Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Fosfonsirke.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
239.61 Кб
Скачать

1.3.2 Антипирен-реагенттердің қолдануы

Реакциялық қабілетті антипирендердің молекулаларында қабық түзушімен әрекет ете алатын функционалды топтар және жануды ингибирлеуші элементтер болады.

Отқа төзімді полимерлер (полиолефиндер, полиакрилаттар, т.б.) алу үшін қабық түзушімен сополимерлене алатын антипирендерді немесе циклдерінің ашылуы мүмкін болатын циклді қосылыстарды қолданады. Антипирен реагенттердің тізімі поликонденсациялық полимерлер үшін үлкендеу болып келеді: мұнда карбоксилді, изоцианатты, гидроксилді және басқа топтар пайдаланады. Антипирен қоспалары сияқты мұнда да жиі галогенді және фосфорлы қосылыстарды қолданады.

Көптеген антипирен реагенттерін кеңінен қолдану олардың жоғары бағасымен, композицияларға енгізілу күрделілігімен, қаптау беттерінің физика-механикалық және пайдаланушылық қасиеттерінің нашарлауымен шектеледі. Мысалы, хлорлы антипирен реагенттерімен модификацияланған полиэфирлер негізіндегі қаптаулар әдетте морт сынғыш болып келеді және ашық ауада сарғаяды, бұл олармен қатар түс тұрақтандырғыштарын енгізуді қажет етеді. Ең қолжетімді реакциялық қабілетті галогенді антипирендерді пайдалану әдетте қосымша синергистерді енгізуді қажет етеді, бұл жану тежегішінің аздау мөлшерімен қаптау беттерінің жанғыштығын жеткілікті дәрежеде төмендетуге мүмкіндік береді

Галоенді антипирен реагенттерге хлорэндик қышқылы мен оның ангидриді жатады, оларды эпоксидті, алкидті және полиэфирлі олигомерлер мен полиуретандарды синтездегенде қолданады. Әдетте оттан қорғаушы қабық түзушілер синтезі барысында екі негізді қышқылды (немесе оның ангидридін) толығымен немесе бір бөлігін хлорэндик қышқылымен (немесе оның ангидридімен) алмастырады. Бұл мақсаттарда хлорэндик ангидридінің орнына басқа галогенді қышқылдардың, мысалы, тетрахлор немесе тетрабром фталь қышқылдарының ангидридтерін қолдануға болады. Сонымен қатар құрамында 15-30 % бром болатын бромдалған алифатты эфирлерді пайдалануға болады: дибромнеопентилгликоль, тетрабромдифенилолпропан және т.б. Бромды антипирен реагенттері қанықпаған полиэфирлерді оттан қорғау үшін тиімді болып келеді.

Полиэфирлердің, полиуретандардың, эпоксидті шайырлардың жанғыштығын төмендету үшін бромбутендиол, акрилді және полиэфирлі олигомерлер - дибромпропилметакрилат, три- және пентабромфенол және басқа галогенді антипирен реагенттерді пайдаланады.

1.4 Ағашты оттан қорғау тәсілдері мен шаралары

Қазіргі кезде ең жиі таралған құрылыс материалы ағаш және ағаш бұйымдары блып табылады. Алайда артықшылықтарымен қатар ағаштың кемшіліктері де бар: жанғыштығы мен оңай тұтануы. Ағашты әртүрлі тәсілдермен оттан қорғау мәселесі ерекше маңызды болып келеді; ең тиімді оттан қорғау тәсілдері отқа төзімді қаптаулармен өңдеу және арнайы құрамдармен сіңдіру болып келеді. оттан қорғаудың алғашқы тәсілі қорғалатын материалдың бетіне тиімділігі аталған беттің физика-химиялық қасиеттерімен және адгезиясымен анықталатын қаптау қабатының жағылуынан тұрады. Қысқа уақыт әсер ететін жергілікті от көзі әсер еткенде қаптаулар ағаш құрылғыларының жануын тежейді, өрт сөндіруді оңайлатады, және бірқатар жағдайда оны тіпті болдырмайды. Сіңдіру әдісімен оттан қорғау материалға арнайы заттар – антипирендерді енгізуге негізделген. Бұл әдіс ағаш құрылыстарының жергілікті от көзінен жануы барысында қорғалуын қамтамасыз етеді. Аталған жағдайда материал жалын болған жерде ғана аздап күйіп кетеді. Оттан қорғаушы заттарды біркелкі қабатпен, беті тегіс болатындай, жеке бөліктердің қосылу жерлерінде жақсылап жағу керек.

1.4.1 Конструкциялар және беттерді дайындауға қойылатын талаптар

Отқа төзімді құрамдар (қаптаулар, лактар, бояулар және т.б.) кейін механикалық өңдеуден өтпейтін, ылғалдылығы 15%-дан аспайтын ағаш конструкциялар мен бұйымдарға жағу керек. Беттің кейбір аймақтарынан қорғау қабатын алу үшін қолданылатын оттан қорғаушы заттың сәйкесті қолдану технологиясы бойынша қосымша өңдеу жүргізу керек.

Оттан қорғаушы затты жағудан бұрын бұйым бетін шаң мен кірден тазарту керек. Алдын ала эмальмен, бояумен және басқа заттармен өңделген беттерді және май, битумды дақтары бар беттерді тазарту керек.

1.4.2 Оттан қорғау заттары, оларды дайындау және жағу технологиясы

Бағытталуы мен қолдану облысына байланысты ағаш және одан жасалған бұйымдарды оттан қорғау үшін пайдаланатын заттар келесі түрлерге бөлінеді:

лактар – қорғалатын бетте жұқа мөлдір қабат түзеді, ол ағаштың бедерін сақтауға мүмкіндік береді, безендіреді және оттан қорғайды;

бояулар, эмальдар – қорғалатын бетте түрлі-түсті жұқа мөлдір емес қабат түзеді, безендіреді, оттан қорғайды, жалынның таралуына кедергі жасайды, ылғалдан қорғайды;

қаптаулар, жақпалар – паста тәрізді құрамы бар, оттан қорғайды безендіру қасиеттері жоқ;

сіңдірмелер – қысым қатысында сіңдірумен немесе қыздыру-суыту әдісімен енгізілетін ағаш бетіне жағылатын тұздардың (антипирендердің) сулы ерітінділері, оттан қорғайды.

Одан басқа оттан қорғаушы заттар атмосфералық тұрақты, атомсфералық тұрақсыз болуы мүмкін. Олар жабық жылытылатын, салыстырмалы ауа ылғалдығы 70%-дан артық емес бөлмелерде қолданылады және агрессивті ортада (агрессивті булар мен газдар қатысында) төзімді болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]