- •1.Моторика түсінігі
- •2.Бала саусағын ойната отырып қазақ тілін меңгерту шаралары
- •1.Моторика түсінігі
- •1.1.Жалпы моторикасы ұғымы
- •1.2.Мектепке дейінгі ұйымдарда моторика негізгі функциялары
- •1.3. Шығармашылық жұмыстар
- •2.Бала саусағын ойната отырып қазақ тілін меңгерту шаралары
- •2.1.Бала саусағын пайдаланып тіл меңгерту әдістері
- •2.2.Тіл дамытуға арналған саусақ ойындары
- •2.3. Сабақ жоспары
- •Қорытынды
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1.3. Шығармашылық жұмыстар
Шығармашылық жұмыс жүргізе отырып баланың сөйлеу құзыреттілігіне әсер етуге болады. Қайшы, қағаз, тұзды қамыр, ермексаз, бояулар, қаламдарды қолдана отырып жүргізілетін жұмыстар тек сенсорлық қимылды жаттығу ғана емес. Шығармашылық жұмыс ойлау, сөйлеу қабілетінің белсенділігін, балалардың қоршаған заттар туралы түсінігін тереңдете отырып көрсетеді. Тәрбиешілер әдеттегінше сурет салудан бөлек, жарма, құм беттеріне де сурет салдырады.
Оригами
Оригами- қағазды бүктеу арқылы түрлі бейнелер жасау. Оригами жасау кезінде балалар екі қолымен бірдей жұмыс атқарады. Оригами ұсақ моториканың дамуына оң әсер етумен қатар мидың жұмысына, сөздік қор жинауына, сөздерді және сөйлемдерді дұрыс байланыстыра отырып сөйлеу қабілетіне тигізер пайдасы мол.
Мысалы, «Бақа» жасату.
Жолда бақалар кезікті
Аяқтарын соза секіреді
Ква- ква- ква!
Саусақтарымен әртүрлі жаттығуларды орындай отырып, балалар ұсақ моторикасының дамуында жақсы нәтижеге жетеді. Сурет салуға, жазуға дайындаудан бөлек сөйлеу құзыреттілігін дамытады. Қолдың басының қозғалу икемі жақсарады. Бұл балалар жазу, сызуды сенімді түрде орындайды. Жоғарыда айтылған жаттығулар мен ойындар балалардың мектепте жақсы білім алуына әсер етеді. Сол себепті қолдың саусақтарының қимылдарын қалыптастыру үшін күнделікті ұйымдастырылған оқу іс- әрекеттерде, серуенде әртүрлі ойындар мен жаттығулар қолдануды ұсынамыз.
Қазіргі кезде «ұсақ моторика» деген тіркесті жиі естиміз. Сол ұсақ моторика дегеніміз не? Физиологиялық тұрғыдан айтқанда ол қолдың ұсақ бұлшықеттерінің қозғалысы. Сонымен қатар «қол мен көздің» тепе-теңдігін де ұмытпауымыз керек, себебі қолдың ұсақ қозғалысы көздің бақылауымен жүзеге асады. Бала қозғалысы қоршаған ортадағы заттарды танып-білу барысында қалыптасады. Ересек адам нақты бір әрекет жасағанда біздің білегіміз әртүрлі бағытта қозғалу арқылы, қол қимылын жеңілдетеді. Ал балаға білегін айналдыру әлі де қиынға соғады. Сондықтан қозғалыс жасау кезінде оның қолының иықтан төмен барлық жері қозғалады. Яғни қарапайым қозғалыстың өзі баланың көп энергиясын кетіреді. Неліктен баланың ұсақ моторикасын дамытуымыз керек? Адам миының сөйлеуге және қолдың ұсақ қозғалысына жауап беретін аумағы өте жақын орналасқан. Яғни ұсақ моторикаға стимул жасау арқылы біз сөйлеу әрекетінің белсенділігін арттырамыз. Ұсақ моторика баланың өсе келе киініп шешінуіне, сурет салуына, жазуына көмектеседі.
Ұсақ моториканы дамытудың баланың жалпы дамуында да алатын орны ерекше. В.А.Сухамлинский бала қабілетінің қайнар көзі оның саусақтарының ұшында екенін жазған. Бала қолының қозғалысы қаншалықты епті болса, соншалықты ойлауы, сөйлеуі жақсы дамиды. Яғни бала қолымен көбірек жұмыс істесе, ақылы да сонша өседі.
