Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ішкі ауру ситуациялық есеп.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
27.54 Кб
Скачать

Ситуациялық есеп №2

Қалалық клинкалық аурухананың қабылдау бөліміне 66 жасар ер адам түсті.Науқастың шағымдары: тез жүрген кезде ентігу, қиын бөлінетін қақырықпен ұстамалы жөтел, бас айналу. Анамнезінде: көп жылдан бері созылмалы бронхитпен ауырады.

Объективті: беті ісіңкі, цианозды. Мойын веналары ісінген. Кеуде сарайы цилиндр тәріздес, бұғана үсті және асты шұңқырлары тегістелген, қабырға аралығы кеңейген.

Перкуторлы: кеуденің барлық бөлігінде қорап тәрізді дыбыс.

Аускультацияда: әлсіреген везикулалық тыныс, ысқырық тәрізді шашыраған құрғақ сырылдар естіледі. Тыныс алу жиілігі 13-14 рет минутына.

1.Негізгі және қосымша шағымдарды бөліңіз.

2. Синдромды анықтаңыз.

3.Негізгі синдромды анықтайтын зерттеу әдістерін атаңыз.

1

Негізгі шағымдары:тез жүрген кезде ентігу, қиын бөлінетін қақырықпен ұстамалы жөтел.

Қосымша шағымы:бас айналу.

2

Бронхобструкциялық синдром.

3

Кеуде сарайының тік бағыттағы ренгенограммасы, биопсия,спирография,қақырық зерттеу анализі

Ситуациялық есеп №3 46 жастағы Жәрдем М.Н дәрігерге мынандай шағымдар келді: Жөтел мазалайды, аз мөлшерде сарғыш кілегейлі қақырық тастайды, дене қызуы сәл көтерілген. Анализінде: жастайынан созылмалы бронхитпен ауырады. 30 жасынан бастап экспироторлық түрде түншығатын болды. Соңғы рет жағдайының нашарлағанына бірнеше күн өтті: жеті респироторлық жұқпадан кейін жөтеліп күшейіп, дене қызуы көтерілді, экспироторлық ентігу мазалайды. 2 сағат бұрын түншығу ұстамасы білінді. Объективті тексергенде жалпы жағдайы : жалпы жағдайы ауыр. Пациентке ыңғайлы жағдай іздеп мығын к өтеріңкі ұстайды. Диффузды цианоз, айқын акроционоз байқалады. Аяқтары ісіңкі. Кеуде қуысын қарағанда бұғана үсті, асты аяқтары жойылған. Дем алу процессіне қосымша кеуде қуысының, іштің бұлшық еттері қатысуда. Экспироторлық ентігу, деміминутына 26 рет. Белгілі бір аралықта құрғақ сырылдар естіледі. Перкуссияда қорабы перкуторлық дыбыс білінеді. Тыныс әлсіз, өкпеде құрғақ ысқырған сырылдар естіледі. Перкуторлық түрде жүректің оң жақ шегі оң төс сызығымен анықталады. Аускультайия кезінде жүрек дыбыстары баяулаған. Тамыр соғысына минутына 115 рет, ырғақты, толуы мен толықсуы қанағатты. Қан қысымы 110/70 с.б.б Пальпоцияда іші жұмсақ, ауырмайды. Оң қабырға астынан бацыр 3 см шығыңқы, консистенциясы тығыз, жеңілдетілген ауырсыну байқалады. Көкбауыр үлкеймеген. Бүйрек маңайында өзгеріс жоқ. Пастерион белгісі теріс. Дизурия жоқ. Сұрақтар: 1Диагноз қойып, оның болжамын беріңіз.

2Нақтылы диагноз қою үшін қосымша тексерістер жүргізіледі?

3Бұл пациентке негізгі қандай ем қолданылады? Жауабы:

1Болжамды диагноз: инфекциялық- аллергиялық бронх демікпесі, II дәрежесі, өршу кезеңі; созылмалы обструктивті брохит оршу кезеңі; өкпе эмфиземасы. 2. Ауруханада келесі қосымша тексерістер қажет: - клиникалық қан анализі (қанда эозинофилия байқалуы мүмкін); - жалпы қақырық анализі (Шарко-Лейден түйіршіктерімен Курлиман шыршықтары байқалуы мүмкін); - қақырықтың бактериологиялық тексерісі; - қанның биохимиялық анализі; - атопиналық және жұқпалы аллергенге нақты аллергологиялық тексеру; - аспаптың тексерістер (кеуде қуысының рентген тексерісі, ЭКГ); - диагностикалық бронхоскопия; 3. Медикоентоздық ем; Дәрісіз емдеу.