Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Fosfonsirke.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
239.61 Кб
Скачать

1.2.4Антипирендеуші модификаторлар

Көптеген композициялар үшін жанғыштығын төмендетудің және отқа төзімділігін арттырудың ең тиімді әдісі композициядағы материалдардың немесе полимерлі байланыстырушының модификациясы болып келеді. Модификация материалдарда жүретін қатаю, полимераналогтық айналулар есебінен, немесе полимерлер түзілуідің басқа реакцияларында компоненттердің өзгеруі есебінен жүруі мүмкін. Бұл реакцияларда бастапқы заттар болатын және материалға оның жанғыштығын төмендететін фрагменттерді енгізуге көмектесетін заттарды антипирендер немесе антипирендеуші модификаторлар деп атайды. Әдетте антипирендеуші модификаторлар реакциялық қабілетті заттар болып келеді, мысалы, галогенангидридтер, құрамында галоген немесе фосфор немесе екеуі де болатын қышқылдардың эфирлері мен ангидридтері, галогенді, фосфорлы, фосфоргалогенді, фосфоразотты қосылыстардың гидроксилді туындылары, құрамында жоғары аталған элементтер болатын қанықпаған қосылыстар, белсенді топтары бар олигомерлі немесе полимерлі қосылыстар. Көп жағдайда антипирендеуші құрамдар белгілі композицияларға талғамды әсер етеді. Әдетте антипирендеуші модификаторлар реакциялық қабілетті заттар болып келеді.

Антипирендеуші модификаторлардың көбі полимераналогтық айналулар, сополимеризация, сополиконденсация реакцияларында қолданылады .

1.3 Органикалық заттардың жанғыштығын төмендету тәсілдері

Полимерлі материалдың жануын тоқтату немесе ең болмаса тежеу үшін конденсацияланған және газ фазасындағы процестерге, және олардың арасында масса және жылу алмасуға әсер етудің физикалық және химиялық тәсілдерін пайдалануға болады:

а) жылудың баруын тежеу, тотықтырушының берілу және пиролиз өнімдерінің жылдам шығарылау жағдайының нашарлауы (физикалық кедергі механизмі);

б) жану аймақтарынан жылудың шығарылуын арттыру (мысалы, жылу өткізетін астар арқылы);

Осылайша, қаптаулардың жанғыштығын төмендету механизмдерінде келесі негізгі бағыттарды көрсетуге болады:

  • газ фазасының жанбайтын заттармен байытылуы (су, көміртегі диоксиді, хлорсутегі және т.б.);

  • антипирендер мен олардың деструкция өнімдерінің қатысымен жанудың радикалды-тізбекті реакциялары;

  • қаптаудың бетінде жанбайтын шыны тәрізді қабықтың жоғары температурада пайда болуы (бор қышқылы, бура, фосфор қосылыстары);

  • минералды қышқылдар немесе термиялық ыдырау барысында түзілетін өнімдерінің (фосфаттар, бораттар, хлоридтер), және қыздыру кезінде күшті сілтілік қасиет көрсететін заттардың (бура, калий гидрокарбонаты, натрий және калий силикаттары) әсер етуі нәтижесінде қаптау беттерінің деструкция реакцияларының механизмін өзгертуі;

Органикалық қаптаулар үшін полимерлі материалдардың жанғыштығын төмендетудің дәстүрлі әдістері қолданылуы мүмкін:

  • антипиренді қоспалар енгізу;

  • антипиренді реагенттер енгізу;

  • толтырғыштар енгізу;

  • қабықтүзуші ретінде жанғыш органикалық заты аз жоғары молекулалық қосылыстарды пайдалану;

Жанғыштығын төмендетудің нақты әдісін таңдау көп фактордан тәуелді болады: қабық түзушінің табиғатынан, қаптауды алу технологиясынан, қаптауларды пайдалану облысынан және оны пайдалану жағдайынан, жанғыштығын төмендетудің қажетті деңгейінен, экологиялық және экономикалық жағдайдан.

Тізілген бағыттардың арасынан алғашқы үш әдіс кеңінен қолданылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]