Джайнизмнің пайда болуы
Джайнизм (Джина – жеңіс) философиясының негізін қалаған Махавира деген ойшыл болған.
Джайнизм ²жеңіс² деген сөзден шыққан. Адам кімді жеңу керек? Басқаларды ма, әлде бүкіл Дүниені ме? - Жоқ, бұл Дүниедегі шынайы жеңіс – ол адамның өзін-өзі жеңуі.Джайнизм философиясында 9 ұғым бар. Олар – тірі (джива), өлі (аджива), ізгі, күнә, жанның бұзылуы (ашрава), самвара – жанның тазалануы, тәуелділік, карманы бұзу – нирджара, жанның денеден құтылуы – босау.
Джайнизм философиясының негізгі ұғымдарының бірі – святвада (свят – белгілі бір жағдайда). әрбір заттың шексіз әртүрлі қасиеттері мен белгілері бар. Уақыттың шеңберінде олардың бәрі өзгеріп отырады. Сондықтан, бірде-бір затты толығынан танып-білу мүмкін емес. Зат жөніндегі біздің тұжырымдарымыз щектелген болу керек.
Джайнизмнің “үш маржаны², - ол – дұрыс сенім, дұрыс білім, дұрыс жүріс-тұрыс.
Адам өзін-өзі жеңуі үшін бірнеше қағидаларды ұстауы керек. Олар:
Апариграха – дүниедегі заттарға қызықпау, байланбау, самарқау қарау;
Сатья - әрқашанда ол қандай қиын болса да шындықты айту;
Астея - ұрламау, өлейін деп жатсаң да ешнәрсені рұқсатсыз алмау, сұрап қана алу;
Ахимса – ешнәрсеге зәбірлік жасамау, өйткені барлық тіршіліктің жаны бар.
Тарихта мыңдаған жылдар өтсе де, джайнизмнің адам алдына қойған талабына әлі де болса қазіргі өркениет жеткен жоқ.
Уақытында үнді елінің ХХғ. ұлы азаматы Махатма Ганди ахимса қағидасына сүйене отырып, өз халқын бейбіт жолмен ағылшындардың бодандығынан алып шыққан болатын.
Сонымен, джайнизм философиясының гуманистік моральдық құндылықтары - ұлы үнді халқының рухани ақмаржаны, ол бүгінгі таңға шейін қоғамдық сананың ажырамас бөлігі.
Буддизм.
Үнді елінде пайда болып, Дүниежүзілік үшінші дінге айналған философия ілімі- ол буддизм.
Буддизмнің негізін қалаған үнді елінің шакья тайпасынан шыққан Гаутама Сидхартқа (563-483 б.ғ.д.)
Будда жөніндегі аңыздарға қарағанда, ол үлкен гүлдеген бақтың ішінде туып-өсіп тәрбиеленіпті. Үйленіп, балалы болыпты. Бірақ, күндердің бір күнінде қалаға келіп, халықтың шексіз зардабын көріп, 29 жасында тәтті өмірден бас тартып, ел аралап кетеді. 6 жыл ел кезіп өзінің тәнін қинап, ел кезген брахмандармен сұхбаттасып, Дүниенің терең мәнін іздейді.
Бірақ, одан ешнәрсе шықпағаннан кейін, ол адамның зардап шегуінің себебі неде және одан қалай құтылу керектігі жөнінде ойланады.
Күндердің бір күнінде ол алып ағаштың түбіне келіп отырып ақырында ақиқатқа жетеді – ол Буддаға – яғни ағарған, даналық деңгейге көтерілген әулиеге айналады. Сол күннен бастап ол өзінің ашқан ілімін кеңінен халыққа тарата бастайды.
Будданың ашқан “Төрт ақиқаты²:
Бұл Дүниедегі өмір зардапқа толы. Оның көбін ешбір адам аттап өте алмайды, өйткені, адам бұл дүниеге жылап келеді, жылап кетеді; адам ауырып зардап шегеді; әке-шешесінен, ағайын туғанынан, сүйген жарынан, жолдас-жоралардан айырылып қайғырады. Мұның сыртында өмірден тілегеніне жете алмай қиналады. “Адам болу өте қиын. Өтпелі пәнденің өмірі қиын².