Ұсақ моториканы дамыту жұмыстарын бала туылған кезден бастау керек. Кішкентай сәбидің қолына массаж жасау арқылы біз алақандағы ми қыртыстарының жұмысын жақсартатын аймақтарды басамыз.
Ұсақ моторика дамуының бала жасына байланысты ерекшеліктері: 3-6 айда – Бала қолын аузына апарады. Қолдың қимылын көзбен қадағалайды. Көрген затына қолын созады және алады.
6-12 айда – Бір қолындағы затты екінші қолына ауыстыра алады. Қасықты ыдысқа, текшелерді қорапқа сала алады.
1-2 жаста – Шимайлар мен сызықтар сала алады. Ыдысты қолына алып, көтеріп іше алады. Төртбұрышты төртбұрышқа, домалақты домалақ тесікке сала алады. Кітаптарды парақтай алады. 5-6 текшені бірінің үстіне бірін қоя алады. 2-3 жаста – Үлгіге қарап қарапайым пішіндер сала алады. Қайшымен қиюды біледі. Қақпақтарды аша алады. Ірі моншақтар тізе алады. 3-4 жаста – Қаламды дұрыс ұстай алады. Нүктеленген суреттерді бастыра алады. Өзіне домалап бара жатырған допты ұстай алады. Қағазды бүктей алады. 4-5 жаста – Қарапайым пішіндерді бояй алады. Негізгі әріптердің баспа түрін жаза алады. Адамның негізгі мүшелері бар суретін сала алады. Қалтаның ішіндегі заттарды сипап сезу арқылы не екенін айта алады. Ермексазбен жұмыс жасай алады. Бау байлай алады.
5-6 жаста – Суреттерді жиектеп ұқыпты қия алады. Әріптер мен сандарды жаза алады. Балғамен шегені ұра алады. Геометриялық пішіндердің суретін сала алады.
Бала жоғарыда айтылған әрекеттерді жасай алмаса не істеу керек? Балалардың ұсақ моторикасын дамытуда тақпақпен бірге жасалатын саусақ жаттығуларының орны ерекше. Данышпан қазақ халқымызда бұған да ерекше назар аударған. Мысалы, «Қуырмаш», «Санамақ» т.б. ойындарды ойнатудың баланың ұсақ моторикасын, көру-қозғалыс тепе-теңдігін сақтауда, зейін қою, есте сақтау, санау қабілеттерін дамытуда маңызы зор.
Қазіргі педагогиканың өзекті мәселесінің бірі мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық қызығушылықтарын дамыту. Әрине, баршамызға белгілі, адам миының қозғалыс проекциясының барлық бөлігінің үштен біріндей, қол проекциясы алып жатыр. Осыдан келер қорытындымыз, танымдық функциялардың, ақпаратты қабылдаудың дамуына ұсақ саусақ моторикасының әсері зор.
Л.В. Занков, А.Р. Лурия, М.С. Певзнер, Г.Е. Сухарева және басқа да ғалымдар, ұсақ саусақ моторикасының бұзылуы, дамуында тежелуі бар балаларға тән белгілердің бірі деген болатын. Аталған ғалымдар, дамуында тежелуі бар балалардың саусақ қозғалысы ебедейсіз, бағдарлауы нашар, дәлдік пен жылдамдығының бұзылғандығын атап өткен.
Л.В. Анткова-Фомина, М.М. Кольцова, Б.И. Пинскилердің зерттеу нәтижесінде интеллектуалдық дамуы мен моторика дамуының байланысы дәлелденеді.
Тарихта адамзаттың дамуының өзі, қолдың қозғалысы мен тілдің (сөйлеудің) тығыз байланысын дәлелдейді.
Соңғы кездері біз «ұсақ саусақ моторикасы» ұғымын жиі естиміз. Физиологтар ұсақ саусақ моторикасы деп, саусақ, қол және қолдың білезік бөліктерінің ұсақ бұлшықеттерін меңзейді. Осы бұлшықеттерді дамыту және шыңдау, адамның орталық жүйке жүйесінің, барлық психикалық үрдістерінің, сөйлеуінің дамуына басты ықпал етеді.
