Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
konsul_lektsia.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
551.94 Кб
Скачать

6 Дәріс. Психологиялық консультация, психологиялық

коррекция және психотерапия

Жоспары:

1.  Психотерапия ұғымы.

2.  Консультация ұғымы.

3.  Психокррекция ұғымы.

Психотерапиялық консультация, психотерапиялық коррекция және психотерапия жантану, медицина «әлемінде» бір мәнді анықталмайды. Психотерапиялық көмек беруде психотерапиялық консультация, психотерапия және психокорекция модельдері бір-бірімен байланыста қолданылады. Олар жалпыланған әлеуметтік, клиникалық, дефференциялық, тұлға психологияларының, тестологияның теориялары мен әдістеріне негізделеді. Психологтің қандай да бір концепцияны тұтасымен және интеграциялаумен саналы түрде, біртіндеп қолдануы психологиялық көмектің адекваттылығының бірден-бір кепілі болып табылады. Мысалы, жеке-дара консультациялауға студенттің жаңа ортаға бейімделу мәселесіне қатысты берілетін бір ғана нұсқау жастық шақтағы дамудың бір моделі, студент тұлғасының қандай да бір психологиялық және әлеуметтік нормасы, тұлға құрылымдарына қатысты алынған бір модель, мәдени және ұлттық құндылықтарға қатысты қатынастар жайлы көзқарастар жүйесі негізінде беріледі. Психологиялық консультацияны ұйымдастыру

Психологиялық консультацияны ұйымдастыруда оның белгілі бір түрі таңдалынып алынады. Клиенттердің жас ерекшеліктеріне, кеңістіктегі орындарына, сандарына, мәселелерінің мазмұнына байланысты психологиялық консультация квалификациялары бар.

Жас ерекшелік психологиясындағы жас кезеңдері ескеріле отырып, психологиялық көмек ұйымдастырылады. Он бес жасқа дейінгі балалардың тұлғалық сапалары толық жетіле, өзін-өзі тануда адекватты бола қоймайтындықтарынан психологиялық консультацияны қолдану аса күрделі болады. Сондықтан, аталмыш жасқа дейінгі балаларға психологиялық көмек ретінде психотерапиялық, психокоррекциялық көмекті қолдану тиімді.

Алпыс жастан асқан адамдарға консультациялық сұхбаттың нәтижелілігі мәнді бола қоймайды және бұл жас қосылған сайын үдей түседі.

Психолог пен клиенттің сұхбат кезіндегі кеңістіктегі орндары мен рарларындағы қашықтыққа байланысты психологиялық консультацияның екі түрібар:

1. Консультант пен клиенттің бетпе-бет кездесіп, сұхбат жасауы мүмкін болатын контактілі психологиялық консультация.

2. Телефон немесе хат арқылы «Сырттай» жүргізілетін дистантты психологиялық консультация. Консультацияның «сенім телефоны» деген бұл формасы соңғы жылдары көпшілікке анонимді психологиялық көмек ретінде белгілі бола бастайды.

Психологтың клиенттердің санына байланысты консультация сұхбат ұйымдастыруы бойынша да психологиялық консультацияның екі түрі бар:

1.  Консультанттың бір ғана клиентпен жүргізгендегі жеке –дара психологиялық консультация.

2.  Консультанттың екі немесе одан көп клиенттермен жүргізгендегі топтық псижологиялық консультация.

Сонымен қатар психологиялық консультациялардың мына түрлері белгілі:

- жанұялық және жұбайлар арасындағы ұйымдастырылатын консультация

- кәсіби –бағдарлық консльтация

       - мектептегі консультация

       - тұлға мәселеріне бағытталған консультация

Психолоиялық консультацияның тиімділігі оны ұйымдастырудың кеңістіктегі орны мен уақытыныа тікелей байланысты болады.

Психологтың клиентті арнайы жабдықтауға, тым жоғары мол емес бөлмеде қабылдауы психологиялық әсер етудің ең қолаулы жағдайы болады. Консультация орны басқалардың кедергі жасауына, клиент зейінінің бөлінуіне жол бермейтіндей; сұхбаттасуға қолайлы, оқшау, комфортты жағдайды қамтамасыз ететіндей болып ойластырылады.

Косультациялық сұхбат жасауға арналған арнай бөлме болмағанда да консультант басқа ыңғайлы орында клиентпен жұмыс жүргізуіне болады. Онда, таңдап алған бөлменің бұрыш жақтары пайдаланады. Косультация кезінде клмиенттің елендеуіне жол бермей, бар назарын консультантқа аударуы үшін оны есік жаққа арқасын беріп отыруы жөн болады. Сонымен қатар консультант пен клиент орындықтары немесе жайлы креслолары бір-бірінің бет әлпеттерін көріп отырулары, ал қажет болсы, көздерін жеңіл тайдырып әкетулері үшін сәл қиғаштай бір-біріне  қарама-қарсы орналасады. Консультациялық сұхбатта консультант пен клиент бір-біріне тым жақындамайтын, олардыңөз орындарынан отырып-тұрулары еркін, аяқтары бір-біріне кедергі жасамайтындай қашықтық алынады. Г.С. Абрамова консультант пен клиент арасындағы қолайлы ара қашықтық деп 1,5 метрдей өлшемді алады (1995). Консультант пен ыңғайлы, жұмсақ бірдей креслоларға (болмаса орындықтарға) отырып, ал араларында шағын журнал столы болса әңгімелесуге тіпті қолайлы болады.

Консультациялық сұхбаттың маңызды сипаттамаларының бірі – консультант пен клиенттің клісіп, тағайындаған консультация уақыттары. Консультациялық әсерде асығыстық, жылдамдық болмауы керек. Сонымен қатар басталуымен соңы нақты тағайындалған консультация барысы үщін уақыт ескеріліп отырады. Сондықтан стлоға немесе қабырғаға сағат қойылады. Ол клиент пен консультантқа белсенді де динамикалық жұмыс жасау қажеттігін көрсетеді. Жалпы консультациялық сұхбатта көр нәрсе уақыт барысында тәуелді болады. Консультанттың әрбір сөзін, интерпритациясын клиент дұрыс түсініп, қабылдауы үшін, олар әңгіме барысындағы асығыстық пен немесе тым жайлы айтылмауы керек. Әйтпегенде консультант берілген уақытта клиентке көмек беруге үлгермей, оның үмітін ақтай алмай қалады.

Психологиялық консультация, психологиялық коррекция және психотерапия салалары бойынша аса кең тараған концепцияларға З.Фрейд психоанализі, К.Г. Юнгтің анлитикалық психологиясы, В.Рейхтің тәндік психологиясы, Ф.Пердадің гештальтерапиясы, Б. Скиннердің бихевиоризмі, К. Роджерстің гуманистік бағыты, С.Гроф пен К.Уилбергтің трансперсональді психологиясы және т.б. жатады. Психологтер қандай да бір психологиялық бағыттың идеялары мен әдістеріне арқалана отырып немесе оларды өзінше конбинациялап, кәсіби психологиялық көмек бере алады. Тіпті кейде психологиялық консультация, психологиялық коррекция және психотерапия салаларын мамандар ажырата қоймай, біртұтас психологиялық көмек ретінде қолданады. Бұл іс-әрекет салаларының өзара айырмашылықтарын бөліп, оларды нақтылап, анықтау арнайы зерттеуді қажет етеді. Біз оларды шартты түрде ғана болумен шектелеміз.

«Консультация» ұғымы бірнеше мәнге ие болады. Бұл маманның кеңесі, қандай-да кеңес беру функциясын жүзеге асыратын мекеме, нақты бір мәселеге қатысты жиналыс, қарым-қатынас үрдісінде жақын – туыстардың, дос-жарандардың және т.б.бір-біріне беретін ақылдары болып табылады. Ал психолог кеңесі – нақты бір жағдайлардағы адамның мінез-құлқы бойынша пікірін білдіру деп де түсіндіріледі (Меновщиков, 2000). Сол сияқты, «психологиялық консультация» ұғымы қазіргі кездегі жантану ғылымдарының салаларында бір мәнде анықталмайды. Қалай болғанда да, психологиялық консультацияны маманның қандай да бір тұлға мәселелері бойынша беретін кәсіби кеңесі, яғни психологиялық көмек көрсету мақсатындағы іс-әрекеті деп жалпылауға болады. Г.С. Абрамов (1994), Н.Н.Обозов (1998), В.Н. Карандашев (2000) психологиялық консультацияны практикалық психологияның бір бағыты, психологиялық көмек көрсетудің бір түрі деп сипаттайды. Ю.Е.Алешина (1993,2000) психологиялық консультацияны әр түрлі мәселелерді шешуге бағытталған адамдармен тікелей жүргізетін жұмыс деп анықтайды. Британдық консультациялау ассоциациясы психологиялық консультацияны үнемі немесе уақытша консультант роліндегі адамның нақты бір мерзімде уақытша клиент роліндегі адам(дар)ға назар аударып, құрметпен қарау үрдісі деп қарастырады. Ғалым – зерттеушілер психологиялық консультация ұғымын әр тұрғыдан қараса да, оның қарым-қатынас жасаудағы қиыншылықтарды шешуге бағытталатындығын көрсетеді. Жарты ғасыр медицина саласында іс-әрекет жасаған психолог-ғалым В.Н.Мясищев, адамның басқалармен, әлеуметтік ортамен өзара қатынас жасауының бұзылуын немесе қиыншылықтарын невроздың, әрі физиологиялық, әрі психологиялық көзі деп санаған (1972). Сонымен қатар, арнайыланған әңгіме (сұхбат) психологиялық консультациялаудың негізгі әсер ету құралы деп қарастырылады. Әңгіме барысы тұлғааралық қатынастарға қатысты психологиялық мәселелерді талдауды және шешім қамтиды. Осының нәтижесінде клиент өз қарым-қатынас саласын, қайта құру потенциалын белсенді ету мүмкіндігіне ие болады.

