Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Сабак-жоспар-диктант.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
46.16 Кб
Скачать

Диктант нормасы

Сыныбы

Диктант саны

Сөз саны

Орфограмма саны

Тыныс белгі

5-сынып

12

90-100

12

2-3

6-сынып

12

100-110

16

3-4

7-сынып

12

110-120

20

4-5

8-сынып

12

120-150

24

10

9-сынып

4

150-170

24

15

10-сынып

4/8

170-180

26

18

11-сынып

4/8

190-200

26

18

10-11 сыныптардағы білім беру процесі Қазақстан Республикасында қоғамдық-гуманитарлық бағытта және жаратылыстану-математикалық бағытта жүргізіледі. Сондықтан бұл сыныптарда оқу процесінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 03 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген (ҚР Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 18 маусымдағы №393 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-сыныптары үшін «Қазақ тілі» пәнінен типтік оқу бағдарламасы және жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-сыныптары үшін «Қазақ тілі» пәнінен типтік оқу бағдарламалары қолданылады.

Пән бойынша оқу жүктемесі:

қоғамдық-гуманитарлық бағыт:

10-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат;

11-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат.

жаратылыстану-математикалық бағыт:

10-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат;

11-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат;

Әрбір тоқсанда алынатын бақылау жұмысының (тест, диктант, т.б.) саны сол сыныптағы апталық сағат санымен сәйкес келуі керек, мысалы:

Сыныбы

Жазба жұмысы

Оқу жылы тоқсандары

Барлығы

І

ІІ

ІІІ

ІҮ

Қоғамдық-гуманитарлық бағыт

10-сынып

Диктант

2

2

2

2

8

11-сынып

Диктант

2

2

2

2

8

Жаратылыстану-математикалық бағыт

10-сынып

Диктант

1

1

1

1

4

11-сынып

Диктант

1

1

1

1

4

Диктант белгілі бір тақырып бойынша оқушылардың дайындығын тексеру мақсатында жүргізілетіндіктен, сол тақырыптың негізгі орфограммалар мен тыныс белгілері енгізіліп, сонымен қатар бұрынғы алған дағдыларының беріктігін көрсетуі тиіс.

Диктанттың мәтінінде:

– 5-сыныпта – 5 сөзден артық емес,

– 6-7-сыныптарда – 7 сөзден артық емес,

– 8-9-сыныптарда – 10 сөзден артық емес өткен сабақтарда меңгерілген орфограммалар ғана енгізілуі қажет. Оқушылар жазылуы қиын сөздермен және олардың емлесімен өткен сабақтарда таныс болуы тиіс.

Жылдың, тоқсанның аяғында болатын қорытынды диктанттарды оқушылардың барлық өткен тақырып бойынша білімін тексеруге арналып құрылатындықтан, қосымша тапсырмалар беру немесе бермеуді пән мұғалімі өзі шешеді.

Диктантты бағалау төмендегі өлшемдерге негізделеді:

– «5» деген баға еш қатесі жоқ немесе орфографиялық жеңіл 1 қатеге (1/0) немесе тыныс белгісінен 1 қатесі (0/1) бар;

– «4» деген баға емледен 3, тыныс белгісінен 3 қатесі бар (3/3) немесе емледен 2, тыныс белгісінен 4 (2/4) немесе емледен 1 немесе тыныс белгісінен 5 қатесі (1/5) бар, емледен бір типті (4/0) 4 қатесі бар;

– «3» деген баға емледен 6, тыныс белгісінен 5 қатесі (6/5) бар немесе емледен 5, тыныс белгісінен 6 қате (5/6) бар немесе емледен 3, тыныс белгісінен 8 қатесі (3/8) бар;

– «2» деген баға емледен 9, тыныс белгісінен 5 қатесі (9/5) бар немесе емледен 8, тыныс белгісінен 9 қатесі (8/9) бар диктанттарға қойылады.

Ескерту: бағалау кезінде қателердің қайталануы мен біртектілігіне назар аударылады. Егер қате бір сөздің құрамында немесе түбірлес сөздердің түбірінде қайталанса, онда ол бір қатеге саналады. Бір типті немесе біртекті қателер дегеніміз – сөздің жазылуының грамматикалық, фонетикалық ерекшелігіне байланысты бір ережеге негізделуі. Алғашқы біртекті үш қате бір қатеге саналады да, келесі сондай қателер дербес есептеледі.