Сондықтан мектеп жасына дейінгі балалардың ұсақ саусақ моторикасын дамыту − бастаулардың бастауы.ус
Ұсынылып отырған жинақта мектеп жасына дейінгі балалардың саусақ моторикасын дамытудың маңыздылығы жанжақты қарастырылған және ұсақ саусақ моторикасын дамытуға арналған саусақ ойындары мен жаттығулары ұсынылған.
Бұл жинақ мектеп жасына дейінгі бала тәрбиелеу үрдісінде әр ата-анаға, мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілері мен инклюзивті білім беру мамандарына қажетті көмекші құрал болады деп ойлаймын.
Мектепке дейінгі тәрбиеленушілерде педагогикалық процестер барысында баланың көңіл-күйін анықтап, психологиялық мотивтерді туындатып, жағымды мінез- құлық дағдыларын қалыптастыру көзделеді. Психологиялық жаттығулар баланы үлкендермен және достарымен қарым- қатынас мәдениетіне тәрбиелеп, өз пікірлерін айтып жеткізе білуге көмектеседі. Ойын жаттығулар арқылы баланың білімділік дағдыларын күнделікті іс-әрекетте қолдана білу мүмкіндіктері қарастырылады.
Балабақшадағы тәрбиелеу-оқыту жұмысында балалардың тілін дамыту, сөздік қорларын дамыту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдану, әрі оны күнделікті іс-әрекет кезіндегі тілдік қарым-қатынаста қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше мән берілген.
Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі балалармен сөздік жұмысын жүргізу ісі- тіл дамытудың негізгі бір міндеттері болып есептелінеді.
Біз балалармен сөздік жұмысын жүргізе отырып, оларды айналасындағы заттармен таныстырып, атын атай білуге, қасиеті мен сапасын, түр-түсі және пішінін ажырата білуге, өмірдегі, қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы ұғым, түсініктерін дамыта отырып, белсенді түрде тілдік қарым-қатынас жасай білуге үйретеміз.
Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорларын дамыту ісінде тәрбиешінің:
- балалардың сөздік қорларын дамыту;
- жаңа сөздерді меңгерту;
- үйренген сөздерін тиянақтап, анықтап, әрі байытып отыру басты міндет саналады.
Осы аталған міндеттерді тәрбиеші үнемі сөздік жұмысын жүргізуде басшылыққа алып отыруы тиіс. Балалардың сөздік қорын дамытуда ойын, тапсырма, жаттығулардың орны ерекше. Соның ішінде ойын – баланың шын тіршілігі.Ойын арқылы бала айналасындағы нәрседен өзіне қызықтысына ықыласы ауып, таңдап алады. Баланың бір ерекше қасиеті сөйлеуден еш жалықпайды. Ойын бала тілінің дамуына ықпалын тигізіп, таным белсенділігінің дамуына жол ашады. Қай бала болмасын ойынмен өседі, өйткені бала табиғатының өзі тек ойынмен байланысты. Ойын үстінде бала еш нәрсеге тәуелсіз.Ол өзін еркін ұстайды. Ал еркіндік дегеніміз барлық дамудың баспалдағы, бәрін білуге деген талпынысы мен құлшынысы. Баланың білуге деген құштарлығы, сөйлеуі ойын үстінде қалыптасады.
Сөздік қорды дамыту ісін ұйымдастыру жұмысында ойын сабағы ең негізгі орын алады.Тәрбиеші бақылау, заттарды қарау, сурет қарау, жұмбақ шешу және құрастыру, саяхат, ойын-сабақтарын ұйымдастыру барысында балалардың сөздік қорларын дамытады.
Арнайы ойын-сабақ және сабақ мазмұнына қарай танымдық, дамытушы ойындарды, тапсырмаларды қолдану, балаларды заттарды бір-бірімен салыстыруға, оларды қасиетіне қарай ажыратуға және оны танып білуге үйретеді. Сөйтіп бала топтағы жасына сәйкес бағдарламалық міндетті меңгереді. Ойын ұйымдастыруда тәрбиеші өзі жетекші бола отырып, балаларды ойнай білуге, ойын ережесін сақтауға, әрі оларды ойната отырып, ойлануға бағыттайды, заттың атын немесе қасиетін есінде сақтап қалуға жол ашады, ойынға қызықтыра отырып зейінін, қиялын дамытады.
