Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
AVR__1179__1201_ryl_1171_ysyny_1187_mindeti.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
66.18 Кб
Скачать

Авр құрылғысының міндеті, оларға қойылатын негізгі талап?

Тұтынушылардың электрмен қамтамасыздандырудың сенімділігінің ең бастысының бірі қоректендіру резервінің автоматикалық қосылуы (РАҚ).

РАҚ құрылғыларына келесі талаптар қойылады:

1) негізгі көздердің кез-келген себептерінен және резервті қорек көзінде

кернеу болған жағдайда электрмен қамтамасыз ету тоқтатылады, сонда РАҚ іске қосылады,

резервтік қорек көзінің іске қосылуы тек ғана негізгі қорек көзі өшірілгеннен кейін;

2) РАҚ біртекті болу керек;

3) РАҚ минималды жұмыс істеу ұзақтылығымен іске қосылу қажет;

4) РАҚ-тан кейін тұрақ қ.т. қосылғаннан кейін резервті көздің тез арада ажыратылуы қамтамасыз ету керек, бұл үшін РАҚ-тың тездетілген қорғауын орындау қажет;

5) РАҚ схемасында тізбектің резервті қондырғыларды дұрыс іске қосуын қадағалау қажет.

Арнайы электр қондырғыларын жобалау кезіндегі электр энергиясы сапасының көрсеткіштерін есептеу.

Электр тұтыну режімі күрделіленген электрқабылдағыштар әсерін талдауы көрсеткендей, электр энергиясы сапасының көрсеткіштері осы қабылдағыштардың қуаты өскен сайын және электр торапқа қосылу нүктесіндегі қысқа тұйықталудың қуаты кеміген сайын нашарлай береді. Бейсинусоидалық коэффициенті түрлендіргіш агрегаттарының қуат сомасына пропорционалды және ҚТ қуатына кері пропорционалды. Бейсимметрия коэффициенті бір фазалық жүктеме қуатына пропорционалды және ҚТ қуатына кері пропорционалды. Кернеу тербелістері мен прокат стандары туғызатын жиілік тербелістері сәйкесінше соққылық реактивті жүктеменің қуаты мен активті қуат лақтыруына пропорционалды және ҚТ қуатына кері пропорционалды. Электр энергиясы сапасының барлық көрсеткіштерін жақсарту үшін электр тұтыну режімі күрделіленген электрқабылдағыштарды ҚТ қуатының мәні ең үлкен электрмен жабдықтау жүйесінің нүктелеріне қосу орынды.

Газ қорғанысы қандай сатыларға есептелген? Неліктен?

Газ қорғанысы газдардың бөлінуімен қатар жүретін және май деңгейі апаттық төмендеген кезде трансформатордың багында болатын барлық ішкі бұзылыстар түрлерінен трансформатордың негізгі қорғанысы болып табылады.

Қорғаныстың негізгі элементі – бұл трансформатордың багы мен ұлғайтқышы арасындағы байланыстырғыш трубада орнатылған РГ43-66 газдық релесі болып табылады. Қорғаныстың екі әсер ету сатысы болады: сигнал мен сөндіруге.

Бірінші сатысы газ баяу бөлінгенде немесе май аз ағып кеткенде уақыт ұстанымымен сигналға әсер етеді. Газдық релесінің қалыпты ажыратылған сигналдық түйіспесі тұйықталған кезде көрсеткіш релесі іске қосылады және трансформатордың қорғаныс панелінде сигналдық шам жанады. Дыбыс ескерту сигналы шығады.

Екінші сатысы газ қарқынды бөлінген кезде немесе трансформатордан май тез ағып кете бастағанда трансформатордың сөндірілуіне әсер етеді. Бұл кезде газдық релесінің қалыпты ажыратылған сөндіруші түйіспесі тұйықталады, мұның нәтижесінде жабық тарату құрылғысында ЗРУ трансформатордың қорғаныс панелінде аралық реле мен көрсеткіш реле іске қосылады. Реленің қалыпты ажыратылған түйіспесі арқылы жабық тарату құрылғысында ЗРУ сигналдық шамды жандыратын көрсеткіш реле іске қосылады. Дыбыс ескерту сигналы іске қосылады.

Аралық реле өзінің бір қалыпты ажыратылған түйіспесімен газ релесінің түйіспесін шунттайды және өздік қоректендіруге тұрады, ал келесі қалыпты ажыратылған түйіспесімен қысқа тұйықтағыштың КЗ-110кВ іске қосу электромагнитін және 6 кВ кірмесінің МВ жетегінің тоқты сөндіру электромагнитін іске қосады.

КЗ-110кВ іске қосқан соң, тоқсыз паузада ОДЗ-1-110кВ сөндіріледі.

КЗ-110кВ іске қосылып, өзінің бір қалыпты тұйықталған блок-түйіспесімен аралық релесін сөндіріп тастайды, ал келесі қалыпты тұйықталған блок-түйіспесімен трансформатордың қорғаныс панелінде қысқа тұйықтағыштың (РПО) «сөндірулі» қалпын сөндіреді.

РПО релесі КЗ-110кВ сөндірулі қалпында қысқа тұйықтағыштың КЗ-110кВ іске қосу электромагнитінің ЭВ қоректендіру тізбегінің бүтіндігін бақылайды.

КЗ-110кВ іске қосу тізбегі үзілген кезде РПО релесі сөндіріліп, көрсеткіш реле мен дыбыстық ескерту сигналын іске қосады. Көрсеткіш реле трансформатордың қорғау панелінде сигналдық шамды СЛ жандырады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]