- •Тақырыбы: арнайы қабілет және жалпы қабілеттер
- •А. Амтхауэр тесті
- •3.7 Сурет Амтхаэудің интеллект тестісінің «Кубиктермен тапсырма» субтест тапсырмасының үлгісі
- •3.8. Сурет Амтхауэр тесті бойынша интеллект профилі
- •Айзенктің жалпы қабілетті анықтау тесті
- •Айзенктің жалпы қабілетті анықтау тестісінің кілті:
- •Нәтижени бағалау және өңдеу.
- •Сурет Тестілеудің нәтижесін бағалайтын график
- •Жетістік тестері. Жетістікке жету мотивациясын зерттеу әдісі (а. Мехробиян)
- •Тест- сұрақша (формула а)
- •Тест- сұрақша (Формула б)
- •7.Айзенктің темпераментті анықтау сауалнамасы
- •8.Темперамент формуласы (а. Белов)
- •9.Шмишектің тест – сұрақшасы
Тақырыбы: арнайы қабілет және жалпы қабілеттер
А. Амтхауэр тесті
Амтхауэрдің құрылым ителлект тестісін 8 - 10 сынып оқушыларына, жоғарғы оқу орнындағы студенттерге қолдануға болады. Сондай – ақ тест 13 жастан 60 жас аралығындағы адамдардың интеллектуалдық даму деңгейін өлшеуге бағытталған.
Тест көп факторлы интеллект теорияларына сүйененеді. Амтхауэр интеллекті бірнеше психикалық қасиеттердің бірілігі деп түсінеді. Олар іс- әркеттердің әртүрлі формаларында көрініс табады.
Диагностика интеллектінің келесі компонеттері бойынша жүргізіледі: вербальды интеллект, матеметикалық есеп, кеңістіктік мнематикалық..
Амтхауэр тесті 9 субтестен тұрады:
Логикалық іріктеу
Классификациялау
Ұқсастықты табу
Жалпы ерекшелеу
Есептеуге тапсырма
Сандар қатары
Фигура іріктеу
Кубиктермен тапсырма
Зейінді аудару және есте сақтауға арналған тапсырмалар
Егер 1,2,3,4, субтестердің жиынтық бағасы 5,6,7,8,9, субтерге қарағанда көп болса, онда адамның теориялық қабілетінің дамуы жоғары болады, ал егер керісінше болса онда практикалық қабілеті жоғары болады. Сондай –ақ 1,2,3,4, субтестері арқылы гуманитарлық қабілеттің дамуын және 5,6, субтестері арқылы математикалық, 7,8, субтестері арқылы техникалық қабілеттерді анықтауға болады.
Логикалық іріктеу: индуктивті ойлауды зерттеуге арналған. Зерттелушіге берілетін тапсырма - сөйлемді төмендегі келтірілген сөздер арқылы аяқтау. Тапсырма саны – 20. Орындау уақыты – 6 мин.
Мысалы:
«Адалдық» ұғымына қарама- қарсы ұғым бұл.......
А)сүйіспеншілік б) жек көрушілік в) достық г) сатқындық д)жауласушылық
Классификациялау, жалпы түрлерді анықтау: абстрактіледіге зерттеу, жалпы ерекшелеу, вербальды түсініктерді операциялау (анықтау). Тапсырмада барлығы 5 сөз беріледі, оның 4 сөзі бір - бірімен мағынасы жағынан байланысқан, ал біреуі – артық.. Осы сөзді жауабында бөліп көрсету крек. Тапсырма саны – 20. Субтесті орындау уақыты – 6 мин.
3. Ұқсастықты табу: комбинаторлы қабілетке анализ жасау. Тапсырмады бірінші және екінші сөз өзара байланысқан 3 сөз беріледі. Үшінші сөзден кейін сызықша тұрады. Төмендегі берілген 5 түрлі нұсқаның ішінен алдыңғы екі сөз сияқты үшінші сөзбен байланысатын сөзді таңдау керек. Тапсырма саны – 11. Орындау уақыты – 7 мин.
4.Жалпы ерекшелеу: талқылау бағасын шығару, жалпылау. Зерттелуші екі сөзді біріктіріп жалпы ұғым қалыптастыру қажет. Тапсырма саны – 16, орындау уақыты – 8 мин. Жалпы ерекшелеу деңгейіне байланысты 0 –ден 2 балл арасында бағаланады.
5. Есептеуге арналған тапсырма: практикалық математикалық ойлауының даму деңгейін бағалау. Субтест 20 арифметикалық тапсырмадан тұрады. Орындау уақыты – 10 мин.
6. Сандар қатары: индуктивті ойлауға анализ жасау, сандарды операциялау қабілеті. 20 тапсырманы белгілі тәртіп бойынша құрастырып, тапсырманы жалғастыру керек.
Мысалы:
6 9 12 15 18 21 24.........
Фигураларды таңдау: кеңістіктік қиялды және комбинаторикалық қабілеттерді зерттеу. Тапсырмада бөліктерге бөлінген геометриялық фигуралар беріледі ( 3.6 – сурет). Жауап таңдау барысында бөлінген бөліктерге сәйкес келетін карточкадан фигураны табу қажет. Тапсырма саны – 20. Тапсырманы орындау уақыты – 7 мин.
Мысалы:
Сурет 3.6 «Фигураларды таңдау» субтестісінің тапсырмасына үлгі
Шешімі: №1 фигураны біріктіру арқылы «а» фигурасын аламыз, ал №2, №3, №4 фигураларды біріктіргенде үлгіде көрсетілгендей фигуралар шықпайды, сол себепті бұл субтестің шешеімі №1 (а) болады.
Кубиктермен тапсырма: 7 - ші субтестегі сияқты орындалынады. Әр 20 тапсырмада бір қатарда сандармен белгіленген 5 кубик өзгертіліп берілген және екінші қатарда әріптермен белгіленген кубиктер беріледі. Санмен белгіленген кубикті басқаша өзгертілген кубикпен сәйкестендіру(идентификациялау) керек (3.7. сурет),
Мысалы:
