- •Оқытушылар туралы мәлімет:
- •Пәннің саясаты
- •Оқыту және үйрету әдістемесі:
- •4. Пәнді оқытудағы соңғы нәтижелер Оқу бағдарламасындағы соңғы нәтижелердің жалпы көлемі
- •5. Пәннің пререквизиттері мен постреквизиттері:
- •6.Пәннің қысқаша мазмұны:
- •7. Тәжірибелік сабақтардың тақырыптық жоспары және интерндердің өзіндік жұмысы
- •Интерндердің өзіндік жұмысының тақырыптық жоспары(иөж).
- •Суммативті бағалау дизайны Оқытудың соңғы нәтижелерін бағалау түрін құрастыру
- •Ұсынылған әдебиеттер тізімі
- •Алынған білімді бағалау ережесі
- •Рейтингтік жүйе бойынша бағалау шкаласы.
5. Пәннің пререквизиттері мен постреквизиттері:
Пререквизиттер: жалпы медицина бакалавриатының барлық пәні (фармакология, ішкі аурулар пропедевтикасы ,ішкі аурулар ).
Постреквизиттер: терапия бойынша резидентураның барлық пәні (пульмонология, аллергология , иммунология, кардиология, ревматология, гастроэнтерология, гематология, эндокринология, нефрология).
6.Пәннің қысқаша мазмұны:
Диагностикалық танымдар. Психиатриялық әңгімелесудің нақты мақсаттары. Бастапқы әңгімелесуді ұйымдастыру. Суицид жағдайы кезінде керекті ақпаратты жинау тәсілі. Психикалық статусты тексеру (скринигты тәсілдер, мини тексерулер). Психоәлеуметтік анамнез.
Психиатриялық интервьюді стандартизациялау. Психикалық және мінез құлық бұзылыстарының халықаралық жіктемесі. Экспериментальды және инструментальды диагностикалық тәсілдері.
Психиатрия және наркологиядағы негізгі клиникалық бұзылыстар. Диагностика. Науқастармен оның туысқандары арасындағы әлеуметтік психологиялық мәселелер. Оңалту ерекшеліктері.
Шизофрения, параноидты және шизоаффективті бұзылыстардың негізгі және қосымша клиникалық белгілері. Жедел шизофренияны еске түсіретін соматикалық жағдайлар және психоздар. Бипоялрля бұзылыстар типі. Үлкен депрессивті эпизодтардың диагностикалық критериилері. Паникалық бұзылыстардың себептері. Әлеуметтік фобия, жайылған үрейлі және обсессивті ө компульсивті бұзылыстардың негізгі белгілері. Жарақаттан кейінгі бұзылыстар, себептері, белгілері, жастық ерекшеліктері. Осы аталған бұзылыстар кезіндегі негізгі психофармакопрепараттар.
Психо белсенді заттар қолданғаннан кейінгі бұзылыстар, мамандардың көмегі. Психиатрға бағытталған жағдайлар. Демеуші терапия және оңалтудың психоәлеуметтік мәселелері, психикалық және мінез құлық бұзылыстары кезіндегі жанұяның ролі. Сексуальды бұзылыстардың категориясы, олардың типтері, клиникалық сипаттамасы. Клиницист ролі, осы аталған бұзылыс кезіндегі алғашқы медициналық көмек. Физикалық және психикалық бұзылыстардың себептері, негізгі ем тәсілдері. Ұйқы фазалары, бұзылыстары және ем тәсілдері. Соматикалық түсіндірілмейтін симптомдар, себептері, соматоформды бұзылыстар, соматизирленген және конверсионды бұзылыстар. Дисморфофобиялық бұзылыстар. Негізгі ем жолдары. Жан қайғысы. Депрессиямен ара қатынасы. Алғашқы көмек.
