Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
elseti_i_sistemy_kaz_komplexny.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
229.25 Кб
Скачать
  1. Əуе тоқ желілерінің сымдары, құрылыстарына тоқталыңыз

Əуе тоқ желілері құрылымы бойынша бір тізбекті жəне көп тізбекті болып бөлінеді, яғни бір немесе бінеше тізбектердің бірдей баганада орналасуы. Мұндағы тізбек дегеніміз 3-фазалы əуе желісінің З-сымын айтамыз.

Əуе тоқ желілерінің сымдары мен қоргағыш тростары жауапты жерлерде, яғни анкерлік бағаналарға мықтап бекітілуі керек. Анкерлік бағаналардың екі арасына аралық бағаналарды орнатады. Аралык бағаналар белгілі биіктікте сымдар мен қорғағыш тростарды ұстап тұру үшін керек.

Cурет-2.1.Сымды бағаналарға бекіту биіктігі бірдей болған жағдайдағы бір пролеттың басты сипаттамалары

  • - екі бағанадағы бекіту нүктелерінің арақашықтығы; һ- жерден сымға дейінгі ең аз вертикаль биіктік, немесе оның анағұрлым созылуы кезіндегі жерге дейінгі линиялық ара қашықтық;

f- бекітудің бір деңгейінде орналасқан екі нүктені (А,В) қосатын горизантальды түзуді созылуының ең төменгі нүктесмен қосатын вертикаль ара-қашықтық.

Əуе тоқ желілерінде жалаңаш сымдар мен тростар қолданылады. Ашық ауада орналасқандықтан, олар атмосфераның жəне қоршаған ортаның зиянды əсерлеріне ұшырауы мүмкін, сондықтан олардың механикалық беріктігі жеткілікті жəне коррозияға қарсылығы күшті болуы керек.

Бұған дейін əуе тоқ желілері ретінде мыс сымдарын қолданатын, ал қазір алюминий, болатты алюминий жəне болат сымдарын да пайдаланады. Найзағайдан қорғайтын қорғағыш тростар болаттан жасалады.

Құрлымы бойынша əуе тоқ желілері 3-топка бөлінеді:

а) тұтас бір сымнан тұратын;

б) көп сым талшығынан немесе өзара оқшауланған сым талшығынан тұратын;

в) екі металдан: болат жəне алюминийден жасалған көп талшыкты сымдардан тұратын.

  1. Бағаналар жəне олардың негіздері туралы айтыңыз

Əуе тоқ тарату желілеріндегі бағаналарда сымдарды əр түрлі əдіспен орналастыруға болады: бір тізбекті желілерде - үшбұрыштап немесе көлденең; екі тізбекті желілерде кері шырша тəрізді немесе алты бұрыштап.

Үшбұрыштап орналастыру - кернеуі 20кВ дейінгі желілерде жəне металл мен темір бетонды бағаналары бар кернеуі 35-220 кВ желілерде қолданылады. 2.3 суретте тростардың жəне сымдардың бағаналарда орналасуы бейнелеген.

Кернеуі 330 кВ жəне одан жоғары желілерде, жəне кернеуі 35-220 кВ ағаш бағаналы желілерде сымдардың көлденең орналасуы қолданылады. Мұндай орналастыру ыңғайлы болып табылады, себебі анағұрлым аласа бағаналарды да қолдануға мүмкіндік береді.

2.3, в суретте екі тізбекті желілердегі сымды шырша тəріздес орналастыру бейнеленген, бұл монтаждауға ыңғайлы,бірақта бағаналардың салмағын ұлғайтады. Сымдардың бағанада алты бұрышты тəріздес орналасуы 2.3, г суретте көрсетілген.

Сурет 2.3 - Тростар мен сымдардың бағаналарда орналасуы

Бұл орналастыру тəсілі кернеулігі 35-330 кВ екі тізбекті желілерде қолданылады жəне басқаларымен салыстырғанда тиімді болып келеді.

Бағаналар анкерлік, аралық, бұрыштық, транспозициялық жəне арнайы болып бөлінеді. Бағаналардың қандай да бір түрінің қолданылуы олардың əуе желісіндегі орнына, атқаратын қызметіне байланысты болады.

Анкерлік бағаналарды электр желісінің аса жауапты желілерінде сымдарды қатты бекіту үшін қолданады. Анкерлік бағаналар екі сымның бір жакты салмағына төзуі керек.

Анкерлік бағаналар аралық бағаналарға қарағанда күрделі жəне бағасы қымбат, сондықтан оларды анағұрлым аз колдану керек. Кернеулігі 1000В жоғары желілердің түзу бөліктерінде анкерлік бағаналар əрбір 10-15 км ара қашықтықтан соң орналасып отырады.

Аралық бағаналар əуе желілерінің түзу сызықты учаскелерінде сымдарды ұстап тұру үшін кызмет етеді. Аралық бағаналар басқаларымен салыстырғанда, жасалуы оңай жəне бағасы арзан болып келеді. Аралық бағаналардың негізгі ерекшелігі - олардың көптігінде,мысалы аралық бағаналар жалпы бағаналар санының 80-90% құрайды.

Бұрыштық бағаналар электр желісінің бұрылатын жерлерінде орнатылады.

Транспозициялық бағаналарды сымдарды транспозициялay үшін қолданады.

Арнайы бағаналардың екі түрі бар:

а) біріншісі - өтпелі бағаналар, олар электр желілері өзендермен, көлдермен, терең саймен (аңғармен) қиылысқан жерлерде орнатылады;

б) екіншісі-тармақты бағаналар, олар басты электр желісінен басқа жаққа қарай жаңа электр желісі тармағын тарту қажет болған кезде қолданылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]