Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Fosfonsirke.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
239.61 Кб
Скачать

1.3.1 Антипиренді қоспаларды енгізу

Ең кең тараған және көп жағдайда лак-бояу бетінің жеткілікті тиімді жанғыштығын төмендету тәсілі аддитивті типті антипирендерді енгізу болып табылады. Оларды таңдау ең алдымен полимерлердің құрылысы мен құрамынан тәуелді болатын олардың температуралары мен жану жылдамдықтарының айырмашылығымен қиындатылады. Қаптаулардың басқа қасиеттеріне зиян келтірмей жанғыштығын төмендетудің қажетті дәрежесіне жету үшін әртүрлі антипирендер немесе біреуінің әртүрлі мөлшерін енгізуге тура келеді.

Антипирендер ретінде қолдануы ең тиімді болатын қосылыстар: құрамында периодтық кестенің V және VII топтарының элементтері, сонымен қатар басқа топтардағы элементтер, ең тиімділері фосфор, хлор, бром, сурьма қосылыстары. Көп жағдайда синергиялық әсер көрсету үшін бұл элементтерді біріктіріп пайдаланады. Бұл қоспалардың құнын төмендетуге, және олардың жеке антипирендерді енгізуге қарағанда қаптаулардың физика-механикалық қасиеттеріне кері әсерін азайтуға мүмкіндік береді.

Органикалық (фосфаттар, хлорланған алкандар –хлорпарафиндер және т.б.) және бейорганикалық (сурьма (III) тотығы, мырыш бораты, алюминий оксидінің тригидраты, бор, барий, фосфор, қалайы және т.б.) заттар жататын антипирен-қоспалар салыстырмалы арзан болып келеді. Басқа компоненттермен қатар лак-бояу композицияларына оңай енгізіледі. Жоғары температураларда бұл заттар жанбайтын газдар түзуі немесе жану бетінде қорғаушы шыны тәрізді қабық түзуі мүмкін. Олардың жалпы кемшіліктеріне миграция, булану немесе экстракция салдарынан шығындардың болуы, қаптаудың физика-механикалық қасиеттеріне кері әсері болып келеді. Соңғысы антипирен бөлшектерінің өлшемі мен пішінінен, оның балқу температурасынан, полимермен үйлесуінен, пластификациялау қабілеті мен концентрациясынан тәуелді болады. Беріктілік және элестикалық қасиеттерінің күрт төмендеуі пластификацияламайтын қоспалар (сурьма (III) тотығы, мырыш бораты, барий метабораты, гексабромбензол) салдарынан болады. Пластификациялаушы жану тежегіштер - сұйық хлорпарафиндер, фосфаттар, галогенді фосфаттар полимерде еріп, керісінше, оның созғанда ұзындығын және беріктігін арттыра отырып полимерде ериді. Ұнтақ тәрізді бейорганикалық заттар қаптаулар түсіне қатты әсер етуі мүмкін. Осы кезде бөлшектер пішіні мен антипиреннің сыну көрсеткіші өте маңызды параметрлер болып келеді. Осылайша, сурьма (III) тотығының белгілі маркалары қаптауларға ақ түс береді. Кейбір органикалық антипирендердің бейорганикалық синергистермен бірлесіп пайдалану кезінде қыздырғанда қараю қабілеті қаптаудың декоративті қасиеттерін айтарлықтай нашарлатады.

Антипирендердің барлық түрлерінің арасында өнеркәсіптік дамыған елдерде тұтыну көлемі бойынша бірінші орынды алюминий тотығының тригидраты А12О3*ЗН2О алып отыр. Бұл жану тежегіші үш функцияны атқарады – толтырғыш, антипирен және түтінді басатын қоспа.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]