Зардапты жеңу үшін оның шыққан қайнар көзін, себебін білу керек. Оның себептері өмірге деген құштарлық, өмірде болуға деген іңкәрлік, ләззатқа тоймаушылық. “Құмарлықтан күшті от жоқ; жеккөруден артық пәле жоқ; денеден артық бақытсыздық жоқ; тыныш өмірден артық бақыт жоқ². “Ол мені аяғына басты, ол мені ұрды, ол мені жеңді, ол мені жалаңаш қалдырды², - мұндай ойларды ішінде сақтаған адамның жеккөруі тоқталмайды. “Адамдар дамыл таппай, қорқып қашқан қояндай, жағалай жүгіріп жүр².
Зардаптың себебі анықталғаннан кейін оны тоқтатуға болады, “өйткені, ешқашанда бұл дүниеде жеккөру жеккөрумен тоқтатылмайды, тек қана жеккөруді жоқ қылу арқылы оны тоқтатуға болады. Міне бұл мәңгілік шындық. Егер адам құмартудан құтылса, надандық пен жеккөруден арылса, ешнәрсеге байланбаса ғана әулиелік жолға түседі! ²
Зардапты тоқтатын жол бар – ол сегіз қырлы. Олар:
Дұрыс көзқараста
Дұрыс сөйлеуде
Дұрыс бағытта ойлауда
Дұрыс өмір салтында
Дұрыс жүріс-тұрыста
Дұрыс бетбұрыста
Дұрыс күш салуда
Дұрыс зейін қоюда
Міне осы сегіздік жолына түскен адам толығынан зардаптан айырылып нирванаға жетеді.
Сонымен, ләззат пен құмарту жолына түскен адамдар тұрпайы, пайдасыз, дөрекі, ал денесімен күресіп, оны қинаған адамдар зардаптан шыға алмайды. Тек ортаңғы жол, дүниені көрсетіп, білім әкеліп, екі жолдың ортасымен өтіп адамды тынышталуға, құдіретті білімге, даналыққа, нирванаға әкеледі.
Буддизмнің айтуына қарағанда, бұл Дүниедегі заттар мен құбылыстардың бәрі де бір-бірімен байланысып, бір-бірінен туып, бір-бірін алмастырып жатыр. Дүниеде өзімен-өзі өмір сүріп жатқан ешнәрсеге тәуелсіз екі-ақ нәрсе бар – ол кеңістік пен нирвана.
“Нирвананы ешкім тудырған жоқ, нирвана жөнінде ештеңе айта алмаймыз – ол пайда болды ма, әлде пайда болмады ма, пайда болуы керек пе, әлде керек емес пе, ол - өткенде ме, әлде болашықта ма, оны көзбен көруге, құлақпен естуге, иісін сезінуге, дәмін алуға, ұстап қарауға бола ма, әлде болмай ма². Онда нирвана болмағаны ғой.
“Нирвана бар, оған зердемен жетуге болады. Ақиқат жолымен өмір сүріп жатқан оқушы, егер ол сезімдік құмартудан айырылса, нирванаға жетеді. Дүниеде жел бар ма? - Бар. Онда маған желдің түсін, бітімін, көлемін, - үлкен бе, әлде кіші ме, ұзын ба әлде қысқа ма, - көрсетші²,- дейді Будда. Шәкірті оған былай дейді: “Ол мүмкін емес, мен оны көрсете алмаймын, желді қолмен ұстауға, құшақтап қамтуға болмайды, бірақ ол бар².
Будда оған жауап ретінде: “Сол сияқты, нирвана бар болғанымен, мен оны саған көрсете алмаймын²,- деп қорытады.
Қорыта келе, буддизм ілімі зардапты тоқтату үшін адамды бұл Дүниедегі қызыққа байланбауға шақырады, өйткені, ол адамды өзінің шексіз бір-бірімен байланысты ағымына салып, Дүниеге тәуелді келу заңының шеңберінен шығармайды, олай болса, бітпейтін зардап шектіреді, өйткені, бұл Дүние “Мая² - ұлы сағым, елес, алдамыш.
Сондықтан, құмартуды суытып, Дүниеге қызығудан бас тартып, бірте-бірте сөну, өшуді буддизм нирвана дейді. Яғни нирвана дегеніміз - өмірден бас тарту, бейболмысқа өту. Сонымен, Қытай философиясы сияқты, буддизмде де біз бейболмыс ұғымының іргетастылығын байқаймыз.
Буддизм философиясы Дүние жүзінде бірінші болып адам рухын ашып, оның құдіретті күшін көрсеткен философия. Касталарға бөлінген, адамды аяққа басып хайуаннан төмен көрген қоғамда, “мен табиғаттың, қоғамның соқыр заңдылықтарынан, тәуелді Дүниеге келу заңынан жоғарымын, мен – адаммын², - деген философияны буддизм дүниеге әкелді.
