограмма: нәжісі сұйык, түсі –көкшіл-сары, май қышқылдары бар, эпителий клеткаларды бар.

Сұрақтар:

1. Диагнозы қандай? Қандай қосымша тексеру жүргізу керек?

2. Қандай диета тағайымдалады?.  Жауабы: 

1.Жедел энтероколит. Тексеру жоспары: ЖҚА, ЖЗА, копрограмма, нәжістің бактериялық тексерулері.

2. Диета №4, ішектің кілегей қабатын механикалық және химиялық тітіркендіргіштерден шектеу. Тағамды тәулігіне 5-6 рет қабылдау.

Ситуциялық есеп № 8

35жасар науқас 6 ай бұрын стоматолог дәрігерге көрінген болатын. Қалалық ауруханаға жалпы скринингтік тексерілуге келді. Тексеру барысында лабораториялық қан көрсеткіштері гепатиттің оң нәтижесін көрсетті. Науқас шағымы: жалпы организм әлсіздігі, түнгі ұйқының бұзылысы, кей кезде іштің кебуі байқалады. сонымен қатар, тамаққа тәбеті болмайды, жүрек айнуы, оң жақ бүйірде ауыртпалық сезіміне, бұлшықеттердің және буындардың сырқырауына шағымданады.

Анамнезінде: Бұрын терапевт-дәрігерлерге қаралмаған. АҚҚ өлшемеген. Алдын донор болмаған.

Объективті: бойы 175 см салмағы 60 кг. Мазасыз, болып жатқан жағдайларға жауап бере алады. Терінің және көз алмасының сарғаюы көрінеді.

Сұрақтар:

1 Диагноз қойыңыз?

2 Негізгі зерттеу әдістері?

3 Клиникасы?

Жауаптары:

1 Вирусты гепатит С

2 ИФА және иммуноблат көмегімен ВГС-ға (анти HCV) IgM және IgG антиденелерін , ПЦР әдісімен РНК ВГС (HCV- RNA) анықтауға негізделген. Зерттелген мәліметтердің соңғы интерпретациясы эпидемиологиялық және клиника-лабораториялық мәліметтерден кейін қойылады.

3 Инкубациялық период 2 аптадан 26 аптаны (орташа 6-8 апта) құрайды. ГС ағымы бойынша аурудың жедел және созылмалы кезеңдерге бөлінеді. Соңғысы 2 фазаны құрайды: латентті және реактивация. Жедел кезеңде ГС симптомсыз (инапарантты немес субклиникалық) формада өтеді. Өзіндік диагностика жасау қиынырақ Эпидемиялық сілтеме негізінде ПЦР әдісімен диагнозды HCV-RNA индикация жолымен верифицирленуі мүмкін. ГС жедел кезеңдегі манифестті ағымы 10-20% жағдайда байқалады.Продромальді кезеңге диспепсиялық синдром , кейде әлсіздік тән. Өршу кезеңінде сарғаю кейде болмайды, ал егер болатын болса, салыстырмалы байқалады; интоксикация әлсіз. Жедел ГС  ГВ, ГА қарағанда жеңіл өтеді, жеңіл, жиі орташа ауыр формаларда аминотрансфераза белсенділігінің жоғарлауымен (5-20 рет) жүреді. Инфекцияның фульминантты ағымы туралы , әсіресе, НвsAg созылмалы тасымалдаушылары туралы мәліметтер бар. ГС кезінде апластикалық анемиямен асқыну мүмкін.