- •Тақырыбы: арнайы қабілет және жалпы қабілеттер
- •А. Амтхауэр тесті
- •3.7 Сурет Амтхаэудің интеллект тестісінің «Кубиктермен тапсырма» субтест тапсырмасының үлгісі
- •3.8. Сурет Амтхауэр тесті бойынша интеллект профилі
- •Айзенктің жалпы қабілетті анықтау тесті
- •Айзенктің жалпы қабілетті анықтау тестісінің кілті:
- •Нәтижени бағалау және өңдеу.
- •Сурет Тестілеудің нәтижесін бағалайтын график
- •Жетістік тестері. Жетістікке жету мотивациясын зерттеу әдісі (а. Мехробиян)
- •Тест- сұрақша (формула а)
- •Тест- сұрақша (Формула б)
- •7.Айзенктің темпераментті анықтау сауалнамасы
- •8.Темперамент формуласы (а. Белов)
- •9.Шмишектің тест – сұрақшасы
7.Айзенктің темпераментті анықтау сауалнамасы
Нұсқау: «Сізге бірнеше сұрақтар беріледі. Әр сұраққа «иә» және «жоқ» деп жауап беріңіз. Сұрақты талқылауға уақытыңызды кетірмеңіз, өйткені мұнда дұрыс не дұрыс емес жауаптар болмайды. Жауапты ойланбай тез беру керек, себебі алғашқы әрекетіңіз маңызды».
Сұрақтар:
Жаңа қуаныштарды, қызығуларды бастан өткерген кезде сіз өзіңізді қалай сезінесіз?
Сізді жұбататын достарыңызды жиі қажет етесіз бе?
Сіз өзіңізді дәрменсіз адаммын деп санайсыз ба?
Өз пікіріңізден бас тарту сізге қиыншылық тудыра ма?
Іс- әрекетке кіріспес бұрын сіз ісіңізді асықпай жан- жақты ойланып, талқылап аласыз ба?
Сіздің берген уәдеңіз өзіңізге қолайлы болмаса да, әрқашан уәдені ұстай аласыз ба?
Сізде көңіліңіздің көтеріңкі кезері жиі бола ма?
Сіз әдетте қарым- қатынасқа тез түсе аласыз ба?
Еш себепсіз өзіңізді бақытсыз сезінген кездеріңіз болды ма?
Дау - дамай жағдайдың шешімін табады дегенге сенесіз бе?
Сіз өзіңізге ұнайтын адаммен танысқанда ыңғайсызданасыз ба?
Сізде қатты ашуланып шектен шығып кететін кездеріңіз бола ма?
Берілген жағдайды шешу кезінде ойланбастан әрекет етесіз бе?
Сіздің ыңғайсыздық танытқан іс- әрекеттеріңіз, сөздеріңіз сізді жиі мазалайды ма?
Адамдармен кезесуде кітап оқығанды қолдайсыз ба?
Сізді көп нәрсе ашуландырады ма?
Көпшілік адамдар арасында жиі болғанды ұнатасыз ба?
Сізде пікіріңізді басқалармен бөліскіңіз келмейтін ойлар болады ма?
Еш себепсіз шаршайтын кездеріңіз бола ма?
Сіз айналаңыздағы таныстарыңызды ең жақын достармен ғана шектеуге тырысасыз ба?
Көп армандайсыз ба?
Сізге біреу айқайласа, сіз дәл солай айқайлап жауап қайтарасыз ба?
Сіз өзіңіздің барлық әдеттеріңізді жағымды деп санайсыз ба?
Сізде бір нәрсеге өзіңізді кінәлі сезінетін сезімдер жиі болады ма?
Сіз кейде өз сезіміңіз бен ерік- жігеріңізді көңілді ұжым арасында көңіл көтертуге қабілеттісіз бе?
Сіздің жүйке жүйеңіз ауыр, шаршаңқы күйде жиі болады деп айтуға бола ма?
Сіз көңілді адамсыз ба?
Барлық істі тындырғаннан кейін, өткенді қайта талқылап, оданда жақсы орындауға болатынын ойлай бересіз бе?
Көпшілік ішінде жүріп өзіңізді мазасыз сезінесіз бе?
Біреуді жамандаған күнлеріңіз болда ма?
Түрлі ойлар сенің ұйықтауыңа кедергі жасайтын кездер болады ма?
Егерде сіз бір нәрсені білгіңіз келсе, онда оны кітаптардан іздестіріп немесе адамдардан сұрастырғанды қалайсыз ба?
Кейбір кездері еш себепсіз жүрегіңіз қатты соғады ма?
Бірқалыптылықты талап ететін жұмыстар сізге ұнай ма?
Сізде кей кездері талма болмайды ма?
