- •Әуелік желілердің құрылымы туралы түсініктеме беріңіз.
- •Реактивті қуатты компенсациялау туралы айтыңыз.
- •Кабелдік желілердің құрылымына тоқталыңыз
- •Электр қуатымен жабдықтау жүйесінің жұмыс режімдері туралыайтып беріңіз
- •Брондалмаған кабелдермен және өткізгіш сымдармен жүргізілген ішкі тораптардың құрылымын сипаттаңыз
- •Электрэнергиясының негізгі көрсеткіштері туралы айтыңыз
- •Тораптарды токтасымалдағыштармен жүргізу туралы айтыңыз.
- •Электр қуатының шығындарын төмендету және оны тиімді пайдалану жолдарын келтіріңіз.
- •Электр энергиясының сапалық көрсеткіштері. Кернеуді реттеу жолдарына тоқталыңыз
- •Қалыптаспаған және қайтармалы энергия көздері туралы айтыңыз
- •Электр энергиясын өндіру мен тарату туралы жалпы мәлімет беріңіз
- •Трансформаторлар мен автотрансформаторларды релелік қорғау жолдарын келтіріңіз
- •Автоматтық қайта қосу. Қосалқы қорек көзін автоматты қосу қалай жүреді?
- •Диспетчерлік және технологиялық басқарудың техникалық құрылғыларына тоқталыңыз.
- •Кернеуі 1000 в дейінгі тораптарда электр энергиясын тарату туралы айтып өтіңіз
- •Электр энергиясын тұтынушылар және қабылдағыштар, олардың түрлері мен сипаттамаларын келтіріңіз.
- •Электрлік тораптардың классификациясы және олардың құрылымын келтіріңіз
- •Өндірістік тұтынушылардың классификациясы және сипаттамаларына тоқталыңыз.
- •Электрлік қондырғылардағы ақаулар мен бейнормалдық режімдер туралы айтыңыз
- •Жердің өндірілмейтін энергетикалық ресурстары туралы жалпы мәлімет беріңіз
- •Реле және оның түрлеріне сипаттама беріңіз.
- •Ресурстар сипаттамасы.Жел энергетикалық потенциалына тоқталыңыз
- •Максималдық токтық қорғау. Токтық үзу туралы түсініктеме беріңіз
- •Электрлік тораптардың классификациясы және олардың құрылымын келтіріңіз
- •Электр энергиясын өндіру мен тарату туралы жалпы мәлімет беріңіз
- •Электр энергиясының сапалық көрсеткіштері. Кернеуді реттеу жолдарын түсіндіріңіз
- •Электр қуатының қабылдағыштары мен тұтынушыларының негізгі түрлерін келтіріңіз.
- •Электр қуатының шығындарын төмендету және оны тиімді пайдалану жолдарын айтыңыз.
- •Біріккен энергиялық жүйелер аудандықпен айырмашылығы қандай?
- •Электр тораптарына қойылатын талаптарды келтіріңіз?
- •Электр желілері туралы түсініктемелерді келтіріңіз?
- •Электрэнергетика жүйелер түсініктемелерді келтіріңіз?
- •Сымдар қималарын таңдау жəне тексеру шарттары қандай?
- •Тоқ желісінің құрылысын келтіріңіз
- •Əуе тоқ желілерінің сымдары, құрылыстарына тоқталыңыз
- •Бағаналар жəне олардың негіздері туралы айтыңыз
- •Тростар, арматура, оқшаулатқыштар құрылысын сипаттаңыз
- •Кабельдердің қималарын таңдау жəне тексеру шарттарын түсіндіріңіз?
- •Кабель тоқ желілерінің сымдары, құрылыстары туралы айтыңыз?
- •Кабель желілерінің құрылысы, оқшауламалар туралы мәлімет беріңіз
- •Тəж процессі неден пайда болатынын түсіндіріңіз?
- •Қандай тораптар екі жақтан қоректену тораптары деп аталады? Екі жақтан қоректену тораптарының артықшылығы?
- •Электрэнергетика қоршаған ортаға қандай əсер тигізеді?