Адам сыртқы табиғатқа қарап, оған “Мен сенен жоғарымын, өйткені мен сені өз ішімде болса да құрта аламын, мен өз еркіммен сенімен байлайтын құмартуды тоқтата аламын², - дейді.
Адамзат тарихында мұндай батыл өмірден бас тартушылық ешқашан ешжерде болған жоқ.
Сонымен қатар, буддизмнің гүманистік–адамгершілік жақтары – ой тазалығы, іс-әрекет тазалығы, тіршілікті зәбірлемеу, зұлымдыққа зорлықпен қарсы шықпау, дүние қумау, кем-тар адамға қол ұшын беру, т.с.с. – адамзат рухының әрі-қарай шыңдалуына зор әсерін тигізді.
Тәңіршілдік түрік мәдениетінің феномені ретінде.
Конфуцийшілдікжәне даосизм.
Конфуцийшілдік – Ежелгі Қытайда пайда болған этикалық-философиялық ілім, даосизм және буддизммен қатар Қытай мен Қиыр Шығыстағы үш жетекші идеологиялық жүйелердің («үш ілім» - сянь цзао) бірі болып табылады. Оның негізін қалаған ұлы қытай ойшылы Кун-цзы немесе ұстаз Кун (б.з.б. 551-479 жж.). Б.з.б. ІІІ-ІІ ғғ. Хань династиясының билікке келуімен конфуцийшілдік ресми идеологияға айналып, конфуцийлік нормалар мен құндылықтар «қытайлық» ұғымын рәміздей бастайды.
Конфуций ілімінің гүлденуінің бірінші кезеңі Конфуций (б.з.б. 551-479 жж.), Мэн-Цзы (б.з.б. 371-289 жж.), Цзюнь-Цзының (б.з.б. 298-238 жж.) этикалық философиясымен байланысты болса, неоконфуцийшілдік Чжу Си (1130-1200 жж.) және Ван Янмин (1472-1529 жж.) секілді Кун-цзы ілімін заманына сай жандандырып, ақылды жетілдірудің практикалық жағына, даналық сырын ашуға талпынған ойшылдар есімімен сабақтастырылды.
Конфуций әлеуметтік және саяси күйзелістер орын алған дәуірде өмір сүрді: Чжоу билеушісі – Ван билігінен айырылды, патриархалдық- рулық нормалар дағдарысқа ұшырап, мемлекет құрылымы ыдырады. Конфуций патшалықтар арасындағы осындай шиеленістен титыққан қытай қоғамын байыптылыққа әкелетін діни-әдептік ілімнің негізін қалауға тырысты. Осы мақсатпен Конфуций ежелгі сенімдер мен дәстүрлерге жүгінеді. Конфуций сол кезеңде Ежелгі Қытайда пір тұтылған ата-баба аруағына табыну, жер культі, ежелгі қытайлықтардың жоғарғы құдайы және ілкі тегі – Шан-диге табыну сияқты көне нанымдарды қайта жандандыра отырып, соларды әдептік-этикалық және әлеуметтік реңкпен толықтырады. Кейінірек Шан-ди жер бетіндегі барлық тіршіліктің тағдырын анықтайтын жоғарғы құдайышылық күш ретіндегі Аспанмен ассоцияцияланды. Даналық және құдіретті тылсымдық бастаулары мен генетикалық байланыс - XX ғасыр басына дейін сақталған – «Аспан асты ұлы» деген атауда ұяланды. Конфуций көне – «алтын ғасыр» даналығының қорушысы ретінде көрінеді. Ол ел билеушілерге жоғалтқан беделді қайтарып, халық құлқын жақсартып, оны бақытты етуге талпынды. Ол көне заман даналары мемлекеттік құрылымдарды әрбір жеке адамның мүдделерін қорғау үшін қалыптастырған деген көзқарасты негізге алады.
Конфуцийшілдіктің философиялық-теологиялық негізін 6 қағида құрайды:
1. Аспан (“Тянь”) жайлы діни түсінік. Ол – ұлы бастама, адамды өз еркі бойынша басқаратын жоғарғы құдай.
