- •1. Басқару есебінің қызметтері
- •2. Басқару есебін ұйымдастыру
- •3. Басқару есебінің негізгі аспектілері
- •4. Шығындар орталығы және олардың қызметі
- •5. Шешім қабылдауда негізгі факторларды анықтау, жоспарлау және бақылауды қалыптастыру
- •6. Шығын факторлары және оны анықтау
- •7. Шығындардың жіктелуі бойынша негізгі міндеттері
- •8. Жіктеу белгілері бойынша шығын түрлері
- •9. Өнімнің өзіндік құнын қалыптастырудың негізгі аспектілері
- •10. Өнімнің өзіндік құнын қалыптастырудың негізгі принциптері
- •11. Үстеме шығындар туралы түсінік жне түрлері
- •12. Қосалқы қызмет шығындарын өндірістік бөлімшелерге бөлудің маңызы
- •13. Қосалқы қызмет шығындарын есепке алу
- •14. Өндірістегі жоғалтулар туралы түсінік
- •15. Нормативті және нормадан тыс жоғалтулар
- •16. Стратегиялық жоспарлау және оның қарастыратын ауқымы
- •17. Кәсіпорын үшін стратегиялық жоспарлаудың маңызы
- •18. Шығындардың калькуляциясында авс жүйесінің мәні
- •19. Жауапкершілік орталықтары бойынша есепті ұйымдастырудың мәні
- •20. Нормативті шығындар орталығы
- •21. Басқарушылық шығындар орталығы
- •22. Шығындар функцияларын анықтаудағы жалпы ұстанымдар
- •23. Шығындар функциясын бағалаудағы ескерілетін факторлар
- •24. Шығындардың жіктелуі бойынша негізгі міндеттері
- •25. Өндірістік есептегі қадамдық әдіс
- •26. Стратегиялық жоспарлау, оның құрылымы
- •27. Стратегиялық нұсқауларды бағалау критерийлері
- •28.Стратегияны іске асыру процесінің элементтері
- •29. Бюджеттер туралы түсінік, олардың түрлері
- •30. Бақыланбайтын факторларға не жатады?
- •31. Бюджетті өзгерту үшін қандай қадамдар жасалады?
- •32. Бюджетті құрудағы ауытқулар және олардың түрлері
- •33. Жауапкершілік орталықтарының есебін жүргізудің маңызы
- •34. Жауапкершілік орталықтары бойынша есептің функциялары мен принциптері
- •35. Трансферттік баға және оның түрлері
- •36. Өнімнің өзіндік құнын қалыптастырудың принциптері
- •37. Шығындар функциясын есептеудің жүйелері
- •38. Қосалқы өндіріс шығындарының есебі
- •39. Бақыланбайтын факторларға не жатады?
- •40. Трансферттік баға және оның түрлері
36. Өнімнің өзіндік құнын қалыптастырудың принциптері
Өнімдердің өзіндік құнын қалыптастырудың негізіне келесі принциптер қолданылған:
1. Кәсіпорынның шығындарын қызмет салалары бойынша анық бөлу: шаруашылық қызмет, күрделі қаржы (салым), өнеркәсіптік емес өндіріс және шаруашылық, инвестициялық, қаржылық.
2. Шығындардың айналым процесімен тікелей байланысы.
3. Негізгі өндірістік қызметті жаңғырту үшін ұдайы өндіріс процесінде шығындардың орнын толтыру.
4. Өндірісті ұйымдастыру, технология мен техникалар деңгейінің қазіргі жағдайын сапасына, техникалық және басқа шарттарының нормаларын сақтау деңгейіне қарамай нақты шығындардың толық есебі.
5. Өнімдер өндірісінде шығындардың белгілі бір кезеңімен тура байланысы.
37. Шығындар функциясын есептеудің жүйелері
Шығындар функциясын есептеудің жүйесін қолданатын компаниялардың екі жүйесі бар: біріншісі – сыртқы қаржылық есеп пен өндірістік шығындардың есебінің дәстүрлі жүйесін пайдалануда пайда жөніндегі айлық есептерді дайындау және жеке шығындар функциясы жүйесі – стратегиялық шешімдерді орындау үшін. Өнімдердің өзіндік құнын қалыптастырудың негізіне келесі принциптер қолданылған:
1. Кәсіпорынның шығындарын қызмет салалары бойынша анық бөлу: шаруашылық қызмет, күрделі қаржы (салым), өнеркәсіптік емес өндіріс және шаруашылық, инвестициялық, қаржылық.
