Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
AVR__1179__1201_ryl_1171_ysyny_1187_mindeti.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
66.18 Кб
Скачать

Ішкі зауыттық электрмен жабдықтау сұлбасын таңдау.

Ішкі зауыттық электрмен жабдықтау сыртқы электрмен жабдықтауға қарағанда көбірек мәселелерді шешумен сипатталады. Ол техникалық шешімдердің әр түрлілігімен түсіндіріледі. Осыған таратқыш тораптар кернеулерінің әртүрлі деңгейлері, олардың сұлбалары мен құралымдық орындалуы, сенімділік категориясына байланысты тұтынушыларды қоректендіруді резервілеуге талаптар, тұтынушылардың аймақтық орналасуы мен жұмыс режімдерінің ерекшеліктері және т. б. жатады. Сонымен бірге өткізгіш материалының шығыны, электр энергиясының жылдық шығындары, қоректендіру желісі тартылымының қиындылығы және т. б. көрсеткіштер де есепке алынады. Осы көрсеткіштер негізінде ең тиімді нұсқаны таңдайды.

Кәсіпорынның электрмен жабдықтау жүйесінің нұсқасын қабылдау туралы біржолата шешім жалпы жүйенің техника-экономикалық көрсеткіштеріне негізделеді, олар сыртқы және ішкізауытттық электрмен жабдықтауға жұмсалған келтірілген шығындар сомасымен анықталады.

Магистралды схемалар бір технологиялық агрегаттың көптеген электрқабылдағыштарын қоректендіру үшін ғана емес, және бір технологиялық процеспен байланыспаған, салыстырмалы ұсақ қабылдағыштардың үлкен санын қоректендіру үшін де кең қолданыс тапты.

Қоректендірудің радиалды схемалары қоректендіру қөзінен, мысалы комплектті трансформаторлы қосалқы станциядан, тікелей бөлек тарату пункттерін немесе қуатты электрқабылдағыштарды қоректендіретін желілердің тартылуымен сипатталады, олардан дербес желілермен көбірек ұсақ электрқабылдағыштар қоректенеді.

Ішкі электр торабын құрайтын сымдар мен кәбілдерді, тарату құрылғылары мен қорғаныш аспаптарын тандап алу үшін тораптың есептік сұлбасы құрылады. Есептік сұлбада жеке электр желісі арқылы қоректендіріліп тұрған қабылдағыштың немесе қабылдағыштар тобының немірі, қуаты, сымның немесе кәбілдің маркасы, тарамдар саны және оның қимасының ауданы, ұзындығы, қорғаныштық аспаптың номинал тогы мен қыстырғысының немесе ұстамының тогы көрсетіледі.

Реактивті қуаттар балансының шарты бойынша 1 кВ-тан жоғары кернеуге қарымталауыш құрылғыларды таңдау.

«Таратушы тораптарда реактивті қуатты қарымталау бойынша Нұсқауларындағы» директивті бөліміне сәйкес қарымталауыш құрылғылардың қарымталау дәрежесі мен орналасуына трансформаторлардың қуаты мен санының дұрыс таңдалуы тәуелді болады. Келесідей есептеу тәртібі ұсынылады:

- берілген шарттар үшін толық қарымталау кезінде трансформаторлардың минималды саны мен жеке қуатын анықтайды;

- минималды саннан жоғары екі-үш трансформаторларға, трансформаторлардың әр саны үшін, конденсаторлардың қуатын шамамен табады;

- әр трансформатор үшін, батареялардың саны мен орналасу жағдайына байланысты, конденсаторлар батареяларының саны мен қуатын таңдайды;

- трансформаторлардың әр қарастырылған саны үшін келтірілген шығындарды анықтайды және шығындарды салыстыру жолымен трансформаторлардың оңтайлы санын табады;

- жергілікті жағдайлар мен электрмен жабдықтау жағдайларын есепке алып, трансформаторлардың ақырғы санын және қарымталау дәрежесін қабылдайды.

Қандай болмасын ауыспалы токтың электр тізбек үшін толық қуаттылықтың баланс шарттарының әділі болып табылады. Егер арнайы шараларды қолданбаса, баланстың бұл шарты тәртіптің жіберілмейтін және келіспейтін параметрлерінде пайда болуы мүмкін.

Желінің жеткілікті өткізгіштік қабілеттілігі немесе электр станциялардан және тиеудегі жұмыс тұрақтылығы қамтамасыз етілмесе тәртіп мүлде әрекет етпеуі мүмкін. Бұл деген, баланс шарты қажет болып табылады, бірақ ылғи жеткілікті емес. Үлкен көлемдегі реактивті қуаттылық үшін, белсендіге қарағанда, тек жалпы жүйе үшін баланстың қамтылуы маңызды емес, сонымен қатар сіңіру желі жеке тараптары үшін техникалық шарт бойынша оның берілуі үшін заттай шектеулер пайда болуы мүмкін.

Кернеуі 6-10 кВ қосалқы станциялар шинасына жалғағанда реактивті тоқтан энергожүйенің желілері ғана жүктеледі, ал қосалқы станциясы трансформаторлары жүктелмейді. Кернеуі 6-10 кВ конденсаторларын кернеуі 6-10 кВ таратқыш құрылғысы бар цех қосалқы станциясында, бөлшектейтін аудандарда, ОТО және БТҚ да орналастыру қажет. Шинасыз цехтік қосалқы станцияларында 6-10 кВ конденсатор тоқ көзін орнату қажет емес. Қарастырып отырған конденсатор тоқ көзінің қуаты жеке сөндіргішпен конденсаторды жалғаған кезде 400 кВ кем және күштік трансформатормен және басқа электрқабылдағыштармен, асинхронды қозғалтқышпен жалпы сөндіргішпен конденсаторды жалғаған кезде 100 кВ кем болмауы қажет.

Кернеуі 1 кВ-тан жоғары есептік реактивті қуатқа кернеуі 1 кВ-тан жоғары қабылдағыштардың реактивті қуаттары, трансформаторлар мен тораптардың реактивті шығындары және кернеуі 1 кВ-қа дейінгі тораптардың қарымталанбай қалған реактивті қуаттың бөлігі кіреді. Конденсаторлық қондырғының оңтайлы қуатын есептеу ең жоғары жүктемелердің режімі үшін жүргізеді. Кәсіпорынның 10 кВ түйініндегі реактивті қуат балансы. Егер де кәсіпорында 10 кВ синхронды қозғалтқыштар бар болса, олар пайдаланылуы тиіс. Жеке дара жағдайларда конденсаторлар батареяларының орнату тиімділігін тексеріп және синхронды қозғалтқыштардың реактивті қуатты генерациялауының келтірілген шығындарын 10 кВ конденсаторлардың келтірілген шығындармен салыстыру қажет. Егер де синхронды қозғалтқыштардың реактивті қуаттары қарымталауға жеткіліксіз болса, оларды орнату қажеттілігі пайда болуы мүмкін.

Реактивті қуатты реттеудің сатылы және жатық түрлері ажыратылады. Бірінші жағдайда конденсаторлар батареялары секцияларының әр алуан санын тиристорлық кілттер көмегімен қосады. Екінші жағдайда тікелей жиілік түрлендіргіштер, тиристорлардың жасанды коммутациясы бар түрленгіштер қолданылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]