Психокоррекциялық жұмыста да, психотерапияда да әңгіменің сәйкес формалары қолданылады. Алайда, психологиялық консультация психокоррекциямен сырттай біліне қоймас шекарамен өзгешеленеді де, тек шартты түрде бөлінеді. Психокоррекциялық және психотерпиялық әсерлер адам өміріндегі көптеген қиыншылықтары мен қақтығыстарына негіз болатын терең, жеке бастық мәселелерді шешуге бағытталады. Психотерапияда адам қатынасындағы көкейтесті жағдайлар ғана емес, сонымен қатар, өткен шақтағы – балалық, жеткіншектік, жасөспірімдік, жастық кезеңдердегі оқиғалар еске түсіріліп, әңгімеге арқау болады. Сонымен қатар, түс көру мен ассоциациялар сияқты психиканың ерекше формалары психотерапияда белсенді қолданылады.

М.А. Гулина еңбектерінде (1998,2000) психотерапияны медициналық салаға енгізу психолдогия ғылымдарының даму тарихына, тәжірбиеде қолданылатын психотерапия модельдерінің мәніне қайшы болатындығы келтіріледі. Консультация үрдістерінен кейін психотерапевтік эффектінің болуы бұл саладағы «емдеу» үшін медициналық модельдің доминанттылығына негіз емес. Себебі тәжірбиеде қолданылатын барлық дерлік психотерапиялық модельдер психологтер мен психотерапевтердің іс-әрекетінің нәтижесі болып табылады.         Екіншіден, олар (психотерапиялық модельдер) «дәрігер-науқас» жүйесіндегі қатынастардың медициналық моделіне антитеза ретінде жасалынған. Дәрігер-психотерапевтің және психолог-психотерапевтіің кәсіби қызметінің тиімділігі бойынша емес, осы екі жғдайда да психотерапевт пен клиент арасындағы өзара қатынас жасауда айырмашылық болады. Медициналық модельдер пациенпен өзара әрекеттестік, өзара қатынас жасаудан бұрын, психологиялық әсер етуге бағытталады. Ал, психотерапия саласына қарым-қатынас арқылы психотерапевт/консультант пен пациен/клиент арасында бірлесе отырып мәселені шешуге мүмкіндік беретіндей байланыс жасалады. Сонымен қатар, өзара әрекеттестік, өзара қатынас клиенттің өз-өзіне және сыртқы ортаға деген қатынасының адекватты өзгеруіне, оның тұрақталуына жағдай жасайды. В.Н. Мясищев (1966,1972)  психотерапияны әрі емдеу әдісі, әрі патегенезді түсінуге негізделген жеке адамды қайта тәрбиелеу әдісі ретінде қарастырып, қолдануды ұсынады. Ал, қайта тәрбиелеу нәтижесінде болатын жеке бастың оңды өзгерістері монологты, біржақты үрдіс емес. Сондықтан да диолгтік қарым-қатынас психотерапия негізі болады.             Психотерапевтің және клиенттің арасындағы тиімді қарым-қатынасты клиенттің келешекте біртіндеп әлеуметтік ортада қолдануына мүмкін болатындай, өзара қатынас орнатуды меңгеруінің қадамдары, жаңа тәжірбиесі ретінде де қарастыру керек. Осы мағынада қатынас психологиялық консультацияның да пәрменді құралы болады. Соңғы жылдарға дейін ғылым мен тәжірибеде психотерапияның, психологиялық консультацияның осы үрдістік бөлімі сипаттау үшін де, жалпылау үшін де күрделі мәселе болып келді. Аталмыш мәселе қазақ тіліндегі психологиялық және медициналық ғылыми қорда, іс-тәжірибеде әлі күнге дейін қарастырылған жоқ. Л.Брэммер мен Э.Шостром (1968)көзқарастары бойынша психотерапия саласындағы психология мен медицинаның өзара байланыстарын континуум түрінде көрсетуге болады. Мұнда қандай да бір нақты клиентпен жұмыс жасағанда осы континуумның бір нүктесінде ғана болу мүмкін:

 

 

Психиатрия мен неврология

(Медицина)

Клиникалық консультациялау

(Психология)

Клиентті дезадаптацияға дейін жеткізген невроздар мен психоздарды емдеу.

Психотерапия мен қайта тәрбиелеу

Өзгерістерді жоспарлау мен мәселелерді шешу

 

 

 

 

     

Медициналық әдістер:

Психологиялық әдістер:

Нейрохирургия

Психохирургия

Электрошок

Наркосинтнез

Инсулинді шок

Седативтіпрепараттар    

Гормональді емдеу

Витаминдер және т.б.

Психодиагностика

ақпарат жинастыру

мәлімет интерпретациялау

сауықтыру техникалары

(remedial technigues)

эмоциялық жағдайлардағы психологиялық жұмысжағдайларды зерттеп,сипаттау.

 

Осы терапевтік континуумда медицинаның және психологияның арасындағы психотерапия орнын көрсететін критерийлер екі топқа бөлінеді. Бұл-терапевтің объективті ерекшеліктерімен (терапевт-факторлар) анықталынатын факторлар.

Терапевт-факторларға:

·  Психотерапевтік жауапкершілік тәжірибесі;

·  Кәсіби психотерапевтік тренингтен өту жағдайлары;

·  Психотерапевтік саладағы терапевтің теориялық және диагностикалық білімдері;

·  Терапевтік жауапкершілік дәрежесі;

·  Мекеме типі (мысалы, ағарту, медициналық т.б.)

·  Құқықтық шектеулер мен нұсқаулар жатады.

Клиент(пациент)-факторларға:

·  Жеке адамның құрылымындағы бұзылу тереңдігі;

·  Психологиялық қорғаныстар құрылымының дәрежесі;

·  Эго мен жеке адамның басқа да қуаттарының күші;

·  Клиенттің (пациенттің) терапия алудағы мақсаты жатады.

Жоғарыда аталған авторлар психологиядан психотерапия мен консультацияға қатысты дербес саланы бөліп алуды ұсынады. Олардың концепциясы бойынша терапевтік психология терапиялық пән болып саналады.

Сонымен қатар, Брэммер және Шостром консультация мен психотерапияны медицина мен психологияның арасындағы емес, психологияның, соның ішінде терапевтік психологияның өз ішіндегі континуумның екі полюсі деп санайды.

 

Консультация

Психотерапия

·   Ағартушы, білім беруші

·   Қолдаушы

·   Жағдайға байланысты

·   Мәселені шешуге

бағытталған

·   Санаға негізделген

·   «қалыпты» дамуға

бағытталған

·  Қолдаушы

·  Реконструкциялаушы

·  Аналитикалық

·  Тұлғамен терең жұмыс

жасауға бағытталған

·  Санасыздыққа негізделген

·  Невротикалық және басқа да

күрделі эмоционалды мәселелерге бағытталған

 

Әлбетте, психотерапия саласына жеке бас өзгерістерінің үрдістерін, ал консультацияға тұлғаны қолдаушы, жетілдіруші әр түрлі әдістерді жатқызады. Д.Блочер клиент мәселелерін оның  ригидті паттерндерінің салдарымен байланыстырмайды.Сондықтан консультация сыртқы факторлар қысымының салдары болғанда қолданылады деп санайды.Б.Торн консультациялауды «қалыпты» адамдардың мәселелеріне адаптацияланған психотерапияның нақты типі ретінде сипаттайды.Ал Дж.Робинсон  қалыпты адамдарға зерделену, еркіндік, тұлғалық интеграция және жауапкершілік дәредесінің өсуі арқылы көрінетін адаптациялық дағдыларының әлде қайда жоғарғы деңгейіне жетуге көмек беруге бағытталады деген идеяны ұстанады (1991). Консультация мақсатын сипаттағанда «тиімділікті жетілдіру» деген жиі қолданылады. С.Гилмор (1973) консультациялау мәнін анықтағанда үш құрамдас компоненттің маңызын атайды: үрдіске қатысушылар, үрдіс мақсаттары және үрдістің өту формасы ретіндегі үйрену. Бірнеше ғалымдардың қойылып отырған мәселеге қатысты көзқарастарын жалпылай отырып, М.А. Гулина психологиялық консультацияны маман мен клиент арасында болатын, клиентті өз қоғамының әлдеқайда бақытты адамы болуды, әлдеқайда жоғарғы жетістікке жетуді үйренуге бағытталған үрдіс деп анықтайды. Ал, психотерапияда үйренуден төрі сана, санасыздық деңгейлерінде қайта үйрету орын алады.

Консультация тұлғааралық қатынасқа қатысты мәселелерді шешуге бағытталады. Ю.Е. Алешина (1994,2000) клиенттің жеке бас мәселелері мен өмір қиыншылықтарына өзгеше қарауға, әлбетте саналы ойластырмай және бақыланбай қалып, қақтығыстардың көзі болатын кейбір өзара қатынастарды аңғарып, талдауға жәрдем беруді психолог-консультанттың міндеттірі санайды.

