- •1. Басқару есебінің қызметтері
- •2. Басқару есебін ұйымдастыру
- •3. Басқару есебінің негізгі аспектілері
- •4. Шығындар орталығы және олардың қызметі
- •5. Шешім қабылдауда негізгі факторларды анықтау, жоспарлау және бақылауды қалыптастыру
- •6. Шығын факторлары және оны анықтау
- •7. Шығындардың жіктелуі бойынша негізгі міндеттері
- •8. Жіктеу белгілері бойынша шығын түрлері
- •9. Өнімнің өзіндік құнын қалыптастырудың негізгі аспектілері
- •10. Өнімнің өзіндік құнын қалыптастырудың негізгі принциптері
- •11. Үстеме шығындар туралы түсінік жне түрлері
- •12. Қосалқы қызмет шығындарын өндірістік бөлімшелерге бөлудің маңызы
- •13. Қосалқы қызмет шығындарын есепке алу
- •14. Өндірістегі жоғалтулар туралы түсінік
- •15. Нормативті және нормадан тыс жоғалтулар
- •16. Стратегиялық жоспарлау және оның қарастыратын ауқымы
- •17. Кәсіпорын үшін стратегиялық жоспарлаудың маңызы
- •18. Шығындардың калькуляциясында авс жүйесінің мәні
- •19. Жауапкершілік орталықтары бойынша есепті ұйымдастырудың мәні
- •20. Нормативті шығындар орталығы
- •21. Басқарушылық шығындар орталығы
- •22. Шығындар функцияларын анықтаудағы жалпы ұстанымдар
- •23. Шығындар функциясын бағалаудағы ескерілетін факторлар
- •24. Шығындардың жіктелуі бойынша негізгі міндеттері
- •25. Өндірістік есептегі қадамдық әдіс
- •26. Стратегиялық жоспарлау, оның құрылымы
- •27. Стратегиялық нұсқауларды бағалау критерийлері
- •28.Стратегияны іске асыру процесінің элементтері
- •29. Бюджеттер туралы түсінік, олардың түрлері
- •30. Бақыланбайтын факторларға не жатады?
- •31. Бюджетті өзгерту үшін қандай қадамдар жасалады?
- •32. Бюджетті құрудағы ауытқулар және олардың түрлері
- •33. Жауапкершілік орталықтарының есебін жүргізудің маңызы
- •34. Жауапкершілік орталықтары бойынша есептің функциялары мен принциптері
- •35. Трансферттік баға және оның түрлері
- •36. Өнімнің өзіндік құнын қалыптастырудың принциптері
- •37. Шығындар функциясын есептеудің жүйелері
- •38. Қосалқы өндіріс шығындарының есебі
- •39. Бақыланбайтын факторларға не жатады?
- •40. Трансферттік баға және оның түрлері
12. Қосалқы қызмет шығындарын өндірістік бөлімшелерге бөлудің маңызы
Жалпы экономика үшін бөліп тарату функциясының маңызы зор. Кәсіпорын қызметінің нәтижесіне өндірістік бөлімшелердің мақсаты мен міндеттеріне сәйкес және салған салымдарына қарай ресурстарды, алынған пайданы біз бөліп бере аламыз. Басқару есебі үшін қосалқы және қызмет көрсететін өндірістердің негізгі өндірістік шығындарының есебін жүргізу тән, яғни негізгі өндірістің қызметіне қосалқы және қызмет көрсететін өндірістер қатысады. Басқару есебі өз жағынан негізгі және қосалқы өндірістердің барлық шығындарын тіркейді. Бірақ есепті кезеңнің аяғында қосалқы өндірістің барлық шығындарын есептеп шығару қажеттілігі туады да, бухгалтердің алдына оларды қалай есептен шығару сұрағы тұрады. Сондықтан басқару есебі өз жағынан әр түрлі әдістер арқылы негізгі өндіріске қызмет көрсеткен қосалқы өндірістің бұл шығындарын негізгі өндіріске бөліп таратуды жүргізеді.
Негізгі өндіріс пен меншікті күрделі құрылысы тұтынатын және басқа жаққа өткізілетін өнімдерді өндіретін, жұмыс жүргізетін және қызмет көрсететін өндіріс қосалқы өндіріс болып саналады. Бұған бу қазандықтары, газ және электростанциялары, сумен жабдықтау, жөндеу-механикалық цехтары, автокөлік цехтары және басқалары жатады.
13. Қосалқы қызмет шығындарын есепке алу
Басқару есебі өз жағынан негізгі және қосалқы өндірістердің барлық шығындарын тіркейді. Басқару есебі өз жағынан әр түрлі әдістер арқылы негізгі өндіріске қызмет көрсеткен қосалқы өндірістің бұл шығындарын негізгі өндіріске бөліп таратуды жүргізеді.
Негізгі өндіріс пен меншікті күрделі құрылысы тұтынатын және басқа жаққа өткізілетін өнімдерді өндіретін, жұмыс жүргізетін және қызмет көрсететін өндіріс қосалқы өндіріс болып саналады. Бұған бу қазандықтары, газ және электростанциялары, сумен жабдықтау, жөндеу-механикалық цехтары, автокөлік цехтары және басқалары жатады. Қосалқы өндірістің шығындарының есебі 8310 «Қосалқы өндіріс» шотында жүргізіледі, ол мына синтетикалық шоттардан тұрады:
8310 «Қосалқы өндіріс» (қорытындылаушы шот);
8311 «Материалдар»;
8312 «Жұмысшылардың еңбек ақысы»;
8313 «Еңбек ақыдан аударымдар»;
8314 «Үстеме шығыстар».
Қосалқы өндірістің әрбір цехы үшін шығындардың есебі «Цехтардың шығындары» атты тізімдемеде жүргізіледі.
Орналастыру - шығындардың барлық сомасы шығындар бірлігіне немесе шығындар орталығына жатқызылады, мысалы қойманы сақтау шығындары қойма шығындары орталығына тікелей жатқызылады.
Үлестіру (тарату) – шығыстардың сомасы шығындардың бірнеше орталықтарына жатқызылады және оларға үйлесімді таралуы қажет, мысалы жылу, жалға беру, амортизация және т.б.
Үстеме шығыстардың таралу базасы бірнеше болуы мүмкін, бірыңғай ереже жоқ. Мысалы,
Үстеме шығыстар Тарату (үлестіру базасы)
Амортизация Жабдықтардың құны
Кадр бөлімі, буфет Жұмысшылардың саны
Техникалық қызмет Әр бөлімде жұмыс істеген сағаттар
көрсету бөлімі
Ғимаратты сақтандыру Көлемі (алаң)
Жалгерлік және комму-
налдық қызметтер
Қадамдық әдіс қызмет көрсететін (қосалқы) бөлімшелердің қарама-қарсы қызметтерін үлестіру үшін қолданылады.
Бұл шығындарды тура тарату әдісіне қарағанда дәлдеу болып есептелінеді. Тарату циклін қызметтерді тұтынуға қарағанда көбірек көрсететін цехтардан бастайды. Бұл қызметтер қосалқы өндіріс пен өндірістік цехтардың арасында үлестіріледі. Ары қарай келесі қосалқы цехты алып,қадам сайын үлестіруді жалғастырады. Қызмет көрсетуде ең аз үлес алатын бөлімшемен үлестіруді аяқтайды.
