- •Авр құрылғысының міндеті, оларға қойылатын негізгі талап?
- •Арнайы электр қондырғыларын жобалау кезіндегі электр энергиясы сапасының көрсеткіштерін есептеу.
- •Газ қорғанысы қандай сатыларға есептелген? Неліктен?
- •Жермен қосуды орнатудың мақсаты туралы айтыңыз.
- •Жоғары вольттік ажыратқыштарда доғаны сөндіру әдістері.
- •Жэо технологиялық үрдісті сипаттаңыз.
- •Жэо орнатылатын негізгі жабдықтарды сипаттап беріңіз.
- •Жэо ең экономикалық жұмыс режимі қандай?
- •Жермен қосуды орнатудың мақсаты.
- •Жермен қосуды орнатудың мақсаты.
- •Жэо негізгі жабдықтарын атап өтіңіз.
- •Трансформаторлық қосалқы станциялардың міндеті.
- •Қандай қосалқы станциялар бар?
- •Қоршаған орта жағдайларына байланысты кабельдер мен сымдар маркаларын, тартылым түрлерін таңдау.
- •Қалыпты және апаттық режимдерде оперативтік ауыстырып қосулардың жүргізілуі.
- •Қосалқы станцияларда қандай қорғаныстар орнатылады?
- •Күштік трансформаторларда қандай қорғаныстарды орнатады? Әрбір қорғанысқа сипаттама беріңіз.
- •Кәсіпорынның электрмен жабдықталуы қалайша жүзеге асырылады?
- •110КВ жағында рпн құрылғысымен кернеудің реттелуі жүзеге асырылады, сондай-ақ, кернеуді 6кВ жағында генератордың қоздыру тоғын өзгерту арқылы реттеуге болады.
- •Кернеуі 1 кВ-қа дейінгі және одан жоғары тораптарда қысқа тұйықталу токтарын есептеу.
- •Сыртқы электрмен жабдықтау сұлбасын таңдау
- •Негізгі коммутациялық аппаратураны атап өтіңіз.
- •Өлшеуіш тарнсформаторлардың жұмыс жасау принципі мен міндетін атап көрсетіңіз.
- •Өлшеуіш трансформаторлар, айырғыштар не үшін арналған?
- •Өнеркәсіптік объекттерде қолданылатын электрмен жабдықтау сұлбаларының түрлері.
- •Өндірістік кәсіпорын территориясы бойынша кабельдердің тартылым тәсілін таңдау. Кабельдік журналды құрастыру.
- •Ішкі және сыртқы жарықтандыру үшін қандай шамдар қолданылады?
- •Ішкі зауыттық электрмен жабдықтау сұлбасын таңдау.
- •Реактивті қуаттар балансының шарты бойынша 1 кВ-тан жоғары кернеуге қарымталауыш құрылғыларды таңдау.
- •Цехтік трансформаторлардың қуатын және санын есептеу.
- •Электр энергиясы сапасының көрсеткіштерінің бұзылу себептері мен көздері.
- •Электрмен жабдықтаудың сенімділігі бойынша электр қабылдағыштар қандай категорияларға бөлінеді, олардың айырмашылықтарын атап көрсетіңіз?
- •Электрмен жабдықтау сенімділігінің талаптары бойынша тұтынушыларға сипаттама беріңіз.
- •Электрмен жабдықтаудың сенімділігінің талаптары бойынша тұтынушыларға сипаттама беріңіз.
- •Реактивтік қуаттың өтемделуі не үшін жүргізіледі? Өтемдеу әдістері.
- •Электрмен жабдықтау жүйесінде тоқ шектеуші реакторлардың міндеті.
- •Электрмен жабдықтаудың қандай шарттарында есептік санауыштар орнатылады?
- •Электрмен жабдықтау сенімділігі талаптары бойынша тұтынушыларға сипаттама беріңіз.
Жэо технологиялық үрдісті сипаттаңыз.
Жылу электрорталықтары өнеркәсіптік кәсіпорындар мен қалаларды жылу және электр энергиясымен жабдықтауға арналған. Олар конденсациялық электр станцияларынан турбиналарда «жұмыс жасап болған» будың жылуын өндірістің, жылытудың, вентиляцияның және ыстық жабдықтаудың қажеттіліктері үшін пайдаланудағы айырмашылықтары бар. Электрлік және жылу энергиясын комбинирлеп шығару барысында жеке электрмен жабдықтауға қарағанда отынның біршама үнемделуіне әкеліп соғады, яғни КЭС-те электр энергиясын шығарумен және жергілікті қазандықтардан жылуды алумен салыстырғанда. Сондықтан жылу электр орталықтары (ЖЭО) жылу көп тұтынылатын аудандар мен қалаларда кең таралған.
Электрлік қуаты жылудың жіберілуіне сай келсе, станция үнемді жұмыс жасайды. Бұл кезде конденсаторларға будың минималдық мөлшері түседі. Жылуға үлкен сұраныс болған кезде, мәселен, қыстыгүні ауаның есептік температурасы барысында өнеркәсіптік кәсіпорындардың жұмысы сағаттарында ЖЭО генераторларының жүктемесі номиналдыққа жақын болды. Жылудың тұтынылуы өте аз болғанда, мәселен, жазда, сондай-ақ, қыстыгүні ауаның температурасы есептіктен жоғары болғанда және түнгі сағаттарда жылудың тұтынылуына сай келетін ЖЭО электрлік қуаты азаяды. Егер энергиялық жүйе электрлік қуатты қажет етсе, ЖЭО турбинаның төменгі қысым бөліктеріне және конденсаторларға будың түсуі артатын аралас режимге өтуі тиіс. Бұл кезде электростанцияның үнемділігі азаяды
Электростансаның бұл түрі кәсіптік өндірісті және қаланы электроэнергия және жылумен орталықтан қамтамасыз ету үшін арналған. ЖЭО жылумен электроэнергияны көп қажет ететін аудандарда кең таралған. Тұтасымен алғанда ЖЭО елімізде өндірілетін барлық электроэенргияның 25%-н өндіреді.ЖЭО-ң технологиялық схема ерекшелігі суретте 3.3 көрсетілген.
