Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті Студенттің өзіндік жұмысы
Тақырыбы: Дәрілерді парентеральды жолмен енгізгенде болуы мүмкін асқынулар.
Алғашқы дәрігерге дейінгі көмек.
Факультет: жалпы медицина
Пәні: Клиникаға кіріспе - 2
Орындаған:
Тексерген: Кульмырзаева Н. К.
Дәрілік заттарды ас қорыту жүйесіне түспей енгізу жолын - парентеральдық деп атайды.
Парентеральдық енгізу жолдарының бірнеше түрлері бар:
Тіндерге - тері, тері астындағы май қабатына, бұлшық етке, сүйекке.
Тамырларға - көктамыр, артерия, лимфа тамырларына.
Қуыстарға - іш қуысына, плевра, жүрек, буын қуыстарына.
Субарахноидалдық кеңістікке.
Парентеральдық енгізу жолы басқаша «инъекция» деп аталады, латын сөзінен «inectio» - енгізу деген мағына береді. Егулердің басқа енгізу жолдарынан артықшылықтары болғандықтан, медициналық тәжірибеде кеңінен қолданылады, себебі:
енгізген дәрі тез әсер етеді;
дәрінің нақты мөлшерде есептелуі, яғни дәріге ас қорыту ферменттерінің әсері болмайды;
бауырдың кедергі ролі жойылады;
жедел көмек көрсеткенде өте тиімді.
Иъекция алдында мейірбике қолын сабындап жуып, спиртпен сүртіп алуы тиіс. Содан соң шприцті жинайды. Теріастына, етке, көк тамырға енгізетін дәрілік заттарды ампуладан сорғызып алмас бұрын, оның не дәрі екендігін ыдысының бүтіндігін, оның ішіндегі сұйықтықтың тұнықтығын, дәрінің сапалылығына, көз жеткізіп алуы керек. Ампуланың мойнын спиртпен сүртіп, кескішпен кесіп, шприцтің инесімен сорып алады. Ішіндегі ауасын шығару үшін шприцті тік ұстап, поршенін ақырындап жылжытса болғаны.
Антибиотиктерді ұнтақ күйінше, аузын резеңке тығынмен, темір қалпақпен жапқан флакондарды шығарады. Оны иъекция үшін былай дайындайды: алдымен қалпақшасын ашып, резеңке тығынын спиртпен сүртеді. Шприцке ұзын, қуысы кең инені кигізіп, антибиотикке ерітінді (0,5 новокаин, физиологиялық ерітінді, дистилляцияланған су т.б.) сорғызады да, флаконның резеңке тығынына тік шаншып кіргізеді. Сөйтеді де, шприцтегі ерітіндіні поршеньді баса отырып, флаконға жайлап жіберіп, дәрі ерігенше күту қажет. Кейдң дәрінің еруін тездету үшін, әрі-бері шайқап, содан соң шприцке сорғызып алады. Дайын болған шприцті дәрісімен зарарсызданған астаушаға салып, бетін зарарсызданған дәкемен жауып, палатаға барады. Кейде мейірбике ішінде дәрісі бар шприц инесін, спиртке малынған дәкемен ғана жауып алып, бүкіл бөлімді аралап жүргенін көруге болады. Бұл барып тұрған өрескелдік. Мұндай инъекция жасаған жерде іріңді соқта дамуы мүмкін. Сондықтан да кез келген мейірбике инъекция кезінде асептиканың заңдарын қатал сақтауы тиіс.
Сырқат сәбилерге инъекция жасаған кезде өте сақ болған абзал. Себебі олар инъекция мәнін әлі жете түсінбейтіндіктен, ине шаншар кезде қатты тынышсызданып, жылап мазалары кетеді. Тыпырлап, жұлқынып жылап жатқан балаға ине шаншуға болмайды, себебі ине сынып немесе оның ұшы сырқат денесінде қалуы мүмкін, болмаса тамырын, нервісін т.б. зақымдап алу ықтимал.
Дәріні енгізбес бұрын қажетті құралдарды тәртіппен дайындап алу қажет. Сонымен қатар, еңгізу ерекшелігі мен мөлшеріне назар аударып, препараттың өту мерзіміне мән беріңіздер. Маңызды аспектілер қатарына жатады:
Гигиена
Дозировка
Шприц пен ине
Иньекцияны орындау сақтығы
Регистрация обработок
Инфильтрат.
Ісіну, инъекция енгізілген аймақтың ауырсынуы байқалады. Себептері:
-Инъекция техникасының бұзылуы
-Жылымаған майлы ерітінділердің енгізілуі
-Бірнеше рет 1 орынға инъекция жасалынуы
Профилактика:
Асқынуды күшейтетін себептерді жою Емделуі:
Компресс, грелка, инфильтрат орнын йодтау
Абсцесс
Жұмсақ тіндердің ісінуі, ірінмен толуы, басқа тіндерден пиогенді мембранамен бөліні: Ауырсыну, ісік, абцесс аймағындағы гиперемия, жергілікті немесе жалпы қызу жоғарылауы
Себептері:
Асептика антисептиканы сақтамағандықтан ұмсақ тіндердің зақымдалуы Профилактика: Инфильтрат немесе абцесс шақыратын себептерді жою
Емделу: Жирургиялық көмек
Иненің сынуы.
