Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Сабак-жоспар-диктант.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
46.16 Кб
Скачать

Сабақтың кезеңдері

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Жаңа сабақты белсенді, саналы қабылдауға дайындау кезеңі

ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту кезеңі

ІV. Жаңа материалды түсінулерін тексеру кезеңі

V. Жаңа сабақты бекіту кезеңі

VІ. Қорытындылау

VІІ. Бағалау

VІІІ.Үй тапсырмасы

Бұл кезеңдер бойынша күнделікті сабақ жоспарының жасалу үлгісі:

Сабақтың тақырыбы:

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік мақсаты:

ә) тәрбиелік мақсаты:

б) дамытушылық мақсаты:

Сабақтың түрі:

Сабақтың әдісі:

Пәнаралық байланыс:

Қосымша әдебиеттер тізімі:

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

а)

ә)

б)

ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау:

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру:

ІҮ. Бекіту:

Ү. Қорыту:

ҮІ. Бағалау

ҮІІ. Үйге тапсырма:

Үй тапсырмасы – мұғалімнің сабақтан кейін оқушының өз бетімен орындауы үшін берген тапсырмасы. Үй тапсырмасы оқушының сабақта меңгерген жаңа материалды ұмытпауының алдын алады, ойын жинақтауына мүмкіндік береді.

Үй тапсырмасының негізгі түрлері төмендегідей:

1) материалды оқулық бойынша меңгеру;

2) түрлі жазба және практикалық жұмыс (жаттығулар) орындау;

3) шығарма және басқа да шығармашылық жұмыстарды орындау;

4) түрлі сызба мен диаграмма дайындау т.б.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы №179 бұйрығымен бекітілген «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптары» қағидаларына сәйкес «Пән оқытушысы сынып журналына деректерді енгізіп, үй тапсырмаларын орындау мүмкіндігін ескере отырып, оқушыларға үй тапсырмаларын береді. Үй тапсырмаларын орындау үшін ұсынылатын уақыт (астрономиялық сағатпен): 5-сыныпта – 2 сағаттан асырмау, 6-8-сыныптарда – 2,5 сағаттан асырмау, 9-11-сыныптарда – 3 сағаттан асырмау керек.

Диктант

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 маусымдағы № 832 қаулысымен бекітілген, Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған Ұлттық іс-қимыл жоспарында негізгі 7 құзыреттілік белгіленсе, соның бірі – коммуникативтік құзыреттілік.

Коммуникативтік құзыреттілік – коммуникативтік, тілдік білім, білік, дағдылардың жиынтығы. Коммуникативтік дағдылар ең әуелі мектептегі оқыту процесінде, негізінен, тіл және әдебиет сабақтары барысында қалыптасады.

Ұлттық іс-қимыл жоспарындағы 7 құзыреттілік:

1) тілдік құзыреттілік;

2) кәсіби құзыреттілік;

3) проблемалардың шешімін табу құзыреттілігі;

4) ақпараттық құзыреттілік;

5) қатысымдық (коммуникативтік) құзыреттілік;

6) танымдық құзыреттілік;

7) әлеуметтік-тұлғалық құзыреттілік.

5-9 сыныптарда оқу процесі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 03 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген (ҚР Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 18 маусымдағы №393 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) «Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9 сыныптары үшін «Қазақ тілі» (оқыту қазақ тілді) пәнінен типтік оқу бағдарламасы негізінде жүзеге асырылады.

Типтік оқу жоспарына сәйкес оқу жүктемесінің көлемі:

5-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 102 сағат;

6-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 102 сағат;

7-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 102 сағат;

8-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 102 сағат;

9-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат.

Әрбір тоқсанда алынатын бақылау диктантының саны сол сыныптағы апталық сағат санымен сәйкес келуі қажет. Мысалы:

Сыныбы

Жазба жұмысы

Оқу жылы тоқсандары

Барлығы

І

ІІ

ІІІ

ІҮ

5-сынып

Диктант

3

3

3

3

12

6-сынып

Диктант

3

3

3

3

12

7-сынып

Диктант

3

3

3

3

12

8-сынып

Диктант

3

3

3

3

12

9-сынып

Диктант

1

1

1

1

4

Диктант мәтіні үшін әдеби тіл нормаларына сай келетін мәтіндер пайдаланылады, мысалы: