- •Мектептегі ақыл- ой даму тесті (штур)
- •Тесті жүргізуге басшылық.
- •Тапсырма № 1-б
- •№ 2 Бтапсырмалар жинағы.
- •№ Зб тапсырмалар жиынтығы.
- •№ 4Б тапсырмалар жиынтығы
- •№ 5Б тапсырмалар жиыны
- •№ 6Б тапсырмалар жиынтығы
- •Штур тестінің б фопмасындағы тапсырмаларының дұрыс жауаптары
- •5 Б субтест тапсырмасының дұрыс жауап нұсқалары (талдап қорыту)
Мектептегі ақыл- ой даму тесті (штур)
Мектептегі ақыл- ой тесті 6 – 8 сынып оқитын жеткіншектердің ақыл- ой дамуын диагностикалауға арналған(кейінгі кезде 7 – 9 сыныптар). ШТУР тесті әр қайсысында біркелкі 15 тен 20 тапсырма болатын 6 субтестен тұрады.
Алғашқы екі субтест оқушылардың өздерінің активті және пассивті сөйлеуінде ғылыми- мәдени және саяси- қоғамдық терминдер мен түсініктерді қолдануларының жалпы хабардарлықтарын анықтауға бағытталған. Үшінші субтест ұқсастықты құра алуын анықтауға бағытталсы, төртінші субтест – логикалық классификациялау, бесінші – логикалық талдап қорыту, алтыншы – сандар қатарын толықтыруға бағытталған. ШТУР тесті топтық болып келеді. Әрбір субтесті шешу уақыты барлық оқушыларға жеткілікті және шектелген. Сонымен қатар тест екі А және Б паралелльді формамен құрастырылған. ШТУР тестінің авторлары К.М.Гуревич, М.К.Акимова, Е.М.Борисова, В.Г.Зархин, В.Т.Козлова, Г.П.Логинова болып табылады. Барлық диагностикалық тестер қатағаттандыратындай жоғарға статистикалық критерилермен жасалынған.
Тесті жүргізуге басшылық.
Тесті дұрыс жүргізу үшін құрылымды толық білу қажет, субтестердің орындалу уақытын секундамердің көмегімен қадағалап, тапсырмаларды орындау барысында тексерілушілерге көмектеспеуі қажет. Топтық тестілеу кезінді екі экспериментатордың қатысқаны дұрыс. Оның біреуі құрылымды түсіндіріп, уақытты қадағалап отырады, ал екіншісі оқушылардың құрылымды бұзбауларын ескере отырып бақылайды.
Субтестерді орындау уақыты.
|
Субтест |
Субтестің тапсырмалар саны |
Орындалу уақыты, мин |
1 |
Хабардарлық 1 |
20 |
8 |
2 |
Хабардарлық 2 |
20 |
4 |
3 |
Ұқсастық |
25 |
10 |
4 |
Классификация |
20 |
7 |
5 |
Талдап қорыту |
19 |
8 |
6 |
Сандар қатары |
15 |
7 |
Тестілеуді жүргізбес бұрын экспериментатор оның мақсатын түсіндіріп, тексерілушілерді соған икемдейді. Ол үшін оларға келесі сөздерді айтады: "Сіздерге қазір сіздердің тақырыпты талқылай алуыңызды аныықтауға, қошаған ортадағы заттарды салыстыра алуыңызды анықтауға тапсырмалар беріледі.Бұл тапсырмаларды сабақ уақытында орындауға тура келеді. Тапсырманы орындау үшін біз беретін қалам мен блакілер қажет болады. Сіздер түрлі тарсырмалар жиынтығын орындайсыздар. Әр жиынтықтың алдында осы тапсырманың типі және тапсырманы шешудің үлгісі мысал ретінде көрсетіледі. Әр тапсырма жиынтығын орындау уақыты шектелген болып келеді. Бастау және аяқтау біздің бұйрығымызбен жүргізіледі. Барлық тапсырмаларды қатаң түрде рет бойынша орындалуы қажет. Бір тапсырмаға көп уақыттарыңызды жұмасамаңыздар. Тез және қатесіз жұмыс атқаруға тырысыңыз!".
Құрылымын экспериментатор түсіндіріп болғанан кейін тестік дәптерлерді тарата отырып, ондағы оқушының ата- жөні, эксперимент жүргізілген мерзім, сынып және мектеп номері, ол қайда оқиды дейтін графаларды толтыруда өтінеді. Осы графалардың толтруын қадағалап, экспериментатор қаламдарын шетке қоюды өтініп, оны мұқият тыңдауды ұсынады. Бірінші субтесті тарата отырып көрсетілген мысалдарды түсіндіріп, сұрақ барма екенін сұрайды. Осыдан кейін тапсырманы орындауды бастауға бұйрық береді. Содан кейін экспериментатор көрсетпей секундамер қосады. Субтестің берілген уақыты біткеннен кейін экспериментатор жұмысты «стоп» сөзімен тоқтатып, келесі екінші субтестің құрылымын оқып, орындауға береді.
Тестілеу нәтижесін өңдеу.
Нәтиже сандық жіне сапалық түрде өңделеді. Берілулердің топтық және жекелей анализі қажет.
Сандық өңдеу:
1) Әр тапсырма жиынтығының жекелей көрсеткіші (5 субтесті қоспағанда) - тесті бойынша балл және субтесте – дұрыс тапсырмалар санымен саналынады. Мысалы; егер зерттелуші А субтест үшіншіде 13 тапсырманы дұрыс шешсе, онда оның балы осы субтест бойынша 13-ке тең келеді;
2) Бесінші субтестің нәтижесі талдап қоыту сапасына қарай 2 баллмен, 1 балл және 0 баллмен есептелінеді.
-ші субтест бойынша ең жоғарғы балл 38- ге тең болады. Бұл балл осы тапсырманың жүз поценттік сипатымен сейкес келеді.
3) тестік орындаулдың жекелей көрсеткіштік балы барлық субтестерді шешу нәтижесіне байланысты есептілінеді.
4) Егер тексерілінуші топтарды өзара салыстыратын болсақ, онда топтық көрсеткіш әр субтестің орташа арифметикасына қызмет етеді. Ол үшін барлық зертелінушілердің тестік нәтижелері 5 кіші топтарға бөлінеді:
- бірінші – жоғарға табысты - 10%;
- екінші – жетістікке жақынырақ - 20%;
- үшініші – орташа табысты - 40%;
- төртінше – табысы аз - 20%; 1
- бесінші – төменгі табысты-10%.
№ 1Б тапсырмасының түсіндірілуі мен мысалы.
Тапсырма сұрау сипатындағы сөйлемдерден тұрады. Олардың әрқайсысында бір сөзден жетіспейді. Төмендегі келтірілген 5 сөздің ішінен сөйлемді дұрыс аяқтайтын тек бір сөздің астын сызіуыңыз керек. Мысалы: «биография» сөзімен мағынасы жағынан біртекті болып келетін сөз?
а) жағдай; б) түткі; в) жизнеописание; г) кітап; д) жазушы.
Дұрыс жауап "өмірбаян" болады. Сол мебепті оның асты сызулы болуы қажет.
Келесі мысал: «жағымсыз» сөзіне қарама – қарсы сөз, бұл .....?
а) сәтсіз; б) даулы; в) маңызды; г) кездейсоқ; д) жағымды.
Бұл жағдайда дұрыс жауап «жағымды» сөзі және бұның асты сызулы болуы керек.