Психологиялық консультация теориялары мен тәжірибелерін талдай отырып, психологиялық консультацияны психикалық дамуы қалыпты адамдардың өзін-өзі тану шекараларын кеңейтуге мүмкіндік беретін, осының негізінде басқаларға қатысты бағдары мен қатынасын өзгертуге және қандай да бір жағдайларда мінез-құлық, жүріс-тұрыстың варианттарын ойластыра алып, тиімділерін қолдануға қабілеттіліктерін арттыратын психологиялық көмек көрсетудің бір түрі деп қарастырамыз. Консультация барысында клиент жағдайды кең көлемде қарастыруға мүмкіндік алады, сол жағдайдағы өз ролін аңғарып, бағалайды; жағдайды, басқа адамдарды және өзі жайлы өзгеше қабылдау, түсінік пайда болады. Осыған сәйкес клиент өз қатынасын және өз мінез-құлқын, жүріс-тұрысын өзгерту мүмкіндігіне ие болады. Олай болса, психологиялық консультация да психологиялық әсер етудің бір «жеңіл» формасы. Психотерапияда психологиялық әсер ету кең көлемді, тереңдетілген түрде жүзеге асырылады.

Адамдардың психологтерден көмек сұрау формалары, арыздану ерекшеліктері мен олармен кездесуге артатын үміттері де психологиялық консультация мен психотерапия арасындағы айырмашылықтарды көрсетеді (Алешина, 2000). Өз өмірлеріндегі қиыншылықтардың себептерін, одан шығатын ауыртпашылықтарды басқалардың негативті ролімен байланыстыратындар психолог-консультанттардың клиенттері болады. Ал. өз ішкі жан-дүниелерін, қажеттіліктерін және тілек-ниеттерін тежеуде, реттеп, бақылауда «дәрменсізбін»  деп санайтындар психотерапевт көмегін қажет етеді. «құрбым менің жетістіктерімді қызғанатын болды», «оқутышуның маған деген антипатиялық қатынасы жақсы баға алуыма мүмкіндік бермейді» деген сияқты арыздар психологиялық консультацияны, ал, «Мен бәрін өзімнің қызбалығымнан көремін», «Тым ұяндығымнан сәті келіп тұрған жетістіктерден айрылып қала беремін» типтегі арыздар психотерапиялық жұмыстарды қажет етеді.

Психологиялық консультация көбінесе қысқа мерзімді болады. Әлбетте, клиентпен 1 кездесуден 6 кездесуге дейін, ал өте сирек жағдайларда ғана бұдан артық кездесулер жоспарланады. Психотерапия үрдісі әлдеқайда ұзақ мерзімге-ондаған, тіпті,жылдар бойы жүздеген кездесулерге созуға негізделеді. Кейбір клиницист мамандардың (Каплан, Сэдок, 1994)пікірінше психологиялық консультациялау мен психотерапия айырмашылықтары сапалықтан бұрын, сандық сипатпен анықталады.

Көбінесе психологиялық консультация әлдеқайда ұзақ та, терең психотерапиялық жұмыстың өзіндік бір баспалдағы, алғашқы қадамы болады. Консультацияға келген адамда әр түрлі сәтсіздіктерді өз ролі жакйлы жаңаша бір түсініктер пайда болып, өзіне пәрменді психологиялық көмекті қажет етіп, психологпен кездесулер санын арттыру керек екендігін түсінетін жағдайлар да болады.

Психологиялық консультация клиенттің нақты бір мақсатқа жетуіне бағытталады. Консультация мен психотерапия саласының көрнекті маманы, экзистенциалды психология негізін салушы Ролло Мэй консультанттарға қойылатын талаптар жайлы көзқарасын негізге ала отырып, психологиялық консультацияның міндеттерін психологиялық дипломы бар, супервизор жетекшілігімен жұмыс жасаған психолог, педагог мамандар ғана шешеді деп санайды. Біздің республикада бұл мамандарға деген сұраныс соңғы онжылдық шамасында ғана пайда болып, қазір күн өткен сайын молаюда. Психотерапия бойынша мамандар біліміне қойылатын талап басқаша. Олар псилогиялық даярлықтан өткен, арнайы медициналық білімі бар, ұзақ уақыт психотерапевтік іс-тәжірибе жинақтаған және супервизор жетекшілігімен кең көлемді жұмыс жасаған кәсіби психологтар болуы қажет. Кейбір зерттеушілер, мысалы, В.Ю.Меновшиков (2000) психотерапиялық жұмыс жүргізеді маманның медициналық біліміне қойылатын талаптарды «жасанды шектеу» деп санайды. Дегенмен, психотерапияның психиатриямен тарихи терең байланысты кездесоқтық болмау керек, психотерапевтер қатарында психологтермен қоса психиатрлар да жиі кездеседі. Сонымен қатар психолог – консультант көмегін қажет еткен адам клиент деп аталса, психотерапевт жұмысында «клиент» деген емес, «пациент» деген дәстүрлі атаулар бар.

Психотерапияда пациент пен маманның өзара қатынасына ерекше мән беріледі. Бұл қатынастың барысында пайда болып, өрбитін «тасымал» және «қарсы тасымал» феномендері психологиялық әсердің мүмкіндіктерін кеңейтудің және тереңдетудің маңызды құралдары боладыы. Психиканың терең қабаттарын талдау патогендік сезімдер мен мінез-құлық, жүріс-тұрыс себептерін түсінуге әкеледі. Осыдан тұлғаның жеке басындағы мәселелері шешіледі (Урсано, Зонненберг, Лазар, 1992).

Психологиялық консультация мен психотерапия арасындағы айырмашылықтар психологиялық көмекті қажет ететін адамдардың типтік ерекшеліктеріне де байланысты болады (Алешина,2000; Мэй, 1994, 2001; Обозов,2000). Психолог – консультант қабылдауында кез келген адамның кездесу ықтималдығы бар. Клиент ролі псизикалық статусқа, атқаратын қызметке, материалдық жағдайға, интеллектуалдық потенциалға және т.б. байланысты емес. Ал, психотерапевт пациенттерінің аясы әлдеқайда тар болады. Оларға рефлекцияның жоғарғы даму деңгейіне ие, көбіне қымбат да ұзақ мерзімді курстарды төлеуге мүмкіндігі бар, уақыты мен мотивациясы жеткілікті, жеке басының мәселелерін шешуге маманның көмегін қажет ететін адамдар жатады. Психологиялық көмек көрсету аясына Ресей ғалымдары анықтап, қолданылатын психокоррекция ұғымы да енеді. Кейбір ғалымдар психокоррекция мен психотерапия терминдерін синоним ретінде қолданып та жүр. Дегенмен, олардың арасында айырмашылықтар да көрсетіледі (Кабанов, Личко, Смирнов,1983). Психотерапия психопатологиялық бұзылуларды жойып, емдеуге бағытталады. Ал, психокоррекция әдістері қандай да бір психикалық ауытқуларды түзетуге, яғни коррекциялауда, патологияларды конпенсациялауда қолданылады. Психика мен невросоматикалық функцияларды қалыпты етуге немесе жақсартуға бағытталған психологиялық әсер психотерапия мен психокоррекцияның ортақ мақсаттары болып табылады. Психотерапия мен психокоррекцияның әдістеріне аутогенді жаттығулар, тренинг түрлері, психотехникалық ойындар жатады.

Ю.Е.Алешина «психокоррекция» мен «психотерапия» ұғымдарының өзара айырмашылықтарын психологиялық көмек беру мазмұнымен байланысты қарастырмайды. Психолог-ғалым бұл ұғымдар айырмашылықтарының түп-тамыры тек арнайы медициналық білім бар мамандардың психотерапиямен айналысуын тағайындаған және заңдаңдырған жағдайларда деп санайды (1993, 2000). Алайда психотерапия медикаментозды терапия емес психологиялық әсер ету болып табылады. Сонымен қатар, Ю.Е.Алешина пікірі бойынша «психотерапия» халықаралық термин бола отырып, әлемнің көптеген елдерінде психологтің кәсіби қызметіндегі әдістерге қатысты пайданылады.

Сонымен қазіргі кезде психологиялық көмек беруде бір-бірімен мазмұндас үш ұғым – психологиялық консультация, психотерапия және психокоррекция негізге алынады. Психологиялық әсер етудің әр түрлері психологиялық көмектің әр сатысында қолданылады. Тіпті, психологиялық консультация, психотерапия және психокоррекция бір үрдістің сатылары болуы да әбден мүмкін.

 Қолданылатын әдебиеттер:

  1. Коралева З. Психологиическая тесты для всех – Москва.:Пресс, 2002

  2. Лесли Рай. Развитие навыков тренинга.- Питер, 2001

  3. Немов Р.С. Психология.- Москва ., І-ІІ-ІІІ том. 1998,

  4. Немов Р.С. Психологическое консультирование .- Москва.:

Владос,2001

  1. 11. Намазбаева Ж. Санғылбаев О. Психологиялық сөздік. –

Алматы.,2005 .

  1. 12. Овчарова В. Практическая психология образования.- М., 2003

  2. Роджерс К.Консультирование и психотерапия. Москва.: апрель-Пресс, Эксмо, 2000

7 дәріс.Психологиялық консультациядағы психодинамикалық бағыт

  Жоспар:

          1. Психодинамикалық бағыттың даму тарихы, оның іргетасын қалаушылар.

          2. Психодинамикалық теория.

          3. Психоаналитикалық консультация.

Психологиялық консультацияның компетентті жүргізілуіне консультанттың қандай да бір  танымал теориялық бағытты пайдаланып, өзінше интеграциялай алу ерекшелігі кепілдік болады деген едік. Психолог қолданатын теориядан консультацияны ұйымдастыруға қажетті принциптер, психологиялық әсер ету формаларының бар түрлеріне қатысты этикалық талаптар шығады. Сондықтан, психологиялық консультацияның теориясы мен тәжірбиесінде концептуалды және процессуалды жақтарынан құндылығымен танымал бағыттарға қысқаша сипаттама береміз.