- •Тұйықталмаған торап дегеніміз не, түсініктеме беріңіз?
Сымдар қималарын таңдау жəне тексеру шарттары қандай?
Электр тоғын тарату əуе желісі дегеніміз ашық ауада орналасқан жəне оқшауламалар мен арматуралар арқылы бағаналарға сымдар аркылы бекітілген, электр энергиясын тарату үшін арналған кұрылғы. Əуе сым желісінің басты элементтері:
а) электр энергиясын тарату үшін қызмет ететін сымдар;
б) əуе сым желілерін атмосфералық кернеу күшінің артуынан сақтайтын бағаналардың жоғары бөлігінде орналасқан қорғағыш тростар;
в) жер немесе су деңгейінен белгілі биіктіктегі сымдар мен тростарды ұстап тұратын бағаналар;
г) бағана мен сымдар арасында орналасқан оқшауламалар;
д) сымдарды оқшауламаларға, ал оқшауламаларды бағаналарға бекітетін арматуралар.
Құрлымы бойынша əуе тоқ желілері 3-топка бөлінеді: а) тұтас бір сымнан тұратын; б) көп сым талшығынан немесе өзара оқшауланған сым талшығынан тұратын; в) екі металдан: болат жəне алюминийден жасалған көп талшыкты сымдардан тұратын. Қатты созылған мыстан жасалған сымдардың меншікті кедергісі аз жəне механикалық беріктігі күшті,олар атмосфералық əсерлерге жəне ауадағы қоспаларға қарсы тұра алады. Мыс сымдарын М эрпімен белгілейді жəне жанына сымның номинал қимасы жазылады. Сонымен, мысалы сымның қимасы 50мм 2 болса, ол М - 50 деп белгіленеді. Алюминий сымдары - мыс сымымен салыстырғанда салмағының жеңілдігі, меншікті кедергісінің үлкендігі жəне механикалық беріктігінің аздығымен ерекшеленеді. Алюминий сымдары көбіне жергілікті желілерде қолданылады. Алюминий сымдарының механикалық беріктігін жоғарылату үшін, оларды көп сымды етіп жəне катты тартылған сымдардан жасайды. Алюминий сымдары атмосфералық əсерге тотеп бере алғанымен, ауаның зиянды қоспаларының əсеріне қарсы тұра алмайды.
Тоқ желісінің құрылысын келтіріңіз
Əуе тоқ желілері құрылымы бойынша бір тізбекті жəне көп тізбекті болып бөлінеді, яғни бір немесе бінеше тізбектердің бірдей баганада орналасуы. Мұндағы тізбек дегеніміз 3-фазалы əуе желісінің З-сымын айтамыз.
Əуе тоқ желілерінің сымдары мен қоргағыш тростары жауапты жерлерде, яғни анкерлік бағаналарға мықтап бекітілуі керек. Анкерлік бағаналардың екі арасына аралық бағаналарды орнатады. Аралык бағаналар белгілі биіктікте сымдар мен қорғағыш тростарды ұстап тұру үшін керек.
Cурет-2.1.Сымды бағаналарға бекіту биіктігі бірдей болған жағдайдағы бір пролеттың басты сипаттамалары
- екі бағанадағы бекіту нүктелерінің арақашықтығы;
һ- жерден сымға дейінгі ең аз вертикаль биіктік, немесе оның анағұрлым созылуы кезіндегі жерге дейінгі линиялық ара қашықтық;
f- бекітудің бір деңгейінде орналасқан екі нүктені (А,В) қосатын горизантальды түзуді созылуының ең төменгі нүктесмен қосатын вертикаль ара-қашықтық.
Əуе тоқ желілерінде жалаңаш сымдар мен тростар қолданылады. Ашық ауада орналасқандықтан, олар атмосфераның жəне қоршаған ортаның зиянды əсерлеріне ұшырауы мүмкін, сондықтан олардың механикалық беріктігі жеткілікті жəне коррозияға қарсылығы күшті болуы керек.
Бұған дейін əуе тоқ желілері ретінде мыс сымдарын қолданатын, ал қазір алюминий, болатты алюминий жəне болат сымдарын да пайдаланады.