Сонымен қатар ойын барысында бала үлкендермен, өз құрбыларымен қарым-қатынас жасайды. Әр бала өз жетістігіне қуанып, мәз болады. Сондықтан да ойын-тапсырмаларды таңдауда және іріктеуде балалардың жас және жеке ерекшелігін ескерген жөн.
Тәрбиеші балалармен ойынды (заттармен, үстел үсті және сөздік ойын) үш түрлі етіп өткізуіне болады.
Заттармен ойналатын ойын ойыншықтарды, табиғи заттарды қолдану арқылы өті леді. Мысалы: «Дәл осындайды тауып ал», «Салыстыр да, атын ата», «Қай ағаштың жапырағы», «Бірдей ойыншықты тап», «Қайсысы көп, қайсысы аз»,т.б.
Үстел үсті ойынын ұйымдастыруда домино, лото, суреттер қолданылады. Мысалы: «Суретті құрастыр», «Қандай затқа ұқсайды?», «Қай сурет тығылды?», «Бір сөзбен ата», «Кім байқағыш», «Қиылған суреттер», «Ұқсасын тап», «4-ші не артық?», «Есіңде сақта».
Ал сөздік ойын арқылы сөзді орынды қолдана білуге, дұрыс жауап айтуға, сөз мағынасын түсінуге, орынды сөйлеуге үйренеді. Мысалы: «Сөз ойла», «Сөз құра», «Жұмбақ ойла», «Жақсы-жаман», «Жалғастыр», «Үш сөз ата».
Сонымен қатар балалардың сөздік қорларын дамыту жұмысына ойындарды қолданумен қатар, «Пішіндер көрмесі», «Өрнекті есіңде сақта», «Қиын жолдар», «Суретті жалғастыр», «Биші адамдар», «Көңілді таяқшалар» тәрізді жаттығу тапсырмаларды да пайдаланып отыру өз нәтижесін берді. Бұл аталған жаттығу, тапсырмалар балалардың сөздік қорын дамыта отырып, таным белсенділіктерін және саусақ бұлшық етін дамытады.
Жалпы ойынды ұйымдастыру ойынды өткізуге әзірлік, ойынды өткізу, ойынды талдау сияқты үш бағытты қамтиды. Ойынға қажетті құрал, заттарды даярлау ойынды өткізуге әзірлік болып табылады.
Балаларды ойынның мазмұнымен таныстыру ойынды өткізу болып табылады. Ойынды талдау, бұл ойынның өз мақсатына жетуі, балалардың белсенділігі және олардың іс-әрекеті болып табылады.
Сонымен балалардың сөздік қорларын дамытуда ойындарды, тапсырма-жаттығуларды қолдану үлкен нәтиже береді. Ойын арқылы балалардың сөздік қоры дамып, ауызша сөйлеу машығын игереді, таным белсенділіктері қалыптаса түсіп, ақыл-ойы өсіп жетіледі, әрі адамгершілік қасиеттер бойына сіңіреді.
Міне, сондықтан да оқу-тәрбие үрдісінде әр түрлі ойындар арқылы баланы жан-жақты дамыту ісіне ерекше көңіл бөлемін және бұл менің ең негізгі алдыма қойған мәселем.
Сонымен, баланың сөздік қорын дамытумен қатар, тілін дамыту да ойын арқылы жүзеге асады. Оны төмендегі ойын түрінен көруге болады.
Бала саусағын ойната отырып, тілін дамыту
Саусақ ойыны- бұл ұрпақтан ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан, әрі үлкен мәні бар мәдени шығармашылық.
Саусақ ойыны-саусақтардың көмегімен қандай да болмасын ертегіні немесе өлең-тақпақ шумағын сахналау болып табылады.
Саусақ ойыны арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысы, қабілеті дамып, ынтасы артады және шығармашылық әрекетіне жол ашады. Саусақ ойынын ойнай отырып, балалар қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды, жан-жануарларды, құстарды және ағаштарды бейнелей алады. Саусақтарының қозғалыс- қимылына қарап бала қуанады, шаттанады, сөзді айтуға тырысады және өлеңдегі үйренген сөз шумақтарын қайталап айта отырып, есінде сақтайтын болады. Сонымен қатар балалар екі қолын қимылдата отырып, оң, сол, жоғары, төмен т.б. түсініктерді бағдарлай алуды үйренеді.