Қазіргі психологияда негізгі үш тұрғы: псходинамикалық, бихевиористік және гуманистік бағыттар жетекші адамдарға айналып отыр.

Психологиялық көмек көрсету тәжірибиесінің тарихында психодинамикалық бағыт алғашқы болды. Ол XIX ғасырдың соңында пайда болып, ХХ ғасырдың басынан-ақ танымал болып, өрістей бастады. 1950-ші жылдардың соңына дейін клиникалық психология мен психотерапияда, тіпті психиатрияда да психоанализ жалғыз ғана ықпалды бағыт болды. Психодинамикалық бағыт австриялық психиатр Зигмунд Фрейдтің (1856-1939) психоанализімен бастау алады. Қазір аталмыш бағыттың көптен пайда болған модификациялары А.Адлер, Э.Эриксон, Э.Фромм, К.Хорни, К.Юнг, В.Рейх, Ж.Лакан, Э.Бордин және т.б. еңбектерінде анықталған. Сонымен қатар, Э.Берннің транзактілі анализі, Р.Перлздің гештальттерапиясы, А.Лоувеннің биэнергетикасы сияқты танымал бағыттар Фрейдтің классикалық теориясынан бастау алады.

З.Фрейд концепциясы жеке адам құрылымындағы санасыз әрекеттерге қатысты екені белгілі. Психоаналиктер санасыздық ұғымы арқылы адам өмірінің небір күрделі де қақтығысты жақтарын сипаттайды. Сондықтан, адамды іштей билеп алып, санасыз қылықтар жағына ығыстырылған, түс көру, сандырақтау, ырықсыз қозғалу, бір ойларды аңғармай айтып қалу сияқты құбылыстарды зерттеу – психоанализдің басты міндеттері.

 Психоаналитикалық  тұрғыдағы консультация клиенттің нақты бір актуальді жағдайына қатысты бола бермейтін, санасыз қылықтармен, шешімдермен байқалатын актуальді жағдайлардағы типтік ерекшеліктермен байланысты жан ауыруының бастапқы, әлдеқайда жалпыланған, ортақ себептерін аңғаруға концентрацияланады. Консультацияның психоаналитикалық моделі тұрақты тұлғалық қасиеттер тым ерте шақта қалыптасады, сондықтан санасыз үндістердің түп-тамыры клиенттің балалық тәжірибесінде деп қарастырылады. Бұл тұрғы бойынша ересек адамның мінез-құлқының, жүріс-тұрысының әр түрлі варианттарында балалық стереотиптер қайталанып, жаңғыртылып отырады. Сонымен қатар маңызды, бірақ санасыз шешім қабылдауда жеткіншек кезеңнің де ерекшеліктері, адамның өзіне және ортасына жаңа шешімдер мәжбүр ететін дағдарыстар ролі адамның басқа да өмір фазасында бола беретіндігі жоққа шығарылмайды (Эриксон, 1968,1985). Бірақ фрейдизм бойынша адам өмірі шақпен емес, өткен шақпен анықталады.

Консультацияның психоналитикалық моделі бойынша клиент психикасының ішкі динамикасы: оның әр түрлі саналы және санамен аңғаруға болмайтын қажеттіліктері мен мінез-құлық, жүріс-тұрыс мотивтерінің, ортаның қоятын талаптары арасындағы күрестер; оның психологиялық қорғаныс механизмдері, типтік көріністер мен қарсыласу сипаттары қарастырылады; бұлардың бір-бірімен байланысы тағайындалып барып, адамның балалық тәжірибесімен байланыстырылады.

З.Фрейдтеориясы дамуындағы дағдарыстық кезеңдерді қарастырады. Психолог клиенттің осы дағдарыстар мазмұнымен жұмыс жүргізеді де, оның интенционалдылыққа жетуіне жағдай жасайды.

Психоанализ бойынша адам үнемі өз-өзімен іштей қақтығыстық жағдайда болады, ал оның себебі өзі саналы түрде аңғармаған ниеттерден, мотивтерден және қанағаттандырылмаған қажеттіліктерден шығады. Психодинамикалық теория позициясынан консультация жүргізетін психолог, клиентті өзінің санасыз әрекеттерін саналы түрде аңғаратындай, оларға әсер ете алатындай дәрежеге жеткізуге ұмтылады. Тек сонда ғана психологиялық көмек көрсетудегі мақсат орындалады деп саналады.

Жеке адамның қорғаныс механизмдерін зерттеу арқылы эмоционалық және мінез –құлықтық стереотиптерді аңғарып, түсінуге мүмкін болады. Психодинамикалық теория қорғаныс механизмдерінің көпшілігі тұқым қалдыру және өмірді сақтау инстинктерін тұншықтыру үшін қолданылады деп қарастырады.

 

        Қайталау сұрақтары:

        1.Психодинамикалық бағыттың даму тарихы, оның іргетасын қалаушылар.

        2.Психодинамикалық теория.

        3.Психоаналитикалық консультация.

Қолданылатын әдебиеттер:

  1. Коралева З. Психологиическая тесты для всех – Москва.:Пресс, 2002

  2. Лесли Рай. Развитие навыков тренинга.- Питер, 2001

  3. Немов Р.С. Психология.- Москва ., І-ІІ-ІІІ том. 1998,

  4. Немов Р.С. Психологическое консультирование .- Москва.:

Владос,2001

  1. 11. Намазбаева Ж. Санғылбаев О. Психологиялық сөздік. –

Алматы.,2005 .

  1. 12. Овчарова В. Практическая психология образования.- М., 2003

  2. Роджерс К.Консультирование и психотерапия. Москва.: апрель-Пресс, Эксмо, 2000

8 дәріс.Психоаналитикалық консультация

 Жоспары:

1.  Сұхбаттасу тәсілдері.

2.  Консультант позициясы.

Психоаналитикалық консультация клиенттің мінез-құлқының түпкі себептерін саналы түрде аңғаруына басты назар аударады. Тұлға өзгерісінің бастамасына көп жағдайда саналы түрде аңғару, түсіну сәті ретінде инсайт жеткілікті болады. Инсайт симптомдар мен арыздарды азайтады. Психолог пен клиенттің психодинамикалық теорияға негізделген сұхбаттасу барысында төмендегі тәсілдер қолданылады:

1.  Нақты бір сөзге қатысты клиентке ассоциация құру. Күнделікті жағдай таңбаларына талдау.

2.  «Фрейд қателігі»-клиенттің байқаусызда айтып қалатын фразалары, жіберетін қателіктері, мақсатсыз орындалған сызбалар. Еркін ассоциаця арқылы кез – келген «Фрейд қателігінің» мағынасын түсінуге болады.

3.  Көрген түс мазмұны бойынша еркін ассоциация арқылы көрген түске талдау.

4.  Қарсыласуға (сопротивление) ығыстыру(вытеснение) механизмінің әлдеқайда кеңейтілген көрінісі ретінде талдау.

5.  Клиент тасымалының (перенос) мазмұнын талдау.

Сонымен, еркін ассоциация-психодинамикалық теорияны қолданатын психологтың барлық техникаларының негізі.

Психодинамикалық позициядағы консультант клиенттің психоаналитикалық диагностикалық профилінің құрылымы болатын төмендегі жағдайларға басты назар аударады:

1.  Консультант өз қызығушылығын, зейін қойып отырғанын білдіреді. Клиент өз мәселесін еркін баяндайды. Бірақ консультанттың клиент әңгімесін белсенді тыңдауы қажет.

2.  Клиент консультантқа қатысты қатынас байқатады. Тасымал клиент пен консультант тарапынан талданады. Соның нәтижесінде клиенттің өз қиыншылықтарын аңғарып, түсіну мүмкіндігіпайда болады.

3.  Консультант үрдісті қалт жібермей байқап, қадағалап отырады. Теориялық білімге қатысты өз қарсы тасымалдарын және эмоциялық реакцияларын аңғарып, реттеп отырады.

4.   Клиент консультант тарапынан болған комментарийлерді қорытады және өз қажеттіліктеріне қатысты бейімдейді.

5.   Клиент өзінің бұрынғы сипаттарын өзгертіп, өзіне жаңаша қатынаста болады.

Олай болса консультанттың психодинамикалық теория негіздерін білу қажеттігінің бірнеше себептері бар:

1.  Қажет болса клиенттің жеке өмір жолын реконструкциялау мақсатымен саналы түрде психоаналитикалық модельдерді таңдап, қолдануға болады.

2.  Клиентте тасымал, қорғаныс механизмдері, қарсыласу сияқты санамен аңғармауынан болатын феномендерін ескере отырып, клиентпен саналы түрде кәсіби қатынас жасауға болады.

3.  Клиенттің психологиялық қауіпсіздігінің ақтауды қамтамасыз ету үшін өзіндік қарсы тасымал феномендерімен кәсіби тұрғыдан жұмыс жасауға болады.

4.    Егер қажет болмаса, консультация барысында психоаналитикалық әдістерді саналы түрде қолданбау үшін психодинамика концепцияларын әбден білу керек.

·   Отбасы мен жеке басының өмірнбаяны;

·   Өмірінде ұмытылмаған, аса мәнді болып сақталған жағдайлар мен оқиғалар (анасынан айрылуы, ата ана тарапынан ерекше қаталдық, толық емес жанұя, айырылысу т.б.)

