Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
баскару есеби 2 1 модуль.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
151.55 Кб
Скачать

1. Басқару есебінің қызметтері

Ұйымдардың қызметін басқару табыс алуға негізделген кәсіпкерлікті дамыту және қазіргі нарықта тауар өндірушінің бәсекеге қабылетті болуымен байланысты басқару есебінің теориялық және әдістемелік негізінің мәселелері қажетті ақпаратты қалыптастыруға нақты көзқарасты талап етті. Бухгалтерлік есептің қазіргі жүйесі барлық деңгейдегі менеджерлерді жедел ақпараттармен қамтамасыз етеді. Қаржылық есеп, өзінің ерекшеліктеріне орай, құрылымдарды ішкі басқару үшін жедел ақпарат ұсынуға мүмкіндігі жоқ. Кәсіпкерлік қызметті басқару механизмі технологиялық, жоспарлы, есептік-аналитикалық ақпараттар негізінде іске асырылады. Ұйымдарда оның құрылымдық бөлімшелерінің болашақтағы дамуын бюджеттеу, жоспарлау аналитикалық есептеулер, ішкі есеп берулер негізінде жүргізіледі.

2. Басқару есебін ұйымдастыру

Басқарушылық есепті шығындардың пайда болу орындары және жауапкершілік орталықтары бойынша ұйымдастыру шығындарды басқаруды орталықтандырмай басқарудың барлық деңгейлерінде олардың қалыптасуын жекешелеп бақылауға, әр бөлімше қызметінің ерекшелігін ескере отырып, шығындарды бақылаудың ерекше әдістерін пайдалануға, өнімсіз шығындарға кінәлілерді анықтауға, ең соңында, шаруашылықты жүргізудің экономикалық тиімділігін елеулі арттыруға мүмкіндік береді. Жауапкершілік орталықтары бойынша есепті ұйымдастыру кезінде әр орталықтың басшылары мен жауапты адамдарының өкілеттіліктері, құқықтары мен міндеттері саласын нақты анықтап, олардың көпшілігінде шығындарды ғана емес, сонымен қатар олардың қызметі көлемін өлшеу, анықтауға мүмкіндігі болуына ұмтылу керек.

3. Басқару есебінің негізгі аспектілері

Басқарушылық есептің халықаралық аспектілеріне сүйенсек ол бухгалтерлік есепке жаңа тәсілдері арқылы толықтырылып отыр.Осыған сәйкес бухгалтерлік ақпарат өте қажет шешімдер қабылдау кезінде. Сонымен қатар, бухгалтерлік есеп – ақпарат беру жеткілікті көлемде талаптарын қанағаттандыру үшін әр түрлі пайдаланушылар үшін жәнеде аз шығынды талап ету керек. Бұның пайдасы ақпараттық жүйесін пайдалану кезінде шешімдер қабылдағанда оған кеткен тиісті эксплуатациялық шығындардаң артық болу керектігі.Тандау аспектілері басқарушылық есептін өндіріс жүйесімен, өндірісті өткізу және әр түрлі шығындардың түрлері, оларға басқаруға болатын, жоспарлау және бақылау функциялары арқылы анықталынады. Әлеуметтік аспектілерін басқарушылық есеп негізге алады, бұл шығындардың бір бөлігі негізгі де, қосалқы өндіріс ескереді еңбекке ақы төлеуге арналған шығындар және басқа онымен байланысты шығындар құрамына кіретін, өнімнің өзіндік құнын немесе үстеме шығыстарының құрамына жататың. Сонымен қатар, басқарушылық есептің мамандары жалақы деңгейі ынталандыру мақсатында жұмысшылардың жоғары еңбек ақы төлеу үшін реттей алады.

4. Шығындар орталығы және олардың қызметі

Қоғамдағы шығындар орталығы - өз қызметінің сан алуандығымен, техникалық жабдықталу деңгейі және еңбекті ұйымдастыруымен ерекшеленетін бастапқы өндірістік және қызмет көрсетуші бірліктер болып табылады. Мұндай кәсіпорындардағы шығын орталықтарына шырын цехтарын, қойма – тоңазытқыштарын, концентраттарды дайындау және ыдыстарға құю цехтарын, таңбалау (маркеровка) цехы мен басқа экономикалық субъектілерді жатқызуға болады.

Шығындар орталығы басшысы шығындардың бөлінген бюджеті шеңберінде алға қойылған міндеттердің орындалуына жауап беретін, қоғамның басқарушылық жүйесінің бөлігі болады. Шығындар орталығы мысалы ретінде шырындарды дайындау цехтарын, учаскілерді, атқарушлық бөлімдерді алуға болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]