Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
баскару есеби 2 1 модуль.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
151.55 Кб
Скачать

23. Шығындар функциясын бағалаудағы ескерілетін факторлар

Шығындарды бағалауда әсер ететін негізгі факторларға шығындардың негізгі түрлерінің құрамдас элементтері және де басында кәсіпорынның негізгі бөлімшелеріне бөлуге қажет ететін, содан соң үстеме шығындарды таратудың сәйкестік әдістерінің негізінде өндірілген дайын өнімдерге бөлетін үстеме шығындардың құрамдас бөліктері жатады.

Қазіргі кездегі әлемдік нарықтағы қатты бәсекелестік компанияның пайдасына өндірілетін өнімдердің ассортименті, өнімдер өндірісін бастау немесе аяқтау туралы шешімдердің әсері жөнінде толық ақпараттарға қажеттілік тудырады, себебі осы тұрғыда шығындар функциясы есебінің әдісі пайда болады.

Үстеме шығыстардың жеңілдетілген әдістері бөлу бойынша өнімдердің базасында барлық еңбек шығындарды азайту қажет, негізгі өндірістік жұмысшылардың еңбек ақысы ақталуы керек, өйткені шығындар ақпаратты өңдеу үшін шектеу болып табылмайды жәнеде ақпараттар жүйесін енгізу аса күрделі деректерді өңдеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, қатаң бәсекелестік, әлемдік нарықта қажетті ақпараттар қажеттілігін көрсетеді, түсінікті әсіресе компаниялардың пайдасы туралы дер кезінде басқарушылық шешімдер ассортименттер бойынша қабылдауын керек етеді. Осыңдай кезде функционалды есептің қажет екенің ескеру керек.

24. Шығындардың жіктелуі бойынша негізгі міндеттері

Топтастырылатын белгілеріне байланысты жасалатын шығындар жіктемесі

Жіктеу белгілері

Шығын түрлері

1. Мазмұны бойынша

Негізгі және үстеме

2. Өнімнің өзіндік құнына енгізу әдісі бойынша

Тікелей және жанама

3. Өндіріс көлемінің өзгерісіне қатысы бойынша

Айнымалы және тұрақты

Сонымен бірге бақылау және реттеу функцияларын жүзеге асыру үшін басқару есебінде реттелетін және реттелмейтін шығындар тобы да ажыратылып көрсетіледі. Шығындардың жіктемесі басқару мәселесін шешу құралы ретінде, яғни шешімді қабылдайтын және оның зардаптарын анықтайтын процесіне қатысады. Дұрыс шешім қабылдау үшін оның қандай шығындар мен олжаға жетелейтінін білу керек.

Релевантты шығындар деп тек шешімді қабылдау барысында ғана өзгеретін, болашақ шығындарды есептеуге болады.

Шығындарды жіктеудің мақсаты – жалпы массадан тек релевантты шығындарды бөліп көрсету. Сондықтан жіктеудің әдістері басшының алдында тұрған нақты мәселелерден тәуелді болып келеді. Сол себептен басқарушы есебінің негізгі мәселелеріне мыналар жатады:

1. Жай өндірістік есеп - өнімді сатудан күтілетін табыс және өнімнің өзіндік құнын анықтау үшін жұмсалатын шығындар.

2. Өзіндік құн туралы есеп берулер мен нақты шығындар туралы алынған ақпараттарды болашақ өндірістік шығындар мақсатында пайдалану және дұрыс шешімдер қабылдау үшін барлық деңгейдегі басшыларды осы ақпараттармен қамтамасыз ету.

3. Шығу орындары бойынша шығындарды бақылау мен реттеу мақсатында шығындар орталықтары бойынша да, жауапкершілік орталықтары бойынша да есепті ұйымдастыру.

Осы мәселелерді шешу үшін шығындардың өзіндік жіктелуі жасалады:

Міндеттері

Шығындардың жіктелуі

Өндірілген өнімнің өзіндік құнын есептеу, қорлардың құнын және алынған табыстарды бағалау

Кіретін және шығатын; тікелей және жанама; негізгі және үстеме; өзіндік құнға кіретін және есепті кезең шығындары; бір элементтік және кешенді; ағымдағы және біржолғы.

Шешім қабылдау және жоспарлау

Тұрақты және айнымалы; бағалау кезінде есепке алынатын және алынбайтын; қайтарымы жоқ шығындар; ескерілмеген ситуациялық шығындар; шекті және өсімді; жоспарлы және жоспарланбаған

Бақылау және реттеу

Реттелетін және реттелмейтін

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]