Ал тіл кемістігі кездесетін балалардың жалпы қимылдары, соның ішінде саусақ бұлшық етінің қимылдары жеткілікті деңгейде дамымайды.
Сөйлеу тілі мүшелері әрекетінің қозғалуларының дамуы қол саусақтарының нәзік қимылдарының дамуымен тығыз байланыста болғандықтан, бала қолының ептілігін толық жетілдіру, түзету- тәрбие жұмысын жүйелі жүргізуді қалайды.
Саусақ ойынын балабақшада және үй жағдайында әсерлі, көңілді түрде ұйымдастыруға болады. Алдымен балаларға саусақ ойыны түсіндіріледі, әр қимылы көрсетіледі.
Мысалы: «Саусақтар сәлемдеседі» ойынын алайық. Мұнда бас бармақ ұшы әр саусақтың ұшымен кезекпен түйіседі. «Адамдар келеді». Оң қолдың сұқ саусағы мен ортаңғы саусақтарын жүгірген тәрізді етіп қимылдатады. Сонымен бірге халық арасында кеңінен тарап жүрген «қуырмаш» ойыны да саусақтардың нәзік қимылын жетілдіруге бағытталған.
Балалар осындай саусақ ойынын ойнай отырып, өлең шумағын қызыға айтады. Мысалы, «Моншақ».
Қызыл-сары көк моншақ.
Мен жасаймын көп моншақ.
Мұнда қатар екі қолдың бас бармағымен сұқ саусақтарының ұшын түйістіре отырып, моншақ тәрізді бейнелейді, әрі оларды тізбектеп жасау балалар үшін өте қызықты әрекет, әрі қол бұлшық етін дамытуға үлкен көмегін тигізеді.
Сонымен саусақ ойындарын жүргізу арқылы балалардың саусақтарының нәзік қимылдары мен бұлшық еттерінің жетілуімен бірге, олардың сөйлеу тілі мен ойлау қабілеттері дамитын болады және кейін жазу шеберлігін ойдағыдай меңгеруіне дайындайды.
Психологиялық ойын- жаттығулар баланың жан дүниесінің, рухани жай-күйінің үйлесімді дамуына ықпал етеді. Баланың сезім әрекетін, әсерленушілік деңгейін анықтау үшін қолданылады.
Ойындардың негізгі мақсаты балалардың ықылас зейінін, сөздік қорын, байқампаздығын, есте сақтау, қабылдауын дамытуғы, икемділікті арттыруға, өзінің жеке құрбыларының іс- әрекетін бағалай, құрметтей, өз ісінің дұрыстығын дәлелдей білуін анықтау, қалыптастыру. Ойынға зер салып, ой жүгіртіп қарар болсақ, сол ойындардан үлкен де мәнді, мағыналы істер туындап өрбитінін байқаймыз. Өйткені ең алдымен не нәрсенің болсын жөн бастар қайнар көзі болатыны белгілі. Сондықтан да ойын бала бойындағы қандай да бір өнердің бастауы деп білеміз.
Сонымен балалардың сөздік қорларын дамытуда ойындарды, тапсырма- жаттығуларды қолдану үлкен нәтиже береді. Ойын арқылы балалардың сөздік қоры дамып, ауызша сөйлеу машығын игереді., таным белсенділіктері қалыптаса түсіп, ақыл- ойы өсіп жетіледі, әрі адамгершілік қасиеттер бойына сіңіреді.
Ұрпақтан ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан, әрі үлкен мәні бар мәдени шығармашылық- саусақ ойыны. Саусақ ойынын ойнай отырып, балалар қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды, жан- жануарларды, құстарды, ағаштарды т.б көптеген бейнелерді бейнелей алады.
Ал тіл кемістігі кездесетін балалардың жалпы қимылдары, соның ішінде бұлшық етінің қимылдары жеткілікті деңгейде дамымайды.
Сөйлеу тілі мүшелері әрекетінің қозғалуларының дамуы қол саусақтарының нәзік қимылдарының дамуымен тығыз байланыста болғандықтан, бала қолының ептілігін толық жетілдіру, түзеті- тәрбие жұмысын жүйелі жүргізуді қалайды.