·   Даму, есею сатыларынан өтуіндегі ерекшеліктер;

·   Басты либидозды және агрессивті елігуліктің, құмарлықтың даму деңгейлерін бағалау;

·  Эго франциясының даму деңгейі, соның ішінде – Эгоның тәжірибе жинақтау, аса қиратушы стимулдардан аулақ болу, инстинкт талаптарын бақылау, қанағатқа деген ішкі күштерді тұншықтыру мүмкіндіктері;

·   Қорғаныс механизмдерінің даму деңгейі (жасына сәйкестігі, түрлене алуы, Эгоның одан әрі дамуы мен бейімделуіне ықпалы);

·   Супер - Эго дамуының деңгейі (ұят сезімі, өзін-өзі бақылауға қабілеттілігі, кінәлілікті сезіну, Эго-идеал қасиеттері);

·   Жеке басындағы қақтығыстар (реалдық, моральдық, невротикалық);

·   Тұлғаның актуальді дамуындағы пригрессивті және регрессивті ағымдар (тенденциялар);

Қазіргі психоанализде тұлға әр түрлі ағымдардың, елігу мен табулардың, қарсыласу мен қорғаныс механизмдерінің арасындағы күрестердің динамикалық картинасы ретінде қарастырылады.

Психодинамикалық тұрғыдағы консультацияны психоанализ немесе психоаналитикалық психотерапия деп, тар мағынада түсінбеу керек. Психоаналитикалық әр түрлі концепциялар ілімдерін кез келген психологиялық көмек көрсету барысында, мысалы, ақпарат беру, оқыту, қайта үйрету, жүйелі өзгеру сияқты жағдайларда және консультацияның өзінде-ақ қолдануға болады. Сонымен қатар психодинамикалық теория психологиялық көмек көрсетуші маманның өз-өзіне талдау (самоанализ) жасай алуын талап етеді (Фрейд,1958; Хорни 1958). Ал консультация үшін де консулттанттың өз-өзіне талдау оның жұмысын реттеуші бір үрдіс ретінде аса маңызды. Себебі өз-өзіне талдау үрдісі консультанттың пайда болу ықтималдығын кемітеді, яғни «эмпатияның  симпатияға айлануы», «параллель үрдіс» феномендерінің, тәуелділіктегі кейде тіпті симбиотикалық қатынастардың орын алуынан сақтайды.

В.Ю. Меновщиков (2000) психоанализдің күрделілігін, маманның оны меңгеру үшін ұзақ уақыт кетіріп, тығғылықты даярлық көрсетуі қажет, сондықтан, «психоаналитикалық консультациялау» жайлы сөз болмау керек деп санайды. Оның пікірінше, психолог психоанализбен айналыса бастаса, ол психотерапевт позициясында тұлғаны қайта құрып, крнсультант болудан қалғандығын көрсетеді. Расында да, психоаналитикалық консультация тұрмақ, бұл терминнің өзі күні бүгінге дейін Ресейлік (Гулина, 2000) және еліміздегі психологиялық теория мен тәжірибеде мүлде қарастырылмаған екен. Алайда, 1950-ші жылдары-ақ алғашқылардың бірі болып, Э.Бордин (1968)  психодинамикалық теория ілімдерін консультация үрдісінде қолдануға ерекше мән берген. Тіпті одан бұрын А.Адлер (1928) консультант пен клиент қарым-қатынасындағы этикаға тоқталып, терапевтік жұмыс алдында клиентпен консультанттың сұхбаттасу қажеттігіне назар аударып , оның консультация сеансы деп сипаттаған. Ол консультациядан әлеуметтік мәселелерді ашатын үрдіс деп анықтаған. Ал Э.Бордин консультацияны индивидтің тұлғалық жетілу жолындағы кедергілерді жеңуге және жеке бас ресурстарын оптимлды дамытуға көмек деп анықтап, психоаналитикалық идеяларды мамандық таңдау мен карьера жетілдіру консультацияларында қолдануды ұсынады.

Э.Бордин еркін ассоциациялар мен жұмыс альянсын психоаналитикалық консультацияның әдістеріне жатқызады.

Жұмыс альянсы консультант пен клиенттің арасындағы үрдіс міндеттері бойынша келісіммен және рационалды құрылған өзара қатынаспен сипатталады.

Э.Бордин уақыт бойынша консультацияның артықшылығын баса көрсетеді. Консультация уақыты шекті болғанда ғана консультант клиенттің тек актуальді қақтығысына, дамуның нақты бір сатысын анықтауға басты назар аударып, оның өткен өмір кезеңдерін талдамайды. Осылардың нәтижесінде клиент дамуына стимул пайда болады.

Эго мүмкіншіктерін арттыру, оның бейнелеушілік функцияларын күшейту, клиенттің өз ниет-тілектерін санамен аңғаруына, шешім қабылдай алуына, эмоциялық күйлерін реттей білуге көмектесу міндеттері қазіргі психоаналитикалық консультациялаудың соңғы бағыттарында қарастырылады (Паттон, Меара, 1992). Мұнда, психоаналитикалық консультация клиенттің өз эмоциялық мәселелерінің себептеріне қатысты инсайтқа жетуіне мүмкіндік беретін психоаналитикалық ілімдер мен техникаларды әдейілеп қолдану жағдайы деп анықталады.

Психоаналитиклық техникаларға еркін ассоциациалар, интерпретация, тасымалдарды талдау және т.б. жатады.

Психодинамикалық тұрғыдан консультация аптасына бір рет, қажет болса одан жиірек тағайындалатын сұхбаттардың бірнеше сериясынан ұйымдастырылады. М.Паттон мен Н.Меара (1992) психоаналитикалық консультацияда маңызды болатын мынадай үрдістерді бөліп көрсетеді:

1. Консультант өз қызығушылығын, зейін қойып отырғанын білдіреді. Клиент өз мәселесін еркін баяндайды. Бірақ консультанттың клиент әңгімесін белсенді тыңдауы қажет.

2. Клиент консультантқа қатысты қатынас байқатады. Тасымал клиент пен консультант тарапынан талданады. Соның нәтижесінде клиенттің өз қиыншылықтарын аңғарып, түсіну мүмкіндігіпайда болады.

3.  Консультант үрдісті қалт жібермей байқап, қадағалап отырады. Теориялық білімге қатысты өз қарсы тасымалдарын және эмоциялық реакцияларын аңғарып, реттеп отырады.

4.   Клиент консультант тарапынан болған комментарийлерді қорытады және өз қажеттіліктеріне қатысты бейімдейді.

5.   Клиент өзінің бұрынғы сипаттарын өзгертіп, өзіне жаңаша қатынаста болады.

Олай болса консультанттың психодинамикалық теория негіздерін білу қажеттігінің бірнеше себептері бар:

1.  Қажет болса клиенттің жеке өмір жолын реконструкциялау мақсатымен саналы түрде психоаналитикалық модельдерді таңдап, қолдануға болады.

2.  Клиентте тасымал, қорғаныс механизмдері, қарсыласу сияқты санамен аңғармауынан болатын феномендерін ескере отырып, клиентпен саналы түрде кәсіби қатынас жасауға болады.

3.  Клиенттің психологиялық қауіпсіздігінің ақтауды қамтамасыз ету үшін өзіндік қарсы тасымал феномендерімен кәсіби тұрғыдан жұмыс жасауға болады.

4.    Егер қажет болмаса, консультация барысында психоаналитикалық әдістерді саналы түрде қолданбау үшін психодинамика концепцияларын әбден білу керек.

 Қолданылатын әдебиеттер:

  1. Коралева З. Психологиическая тесты для всех – Москва.:Пресс, 2002

  2. Лесли Рай. Развитие навыков тренинга.- Питер, 2001

  3. Немов Р.С. Психология.- Москва ., І-ІІ-ІІІ том. 1998,

  4. Немов Р.С. Психологическое консультирование .- Москва.:

Владос,2001

  1. 11. Намазбаева Ж. Санғылбаев О. Психологиялық сөздік. –

Алматы.,2005 .

  1. 12. Овчарова В. Практическая психология образования.- М., 2003

  2. Роджерс К.Консультирование и психотерапия. Москва.: апрель-Пресс, Эксмо, 2000

9 дәріс. Психологиялық консультациядағы бихевиористік бағыт

Жоспары:

          1. Психологиядағы бихевиористік бағыт.

          2. Психотерапия мен консультациядағы бихевиористік бағыт

          3. Бихевиористік теория мен тәжірибнің мвңызы

Бихевиоризм бағыты ХХ ғасырда танымал болды. Ол Д.Уотсон және Б.Скиннер еңбектерінен бастау алады. Бихевиористік теорияның таралуынан Э.Ч.Толмен, К.Л.халл, А.Эллис және т.б. өз үлестерін қосқан.

Бихевиористерінің пікірі бойынша сананы, оның мазмұны мен қызметін емес, объективті түрде байқауға келетін, ортаға бейімделуге бағытталатын мінез-құлықты қарастыру керек. Психолог-бихевиористер жеке адамның құрылымдық компоненттерінен бұрын, функционалдық компоненттеріне басты назар аударады.

Бихевиористік теория мен тәжірибенің жалпы консультация жұмысының мазмұнына сәйкес келетін жақтары жоқ емес. Бихевиористік тұрғыдағы психотерапия мен консультациялау барысында клиенттерге үйрету принциптері қолданылады. Ол үшін психолог клиентпен бірлесе отырып, клиенттің мінез-құлқын өзгертуге белсенді қадамдар жасайды.

Бихевиористік теорияға негізделген психологиялық көмек мынадай негізгі жасаушылардан тұрады (Абрамова 1994,2001):

1. психолог пен клиент арасындағы қатынас;

2. мінез-құлықты операционизациялау арқылы мәселені анықтау;

3. фунгкционалды талдау арқылы мәселенің астарын, контекстін түсіну;

4. клиент үшін әлеуметтік маңызы жоғары мақсаттарды, мінез-құлықты тағайындау.

