Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
AVR__1179__1201_ryl_1171_ysyny_1187_mindeti.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
66.18 Кб
Скачать

Жэо ең экономикалық жұмыс режимі қандай?

Электрмен қамтуды жобалау үшін өндірістік кəсіпорындарда технико-экономикалық негіздемелер (ТЭО) жəне аймақтардың құрылысына негіздемелер жүргізіледі. ТЭО-де аймақтың құны жəне технико-экономикалық негізгі көрсеткіштер анықталады. ТЭО бар болған кезде бір стадияда техникалық жұмыс істеу жобасы жүргізілуі тиіс. Екі стадияда жобалау – техникалық жоба жəне жұмыс сызбалары – ірі жəне күрделі өндіріс жиындарында жіберіледі; жаңа технологияны қолдану кезінде; құрылыстың күрделі шарттарында жасалады. Жобалау кезінде орнатылған ретте ескерілген типтік жобаларды қолдануды қарастырған жөн, сонымен қатар жаңа рациалды шешімдерді енгізу жəне жаңа электротехникалық қондырғыны енгізуді қарастырған жөн. Түсініктеме хаты нақты, əрі анық болуы керек, онда есептеу нəтижесі көрсетіледі. Есептер қабылданған шешімдерді дəлелдеу үшін жасалады, ол жобаның архивті көшірмесіне қосымша рретінде жазылады. Электрмен қамтудың техникалық жобасын дайындау кезінде торапқа кəсіпорынды қосу үшін ұйымнан техникалық шарттар мен рұқсат алынуы керек. Техникалық шарттар келесідей техникалық құжаттамадан тұруы керек: а) кəсіпорын қорегі алынатын электр тораптары мен ИП-ның берілуімен жəне жобаланатын кəсіпорынды орнатумен байланысты сұлбалық жоспар. Осы тұтынушылардың есептеу жүктемесі жəне қуаты мен 8-10 жылда оның арту мүмкіндіктері көрсетілуі керек; б) кəсіпорынның электрмен қамтуы көрсетіліп отырған ауданның электржүйесінің электрлі сұлбалары; в) кəсіпорынды қоректеуге арналған энергожүйенің ұсынатын ұзындықтары; г) ИП бір желілі принципиалды сұлбалары; д) ИП шинасындағы ауытқу шектері мен жұмыс кернеуі; е) екі мерзімге арналған максималды жəне минималды режимге арналған қабылдаушы жобаланатын станцияларда немесе ИП шиналарында бастапқы мерзімде КЗ үшфазалы токты құраушы мерзім мəні; ж) КЗ тогы 0,2 с кейін; з) орнатылған КЗ тогы; и) келесі сұрақтар бойынша энергожүйелерін көрсету жəне қойылатын талаптар: реактивті қуат компенсациясы, релелік қорғаныс, автоматика, телемеханикаландыру жəне диспетчеризация, электр энергия саны, трансформаторлардың жөнделуі, майшаруашылығы жəне т.б.

Жермен қосуды орнатудың мақсаты.

ПУЭ талаптарына сәйкес қосалқы станциялардың жермен қосу контурының кедергісі 0,5 Омнан артық болмауы тиіс. Қосалқы станцияның электржабдықтарын жермен қосу үшін жасанды қорғаныстық жермен қосу талап етіледі.

Құрылымы жағынан жермен қосу ұзындығы 5 м және диаметрі 16 мм дөңгелек болаттан орындалады, бұл вертикаль электродтар болып табылады, горизонталь жермен қосқыштар ретінде қимасы 40 х 4 мм болат жолағын қабылдаймыз.

Контур бойынша электродтар арасындағы ара-қашықтық 10 м етіп қабылданады. Электродтардың жоғары ұштары жер бетінен 0,7-0,8 м қашықтығында орналасуы тиіс. Қосалқы станцияның сыртқы қоршауларының темірбетон порталдарының арматурасы және металлдық бөліктері жермен қосқышқа жалғануы тиіс.

Электр қондырғының барлық метал бөліктері жермен қосылуы керек. Мұндай жерге қосуды сақтандырғыш деп атайды, себебі, оның мақсаты – қызмет көрсетуші персоналды кернеу астына түсуден сақтайды.Электр қондырғыларында электрлік машиналардың, трансформаторлардың, электр аппараттарының жетектерінің, таратушы щиттердің, пульттердің, шкафтардың корпустары, сондай-ақ тарату құрылғыларының металл конструкциялары, кабель муфталарының металл корпустары, ғимараттардың металл конструкциялары жерге қосылуы керек.Аппараттың немесе электр қондырғының қалыпты жұмыс жағдайын туғызу үшін арналатын жерге қосуды жұмыстық жерге қосу деп атайды. Жұмыстық жерге қосуға трансформаторлардың, генераторлардың, доға сөндіргіш катушкалардың нейтралінің жерге қосылуы жатады..Жерлендіргіштер саны қажет есептеулер арқылы анықталады. Жасанды жерлендіргіштерді электр қондырғылары орналасқан ауданда электрлік потенциалдарды біркелкі таралатындай етіп орналастырады. Осы мақсатпен АТҚ территориясында электр ондырғыларын бойлай және олар көлденең бағытта 0,5-0,7 м тереңдікте жерлендіргіш жолақтарын жүргізеді. Жолақтардың арасы 30 м-ден артық болмауы керек. Нәтижесінде жерлендіргіш сетка пайда болады және оған жерлендірілетін қондырғылар қосылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]