Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Сабак-жоспар-диктант.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
46.16 Кб
Скачать

Қайталау сабағы

Өткен қазақ тілі материалдарын оқушылар ойына толық қалыптастыру мақсатында жүргізілетін жұмыс түрін қайталау сабағы деп атайды. Қазақ тілі материалдарын қайталап отыру – білім беру процесінің басты бір бөлігі.

Қайталау сабағын жүйелі жүргізу үшін оған мынадай талаптар қойылады:

1. Қайталау сабағының негізгі мақсаты анық болуы тиіс;

2. Қайталау сабағының түрі белгіленуі қажет;

3. Қайталау сабағы жоспар негізінде өтілуі жөн;

4. Қайталау өткенді еске түсіріп қана қоймай, оны терең ұғынуға көмектесуі керек;

5. Қайталау түрлері бір-біріне байланысты түрде өткізілуі тиіс;

6. Қайталау оқушылардың белсенділігін арттыруы қажет.

Қайталау сабағы да басқа сабақтар сияқты өзінің мазмұнына қарай мынадай түрлерге бөлінеді:

1) лексика бойынша өтілетін қайталау сабағы;

2) фонетика бойынша өтілетін қайталау сабағы;

3) морфология бойынша өтілетін қайталау сабағы;

4) орфография бойынша өтілетін қайталау сабағы;

5) орфоэпия бойынша өтілетін қайталау сабағы;

6) синтаксис бойынша өтілетін қайталау сабағы;

7) пунктуация бойынша өтілетін қайталау сабағы;

8) тіл ұстарту бойынша өтілетін қайталау сабағы.

Қайталау сабақтары төмендегіше топтастырылады:

I. Бастапқы қайталау сабағы;

II. Күнделікті қайталау сабағы;

III. Мерзімді қайталау сабағы;

IV. Қорытынды қайталау сабағы.

Бастапқы қайталау – өткен бір жылдық тілдік материалдарды оқу жылы басында еске түсіру мақсатында жүргізіледі. Оқу жылы басындағы сабақты қайталау оқушылардың бұрын алған білімдерін есіне түсіріп, ұмытқандарын ойына қайта оралтады. Өткен материалдар тұтас қайталанбайды. Өтілгеннің ең негізгісі, ең керектісі, практикалық мәні бар, оқушылардың меңгеруіне ауырлық келтірген тілдік материалдар қайталанады. Бастапқы қайталау өз сыныбына қарай әр түрлі көлемде және әр түрлі тақырып аясында жүргізіледі.

Күнделікті қайталау – өткен материалдар мен жаңа тақырыпты ұштастырып, жаңа сабақпен неғұрлым тиімді де жүйелі байланыстыру үшін өткізіледі. Сондай-ақ күнделікті қайталау алдыңғы өткен материалды оқушылар есіне түсіріп, оларды ұмыттырмайды, сөйтіп, оқушы білімін бекіте түсуге сеп болады. Сонымен бірге күнделікті қайталау арқылы өткен материалдың қаншалықты меңгерілгенін білуге болады.

Күнделікті қайталау сабақ процестерінің мынадай позицияларында іске асырылады:

1) сабақ басында;

2) сабақ ортасында;

3) сабақ соңында.

Мерзімді қайталау – өтілген тілдік тараулар мен күрделі тақырыптарды бір арнаға түсіру мақсатында жүргізіледі. Мерзімді қайталау үшін әр кезде өтілген тараулар мен ірі тақырыптар іріктеліп, сұрыпталады. Мерзімді қайталау сабағы арқылы мұғалім мынадай міндеттерді анықтап алады:

1) білім мен дағдының қаншалықты дәрежеде меңгерілгендігін анықтайды;

2) тілдік материалдар арасындағы органикалық бірлікті, байланысты аңғарады;

3) оқушылардың білімі мен дағдысын есепке ала отырып, жіберілген олқылықтардың орнын толықтыру жолын белгілейді;

4) оқушылар жауаптарына қарай отырып, алдағы тілдік материалдарды қалай меңгертудің әдіс-тәсілдерін қарастырады.

Қорытынды қайталау – оқу жылы бойы өтілген тілдік материалдарды немесе курсты түгел жинақтап пысықтау мақсатында жүргізіледі. Бұл қайталау оку жылының соңғы апталарында өткізіледі. Қорытынды қайталау барысында оқушылардың зейіні курстағы өтілген басты-басты тілдік мәселелерге қаратылады. Қорытынды қайталау сабағында сынақ-сабақтың элементтері жиі кездесіп отырады. Сынақ-сабақ екі түрлі мақсат көздейді:

1) оқушылардың алған білімдерін тексеру мақсатында жүргізіледі;

2) өтілген тілдік материалдарды қайталау, жинақтау, қорыту бағытында өткізіледі.

Дегенмен қазіргі білім беру жүйесінде көбіне сабақ түрлері араластырыла жүргізіледі. Сабақтың мұндай түрі – аралас сабақ. Мұның артықшылығы – оқушылардың ұғымын, іскерлігін, білімін, дағдысын ұйымдастыру, орындату, жаттығулар арқылы да жүзегс асыру, бөлек-бөлек қаралмай, комплексті түрде жүзеге асырылады.

Сабақтың бұл аталғандардан басқа біріккен сабақ деген түрі бар. Мұнда екі немесе үш пән (сабақ емес) біріктіріле жүргізіледі. Дегенмен сабақтың бұл түрі отандық тәжірибеде белсенді емес.