Бұлардың әрқайсысына берген Г.С.Абрамованың қысқаша түсініктемесі бихевиористік тұрғыдағы психологиялық көмектің мазмұнын аңғартады. Ретімен келтірелік.

1. Психолог-бихевиористік клиенттің белсенділігін арттыру мақсатымен оған қатысты өзі құрған жоспармен таныстырады.

2. Психолог-бихевиористік клиенттің мінез-құлқы мен қылықтарының анық та айшықты көріністерін негізге алып талдау жасайды.Талдау клиенттің не істейтінін және өзін қалай ұстайтындығын, өмір жағдайларын нақтылауды негізге алады.

3. Мінез-құлықты операционизациялау мақсаты түсініксіз ұғымдарды объективті, байқалатын әрекетке айналдыру болып табылады.

Функционалды талдау қылықты туғызған оқиғаларды, қылықтың өзін және оның салдарын, басқаша айтқанда, нәтижесінде зерттеуді білдіреді. Осылайша оқиғалар тізбегінен клиенттің міінез-құлқын анықтайтын себеп-салдарлы байланыстар ашылады.

 4. Клиент үшін әлеуметтік маңызы жоғары мақсаттарды тағайындауда клиенттің өз қатысы болуы қажет.

Ал, бихевиористік тұрғыдағы психотерапия мен консультациялаудың жалпы схемасы төмендегідей жасалынған (Вольпе,1983):

1. Тарту-клиенттің психологиялық көмекті қажетсінуі, одан үміттеніп отырған пайдасы зерттеледі, клиентпен бірлесе талданады, клиенттің жағдайды толық сипаттауына стимул жасалады, мысалы, ашық сұрақ беру, құптап отыру және т.с.с.

2. Мәселеге басты назар аудару – клиент мәселесінің арасынан оның бағалауы бойынша аса маңыздыларын бөліп алу, олардың приоритетін анықтау.

3. Мәселемен жұмыс- бір мәселе алынып, ол нақты бір жағдайға қатысты, толығымен тәптіштелініп, қарастырылады; осы нақты жағдайға келетіндей мінез-құлық альтернативалары мен клиенттің басқа мінез-құлыққа, сезімге қалауы, ниет-тілегі зерттелінеді.

4. Когнитивтік принциптерге үйрету-клиентті өз ойларына басқаша қарау дағдыларына үйрету.

5. Дауласу, өзін көрсету – жағдайда жайлы ойлаудың жаңаша тәсілдерін келтіру; анықталып қалған қате, жалған ойлар мен сенімге альтернативті ойлар іздестіру.

6. Клиентті өз-өзіне қарсы келу дағдысына үйрету-клиенттің өз ойлары мен сенімдерін тексеруге бағытталған өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру.

7. Үй тапсырмасын таңдау мен ұйымдастыру – консультантпен кездесуден тыс уақыттарлда клиенттің мақсатқа сәйкес жұмыс жасауын қолдау.

8. Қорытынды жасау – мінез-құлықтағы болған өзгерістерді сақтау мақсатымен клиентті өзіндік терапия (самотерапия) мен өз-өзінен реттей алуға үйрету.

Бихевиористік талдау адамның нақты әрекеттеріи мен қылықтарына назар аудару болып табылады. Психолог- бихевиорист клиенттің әрекеттеріне басты назар аударады да, оның осы әрекеттер жзайлы ойларын ескермейді.

Клиент мәселесін толығымен, дөп басып, анықтап алған соң, психолог оны шешу жолдары мен даяр шешімдер вариантын ұсынады. 

Психолог бихевиористің қолданатын технологиялары.

Психолог-бихевиорист клиентпен жұмысында мінез-құлықты өзгеретін, жаңалайтын көптеген техникаларды қолданады. Ең танымал техникаға табандылық көрсете білуге жаттықтыру жатады. Соның нәтижесінде клиенттер дәрменсіздік, жасықтық сияқты өмірде көп мәселеге себепші болатын жағымсыз қасиеттерден арыла алады.

Клиентті табандылық көрсете білуге жаттықтыру жұмысының негізгі әдістері сұхбат (интервью) және рольдік ойындар болып табылады. Сұхбат психологтің ашық және жабық сұрақтары мен клиенттің оларға жауабынан құрайды. Рольдік ойындар психолог директивасы арқылы бағытталынып отырады. Табандылық көрсете білуге жаттықтыруда қолданылатын сұхбат, рольдік ойындар нәтижесі клиенттен белгілі бір шешім қабылдауды қажет етеді. Шешім қабылдау клиент міндеті болғанымен, қабылданатын шешімдер альтернативасын, немесе бірнеше варианттарын психолог клиент таңдауына даярлап ұсынады.

Клиент мінез-құлқын өзгерту жұмысында психолог табандылыққа жаттықтырумен қатар, реалаксацияға жаттықтыру жұмыстарын да ұйымдастырады. Клиентті терең релаксация жасай алуға үйрету мен мақсат-бағдарлы түрде мазасыздықты, фабияларды төмендету жұмыстары аламыш жаттықтырудың процедурасы болып табылады. Психолог-бихевиорист клиентпен бірлесе отырып, релаксациялық жаттығулар фонында 1) оның қорғаныштарының иерархиясын құрады, 2) клиентті мазасыздық жағдайда душар еткізетін объектілерді құрастырылған қорғаныштар иерархиясымен байланыстырады.

Клиенттің мінез-құлқын өзгертуге бағытталған әдістерге мінез-құлықты модельдеу мен клиенттің ниетін құптап Мадақтау,  қолпаштау да жатады.

Бихивияристік тұрғыда ұйымдастырылған психологиялық көмек психологтың талабымен , қадағалауымен клиент үзіліссіз күнделік толтырып  отыруы қажеттігін  де қатаң ескереді. Себебі,  психолог клиентің күнделіктегі және  басқа да жұмыстарын  бихивиаристік процедурада кеңінен қолданады.

Психологиялық стратегия  бихивиаристік консультациялаудың құрамдас бінр бөлігі болып табылады. Психологиялық стратегиялар клиентің күнделікті өмірде өзгертіп, қалыптастырып жүретін мінез-құлқын  қолдауға бағытталады. Психолог-бихевиарист  психологиялық стратегиялар арқылы  рецедивтердің алдын алуға қам жасайды.

         Психологиялық стратегиялар клиентің қандай жағдайда  болмасын өзін-өзі бағалауына мүмкіндік береді. Рецедивтердің алдын алу стратегиялары  клиентің күрделі жағдайларын аңғару: ой мен сезімді реттей алу: қосымша қажетті қасиеттерді меңгере алу:  мінез-құлықты өзгертуге қолайлы,  жағымды   жағдайларды ойластыру әрекеттерін қамтиды.

          Рецедивтердің алдын алу бағдарламасына мынадай егізгі пунктер кіреді:

    1. Клиенттің ыңғайлы  келген мінез-құлқын талдау. Оны тиянақты түрде толығымен сипаттап жазу. Бұл мінез құлықты қаншама жиі  көрсететіндігі жайлы  клиенттің шешімге келуі. Мінез-құлықты өзгертуң тілегінің болмай, орындалмай қалғандығын клиент қалай түсіндіреді.

    2.  Рецедивтердің алдын алу стратегиялары мына алгаритіммен жүргізіледі.:

    -  Клиентболған  болған рецедивті тіркеп алады, оны сипаттап жазады.

    -  Күрделі мінез-құлыққа үйрету мен оны қиын жағдайда  қолдану айырмашылығын талдайды.

    -  Клиенті өз ниетіндегі, қалаған мінез-құлқын қолдауға  таныстарының  тигізетін жәрдемдерін талдау.

    -  Рецедивке провакация жасайтын  тәуекел деңгейі өте жоғары жағдайлар , адамдар ,  оқиғалар орындар талданады.

3.  Роционалды ойлау стратегиясы  уақытша рецедивке қатысты клиентің эмоционалды күйін талдаудан : күрделі жағдайлардан немесе рецедивтен кейін  әлде қайда тиімді   ойлануға ықпалын тигізетін  жағдайларды талдаудан тұрады.

4.  Психолог пен клиент үйренген дағдыларды қолдауға бағытталған тәжірибе ( әдістер, жағдайлар) талданады. Үйренген мінез-құлықты бұзбай, ұстау үшін  қосымша дағдылардың қажеттігі қарастырылады.

    5. Пайдасы бар қортындыны анықтайтын стратегия психолог пен клиентің үйренген,  өзгерген мінез-құлықтың болашақта тигізетін пайдасын талдауынан:  психолог пен клиентің мінез-құлықты  өзгертудегі клиентің еңбегі үшін өзін-өзі мадақтау тәсілдерін қарастырудан тұрады.

    6. Бірінші рецедивтің әсерін болжау стратегиясы бірінші бірінші рецедивке қатысы бар деген адмдар жайлы,ғ орынды, эмоциялық күйді толық сипаттап жазуға бағытталған.

Рецедивтің алдын алу техникалары бихивиаристік негіздегі психологиялық көмек үшін ғана маңызды емес. Рецедивтерге қатысты мәселелер психологиялық көмек көрсетудің  барлық моделдеріне тән болады. психолог –бихивиаристердің   рецедивтердің алдын алу стратегиясы тәжірибелік психологтер  үшін  аса құнды техникалар болып саналады.

Сонымен психолог- бихивиаристердің  клиент мінез-құлқын анықтайтын оқиғалар тізбегін  себеп-салдарлық байланыстарын тағайындайды: клиент пен психолог бірлесе отырып клиентің жете алатын мақсаттарын таңдайды, мақсаттардың альтернативаларын қарастырады, болашаққа нақты жоспар жасайды.