Емдік жолдары. Психоаналитикалық психотерапия. Негізгі түсінік, балалардағы уайымдау ролі, қалай психотерапия жүргізуге болады. Психодинамиялық психотерапия. Адам дамуы түсінуіндегі психоанализ ролі. Когнитивно-мінез құлық психотерапия. Бихевиоральды тәсілдер, когнитивті триада. Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді психотерапияның айырмашылығы. Ерлі зайыпты және жанұялы терапияның көрсеткіштері. Топтық психотерапия, басымдылығы және жетіспеуі. Медитация және басқа да релаксация тренингтері және оның тиімділігі.
Депрессияның медикаментозды емі: кең таралған антидепрессанттардың таралуы, тиімділігі. Антипсихотикалық препараттар және оның көрсеткіштері. Нормотимиктер және оны қолдану ерекшеліктері. Үрейге қарсы және седативті препараттары, тағайындау ерекшеліктері. Дәрілік зат аралық әсер етуі. Дәрілердің өзара әрекеті. Электроқұрысуға терапия, басымдылығы және жетіспеуі.
Параноидальды бұзылыстары. Биполярлы бұзылыстар. Депрессивті бұзылыстар. Паникалық шабуылдар және паникалық бұзылыстар. Әлеуметтік фобия және арнайы фобия. Жайылған үрейлі бұзылыстар. Обсессивті-компульсивтік бұзылыстар. Жарақаттан кейінгі стресстік бұзылыстар. Психоактивті заттарды қабылданғаннан кейінгі бұзылыстар
Диссоциативті бұзылыстар. Сексуальды бұзылыстар және сексуальдылық. Тамақтану бұзылыстары.
Балалар және жасөспірімдердегі психиатрия және наркология дағы негізгі клиникалық бұзылыстары. Балалар және жасөспірімдердегі аутизм симптомдары. Мінез құлық қызметі әлеуметтік бұзылыстары. Аспергера, Ретта синдромы. Диагностикалық тесттер. Себептері. Негізгі ем тәсілдері. Көңіл бөлу және гиперактивтілік жетіспеуімен бұзылыстары. Диагностика және гипердиагностика. Мінез құлық бұзылыстары, дифференциальды диагноз және тиімді ем тәсілдері.
Балалар және жасөспірімдердегі обсессия және компульсия, жиілігі, дифференциальды диагноз, барлық дәрігер типтер және ролі. Медикаментозды және медикаментозды емес ем. Энкопрез және энурез. Себептері, таралуы, ем тәсілдері. Жиілігі, балалар және жасөспірімдердегі психоактивті затарды қолдану ерекшеліктері. Даму сатылары, қауіп тобының дамуы. Балалар және жасөспірімдердегі психофармакотерапия принциптері.
Егде жастағы адамдардың негізгі психикалық мәселелері. Қартайған шақтағы тұлғаның ерекшеліктері. Қарттардағы өмірге көзқарас тапшылығы. Қарт адамдардағы сексуальды өмірдің ерекшеліктері.
Қарт науқастардың қайғыға жауап беруі, және оның диагностикадағы және емдеудегі маңызы. Өлімнен қорқу және өмірден озу үрдісі. Қарт адамдардың психотерапия, психофармакотерапия ерекшеліктері.
Жүкілік және етеккірмен байланысты бұзылыстар. Предменструальды синдром. Предменструальды дисфориялық жағдай. Таралуы, қауіп топтары, этиология. Диференциальды диагноз және ем стратегиясы. Жүктілік кездегі тағамдық бұзылыстар, таралуы, жүктілік кезде психоактивті дәрілік заттарды қолдану, ана және бала денсаулығы.
Жүктілік кездегі депрессия және үрей. Психотикалық бұзылыстарды емдеу. Жүктілік кезде психотропты препараттарды қолдану, ұрыққа әсері. Босанғаннан кейінгі психикалық бұзылыстар. Жиі кездесетін диагноз, факторлары, клиникалық белгілері, биологиялық ем түрлері.
Консультативті психиатрия. Стационарда дәрігер психиатр кеңесінің көрсеткіштері. Психиатр кенесі үшін керекті ақпараттар. Психиатр нұсқаулары және оның орындалуы. Соматикалық аурулар кезіндегі депрессия. Алғашқы көмек бөлімшесіндегі психикалық бұзылыстар, таралуы, жиілігі, психикалық бұзылыстарды еске түсіретін соматикалық аурулар. Скринингті тәсілдер.