3.3 - сурет - ЖЭО технологиялық схемасының ерекшелігі:1-желілік насос; 2-желілік жылытқыш
ЖЭО-ң айтарлықтай ерекшелігі электростансаның электр қуатымен салыстырғандағы жылу жабдықтарының жоғары қуаттылығы болып табылады. ЖЭО-ң ірі өндірістік орталықта орналасуы, электрмен салыстырғандағы жылу жабдықтарының жоғары қуаттылығы қоршаған ортаны қорғау талабын көтереді. Қалдықты шығару мөлшерін төмендету үшін ЖЭО-та бірінші кезекте газтәрізді немесе сұйық отын, сондай-ақ жоғары сапалы көмір қолдану керек.
Жэо орнатылатын негізгі жабдықтарды сипаттап беріңіз.
Бутурбиналық жылуэлеткрстанциясының негізгі цехтарына қазандық, турбогенераторлардың залы және электрлік тарату құрылғысы жатады. Бұл цехтерге қосымша жабдықтармен қызмет көрсетіледі (сорғылар, вентиляторлар, бактар және б.).
Отындық қоймадан түсетін бөлшектік отын балғалық дермендерде өндірістік түрде ұсатылып, транспортердің көмегімен отындық бункеріне беріледі, кейін ұсатқышқа беріледі (шар тәріздес дермен), ол бу қазандығының алдында орнатылады. Ұсату құрылғысында алынған шаң тәріздес отын қазандықтың пешіне үрленеді. Отынның пешінде температурасы 1200-1600 градус газдардың бөлінуімен қатар жүретін отынның жану үрдісі жүреді. Ол газдар ішінде су өтетін қазандықтың ішіндегі трубаларды жуып өтіп, өзінің жылуын береді, су буға айналады. Бу буқыздырғышына бағытталып, ал одан бу турбинасына барады. Турбинаға енетін будың температура мен қысымының
айырмасы салдарынан одан шығып, турбинаның барлық сатыларын өту барысында ұлғайып, турбинаның білігін, сонымен қатар генераторды айналдырады. Газдарың энергиясын толық пайдалану үшін олардың жүруі барысында су экономайзері орнатылған, ол қосымша түрде қоректнедіруші суды қыздырады. Өздерінің жолдарын жалғастырып, газдар күл ұстағыштан өтеді, кейін сорушы түтінсорғымен түтін трубасына шығарылып тасталады.
ЖЭО технологиялық сұлбасы оның жылу шаруашылығының құрамын, бөліктерінің өзара байланысын, үрдістердің жалпы тізбектемесін сипаттайды.
ЖЭО келесі цехтар енеді:
отындық-көліктік цех;
қазандық цех;
турбиналық цех;
жөндеу-құрылыс цехы;
жылу автоматикасы мен өлшеу цехы;
электрлік цех.
ЖЭО генераторларының жүктемесі неге тәуелді?
Электр генераторының номиналды қуаты бастапқы күштік агрегатының номиналды қуатынан аз болған жағдайда белгіленген қуат генератордың номиналды қуаты бойынша айқындалады. Буды бөліп алу және қос мәнді номиналды қуаты, бу бөлудің жүктеме режиміне тәуелді жылумен қамтамасыз ету турбиналары орнатылған жылу электр станциялары үшін номиналды қуаты жылдың кез келген уақытында және кез келген есептік жұмыс режимінде қамтамасыз етілетін турбинаның ең төменгі қуатының мәні бойынша қабылданады
Жүйенің электрмен жабдықталуы нені қамтамасыз етеді?
Электрмен жабдыктау жүйесі электр энергиясын өндіретін, тасымалдайтын және тарататын кұрылғылар мен қоңдырғылардан тұратын ірі және курделі құрылым болып табылады. Оған электр стансалары, трансформатор лаустансалары (косалкы стансалар), электр беріліс желілері, тарату нүктелері мен кабылдағыштарды тарату нүктелеріне косатын желілер кіреді.Электр энергиясымен жабдықтау дербес электр стансалардан немесе энергетикалык жүйелерден жүзеге асырылады. Бірак энергетикалық жүйелерде электр энергетикалық сапасы жоғары, яғни кернеу і мен жиілігі тұрактандырылған, өзіндік құны төмен және сенімді болатындыктан. орталыктандырылған жабдыктау тиімді болып табылады.Электрмен орталыктан жабдыктау деп әдетте тұтынушыларды энергетикалык жүйеден жабдықтауды айтады. Ал энергетикалык жүйе деп жұмыс әлпілері өзара байланыскан, және бір орталыктан баскарылатын электр стансалары мен электр тораптары жиынтығын айтады. Энергетикалык жүйеге бірнеше аймактын, тіпті бірнеше мемлекеттін электр стансалары мен тораптары кіруі мумкін.Электр стансасы деп электр энергиясын немесе элекгр және жылу энергиясын өндіруге арналған кәсіпорнын айтады.Электрлік лаустанса (косалқы станса) деп электр энергиясын түрлендіруте және таратуға арналган қондыргылар мен кұрылғылар жиынтығын айтады. Олар көбіне трансформаторлық лаустансалар деп аталып, электр энергиясын тұтынушыларға кернеуін төмендетіп немесе жоғарылатып таратуға арналады
