Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
elseti_i_sistemy_kaz_komplexny.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
229.25 Кб
Скачать
  1. Жердің өндірілмейтін энергетикалық ресурстары туралы жалпы мәлімет беріңіз

Күн химиялық ( органикалық отын және биомасса ) және жел энергиясының ,су энергиясы және мұхит энергиясы ,сонымен қатар күн станцияларында алынатын күн энергиясының көзі болып табылады.Күн секундына 88·1024кал ,немесе 370·1012ТДж жылу шығарады.Осы жылу мөлшерінің 1,2·1017Вт энергетикалық эквиваленті ғана жерге түседі, яғни бір жылда 1018кВт·сағ. немесе 10 000 есе бүгінгі таңда әлемде пайдаланылатын энергиядан көп болады.Мұнымен салыстырғанда барлық энергия көздері жылуды бұдан аз береді. Егер мысал ретінде алатын болсақ,игерілмеген бос жерге түсетін күннің жалпы потенциалын күн энергиясы бойынша анықтайтын болса, онда жылдық орташа қуаты 10 000 ТВт құрайды, ал бұл болса әлемдегі қазіргі заманға сай барлық стационарлық қондырғылардың қуатынан 5000 есе көп.Күннің орташа сәулеленуі (сәуле шығаруы) көптеген аудандарда 200-250 Вт/м2 құрайды,ал бұның өзі өндірістік іс-тұрғыдан қарағанда өте көп болып саналады.

Мысалға жасанды энергияның орташа тығыздығы 0,02Вт /м2-қа ғана тең,яғни бұл күн энергиясының орташа тығыздығынан 10000 есе аз дегенді білдіреді.

Жер шарының жекеленген аудандарында бұл көрсеткіш айтарлықтай жоғары,мысалы Жапонияда 2Вт/м2, ал Еуропа аудандарында ФРГ-да 20 Вт /м2 .Есептеулерге қарағанда қазіргі заманға сай электртұтынуды қанағаттандыру үшін жер бетіне түсетін 0,0025 % күн энергиясын,электрэнергиясына айналдыру жеткілікті екенін көрсетті.

Күн энергиясының электр энергиясына термодинамикалық түрленуінің принципиальдық схемасы жылу станциясының жұмыс циклі бойынша жұмыс істейді,тек қана онда күн сәулесінің шашырау қарқыны ескеріледі: 1) күн сәулесінің шашырау периодтылығы тәулік циклы бойынша (күн және түн); 2) Күнге қарағанда Жердің орналасуына байланысты күн сәулесінің шашырау қарқынының өзгеруі ( жыл мезгілдері); 3) ауа райының өзгеруіне байланысты күн сәулесінің шашырау қарқынының өзгеруі (ұзақ немесе аз уақытта бұлт қаптау);

  1. Реле және оның түрлеріне сипаттама беріңіз.

Ажыратқыштармен, сонымен қатар автоматты релелік қорғау өшірілуімен, оның ішінде көмекші релелердің әр түрлі іс-әрекетіне автоматика құрылғыларымен, сигнализация аппараттарымен және т.б. дистанционды басқару үшін (өшіру, іске қосу) оперативті ток көзі деп аталатын энергия көзі керек. Электрмен жабдықтау жүйесінде айнымалы оперативті ток көздері - өлшемелі ток, кернеу трансформаторлары және өзіндік қажет трансформаторлары қолданылады. Оған қоса, арнайы қорек блоктары және алдын-ала зарядтау конденсаторы қолданылады. Осы оперативті ток көздерінің барлығы көрсетілген аккумулятор батареяларының кемшіліктерінен бос.

Кеңінен қолданылатын автоматика құрылғысы ретінде реле және релелік қызметтегі приборлар есептеледі. Олар арқылы автоматты басқару және реттеу процестері іске асырылады.

Реле – коммутациялық құрылғы, оның бір электр тізбегінде (орамшасында) ток өзгергенде, басқа электр тізбегіндегі контактілері тұйықталады/ажыратылады.

Реле классификациясы

1) Қоректену тогына байланысты:

тұ р а қ т ы т о к релесі

а й н ы м а л ы т о к релесі.

2) Атқарушы тізбек тогының мәніне байланысты:

к ү ш т і к (силовое)

ә л с і з

а р а л ы қ реле.

3) Реттелетін шама түріне байланысты:

то к

к е р н е у

у а қ ы т релесі.

4) Жұмыс атқару принципы бойынша реле:

э л е к т р о м а г н и т т і,

и н д у к ц и о н д ы,

э л е к т р о т е р м и я л ы қ және т.б. релелер.

5) Сезімтал элементіне байланысты:

ж ы л у л ы қ,

т е м п е р а т у р а л ы,

ж а р ы қ,

д ы б ы с, т.б.

Жоғарыда көрсетілген классификациядан бөлек, барлық релелерді екі топқа бөлуге болады: контактылы және контактысыз.

Барлық реле түрлерін бір жұмыста қарастыру мүмкін емес, сондықтан біз реленің кейбір түрлеріне ғана тоқталамыз: электромагниттік, жылулық, аралық және температуралы релелерге тоқталамыз.

Іске асыру уақыты бойынша реле ж ы л д а м (0,03 сек дейін); н о р м а л (0,3 сек дейін); 1,5 сек дейін (б а я у); у а қ ы т ш а (уақыт релесі, нақты уақытқа – 1,5 сек үзу).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]