Созылмалы ауырсыну синдромы бар науқастарды жүргізу. Сексуальды дисфункцияны емдеу және диагностикасы. ЖИТС психиатриялық аспектілері. Кардиоваскулярлы науқастарға психиатр кеңесі. Онкологиялық науқастарға психиатр кеңесі. Қант диабеті бар науқастарға психологиялық ем аспектілері.
Науқастарды ерекше категориялы ем. Суицид, қауіп факторы және жүргізу тәсілі. Қатерлі нейролептикалық синдром. Диагностикасы және емі. Емге депрессияның резистенттілігі.
Агрессивті науқастарды клиникалық бағалау және жүргізу. Семіздік, медициналық психологиялық салдары. Ем мәселелері және коррекциялау.
Деменция, делирий және оларға жақын жағдайлар. Соматикалық және неврологиялық бұзылыстар типтік мінез құлық көріністері. Біріншілік және екіншілік психоз, симптоматикалық психоз. Аффективті бұзылыстар және соматикалық және неврологиялық аурулармен жүретін тұлғалық бұзылыстар.
Деменция себептері. Қыртысты, қыртыс асты және аралас деменция. Деменция ретінде қателік жасалатын жағдай. Медикаментозды ем. Делирия, себебі, клиникасы, делирия себебі тәрізді соматикалық бұзылыстар.
Тұлғаның бұзылыстары. Тұлғалық мінез және тұлғаның бұзылыстары. Жастық әсері. Клиникалық белгілері, тұлғаның кластерлік бұзылыстары. МКБ-10, DSM-IV. Коморбидті психикалық бұзылыстар. Тұлғаның шекаралы бұзылыстары. Диагностикалық критериилері. Себептері, дифференциальды диагностикасы. Емдеу кезіндегі қауіп факторлары.
Тұлғаның антисоциальды бұзылыстары. «Психопат», «социопат». Себептері. Осы бұзылыстар кезіндегі соматикалық бұзылыстар.
Сабақ беру және оқыту әдісі:
Дәрістер – типтік бағдарламада қаралмаған.
Тәжірибелік сабақ:оқыту, клиникалық жағдайға негізделген(CBL), пікір-талас, презентация, кейс-стадия, рөлдік ойындар;медициналық құжаттар жүргізу, ертеңгілік дәрігерлік конференцияға, консилиумға, клиникалық талдауға қатысу , кіші топтармен жұмыс жасау, клиникалық жағдайдың презентациясы, семинар мен ғылыми-практикалық конференцияға қатысу,пәнаралық және кәсібиаралық оқыту; оқытушының басқаруымен науқаспен жұмыс жасау, клиникалық талдау, ауызша талқылау, дәрілер дозасын есептеу, рецепт жазу, жағдайлық есептерді шешу,
Оқытушының басқаруымен интерннің өзіндік жұмысы–тақырыпты өз бетінше меңгеру, жағдайлық есептерді, рефераттарды және презентацияларды дайындау, оқулықтармен, кестелермен жұмыс жасау, тест тапсырмаларын орындау, интерактивті оқыту бағдарламаларымен жұмыс жасау, кіші топтармен жұмыс жасау, аралық бақылау.
Интерннің өзіндік жұмысы- оқу ғылыми әдебиетпен жұмыс жасау, презентация дайындау, жаттығулар мен есептерді орындау, интернет мәліметімен алынған тақырыптық реферат жұмысын қорғау.
ЕСКЕРТУ:
1. Емдеу жұмысы: дәрігер интерн 50% науқасты курациялау жұмысымен айналысу қажет.
2. Аптасына кафедра қаралымы бойынша ұсынылады:
1-2 семинар
1-2 тақырыптық және клиникалық талдау
1 ғылыми-тәжірибелік конференция
1 сабақ науқастың мед.картасын сараптау бойынша өту
3. интерн курациялаған науқастың мед.,картасын сараптамалы бағалау топ оқытушысымен жүргізіледі. .