Ұсақ моториканы дамыту жұмыстарын ерте сәбилік шақтан бастаған дұрыс. Омыраудағы баланың өзіне саусақтағы бас миымен байланысқан
активті нүктелеріне әсер ете отырып массаж жасау керек. Ерте жаста және
мектепке дейінгі кіші жаста қарапайым жаттығуларды жасауда өлеңмен, тақпақпен ұйқастырылған жаттығуларды пайдалану ұсынылады. Сонымен қатар өзіне -өзі қызмет ету дағдысын қалыптастыру: тиегін өзі салып, өзі ағыту, бауын байлау, т.б. Ал ересек топтағы балалар үшін ұсақ моториканы дамыту және қолдың икемділігін арттыруға арналған жаттығулар мектепке дайындықтың яғни, жазу, сызуға үйренудің маңыздысы болып саналады.
Ұсақ моториканы дамытудың маңыздылығы неде? Адамның бас миында саусақ қимылына және сөйлеуге жауап беретін орталықтар өте жақын орналасқан. Ұсақ моторикаға әсер ете және оны белсендіре отырып, көрші орналасқан сөйлеуге жауап беретін орталықты да дамыта аламыз.
Педагогтар мен балалар психологының мақсаты- ата – аналарға ұсақ моториканы дамыту ойындарының маңыздылығын ұғындыру. Баланы қызықтыруда және жаңа хабарларды игеруіне көмектесуде үйретуді ойынмен алмастыру, алға қойған мақсатына жетуін, тапсырманы орындауда қиындыққа кездессе мойымауына үйрете отырып, аз мөлшердегі жетістіктерін де бағалап, мадақтап қоюды да ұмытпауы керек.
Ұсақ моториканың қимылдары мен қолдың икемдігі бас миының құрылымының даму деңгейін көрсетеді. Осыдан келіп қол қимылдарын басқара білу туады. Сондықтан ешқашан да баланы мәжбүрлеуге болмайды.
Қазіргі кезде баулы ойыншықтардың көбейгенін немен түсіндіруге болады. Қазіргі ата – аналарда мұндай ойыншықтар болған жоқ қой, сонда олар осындай қалыпты деңгейге қалай жетті? Бір түсінбейтін нәрсе, осының бәрі не үшін керек?
Қазіргі кездің балаларында жалпы моторлық артта қалушық байқалады екен. Ойлап көріңізші, тіпті қазіргі балабақшадағы балалардың ешбірінде баулы аяқ киім кездеспейді. Бау байлауды үйрету ата- анаға да, тәрбиеші ге де қиындық туғызатын болса керек. Осыдан 20 жыл бұрын ата- аналарға, олармен қоса олардың балаларына көп нәрсені қолмен жасауға тура келді: кір жуу, тоқу, тігу т.б. Ал қазіргі кезде осының бәрін жасайтын машина.
Жалпы моториканың дамуының аздығын, соның ішінде қол қимылының аздық себебін зерттей келе қазіргі заманғы барлық баланың жазуға дайын еместігі немесе тілінің дамуында бір ақау бар екендігі анықталды. Осыдан келе мынадай қорытынды шығаруға болады: егер тілінің дамуында ақау болса, онда бұл ұсақ моториканың мәселесі.
Тіпті баланың сөйлеу тілі қалыпты болған жағдайда бұл қолын басқаруы қалыпты деген сөз емес. Егер 4 - 5 жастағы балада бау байлау қиындық келтірсе, ал, ермексаздан тек шар мен ұзынша жабыстырылса, және 6 жаста тиек тігу- орындалмас және қауіпті іс болса, онда сіздің балаңыз кінәлі емес.
Өкінішке орай көп ата- ана қолдың икемі мен ұсақ моториканың даму деңгейінің төмендігін тек мектепке барарда ғана байқайды. Бұл балаға өте ауыр жүк. Жаңа хабарларды қабылдаумен қатар, икемге келмейтін саусақтарымен қарандашпен жазып үйренуі керек.
Кішкентай ғана сәбидің қалайтыны қозғалу, қозғалыс- әлемді танудың мүмкіндігі. Яғни, бала қозғалысының дәл және нақты болса, оның әлемді ақылмен тануы да терең бола түспек.