2. “Тянь” культі Конфуцийдің “есімдерді түзету” әлеуметтік ілімімен байланысты, мұның мағынасы - әрбір адам өзіне лайық орынды иеленіп, соған мойын ұсынуы керек. Конфуцийдің “басшы – басшы, қызметші – қызметші, бала – бала, әке – әке ” болу керек деген сөздері арқылы түсінуге болады.
3. Конфуцийшілдік дүниетанымның мұндай қағидаларынан Қытайдың діни өмірінің мәніне айналған ата-баба культі туындайды.
4. Даосизмге қарағанда, конфуцийшілдікте рәсім, этикет, жазылмаған ережелерге көп мән беріледі. Осыған сәйкес кемел адам – “цзюнь-цзы” туралы ілім басты болып табылады.
5. Конфуций ілімінде маңызды орын “көнені”, қытай дәстүрін білу, қарт ұстаздарды құрметтеуден тұратын тәлімгерлікке беріледі.
6. Орталық туралы ілім – жаман мен жақсыны айырып, саналы түрде жүрегін тазартып, тәнін кемелдендіру, адамның өз болмысына лайық болуы.
Конфуцийшілдік каноны екі топтамадан тұрады: бірі - «Бесканондық» («У цзин»), екіншісі – «Төртканондық» («Сы шу»). «Бесканондықтың» жазба ескерткіштері – 1.«Көктем мен күз кітабы» («Чунь цю»). Чжоу доменіндегі оқиғалар мен Лу патшалығының тарихы баяндайды. 2.«Көне тарих кітабы» («Шу цзин») – көне уақыттарда жасаған императорлардың аңызбен астасқан тарихынан мәлімет береді. 3.«Діни өлеңдер кітабы» («Ши цзин») – жинаққа әлемнің жаратылуы мен құрылуы туралы мифтер, діни мадақ өлеңдер енгізілген. 4.«Салтанатты рәсімдер кітабы» («Ли цзин») – отбасындағы қарым-қатынастардан саяси әкімшілікке дейінгі әлеуметтік механизмнің идеалды моделі туралы мәлімет беретін естелік. 5. «Өзгерістер кітабы» («И цзин»). Бұл кітапқа құлшылық және тылсым дұғалары, өсиет сөздер топтастырылған. «Төртканондыққа» «Да-Сюэ» («Ұлы ілім»), «Чжун-юн» («Тепе-теңдік туралы»), «Лунь-юй» («Әңгімелер мен ойлар»), «Мэн-Цзы» кітаптары енген.
Кун-Цзы өз идеяларын әңгімелесу барысында дамыта отырып, ілімінің бір жүйеге түскен жазбаша мәтінін қалдырмағандықтан, оның айтқан ойларын шәкірттері «Лунь юй» (оның шәкірттерімен әңгіме – сұхбаттары жазылған еңбек) жинағында топтастырып, жарыққа шығарған еңбекте жетілген адам идеясы (цзюнь-цзы) ашылады, адами тұлға өзіндік құндылық ретінде қарастырылады. Конфуций ғарышпен үйлесімділікте болатын рухани кемелденген тұлға деңгейіне жету мақсатында жетілген адам бағдарламасын жасады. Мейірімді адам – бүкіл қоғам үшін адамгершілік мұраттың бастауы. Тек соған ғана үйлесімділік сезімі мен табиғи ырғаққа сай өмір сүру тән. Ол – ішкі жүрек әрекеті мен сыртқы іс-қимылдың тұтастығының көрінісі. Дана табиғатқа сай әрекет етеді, өйткені «алтын үйлесімділік» ережесін сақтау – оған туа біткен дарын. Оның мақсаты – ғарышта орын алған үйлесімділік заңына сай әлеуметті қайта құру, барлық тіршілікті тәртіпке келтіріп, сақтау.
Даосизм ежелгі Қытайдың рухани өміріндегі ерекше орын алатын феномен. Оның негізін қалаушысы болып Ли Эр (Лао Дань) есімді ойшыл есептеледі. Философия тарихында ол Лао-цзы (Кәрі философ немесе Кәрі бала) атымен танымал. Шамамен алғанда б.д.д. 6 ғасырда өмір сүріп, Лао-цзы Конфуцийдің аға замандасы болып табылады. Бірақ, екі ұлы ойшылдардың көзқарастарының бағыттары екі түрлі болып табылады. Конфуций этикалық және саяси-әлеуметтік мәселелерді қарастырса, Лао-цзы философиясының ортасында табиғат, космос және адам мәселелері тұрды.