Сіз әрқашан шындықты айтасыз ба?
Бір – бірімен келіспей жатқан ортада болғанда сіз ыңғайсыздық танытасыз ба?
Көп ренжисіз бе?
Жылдамдықты керек ететін жұмыстарды ұнатасыз ба?
Бола жаздаған бірақ соңы жақсы біткен оқиғаларды көп уақыт уайымдап жүресің бе?
Сіз жұмыс істеген кезде өте баяу атқаратыныңыз шын ба?
Кей кездер жұмысқа немесе қандайда бір кездесулерге кешіккен кездеріңіз болды ма?
Қорқынышты түстерді жиі көресіз бе?
Сіз кез келген жаңа адаммен сұхбаттасқанды жібермейтіндей, әңгімелескенді жақсы көретініңіз шын ба?
Қандайда бір аура сізді мазаламайды ма?
Сіз көп уақыт бойы достарыңызбен кездеспесеңіз ренжисіз бе?
Сіз ашыланшақ адамсыз ба?
Таныстарыңыздың ішінде сізге ұнамайтын адамдар бар ма?
Сіз өз өзіңізге сенімдісіз бе?
Сен істеген жұмысыңынан адамдар кемшілік тапса қатты ренжисің бе?
Ішінде адамдар көп болатын тойларда сізге жақсы әсер алу қиынға соғады ма?
Сізді басқалардан кеммін деген сезімдер мазалайды ма?
Көңілсіз отырған ұжымдардың көңілін көтере аласыз ба?
Өзіңізді қызықтырмайтын нәрселер туралы көп айтасыз ба?
Өз денсаулығыңызға алаңдайсыз ба?
Басқалармен әзілдескенді ұнатасыз ба?
Ұйқысыздықтан қиналасыз ба?
Нәтижелерді шығару
Экстраверсия – «иә» жауаптарына: 1, 3, 8, 10, 13, 17, 22, 25, 27, 39, 44, 49, 53, 56 және «жоқ» жауаптар үшін: 5, 15, 20, 29, 32, 37, 41, 51.
0 – 10 балл: онда сіз интровертсіз, яғни бар нәрсені ішіңізге сақтайсыз
15 – 25 балл: сіз эксторвертсіз, адамдармен қарым- қатынасқа тез түсесіз, сыртқы дүниемен қатынасыңыз жақсы
11 – 14 балл: сіз амвиберг, сізге қажет кезінде ғана қатынасқа түсесіз
Невротизм – «и» жауабы үшін: 2, 4, 7, 9, 11, 14, 16, 19, 21, 23, 26, 28, 31, 35, 38, 40, 43, 45, 47, 50, 52, 55, 57.
Егер «иә» жауап саны 0- 10 аралығында болса, онда эмоционалды тұрақты
Егер 11 – 16 балл болса, жүйке жүйесінің жеке белгілері пайда болады
23 – 24 балл болса, онда невротизм
Жалған – «иә» жауабы үшін: 6, 24, 36, ал «жоқ» жауабы үшін: 12, 18, 30, 42, 48, 54.
Алған балдың жиыны 0- 3 болса, онда адамның нормасы өтірік, бірақ жауабына сенуге болады.
4- 5 балл: күдікті
6- 9 балл:жауаптары сенімсіз
Егерде алынған жауаптар сенімді болса, онда алынған берілулер арқылы график құрылады.
Сангвиник- экстраверт: тұрақты тұлға, әлеуметшіл, сыртқы дүниеге бейім, дегенмен көп сөйлейді, дәрменсіз, көңілді, көшбасшылықты жақсы көреді, достары көп, жарқын мінезді адам.
Холерик- экстраверт: тұрақты емес, өкпешіл, белсенді, шыдамсыз, агрессивті, оптимис, жұмысқа қабілетті және көңіл- күйі тұрақсыз. Стресстік жағдайларда психопатикалық реакцияға бейім келеді.
Флегматик – интроверт: тұрақты, жай басар, момын, пассивті, сақ, көп ойланады, шыдамды, қарым- қатынас кезінде момын, сенімді..
Меланхолик – интроверт: тұрақсыз, пессимис, іштей шыдамды, мазасыз, қызба және сезімтал адам, интеллектуальды, ойлануға бейім келеді. Стресстік жағдайда - ішкі қорқыныш сезіміне, депрессияға және іс- әрекет нәтижесінің төмендеуіне бейімдеушілігі басым болады.
невротизм
24
Меланхолик 22 Холерик
20
18
интроверт 14 экстроверт
0 2 4 6 8 12
1
4
16 18 20 22 24
8
6
Флегматик 4 Сангвиник
2
0
Эмоционалды тұрақтылық