Егер сіз бірінші сынып оқушысында жазуда қиындық болмасын десеңіз немесе 3 жастағы баланың тілінің дамуында ақау болмасын десеңіз дамыту ойын – жаттығуларын бала туылған соң екі айдан кейін бастаңыз. Ұсақ моториканы дамыту әдістемесі мұндай жағдайда өте тиімді. Омыраудағы баланың саусақтарын уқалауға болады, жас жарымдағы баламен саусақ ойындарын бастауға болады. Мысалы, баланың бас бармағын жаймен сипап отырып, оған былай деңіз: «Саусақ –бала сен қайда болдың?» Содан соң бас бармақты балан үйрекпен түйістіре отырып, « мына саусақпан орманға бардым», ортан түйрекпен түйістіре отырып, «мына саусақпен щи пісірдім»,
Осылайша жалғастырып басқа саусақтармен де «мына саусақпен ботқа жеп, мына саусақпен ән салдым» деп аяқтайсыз. Балаларға бұл жаттығу қатты ұнайды, уақытты да көп алмайды, ал пайдасы оның өте көп, себебі ұсақ моториканы дамытып жатырмыз ғой.
Бір жастан асқан балалар үшін – саусақ бассейні әдістемесі өте пайдалы. Бір ыдысқа 1 кг бұршақты немесе фасольді төгеміз де ішіне баланы қызықтыратын бір ойыншықты көміп қоямыз. Сондан соң оны тауып беруін өтінеміз. Бұл қызықтыру жаттығуы кезінде баладан алыстап кетпеңіз. Себебі ұсақ нәрселерді аузына салып алу қаупі бар.
Пассивті жаттығу – ұсақ моториканы дамытудың алғашқы сатысы. Саусақ жаттығуларын ең төменгі деңгейден бастаған дұрыс.
Содан кейін ғана активті саусақ жаттығуларына көшуұсынылады. Оның
деңгейі баланың ұсақ моторикасының даму деңгейіне қарай таңдалады. Қол саусақтарына арналған пассивті жаттығулар жасау кезінде балаға қолайсыз жағдай туғызбауын және тітіркендіпмеуін қадағалаған жөн. Жаттығулардың мақсатты пайдаланылуы мынадай әдістерді ұсынады: сипау, жаймен уқалау және діріл. Массажды әрекеттер саусақ ұшынан басталып төменгі буынға қарай жалғасады. Массаж жасау кезінде жай лирикалық әуен қоюға да болады.
9 айдан жоғары сәбилерге арналған ойын- жаттығулар.
Көңілді қуыршақтар.
Қазіргі кезде ағаштан жасалған көңілді қуыршақтар жай ойыншық емес, жәдігер зат болып пайдаланылатын болды. Ал ойыншықтың бұл түрі бала саусағын басқаруы мен ойлауын шыңдайтын таптырмас ойыншық.
Алдымен екі жартыны құрастыру арқылы бір қуыршақты пайдаланыңыз. Содан соң ойынды күрделендіре түсіңіз: екі қуыршақ, үш қуыршақ. Балаға аздап қиындық келтірсе асықпаңыз. Баланың жетістікке өзі жетуіне мүмкіндік беріңіз.
Пирамидалар.
Дүкеннен пирамида ойыншығын сатып аларда дөңгелектерінің әр түрлі болғанын қадағалаңыз. Дөңгелек диаметрі бірінен соң бірі үлкейе түсуі керек. Мұндай ойыншық балаға саусақ қимылын ғана емес, логикалық ойлануына да жол ашады. Балаға пирамиданы жинауды ұсынасыз. Алдымен бірге жинап, содан соң өз бетімен жинауға кіріседі.
Жиек бойымен жүргізіп шық.
Бұл ойынға мақпал қағазға жабыстырылған үй, машина, гүл, кесе сияқты суретті карточкалар пайдаланылады. Ересек адам бала саусағын мақпалға тигізе отырып суретте не бейнеленгенін сұрайды. Осы сурет бойымен моншақтарды немесе бұршақтарды жүргізіп шық деген тапсырма беріледі. Жабыстырып шығу арқылы ойын жалғасады.
Ойынға пайдаланылатын барлық заттар бала өміріне қауіп төндірмеуі керек.
