Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
баскару есеби 2 1 модуль.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
151.55 Кб
Скачать

29. Бюджеттер туралы түсінік, олардың түрлері

Бюджеттер кең мағынада екі негізгі бөліктен тұрады: ағымдағы (өндірістік) бюджеттер, яғни шаруашылық субъектінің өндірістік қызметін көрсететін бюджет және қаржылық есеп берудің болжамын көрсететін қаржылық жоспар.

Бюджеттердің өзара байланысы төменде көрсетілген:

Операциялық бюджет келесідей жоспарлы құжаттардан тұрады:

  1. Сату бюджеті

  2. Өндіріс бюджеті

  3. Тікелей материалдық шығынның бюджеті

  4. Тікелей материалдық ресурстарды сатып алудың жоспары

  5. Тікелей еңбек шығынның сметасы

  6. Жоспарлы кезң аяғына қалатын өндірістік және тауарлы қорлардың жоспары

  7. Сатылған өнімнің өзіндік құнындағы тікелей және үстеме шығынның сметасы.

  8. Сату өнімінің өзіндік құнының жалпы әкімшілік шығынның сметасы.

  9. Операциялық қаржылық нәтижесінің жиынтық есебі.

Осы екі жоспарда алға қойған мақсаттарына жету үшін бюджеттің екі түрінен жасайды:

А) бас және жеке

Б) икемді және статикалық (тұрақты)

30. Бақыланбайтын факторларға не жатады?

Барлық ұйымдарда сату бюджеті жоспарлау процесін дайындаудың күрделі этапы болып табылады, себебі өнімдерді өндіру емес оны өткізу мүмкіндігімен байланысты болуында. Мұнда анықталмаған үлкен үлеске ие бақыланбайтын факторлар әсер етеді, оларға төмендегілерді жатқызуға болады:

  • бәсекелестердің қызметі;

  • ұлттық және әлемдік рыноктағы жалпы жағдайлар;

  • жабдықтаушылар мен сатып алушылардың тұрақтылығы;

  • жарнамалардың және ықпал ету құралдарының нәтижелілігі;

  • циклдық,маусымдық және басқа кездейсоқ ауытқулар;

  • баға қалыптастурудың саясаты;

  • өнім рентабельділігі.

31. Бюджетті өзгерту үшін қандай қадамдар жасалады?

Көптеген ұйымдар бюджеттер тұрақты болып, өзгермеуі керек деп есептейді. Оған екі себеп бар:

а) бюджетті құру мерзімінің аяғына дейін бұл бюджетке түзетулер енгізуге жоғары басшылық рұқсат беретіндігін біле тура бюджет құру процесіне әкімшілік қаншалықты жауапты қарайды.

б) бастпақы бюджетті жылдық табыстар және шығыстармен салыстыруды жүргізу өте пайдалы – егер ұйым бастапқы жоспарланған шарттардан өзгеше өзгерген шарттар жағдайында жұмыс істесе де. 

Бірақ, кейбір жағдайларда кәсіпорын әкімшілігі бастапқы жалпы бюджетті болашақтағы өнімділікті болжауда және бақылау нүктесі ретінде және баламалы шараларды қабылдау қажет болғанда пайдалануға болады. Мысалы, қоршаған орта жағдайы туралы болжамдарға сүйенетін стратегиялық және қаржылық жоспарлау бюджет кезеңі кезіндегі кездесетін жағдайлардан өзгеше болуы мүмкін.

Егер бюджетке қандай да бір өзгерістер енгізу қажет болған жағдайда әкімшіліктің таңдауы бар:

а) бастапқы бюджетке сүйене отырып, өзгертулерді қажеттілігіне қарай енгізу; 

б) өзгерген жағдайларды көрсету мақсатында бастапқы бюджетті бейімдеу;

в) «Сырғымалы бюджетті» қабылдау немесе болжамдарды қайта қарау әдісі;

г) бюджетті басынан бастап құрастыру.

32. Бюджетті құрудағы ауытқулар және олардың түрлері

Бюджетті құру процесінде ауытқулар пайда болуы мүмкін:

а) негізделмеген мақсат;

б) қызметтің әлсіз көрсеткіштері;

в) кездейсоқ ауытқулар.

Талдаушылар барлық ауытқуларды үш түрге бөледі:

1. Негізгі материалдардың шығындарының ауытқуы;

2. Тікелей еңбек шығындарының ауытқуы;

3. Жалпы өндірістік шығындардың ауытқуы.

Негізгі материалдардың шығындарының жалпы ауытқуы материалдардың нақты және нормативті шығындарының арасындағы айырмамен анықталады.

ЖӨШ – ның бақыланатын ауытқуы жұмсалған нақты және бюджеттік (жоспарланған) ЖӨШ-дың айырмасын өндірістің қолжеткен деңгейіне қатынасы арқылы есептелінеді.

Көлемі бойынша ауытқу өндіріс деңгейіне келетін бюджеттік ЖӨШ мен дайын өнімге айнымалы және тұрақты ЖӨШ үшін нормативті коэффициенттермен жатқызылған ЖӨШ айырмасы арқылы анықталады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]