Даосизмнің негізгі қайнар көзіне “Дао дэ цзин” (“Жол мен Игілік туралы кітап”) жатады. Сонан соң “Чжуан-цзы”, “Ле-цзы”, “Хуайнань цзы” трактаттарын тілге тиек етуге болады. Қосынды түрде алғанда даосизм әдебиеті (“Дао цзан”) 4,5 мыңнан астам томдарды қамтиды. Даосизм философиясының өзекті ұғымдарына дао, дэ және у-вэй жатады. Философиялық тұрғыдан алғанда “дао” ұғымы екі негізгі мағына білдіреді. Біріншідан, дао әлемнің түпнегізі, субстанциясы ретінде танылады. “Дао дэ цзин” кітабындада оған мынадай сипаттама берілген: дао заттардың күретамыры, ол - жаратушы, ол- өзгертуші күш болып табылады. Бұл мағынада даосизм данышпандары даоны көбінесе бос кеңістік ретінде қарастырған: ол- барлық нәрсені (вмещая) көріктендіретін ” әлем анасының” жатыры тәріздес. Барлық заттар Даодан бастама алып, ең соңында оған қайта оралады. Екіншіден, “дао” сөзі тікелей “жол” деп аударылады. Аталмыш мағынада дао жаратылыс заңы ретінде қолданылады. «Ұлы дэнің (асыл қасиет) мазмұны тек даоға ғана бағынады. Дао денесіз. Дао тұманды және анық емес. Бірақ оның тұмандылығы мен анық еместігінде бейнелер бар. Ол тұманды және анық емес. Бірақ оның тұмандылығы мен анық еместігінде заттар жасырынылған. Ол терең және қараңғы. Бірақ оның тереңділігі мен қараңғылығында нәзік бөлшектер жасырынылған. Бұл нәзік бөлшектер жоғары шындыққа және нақтылыққа ие» Даосизм ілімінде «У-вей» принципі дәріптеледі. Бұл ілім бойынша табиғи күйге араласпаған жөн, табиғилық заңымен үндестікті сақтау құпталады. «Ең жақсы ел билеуші – халық оның бар екенін ғана білетін билеуші. Халықтан өзін сүюді және асқақтатуды талап ететін билеушілер нашарлау. Халық олардан қорқатын билеушілер одан да нашар, ең жаман билеушілер – оларды халық жек көретін билеушілер. Сондықтан да сенімге лайық еместерге адамдар сенбейді. Кім терең ойлы және сөздерінде ұстамды, істерін табысты жүзеге асырады – халық оны табиғилықтың ізімен жүреді дейді». Қорыта айтқанда, даосизм философиясы адамның табиғи негізін айқындап, оның әлемде алатын орнын белгілейді. Ал адамның әлеуметтік қасиеттерін конфуцийшілдік философиясы қарастырады. Даостардың этикалық идеалы – Шэнжень, яғни“аса данышпан”. “Шэнжень” – жоғарғы дэ мен Дао адамы. Даосизм ойшылдары адамды сырқы дүние анықтай алмайтынына сенімді. Адам - өзінің ішкі дүниесінің арқасында ғана - адам. Конфуций, керісінше, адамға сыртқы, қоршаған ортадағы, қоғамдағы моральдық ережелерді ұсынады. Сондықтан бұл екі мектеп қайшылықтарға тап болды. Дегенімен олар бірін-бірі толықтырды да. [1]
Зорастрлықжәне маздеизм.
Мани және манихейлік.
Манихейлік (Manichaeism), МАНИДІҢ 3 ғасырда Парсы елінде негізін қалаған дуалистік діні. [1].
Маниге періштелер келгеннен кейін, ол АДАМ, БУДДА, ЗОРОАСТР және ИИСУС сияқты пайғамбарлардың ішінде өзін соңғымын деп санайды. Манихейлер үшін әлем – бұл мейірім мен зұлымдықтың бастапқы негіздері рух пен материяның тұтасуы, тура жолдан тайған адамның жаны материя әлеміндегі қақпанға түседі, ал трансцендентті әлемге рухани жол арқылы ғана қол жеткізуге болады.
Манихейлік бүкіл Рим империясына және Шығысқа таралған. Христиандықтардың да, мемлекеттің де тарапынан қыспаққа алынған бұл дін 5 ғасырдың соңында еуропа континентінен толық жойылады, бірақ Азияда 14 ғасырға дейін тіршілік етті. Сондай-ақ қараң.: ДУАЛИЗМ.