Причины:
-Инені канюлясына дейін енгізу
-Тозған, пайдаланылған инені қолдану
-Бұлшықеттердің жылдам жиырылуынан Профилактика:
-Иненің 2/3 ұзындығын ғана енгізу
-Тозған инемен қолданбаңыз
-Инъекцияны емделушіні жатқызып жасаңыз Емделуі: Ине қалдықтарын залалсыздандырылған пинцетпен немесе хирургиялық жолмен алу
Майлы эмболия.
Венаға түскен май – эмбол, өкпе қантамырларына түседі. Тұншығу мен цианоз белгілері байқалады. Бұл асқыну жиі өліммен аяқталады.
Себептері:
-Бұлшықеттік немесе теріастылық инъекцияда абайсыздан қантамырға иненін тиюі.
-Абайсыздан препаратты венаішілік енгізу Емделуі: Дәрігер нұсқауы бойынша.
Абайсыздан препаратты ауыстырып енгізу.
Әртүрлі болуы мүмкін: ауырсыну сезімінен бастап анафилактикалық шокқа дейін. Профилактика:
Инъекция алдында препараттың атын, шығу түрін, мөлшері мен өту мерзіміне назар аудару. Емделуі:
-Инъекция орнына 0,9 % натрий хлориді ерітіндісін енгізу
-Инъекция орнына мұз басу
-Үстінен жгут қою
-Кейіннен дәрігер нұсқауымен әрекет ету
Нерв тіндері зақымдалуы
Тромбофлебит
Некроз
Гематома
Липодистрофия.
Сепсис, СПИД, вирусты гепатит.
Дәрігерге дейінгі алғашқы көмек Дәрігерге дейінгі алғашқы көмек – бұл оқиға болған кезде оған тікелей жақын жерде болған, бірінші медициналық көмек көрсетудің қарапайым тәсілдерін меңгеруі тиіс көрген адамдар аса қысқа мерзімде орындаған ең қарапайым медициналық ісәрекеттер мен айла-шарғылар. Жарақаттанудан кейін 30 минуттың ішінде алғашқы медициналық көмек көрсету оңтайлы көмек болып есептеледі. Өндірістегі жазатайым оқиға кезінде дәрігерге дейінгі алғашқы жәрдемнің өз уақытында және сапалы жасалмауына байланысты бұдан кейінгі проблемаларды болғызбау үшін жұмыс беруші өндірістің осы түріне неғұрлым сипатты қауіпті және зиянды өндірістік факторлардан зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетудің іс-тәжірибелік дағдыларын тексерумен оқытуды ұйымдастыруы, және оқытылған персоналдың әрбір жұмыс ауысымында жұмыстардың әрбір учаскесінде міндетті түрде болуы қажет. Зардап шегушіге дәрігерге дейінгі көмек көрсету жөніндегі жалпы ұсынымдар: 1. Зардап шегушіні штаттық немесе қолда бар құралдарды және өзі үшін қауіпсіз тәсілдерді пайдаланумен оған қауіпті өндірістік фактордың (электр тогы, химиялық заттар, су, механикалық әсерлер және басқалар) әсер етуінен құтқару. 2. Зардап шегушінің жай-күйін бағалау, оны тыныс тарылтатын киімінен босату, қажет болған жағдайда таза ауаға алып шығу. 3. Зақымдану сипаты мен дәрежесін анықтау, бұл үшін зақымданған жерлерді, дене бөліктерін жалаңаштау және кейінге қалдырылмайтын көмек беру шаралары туралы шешім қабылдау. 4. Зардап шегушіні құтқару жөніндегі қажетті шараларды шұғыл орындау – тыныс алуды қалпына келтіру, қан ағуын тоқтату, сынған жерді таңу, байламалар салу және т. б. 5. Медициналық қызметкерлер келіп жеткенге дейін зардап шегушінің негізгі өмірлік функцияларын қолдап отыру. 6. Зардап шегушіні тасымалдауға дайындау. 7. Медициналық қызметкерлерді көмекке шақыру. Көмек көрсетуші: төтенше жағдайлардағы жұмыс негіздерін; адам ағзасының өмірлік маңызды функциялары бұзылуының негізгі белгілерін; нақты жағдаятқа қолданылатын алғашқы медициналық көмек көрсетудің ережелерін, әдістерін, тәсілдерін; зардап шегушілерді тасымалдау мен эвакуациялаудың негізгі тәсілдерін білуі тиіс. Көмек көрсетуші мыналарды орындай білуі тиіс: жағдаятты жылдам және дұрыс бағалау: Көмек көрсетуші мыналарды орындай білуі тиіс: жағдаятты жылдам және дұрыс бағалау: зардап шегушінің жай-күйін бағалау, жарақаттың түрі мен ерекшеліктерін тани білу, диагнозын қою; қажетті алғашқы медициналық көмек түрін, оны көрсету бойынша шаралар өткізудің реттілігін анықтау; зардап шегушінің жай-күйін есепке ала отырып, төтенше жан сақтау көмегінің бүкіл кешенін дұрыс жүзеге асыру; қан ағуын бұрау салу, қысатын таңғыш салу, тамырды саусақпен басу жолымен уақытша тоқтату; жасанды дем алдыру мен жүрекке жабық массаж жасауды орындау; таңғыштар, көліктік құрсымдар таңу, күйген, уланған, үсіген, электр тогы соққан кезде және басқаларда көмек көрсету. Алғашқы медициналық жәрдем көрсету мәселелерін кіріспе нұсқама мен жұмыс орнындағы нұсқамалар бағдарламаларында көрсету қажет, бұған қоса оларды ұйымдағы ЕҚжЕҚ бойынша білім тексеру тапсырмаларына да енгізу керек.