Клиент мінез-құлқын өзгертуге мүмкіндік беретін психолог-бихивиарист арсеналына сұрақтар,  рөлдік ойындар, релаксациялық жаттығулар, рецедентің алдын-алу стратегиялары,  міез-құлық альтернативалары кіреді. Қазіргі езде АҚШ-ғы психологтердің  осыларды ( әсіресе, А.Эллистің рационалды-эмотивті терапиясыың процедурасы) психотерапия мен психоконсультацияда қолдана алған жағдайда ғана лицензиялық емтиханан өте алады. 

Қайталау сұрақтары:

1.  Сұхбат әдісі деген не?

2.  Сұхбат және рольдік ойындар деген не?

Қолданылатын әдебиеттер:

  1. Коралева З. Психологиическая тесты для всех – Москва.:Пресс, 2002

  2. Лесли Рай. Развитие навыков тренинга.- Питер, 2001

  3. Немов Р.С. Психология.- Москва ., І-ІІ-ІІІ том. 1998,

  4. Немов Р.С. Психологическое консультирование .- Москва.:

Владос,2001

  1. 11. Намазбаева Ж. Санғылбаев О. Психологиялық сөздік. –

Алматы.,2005 .

  1. 12. Овчарова В. Практическая психология образования.- М., 2003

  2. Роджерс К.Консультирование и психотерапия. Москва.: апрель-Пресс, Эксмо, 2000

10 дәріс.Психологиялық консультациядағы гуманистік бағыт.

 Жоспары:

1.    Гуманистік психологияның пайда болу тарихы.

2.    Гуманистік психология концепциялары.

3.    Гуманистік психология негізігі консультация принціптері.

Гуманистік психологияның түп тамыры С.Кьеркергор (1813-1855) К.Ясперс (1883-1969), М.Хайдеггер (1889-1976) , Ж.П.Сартр (1905-1980)

Негізін қалаған экзистионцияналды  философияда жатыр.

    Экзистианалистер  адам немесе гинеьтикалық  тұқым қуалау факторлерінің  жемісі немесе  сыртқы орта нәтижесінің  жемісі деген  идеяларды жоққа шығарды. Олар әр бір адам өзінің кім екендігі мен қандай  болатындығына өзі жауапты, әр бір адам өзін-өзі жасап,  қалыптастырады деген  ілімді эгзистанизімнің басты принціпі ретінде ұсынады. (Сартр 1957).Экзизциалистер көзқарасы бойынша   дамдар өз тағдырына жауапты және өз өміріне қатысты еркіндік пен жауапкершілікті санамен аңғарады. Ал, әр қашан тағдырды ерікті түрде таңдау дұрыс,  мінсіз шешім бола бермейді,  жауапкершілік дұрыс түсінілмей қалады. Сондықтан адамдар торығу, жалғыздықты сезіну зерігу,  мазасыздану және т.б  жағымсыз күйлерді бастарынан кешеді.

    Әр бір адам өз еркімен таңдалған тағдырына,  әрекеттеріне жауапты дейтін  экзизтенционалды философия идеясына гуманистік психология ілімдері үндес  келеді. Гуманистік теорияда  экзистенционалист- философтар сиақты әр бір адам өз бетінше  ойлауға, саналы шешім қабылдауға,  оған жауапкершілікпен қарап, өз әрекеттерін еркімен таңдауға қабілетті өз мінез құлқы мен өмірдегі тәжірибесінің  басты жасаушысы деп  көрсетеді. Сондықтан  гуманистік бағытты басқаша экзистенцияналды гуманистік психологиядеп те атайды.

1960 жылдары  жеке адам психологиясымен  айналысушы ғалымдар А.Маслоу (1908-1907) жетекшілігімен сол кездегі ең танымал  екі бағыт –психоанализ бен бихивиаризмге альтернативті  теория жасау мақсатымен бірігеді. Оны «гуманистік психология» терминімен анықтайды. Л.Хьелл мен Д.Зиглер (1976-1997) өз іштерінде сан салаға  бөлггенмен ,  нақты кәсіби аспектілері тағайындалған психоанадиз бен бихевиаризмге қарағанда, гуманистік психологияны қатаң бірегей теориялық  жүйедегі ғылыми ғылыми мектеп ұйымдаспаған әрі ғылым , әрі қоғамдық қозғалыс деп  анықтайды. А.Маслоу жаңа бағытты  психологиядағы үшінші күш деп санаған. Гуманистік психологияның белгілі теоретиктері Э,Фромм,Г.Оллперт, К.Роджерс,В.Франкл, Дж Келли, Р.Мэй,В.Сатир болып табылады.

Гуманистік психологияны экзистенцияналистермен алған басты концепциясы-қалыпьасу концепциясы. Адам баласына статикалық күй тән емес, олар үнемі өзгерту ,қалыптастыру , даму барысында болады.  Адам ерікті түрде барлық  мүмкіншіліктерін  пайдалана алуға жауапты, ол осышартыорындай алса  ғана мәнді өмір сүреді. Сондықтан гуманистік психология бойына  қалыптасуға ұмтылған адам- дамудан , жетілуден бас тартқаны, өзінің дами мүмкіндіктеріншектеуі теріске шығарғаны. Бұл дам еркімен тәуелділікті таңдауын, басқалардың тобына ұмтылуын, нәтижесінде өз даралығынан айырулуын көрсетеді. Адамның «қайткенде қолымен жеткіземін»-деп өмір сүргенінің орнына, «әйтеуір олар»-деп жүреберуі гуманистік психология  тұрғысынан ең бір трагедиялық жағдай.

    Экзистенциялистер сияқты, гуманистік психология адамды зерттеуге ең басты феноминге субьективті тәжірибені жатқызады. Тікелей тәжірибе мен  оған адамның өз қатысын қарағанда,  теориялық білім мен мінез-құлық қосалқы орында болады.А.Маслоу  тәжірибені еш теңе алмастырмайтындығын баса көрсетеді. (1966)

Гуманистік психологияның А.Маслоу тағайындағын  фундаминталды тезистеріне мыналар жатады:

-   Әр бір даманың мінез-құлқындағы жеке көріністерді емес, оны тұтастай бірлікте зерттеу керек. Жеке адамныңі ең басты сипатамасы-бір тұтастық пен жалпылылық.

-   Адам мен жануар психологиясы арасындағы теңрең айырмашылақтар бар. Адам мінез-құлқын түсіндіруде , жануарлар мінез –құлқын зерттеп , оның нітижесін адам мінез-құлқын тануға блмайды. Әйтпегенде, тек адамға ғана тән болатын идеал, құндылық еріклік, махабат, юмор қызғаныш, кінә және т.б сипатамалар ескерусіз қалады.

-  Адамның  позитивті дамуға , жетуге потенциялды мүмкіндіктері табиғатынан беріледі. Адамының деструктивті қатынастары фрустрация мен негізгі қажеттіліктерінің  қанағаттанбауынан болады.

- Барлық адамға шығармашылық қасиет тән болады. Креативтілік  адамның ең универселды сипатамасы, табиғатынан бөлінбейтін қасиеті. Шығармашылық- адамның ерекше функциясы және  өзін -өзі көрсетудің барлық формасы тән.

-  Психология ғылымының негізінде өзін-өзі актуализациялай алатын психикалық дені сау  адамды зерттеу болу керек.Гуманистік психология адам өмірінің бір мәні- өзін -өзі жетілдіру деп есептейді. Ал психикалық дені сау емес адамдардың негізгі зерттеуі бойынша  ғана  өзін-өзі жетілдіру мәселесі шешілмейді.

Гуманистік психологияның негізгі жеке адамның бес деңгейі қажетіліктеріне (физиологиялық: қауіпсіздікті сақтау мен қорғану. Жақсы көру. өзін-өзі құрметтеу. өзін-өзі актуализациялау немесе өзін-өзі жетілдіру қажеттіліктері)  қатысты мотивациялар болады.

Гуманистік психолгия 1960-шы жылдардан бастап  психологиялық консультацияға айтарлықтай ықпал жасады. Әсіресе теориялық саласымен шектеліп қана қоймаған К.Роджерс еңбектерін мамандар  терапевтік, ағартушылық, әлеуметтік қызмет,  отбасылық асалаларында консультация жүргізудекеңінен қолданыды. Оның дерективті емес, клиент басымдылығын ұстанатын  терапиялық техникаларының көпшілігі әр түрлі мақсатта ұйымдастырылатын тренингтік бағдарламаларға негіз боады.

    Гуманистік психология тұрғысынждағы психологиялық көмектің тиімділігі психолог пен клиент арасындағы өзара қарым-қатынас сапасына тәуелді болады. Ал, терапиялық сеанс кезіндегі  өзара қатынастың тиімдіболуы психотерапевтің кәсіби-тұлғаліқ қасиеттеріменбайланыстырады (Роджерс , 1959. Труакс , Кархаф, 1967. Колшед. 1991)

1.  Клиентпен терапиялық сеанс кезіндегі өзара қатынаста психотерапеви конгурентті, шынайы, үйлесімді болуы керек. Ол үшін психотерапевт өз сезімін, көңіл-күйін вербалды және вербалдыемес қарым-қатынас құралдарын адекватты, үйлесімді қорлдануды менгереді.

2.  Психотерапевт клиентпен өзара қатынас барысында  оған деген  назары, ықыласы сөзсіз позитивті,  құрмет пен жылылыққа негізделген болуы керек. Клиент кім болмасын , не айтпасын ,не әрекет жасамасын еркі өзінде болады. Ал психотерапевт оныңсезімдері мен қылықтарына ғана баға бермейді,  даму ббарысы бойынша мақтап –мадақтауға қолпаштауға болады.