2. Шығындардың айналым процесімен тікелей байланысы.
3. Негізгі өндірістік қызметті жаңғырту үшін ұдайы өндіріс процесінде шығындардың орнын толтыру.
4. Өндірісті ұйымдастыру, технология мен техникалар деңгейінің қазіргі жағдайын сапасына, техникалық және басқа шарттарының нормаларын сақтау деңгейіне қарамай нақты шығындардың толық есебі.
5. Өнімдер өндірісінде шығындардың белгілі бір кезеңімен тура байланысы.
Сонымен бірге нарық шарты бойынша кәсіпорын өзін-өзі қаржыландыру принципімен жұмыс істейді. Бұл басқару есебінің моделдерінің бірі. Мұнда пайданың түсім мен еңбекақы шығындарын қосатын өзіндік құнға байланысты екені көрсетіледі.
Еңбекақы қоры тізімдегі жұмысшылардың санымен, еңбекақы формасының тарифтік мөлшерлемесімен және өнімдер өндірісі көлемімен қалыптасады.
Еңбекақының жалпы қоры еңбекақы қорының және таза пайдадан алынған материалдың ынталандыру формасынан тұрады.
Көптеген меншік иелері еңбекақы қорын есептегенде қалдық принципін қолданады, яғни табыстан бюджет төлемдерін, банктік несиенің пайызын, өндірістік және әлеуметтік даму қорларын жасау үшін аударымдар сомасын шегеру арқылы.
38. Қосалқы өндіріс шығындарының есебі
Жалпы экономика үшін бөліп тарату функциясының маңызы зор. Кәсіпорын қызметінің нәтижесіне өндірістік бөлімшелердің мақсаты мен міндеттеріне сәйкес және салған салымдарына қарай ресурстарды, алынған пайданы біз бөліп бере аламыз. Басқару есебі үшін қосалқы және қызмет көрсететін өндірістердің негізгі өндірістік шығындарының есебін жүргізу тән, яғни негізгі өндірістің қызметіне қосалқы және қызмет көрсететін өндірістер қатысады. Басқару есебі өз жағынан негізгі және қосалқы өндірістердің барлық шығындарын тіркейді. Бірақ есепті кезеңнің аяғында қосалқы өндірістің барлық шығындарын есептеп шығару қажеттілігі туады да, бухгалтердің алдына оларды қалай есептен шығару сұрағы тұрады. Сондықтан басқару есебі өз жағынан әр түрлі әдістер арқылы негізгі өндіріске қызмет көрсеткен қосалқы өндірістің бұл шығындарын негізгі өндіріске бөліп таратуды жүргізеді.
Негізгі өндіріс пен меншікті күрделі құрылысы тұтынатын және басқа жаққа өткізілетін өнімдерді өндіретін, жұмыс жүргізетін және қызмет көрсететін өндіріс қосалқы өндіріс болып саналады. Бұған бу қазандықтары, газ және электростанциялары, сумен жабдықтау, жөндеу-механикалық цехтары, автокөлік цехтары және басқалары жатады. Қосалқы өндірістің шығындарының есебі 8310 «Қосалқы өндіріс» шотында жүргізіледі, ол мына синтетикалық шоттардан тұрады:
8310 «Қосалқы өндіріс» (қорытындылаушы шот);
8311 «Материалдар»;
8312 «Жұмысшылардың еңбек ақысы»;
8313 «Еңбек ақыдан аударымдар»;
8314 «Үстеме шығыстар».
Қосалқы өндірістің әрбір цехы үшін шығындардың есебі «Цехтардың шығындары» атты тізімдемеде жүргізіледі. Тізімдемеге жазбалар әзірлеме кестелер мен бастапқы құжаттардан жүргізіледі, ол мына төмендегі 1- суретте көрсетілген.
Орналастыру - шығындардың барлық сомасы шығындар бірлігіне немесе шығындар орталығына жатқызылады, мысалы қойманы сақтау шығындары қойма шығындары орталығына тікелей жатқызылады.
Үлестіру (тарату) – шығыстардың сомасы шығындардың бірнеше орталықтарына жатқызылады және оларға үйлесімді таралуы қажет, мысалы жылу, жалға беру, амортизация және т.б.
