Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
баскару есеби 2 1 модуль.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
151.55 Кб
Скачать

5. Шешім қабылдауда негізгі факторларды анықтау, жоспарлау және бақылауды қалыптастыру

Басқарушылық әсер ету өзара байланысы мен өзара әрекеті басқарудың келесідей тұйық қайталанатын циклін құрайтын басқарудың негізгі қызметтері көмегімен жүзеге асырылады, яғни талдау, жоспарлау, ұйымдастыру, есептеу, бақылау, реттеу, талдау. Бұл жерде шешім қабылдау функциясы байланыстырушы басқарушылық функция болып саналғандықтан, көрсетілген басқару кезеңдерінде бөлек көрсетілмеген. Яғни, ол басқару циклінің барлық кезеңдерінде қатысып отырады деп ұйғарылады. Басқарушылық есеп орны басқарушылық шешімді дайындау және қабылдау кезеңінде көрінеді. Сонымен, басқарушылық есеп басқарудың барлық қызметтерінде пайдаланылады.Басқарушылық есептің жүйесінде ақпаратты мүдделі тұлғаларға дұрыс шешім қабылдау үшін кәсіпорын ішінде әзірлеп, ұсынады. Әдетте шешім келешектегі оқиғаларға қатысты болғандықтан, деректерді алу (жинау) жүйесінде көп назар аударылатын болжамды шығындар мен болашақтағы табыстар туралы толық ақпарат аса қажет. Егер өткен шақтағы және болжанған шығындар мен табыстар бірдей болатын болса, онда шешім қабылдау үшін пайдалы ақпарат алуға болады. Шешім қабылдау мен жоспарлау барысында қолданысқа таңдап алынған баламалы нұсқаларды егжей-тегжейлі талдау үшін шығындар мен табыстардың сипаттамасы толық болуы керек.

6. Шығын факторлары және оны анықтау

Шығын факторы – бұл шығындардың пайда болуына әкелетін кез келген оқиғалар немесе жағдайлар. Шығындарды топтастыру арқылы оларды пайда болу орындары, шығындарды тасушылар мен шығындар түрлері бойынша топтастырады.Шығындар пайда болу орындары бойынша шығындар цехтер, құрылымдар бойынша есептелінеді. Бүл шығындар жауапкершілік орталығы бойынша өндірістік өзіндік құнын есептеуге келтіреді. Шығындарды тасушылар деп өнімнің түрлерін айтады. Шығындар түрлері бойынша экономикалық біртекті элементері мен калкуляция статьялары жатады. «Шығындардың» мәнін түсіну үшін оны үш жақты қарастыру қажет. Біріншіден, шығындар ресурстарды пайдаланумен анықталады. Екіншіден, шығындар ақшалай өлшеммен көрсетілген, пайдаланылған ресурстардың санын көрсетеді. Үшіншіден, шығындар кез келген бөлімшенің қызметі, өнімді өткізуді, яғни олардың іске асырылу жағдайын салыстырады. Осыдан келіп, шығындар өзіндік құнға қарағанда едәуір кең және бір мезгілде белгілі мақсаттарға ақшалай көріністе ресурстарды пайдалану деңгейін көрсетеді. Сондықтан, шығындар есебін дұрыс ұйымдастыру үшін ғылыми негізде жіктеудің үлкен мәні бар.

7. Шығындардың жіктелуі бойынша негізгі міндеттері

Шығын факторы – бұл шығындардың пайда болуына әкелетін кез келген оқиғалар немесе жағдайлар. Шығындар пайда болу орындары бойынша шығындар цехтер, құрылымдар бойынша есептелінеді. Шығындар түрлері бойынша экономикалық біртекті элементері мен калкуляция статьялары жатады. Топтастырылатын белгілеріне байланысты жасалатын шығындар жіктемесі: Мазмұны бойынша; Өнімнің өзіндік құнына енгізу әдісі бойынша; Өндіріс көлемінің өзгерісіне қатысы бойынша. Шығындарды жіктеудің мақсаты – жалпы массадан тек релевантты шығындарды бөліп көрсету. Релевантты шығындар деп тек шешімді қабылдау барысында ғана өзгеретін, болашақ шығындарды есептеуге болады. Шығындардың жіктелуі- Кіретін және шығатын; тікелей және жанама; негізгі және үстеме; өзіндік құнға кіретін және есепті кезең шығындары; бір элементтік және кешенді; ағымдағы және біржолғы. Тұрақты және айнымалы; бағалау кезінде есепке алынатын және алынбайтын; қайтарымы жоқ шығындар; ескерілмеген ситуациялық шығындар; шекті және өсімді; жоспарлы және жоспарланбаған; реттелетін және реттелмейтін.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]