Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
AVR__1179__1201_ryl_1171_ysyny_1187_mindeti.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
66.18 Кб
Скачать

Қандай қосалқы станциялар бар?

Барлық қосалқы станциялар электр желісіне жалғану тәсіліне байланысты келесі түрлерге бөлінеді:

― шетте орналасқан (тупиковые);

― таратушы (ответвительные);

― өтпелі (проходные);

― аралық (узловые);

Қызметіне байланысты қосалқы станциялар тұтынушыларға арналған және жүйелік болып екіге бөлінеді. Жүйелік қосалқы станциялардың шиналарында энергия жүйесінің жекелеген аудандары немесе әртүрлі энергия жүйелері өзара байланысады. Бұлар жоғарғы жағындағы кернеуі 750 – 220 кВ қосалқы станциялар. электр энергиясын тұтынушылар арасында тарату үшін арналған.

Қосалқы станцияның схемасы оның қызметімен және қоректендіруші желіге жалғану тәсілімен тығыз байланысты, және ол:

― тұтынушыларды қалыпты және авариядан кейінгі режимдерде беріктігін қамтамасыз етуі керек;

― дамудың (ұлғаюдың) перспективасын ескеруі қажет;

― барлық кернеуліктегі тарату қондырғыларының біртіндеп кеңейтілу мүмкіндігін қарастыруы тиіс;

― аварияға қарсы арналған автоматиканың талабын есепке алуы керек;

― жөндеу және қызмет көрсету жұмыстарын көршілес жалғаулықтарды сөндірмей орындауды қамтамасыз етуі қажет.

Бір мезгілде жұмысқа қосылатын ажыратқыштардың саны келесілерден көп болмауы тиіс:

а) линия зақымданғанда ― екі дана;

б) кернеуі 500 кВ трансформаторлар жарақаттанғанда ― төртеу, ал кернеу 750 кВ болғанда ― үшеу.

Аталған талаптарға сәйкес кернеуі 6 – 750 кВ қосалқы станциялар тарату қондырғылары үшін типтік схемалар жасалынған, олар қосалқы станцияларды жобалау кездерінде қолданылады.

Қоршаған орта жағдайларына байланысты кабельдер мен сымдар маркаларын, тартылым түрлерін таңдау.

Сым мен кабельдің құралымы олардың таңбасында шартты әріптермен шифрленген. Әріптің таңбадағы орналасуына байланысты мағыналары, тіпті бір әріп болса да, әр түрлі болуы мүмкін. Кабельдің қорғаныштық жабындары кабельдің қоршаған ортаның әсерінен қорғанысы ретінде өте маңызды. Олар сауыт астындағы көпшіктен, сауыттан және сауыт сыртындағы жабындыдан тұрады, бірақ та барлық үш элемент кабельдер таңбаларының барлығында кездесе бермейді. Кабельдердің қорғаныштық жабындарының орындалуы. Қоршаған орта жағдайларына сәйкес қорғаныштық жабындар құрамын таңдауды жеңілдету үшін, оларды өндіргенде қолданылатын материалдардың қасиеттерін білу қажет. Электрмен жабдықтау жүйелерін жобалау кезінде экологияның ерекшеліктерін есепке алу.

Жерасты арқылы тартылатын желілерде әдетте кабель қолданылады. Кабель ток өткізгіш тарамдардан, оларды бір-бірінен оқшаулайтын әртүрлі оқшаулардан, қорғаныш қабықшадан және механикалық зақымданудан сақтайтын сауыттан тұрады. Ток өткізгіш тарамдары бір талсымды немесе көп талсымды етіліп, мыстан немесе алюминийден жасалады. Күштік кабельдер әдетге бір, екі, үш және төрт тарамды, ал басқару және бақылау тізбектерінде қолданылатын кабельдер көп тарамды болады. Тарамдар бір талсымды немесе көп талсымды етіп жасалады.

Қалыпты және апаттық режимдерде оперативтік ауыстырып қосулардың жүргізілуі.

Апаттық режим - бұл режим кезінде істен электрлік тораптың бір немесе бірнеше элементтері шығады. Апаттық режимде тораптың бұзылған аумағы сұлбадан қосалқы станцияға оперативтік ауыстырып қосулардың көмегімен шығарылады.

ТНДС-10000 күштік трансформаторы істен шыққан кезде, №1 мысалы үшін, С-35 №1 майлы ажыратқышы, сызықтық және шиналық айырғыштар және секциялық айырғыш сөндіріледі, 10 кВ жағында ВМП-10 майлы ажыратқышы сөндіріледі, ВМП-10 бар арбашасы КРУ ұяшығынан «№1

шықпасында» сөндіріледі. Кейін жоғарғы және төменгі кернеу жағындағы жермен қосатын пышақтар іске қосылады.

Бұзылған трансформатордан қоректенген шиналар секциясына кернеуді беру үшін РУ-10 кВ секциялық майлы ажыратқыш іске қосылады.

35 кВ ауа желісінің біреуі істен шыққан кезде (сымның үзілуі, гирляндадағы оқшаулатқыштар сынса) екінші трансформаторға кернеуді жұмыс жасап жатқан желіден №1, 2 секциялық айырғыштарды іске қосу арқылы беруге болады.

ТП-да, күштік трансформатор істен шыққан кезде, ВНП-16 жүктеме ажыратқышы сөндіріледі, ПК-10 сақтандырыштары алынады. РУ - 0,4 кВтарату құрылғысында шықпа рубильнигі сөндіріледі, бұзылған трансформатордан ПН-2 сақтандырғыштары алынады және секциялық рубильник іске қосылады.

10 кВ күштік кабелдері істен шыққан кезде аумақтық қосалқы станциясының РУ- 10 кВ тарату құрылғысында оперативтік ауыстырып қосулар жүргізіледі, олар бір-бірімен сақиналы сұлбамен байланысқан. Микрорайонның ішінде 10 кВ кабелі істен шыққан кезде ТП ішінде ауыстырып қосулар дәл осылай жүргізіледі.

Тұрғылықты үй немесе қоғамдық ғимаратқа баратын 0,4 кВ кабел істен шыққан кезде бұл кабел екі жағынан сөндіріліп, бөлініп алынады; егер кабель ТП-дан келсе, онда рубильник сөндіріліп, ПН-2 сақтандырғыштары сөндіріледі.

Үй немесе ғимаратқа қорек электр торабының сұлбасына енетін резервтік кабелден беріледі. Кабел болмаған кезде немесе барлық кабелдер бұзылған кезде бұзылған кабелді жөндеу уақытына ауа бойынша уақытша кабел салынады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]