Диктант мәтінінде 5-тен артық түзету болса, бағасы 1 балға кемітіледі. 3 және одан артық түзету кездессе, үздік баға қойылмайды.

Диктантқа баға қоярда түзетілгенімен, ескерілмейтін орфографиялық және пунктуациялық қателер:

1) сөзді тасымалдау;

2) мектеп бағдарламасына енбеген ережелер;

3) әлі меңгерілмеген ережелер;

4) арнайы жұмыс жүргізілмеген қиын сөздер.

Диктантты бағалауда қатенің сипатына мән берілген жөн. Қателердің арасынан жеңіл қателерді, яғни сауаттылық үшін аса маңызды емес қателерді айырып алған дұрыс. Қателерді есептеу барысында жеңіл екі қате бір қатеге есептеледі.

Жеңіл қатеге жатады:

1) ережеге бағынбайтын сөздер;

2) автор сөзін берудегі тыныс белгілер.

Ескерту: диктант мәтінінде барлық цифрлар, оның ішінде мезгіл көрсеткіштері де сөзбен жазылады;

Диктантқа бір ғана баға қойылады. Қосымша тапсырмаларды орындағаны үшін бағалағанда төмендегі ұсыныстарды басшылыққа алу ұсынылады:

– «5» бағасы – оқушы барлық тапсырмаларды орындағанда;

– «4» бағасы – оқушы барлық тапсырмалардың 4/3 бөлігін орындағанда;

– «3» бағасы – оқушы барлық тапсырмалардың жартысын орындағанда;

– «2» бағасы – оқушы барлық тапсырмалардың жартысын орындамағанда қойылады.

Ескерту: қосымша тапсырмаларды орындау барысында жіберілген орфографиялық және пунктуациялық қателер диктантқа баға қою барысында ескеріледі.

Емлелік қателерді түзету әдістері. Оқушылардың жазба жұмыстарын мұқият тексеріп отыру олардың сауаттылығын арттыруға көмектеседі. Қатемен жұмыс жүргізу жазба жұмысынан кейінгі келесі сабақтың 15-20 минутында іске асырылады. Оқу бағдарламасында «Қатемен жұмыс» түріне арнайы сағат бөлінбегендіктен, журналға жазылмайды.

Мұғалімдер оқушылардың орфографиялық қателерін түзеткенде ескертін негізгі жағдайлар:

1) мұғалім барлық қатені түзетіп, соңғы өтілген тақырыптан кеткен қателердің астын сызып көрсетуге болады;

2) орфографиялық қателерді түзету үшін орфографиялық шартты белгілерді қолдануға болады. Мұндай шартты белгілер оқушыларға таныс болуы қажет;

3) түзетулер оқушының жіберген қателерін өзі сезетіндей дәрежеге жеткізілуі, оның қабілеттілігін арттыруға көмектесуі керек;

4) емлелік қателерді сызып тастап, оған қажетті әріпті үстіне жазу жолымен түзету әдісі оқушылардың қателерін түзетудегі ең таңдаулы тәсілдердің бірі;

5) сөздердің астын сызбай-ақ, дәптердің шетіне шартты белгі қоюға болады. Шартты белгі оқушыға түсінікті болуы тиіс;

6) оқушы қате жазылған сөздің дұрыс нұсқасын ғана қайта көшіріп жазады.

Жазба жұмыстарында (диктант, шығарма, мазмұндама) жіберілген қателер сол жолдың тұсындағы жиек сызығына шартты таңбалар арқылы көрсетіледі, мысалы:

– орфографиялық қате – /

– тыныс белгілер қатесі – ۷

– абзац керек деген белгі – Z

– абзац артық деген белгі – (-Z)

– екіұшты, осы сөйлемді (сөзді) ойлан деген белгі – ?

– пікір не фактіні бұрмалап алғанын аңғарту үшін – ?!

– осы тұсқа ерекше көңіл аудар – !

– қайталанып тұр, сөздерді ауыстыр – (~~)

– стильдік қате немесе сөз қалдырып кетсе – (...)