Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Marketing_4.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
127.69 Кб
Скачать

27.Тұтынушылар нарығын сегменттеудің негізгі қағидалары.

Тұтынушылар нарығын сегменттеудің негізгі географиялық, демографиялық, психографиялық, мінез-құлықтық қағидаларын талдайық.

Демографиялық: адам жасы, жынысы, отбасындағы адам саны, білім деңгейі, мамандығы, айналысатын ісі, табыс деңгйі, ұлты, діні.

Географиялық – қалалардың, облыстардың және аудандардың айрықша сипаттамаларын білуге мүмкіндік береді. Оның орналасқан жері, көлікпен қамтамасыз етілуі, халық саны оның орналасу тығыздығы, экономикалық даму деңгейі, нарық инфрақұрылымы және бәсеке деңгейі кіреді.

Психографиялыққа жататындар: әлеуметтік тап, өмір сүру салты, жеке тұлға түрі.

Мінез –құлықтық: пайда бойынша сегменттеу, пайдалану мәртебесі, тұтыну қарқындығы, берілу дәрежесі, тұтынушының тауарға көзқарасы.

28.Өндірістік мақсаттағы тауарлар нарығын сегменттеудің негізгі қағидалары. Сегменттерді таңдау критерийлері: мәнділігі, пайдалылығы, қорғалғандығы, қол жетімділігі және т.Б.

Нарықты сегменттеудің негізгі критерийлері:

Сегмент әлеуеті-нарық сыйымдылығы мен ауданы, тұтынушылар саны, сату көлемі.

Мәнділігі-нарық сегменті өсу үстінде, әрі негізгі белгілеріне қарай тұрақты болып, нарықта көпке дейін орнығуы тиіс.

Өлшенетіндігі-сегмент мөлшерінің, тұтынушылардың сатып алу қабілеттілігінің, олардың негізгі сипаттамалары мен өткізу көлемінің өлшенетіндігі.

Пайдалылығы -Таңдалған сегменттің тиімділігі, пайда мөлшері, салынған капиталдан алынатын табыс, акциядан дивиденд алу және т.б.

Тиімділігі - Мамандардың таңдалған  сегменттегі жұмыс тәжірибесі, олардың  берілген сегментте тауарды тиімді жылжытуы, бәсекелестікті жүргізе алу  қабілеттілігі 

Бақыланатындығы- Мақсатты сегменттің және оның әлеуметтік экокномикалық сипаттамаларының бақыланушылығы

29.Нарықты қамтудың маркетингтік стратегиялары: дифференциялданбаған, дифференциялданған, шоғырландырылған маркетинг.

Дифференциялданбаған маркетинг – өнімнің белгілі бір түрін неғұрлым көп сату. Бұл кезде сегменттік талдау жүргізілмейді, нарық біртұтас болып қарастырылады.

Дифференциялданған маркетинг – әрқайсысына жеке маркетингтік жоспар ұсынылатын екі немесе одан да көп айырмашылықтары бар маңызды нарық сегментінің болуын талап етеді. Ол өткізушілерді тұтынушылардың түрлі топтарына шығуға және оларды тек қана лсы фирманың тауарын пайдалануға ынталандырады.

Шоғырландырылған маркетинг – ресурстары аз фирмалар қолданады. Бұны қолданған фирма қызмет көрсететін сегменттерде берік нарықтық позициясын қамтамасыз етеді.

30.Тауар нарықтарын жіктеу. Конъюнктуралық шолу.

Тауар және оның қасиеттерін зерттеудің нақты міндеттемесі болып:

-жаңа бұйымдардың іріктелуі;

- жаңа және жаңартылған бұйымдардың техникалық, тұтынушылық, эстетикалық және функционалдық қасиеттерінің артықшылығын жан-жақты зерттеу;

- тұтынушылардың фирманың жаңа және дәстүрлі бұйымдарына деген рекциясы мен бәсекелестердің біртекті бұйымдарына деген реакциясын талдау;

- техникалық қызмет көрстеу мәселелерін зерттеу және т.б.

31.Нарық сыйымдылығы: түсінігі, деңгейлері. Нарық сыйымдылығын бағалау.

Нарық сыйымдылығы – нарықтық сұраныстың шекті мәні немесе сұраныс арқылы анықталатын, осы нарықтағы тауар сатудың ең максималды көлемі. Әлеуетті және нақты деген деңгейлері бар. Әлеуетті деңгейі жеке және қоғамдық қажеттіліктермен анықталып, тауар өткізудің осыған сәкес көлемін бейнелейді. Ал нақты сыйымдылығы оның әлеуетті сыйымдылығына сәйкес келмеуі мүмкін.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]