Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
AVR__1179__1201_ryl_1171_ysyny_1187_mindeti.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
66.18 Кб
Скачать

Өнеркәсіптік объекттерде қолданылатын электрмен жабдықтау сұлбаларының түрлері.

Станцияның, қосалқы станцияның электрлік сұлбаларына қойылатын талаптар, қондырғыға қойылатын шарт деп түсіну қажет, себебі сұлба негізгі электрлік қондырғыларды және қондырғының эксплуатациялық құрамын анықтайды, бұл талаптар, технологиялық жобалау нормалардағы қалыптасып және жобалау барысындағы төмендегідей болады:

энергия жүйесіндегі қосалқы станциялардың, станциялардың жұмыс шартына негізделген электрлік сұлбалар, сонымен қатар станцияның технологиялық сұлбасы;

-эксплуатацияның ыңғайлылығы, атап айтқанда: сұлбаның қарапайымдылығы мен көркемділігі, ауысытырып қосудың минималды көлемі, баптау үшін электр қондырғыларға қол жеткізерлік;

- генераторларды, трансформаторларды, желілерді енгізу барысындағы электрлік бөлігінің құрастыру ыңғайлылығы; - экономикалық көлемде, қондырғыларды автоматтандыру мүмкіндігі;

- жеткілікті экономикалық сенімді сатысы.

Өндірістік кәсіпорын территориясы бойынша кабельдердің тартылым тәсілін таңдау. Кабельдік журналды құрастыру.

Кабельдік тартылым өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін негізгі болады, бұл тартылым коридорының көлемдерінің аздаулығымен (ал кейбір жағдайларда тіпті оның жоқтылығымен де), сенімділіктін жоғарылаулығымен, найзағай бөгеуілдерінің жоқтылығымен түсіндіріледі. Кабельдік желінің трассасын таңдағанда кабель шығынын максималды азайтуға тырысады және механикалық зақымданудан, коррозиядан, дірілден қорғауды қамтамасыз етеді, сонымен бірге көршілес кабельдегі тұйықталу кезінде электр доғадан болатын зақымдарды болдырмауға тырысады. Әр кабельді желісінің өз нөмірі мен атауын алуы тиіс. Кабельдік журналды құрастырады.

Ішкі электр торабын құрайтын сымдар мен кәбілдерді, тарату құрылғылары мен қорғаныш аспаптарын тандап алу үшін тораптың есептік сұлбасы құрылады. Есептік сұлбада жеке электр желісі арқылы қоректендіріліп тұрған қабылдағыштың немесе қабылдағыштар тобының немірі, қуаты, сымның немесе кәбілдің маркасы, тарамдар саны және оның қимасының ауданы, ұзындығы, қорғаныштық аспаптың номинал тогы мен қыстырғысының немесе ұстамының тогы көрсетіледі.

Ішкі және сыртқы жарықтандыру үшін қандай шамдар қолданылады?

Сыртқы жарықтандыру қондырғыларына қалалық көшелер мен зауыттық алаңдар мен жолдардың аудандарын, ашық тау-кен карьерлері мен жұмыстық алаңдарды, теміржол жолдарын және станцияларды жарықтаныру бойынша құрылғылары жатқызылады.

Сыртқы жарықтандыру қондырғылары жарықтандыру аспаптары ретінде жарықтандырғыштар мен жарық прожекторларына ие болуы мүмкін.

Сыртқы жарықтандыру қондырғыларында жарықтандырғыштардың орналасуы біркелкі етіледі. Орналасу сұлбасын таңдау минималдық меншікті орнатылған қуат барысында талап етілетін біркелкілік дәрежесіне байланысты.

Бір қатарлық бір жақты орналасу өту бөлігінің ені кезінде 10-15м артық болмауы, өстік – ені 25м артық болмауы тиіс. Жарықтандырғыштардың екі қатарлық орналасуы өту бөлігінің ені 25 м артық болмағанда пайдаланылады.

Сыртқы жарықтандыру үшін қыздыру шамдарынан басқа соңғы кезде люминисценттік шамдар мен ДРЛ шамдары қолданыла бастады.

Жарықтандырғыштың түрін таңдау өту еніне, қабылданған жарықтандырғыштардың орналасу сұлбасына және олардың іліну биіктігіне байланысты.

Жарықтандырғыштармен орындалған сыртқы жарықтандыру қондырғыларында олардың орналасуы белгілі болған жағдайда жарықтандырудың есебі нүктелік әдіспен жарық күшінің қисықтары бойынша жүргізіледі

Жарық көзінің типі бөлменің өзгешелігі мен биіктігіне, нормалан-ған жарықталынуға, жарықтандырудың түріне, архитектуралық шешім-дерге және т.б. себепкершарттарға байланысты таңдап алынады. Бөлме-дегі нормаланған жарықталыну 50 лк-тен жоғары болғанда люминес-центтік шамдарды (ЛШ), ал ол мәннен төмен болғанда, қыздыру

шамдарды (ҚШ) пайдалану ұсынылады.

Әкімшілік, қоғамдық, өндірістік және басқа ғимараттарда, қосым-ша бөлмелерден басқаларында жалпы жарықтандыруға ЛШ пайдалану ұсынылады. Негізгі өндірістік мақсатқа арналған ауылшаруашылық үй-жайларды (мал тұратын бөлмелер, профилакториялар, мал азығын

дайындайтын цехтар және т.б.) жалпы жарықтандыруға ”Салалық нор-малар„ - бойынша ЛШ пайдалану ұсынылады. Егер ЛШ пайдалануға техникалық мүмкіншілік болмаса немесе архитектуралық шешімдері талап етілсе, бұл жағдайларда ҚШ қолданылады.

Жергілікті жарықтандыруға ЛШ пайдалану дұрыс келеді.

ДРЛ типті шамдарды апаттық жарықтандыруға пайдалануға болмайды.

Жылытылмайтын үйжайларда ЛШ пайдаланылмайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]