Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Dintanu_1modul.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
82.12 Кб
Скачать
  1. Фетищизм

Фетишизм - (франц. тұмар, қасиетті күш бар зат) - көбінесе алғашқы қауымдық құрылыс, архаикалық мәдениетіне тән жансыз заттарға қасиетті деп табыну. Фетиштер арқылы рухани киелі күштер әрекет етеді, қамқорлық көрсетіп, қорғап қоршайды деген түсінік алғашқы адамзаттың мифологиялық - синкреттік санасына сай туындаған болатын. Ф. ретінде әрбір затты қарастыруға болады, тек ол үшін сол затқа өзіндік күш - қуат берілсе болғаны. Ф. элементтерін бүкіл дүние жүзіндегі мәдениеттерден кездестіруге болады. Тотем (солт - америк. Аджибе тайпасының тілінен аударғанда - тек, ата) - белгілі бір тайпаның немесе этникалық топтың шыққан тегі, арғы атасы деп қарастырылатын өсімдік, жануар, зат немесе табиғат құбылысы. Терминді ғылыми айналымға ағылшын жиһанкезі Дж. Лонг енгізген.

  1. Магия. Магияның түрлері

Магия[1] ( лат. magia гр. μαγεία — сиқыршылық) — алғашқы қауымдық дін формаларының бірі; іс-әрекеттердің (жеке немесе ұжымдық) символдық бейнесі. Магия алғашқы қауым адамы ойының көрінісі және жаратылыстан тыс күштерге сенімнің күшеюімен тікелей байланысты болды. Магиямен байланысты дүние туралы түсініктер ежелгі натурфилософиялық ілімдер мен алуан түрлі “құпия ілімдер” негізінде алынды.

Ортағасырлық алхимияда магиялық негіз айқын көрінді. Қайта өркендеу дәуірінде Дж.Делла Порта, Дж. Кардано, Парацельс сынды ойшылдардың еңбектерінде магиялық белгілер көрініс тапқан. Табиғат күштеріне бағынышты ежелгі адам күрделі мәселелерді шеше алмағандықтан құпия, тылсым күштерге арқа сүйеп, магиялық іс-әрекеттер жасады. Олар магияны табиғатпен қарым-қатынас формасы ретінде және өзара қарым-қатынас барысында қолданды. Магия көптеген тылсым құбылыстарды жұмбақ күштердің әсеріне жатқызуға негізделіп, адамдарға, жануарларға, рухтарға, тағы басқаға әсер ету мақсатын көздейтін салт-жоралар жиынтығынан көрінеді. Магия адамдардың өзінің немесе басқалардың бойында табиғатқа ықпал етудің табиғаттан тыс барлық мүмкіндіктеріне сенімін білдіреді.

Түрлері[өңдеу]

Магия мынадай түрлерге бөлінеді: өндірістік, емдеу, сақтаушы (қорғаушы), зиян келтіруші, соғыс, ауа райы магиясы.

Өндірістік магия ежелгі адамның шаруашылық іс-әрекетімен — егін егу, аң, балық аулау, тағы басқа байланысты.

Емдеу магияның мақсаты — дуалау, үшкіру, басқа да “сиқырлық” тәсілдер арқылы ауруларды емдеу.

Сақтаушы (қорғаушы) магия тыйым салу (табу) жүйесінен тұрады. Магиялық тыйым салу жаман ниеттер мен бақытсыздықтардан сақтану үшін қолданылады.

Зиян келтіруші магия — жануарларға зиян, залал келтіру үшін қолданылатын дуалар жүйесін білдіреді.

Соғыс магиясында — жау әскеріне қарсы сиқырлық іс-әрекеттер жасалады.

Ауа райы магиясында — шаруашылық өмірге қолайлы табиғат жағдайын туғызу үшін сиқырлық әрекет жасау орын алады.

  1. Шаманизм

Ата-бабамыздың тарихында бақсылық ерекше орын алған. Бақсылық – шаман дінінің осы күнге дейін жеткен сарқыны. Бақсы деп өзге тылсым әлеммен байланыс орнатып, ондағы түрлі рухтармен байланыс жасай алатын адамды айтқан. Бақсылар «әулиелерді» «аруақтарды», «періштелерді» шақырып, олармен тілдесе алады, адамның жаулары – дәу,пері,шайтан, албасты, жын, марту, тағы басқа мен күреседі деген сенімде болған. Бақсыларға тән ерекше қасиеттердің бірі – емшілік (тәуіпшілік). Бақсылардың бәрі қобыз тартып, зікір салып, түрлі емдер жасайды. Оның қамшысы тиген адамның денесіне кірген шайтандар қашып, барлық сырқатынан құлан-таза жазылып кетеді деп сенген.

Бақсылардың өткенді біліп, болашақты болжау қасиетті болады. Олар аруақтар шақыру, қойдың жауырының падалану, құмалақ ашу арқылы болашақты болжаған, өткенді көре білген, адамның ойы оқи алатын болған.

Халық арасында есімі ұмытылмаған әйгілі бақсылар болған. 14 ғасырда жасаған Салттық бақсы туралы ел ішінде талай жырлар мен аңыз-әңгімелер қалды. Себебі – бүкіл Дешті Қыпшақта одан өткен білгір бақсы болған жоқ.

Ислам халық арасында кең етек алып, шаман мәдениеті мен бақсылық өнерін ығыстырғанмен, олардың намым-санімдерінде шаман дінінің (тәңіршілдік) ізі сақталып қалды. [1]

Алтайская шаманка

Символ

Шаманизм - қазақша баламасы бақсылық, бақсыға табыну. Дәстүрлі ой машығының ең көне түрлерінің бірі. Тотемизмнен кейінгі, монтеистік діндерден бұрынғы жөн-жоралғылы магикалық дүниетаным. Шаманизмдегі басты нәрсе - бақсы мен бақсы жүргізетін салт-жоралғылар. Бақсы әрекеттерінің бәрі де магикалық ойлау тәсілінен қүрылған.Магия дегеніміз нақты дүниеге ықпал ету. Осы әрекеттердің барысында біраз ауыз әңгімелер пайда болады, олар бірте-бірте белгілі халықтың мифологиясын қүрайды.[2]

  1. Политеизм. Политеистік діндерді.

  2. Көне Мысырдың өлімнен кейіңгі өмірі туралы түсінік беретін «Өлілер кітабы»

  3. «Гильгамеш» поэмасы мәңгілік өмір мәселесін шешудің жолы ретінде.

  4. Джайнизм сенімінің ерекшеліктері

  5. Даосизм сенімінің ерекшеліктері

  6. Даосизмнің діни сеніміне сай мәңгілікке жету жолы

  7. Индуизм сенімінің ерекшеліктері

  8. Индуизмде «Карма заңы» дегеніміз не

  9. Сионизм дегеніміз не? Оның Иудаизммен қандай байланысы бар

  10. Көне римдік политеизм

  11. Көне Грекиялық политеизм

  12. Эпикурдың діни іліміндегі негізгі мәселелер

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]