3.  Психотерапевт клиенті эмпатиялық тұрғыда түмсіну және қабылдау керек. Психотерапевт клиентің  ішкі жан дүниесін өзіне тән дүниеден қабылдайды, ол клиент сезінгеней сезінеді, клиент кеншкін күйді өзі де кешкен дей болады, клиентің ойын түсіне алады. Сонымен қатар , психотерапевт өз дербестігін сақтауы қажет.

4.  Психотерапевт клиентке эмпатиялық денгейде түсінгенін  және назары позитивті  болғандығын жеткізуі , білдіруі қажет.

5.  Психотерапевт клиент шағымына қатысты нақты және  ашық әрекет көрсетуі керек.

6.  Психотерапевт өмірдің қиын жолдарына  дағдылануға және  қиындықты жеңу стратегияларына өзі үйренген болуы керек, әрі клиенті осыларға менгере үйрете алатын қабілеті жеткілікті болуы керек.

7.  Консультантың өзін -өзі тұлғаліқ және кәсіби мүмкіндіктері  бойынша  үнемі зерттеп білуі, қабылдай алуы, басқаларға көмекке даяр болуы керек. Өзін-өзі тану арқылы психолог  региттілік немесе дандаусу сияқты кәсіби деформация  белгілерін өз бойына дарытпайды.

8. Консультация барысында белгілі болған клиент тәжірибесімен консультант оның күнделікті өміріндегі тәжірибеден мысал ретінде бірден, кейінге шегермей жұмыс жасау керек.

    Гуманистік психологияға  негізделген консультация барысында психолог клиентке ашық және жабық сұрақтар қоя алады. Клиент сезімін айнадағыдай бейнлеу,  оның айтқандарын қайталап барып сұрақ қою сияқты тәсілдерді қолдану.

    Клиентпен қарым-қатынаста психолог өзара әрекеттесудің мазасыздықты,  қиналысты түсіретін дәсітерін қолдану арқылы клиентке адамдармен қарым-қатынас жасаудың жолдарын көрсетеді. Психологиялық консультация сұхбат ретінде ұйымдастырылады. Психолг пен клиентін кездесу сұхбаттары аптасына екі немесе одан да жиі болатын 6-15 сеанстан түрады.

Гуманисті бағыттағы консультацияны жүзеге асырушы психолг шешен сөйлеуге ,  сөздерді дәл мағынада қолдана алуға қабілетті болуы керек (абрамова 1994) Қарым-қатынаста компетенті психолог қана клиентің енжар, тұйық , тәуелді болуына  жол бермейді, керісінше, оның ашық, белсенді, өзгіруге , қиыншылықтарын жеңуге ниетті жоғары болтындай жағдай жасайды.

    Гуманистік психолгия тұрғысынан  консультацияда  гештальт –терапия ерекше орын алады. Гештальт терапияның әр түрлітиімді,  әсерлері белгілі болған тәсілдері мен техникалары бар.  Олар- «қазір және  осыжерде» қабылдау принціпі,  директивтілік,  «бос кресло әдісі», «Мен» концепциясының бөліктерімен сұхбаттасу «жоғары ит»-авторитарлы. Дерективті позиция мен  өзара диологі,  түйсінуді  фиксациялау, түспен жұмыс.

Гуманистік бағыттағы психологиялық консультация үнемі клиентің  жеке дара дамуына негізделді.

Сонымен консультация адам әлде қайда жоғары деңгейдегі жеке басының  компетентілігіне жететін үрдіс болып табылады. Психологиялық консультация  адамдары арқылы шешім қабылдауға үйрете алмайды, ол шешімді ақылмен қабылдауға үйретеді.

 Гуманистік психологияның пайда болу тарихы.

Гуманистік психология концепциялары.

Гуманистік психология негізігі консультация принціптері.

гештальт –терапия және гуманистік тұрғыдағы психологиялық консультация.

Гуманистік тұрғыдағы психологиялық консультация.процедуралары.

К.Хорнидің характерологиялық талдауы

Э.Фромм бойынша психоанализ бен гуманистік психолгия интеграциясы

Б Скинер рационализим және үйрен

А.Бандура концкпциясы.

А.Эллис РЭТ концепциясы

А.Эллис РЭТ процедурасы.

А.маслоу бойынша өзін-өзі актуализациялайтын адамдар сипатамасы

А.Маслоу концепциясы

Жеке адамның К.Роджерс жасаған феноменологиялық теориясы

Клиент басымдылығына бағыталғын терапия (К.Роджерс) 

Өзіндік тапсырма

Р.Ассоджиолидің  «психосинтез» атты еңбегі бойынша консультацияның психосинтездік негізін сипатау. (конспект жазу)«психодинамикалық бағыт тұрғысынан консультация тақырыбы бойынша

А) оппонентік материялды даярлап қорғау

Б) экзальтациялық материялды даярлап қорғау 

3«Бихивиаристік бағыт тұрғысынан психологиялық консультациялау»

Гуманистік бағыт тұрғысынан психологиялық консультациялау»

А) экзальтациялық материялды даярлап қорғау

Б) оппонентік материялды даярлап қорғау

Ұғымдар глассариін жасап қорғау 

Гештальт-терапия (немісше Gestalt – бейне (образ), форма, құрылым + грекше therapeia-емдеу) – әдісін американ психотерапевті және психологы Фредри Перлз ұсынған болатын. Гештальт-терапия – бұл адамның ұғымын кеңейту мақсатында адам өзін жақсы түсініп, қабылдауға, және сыртқы өмірмен жақсы қарым-қатынас орнатуға, өмірдің мәнін түсінуге көмектесетін психотерапия бағыты.

Гештальтпсихология – ХХғ. басында пайда болған психологиялық ой бағыты.

Гештальтпсихологияның теориялық жаңалығын психотерапия тәжірибесінде ХХғ. 40жылдары әйгілі психоаналитик Фриц қолданған болатын. Ол кездері ол өзінің жеке психотерапия жүйесін құруды ойлады.

Гештальттерапияның жалпы теориясы келесі ережелерге негізделеді.

Адам бітұтас социобио психологиялық тіршілік көзі. Оның кез - келген бөлігі жасанды, мысалы психикасы және денесі.

Адам және оның қоршаған ортасы бірыңғай гештальт болып табылады. Қоршаған орта организмге әсер етеді, ал организм өзінің ортасын құрады. Бұл бір жағынан қоршаған адамдардың мінез-құлқы бізге әсер беретінін, ал басқа жағынан біз өзіміздің мінез-құлқымызды өзгертсек, айналамыз да өзгеруге тиіс екендігін көрсетеді.

Адамның мінез-құлқы гештальттерапияның теориясына сәйкес гештальттің қалыптасу және бұзылу принциптеріне бағытталады. Керекті қажеттілік организмде пайда болып, басымды орын алады - фоннан фигура шығады.Ары қарай организм сыртқы ортадан бұл қажеттілікті қанағаттандыратын обьект іздейді. Мысалға, адам қарны ашқанын сезсе тамақ іздейді. Обьектпен қатынас қажеттілігін қанағаттандырады – гештальт бітеді және бұзылады.

Қатынас (контакт) – организм ауасыз кеңістікте өмір сүре алмайды. Адамзат баласы басқа адамдардан тыс ортада дами алмайды. Басты қажеттіліктердің бәрі қоршаған ортамен қатынаста ғана қанағаттана алады.

Сана (ұғыну) – организмнің ішінде және қоршаған ортада не болып жатқаны туралы мәліметтілік. Сана – организмнің қажеттілігі жайлы шынайы ақпарат беріп отырады.

Осында және енді – организме болып жатқан нәрселердің бәрі яғни, қабылдау, әрекет, ой, өткен немесе болашақ туралы фантазия осы шаққа кіреді.

Жауапкершілік – нақты жауапкершілік ұғынумен байланысты. Адам қаншалықты нақтылықты түсінсе, соншалықты ол өз өміріне, өз тілектеріне, әрекетіне жауап беруге қабілетті.

Гештальтерапияның басты мақсаты - өзін-өзі толық ұғынуға жету: өз сезімін, қажеттіліктерін, тілектерін, дене процестерін, сыртқы ортаны. Гештальттерапия мінез-құлықты жедел өзгеріске ұшыратуды немесе симптомдарды тез жоюды бағыттамайды. Өйткені симптомдарды жойып немесе мінез-құлықты толық ұғынусыз өзгерту тұрақты нәтиже бермейді, болмаса ескі мәселенің үстіне жаңа бір мәселеге алып келеді.

Гештальт-терапияның негізгі ұғымдарына: фигура және фон, осы шақты ұғыну және шоғырлану, қарама-қарсылық, қорғаушы функциялар және ержету.

Фигура және фон. Дені сау адам тап осы кезеңде ең бірінші қажетті және маңызды заттарды таңдайды. Ол фигра. Ал қалғаны соңғы жоспарда болады. Бұл фон. Фигура мен фон жиі алмасып тұрады.

Фигура (гештальт) ретінде тап осы кезеңде барлық тілектермен, сезім-ойлармен басым болатын тілек, сезім немесе ой болуы мүмкін. Қалай қажеттілік қанағаттанады, солай гештальт аяқталып, өз маңыздылығын жоғалтады және жаңа гештальтқа орын бере соңғы жоспарға жылжытылады.

Кейбір кезде гештальтті қанағаттандыруға болмайды. Бұл жағдайда гештальт аяқталмаған болып қалады. Мысалға, егер адам баласы өзінің ашу- ызасын дер кезінде сыртқа шығармаса, бұл сезімдер мүлдем жоғалып кетпейді, қайта күшейе түсіп, бұл аяқталмаған гештальт болып табылып, невроз ауруына айналады.

Сондықтан гештальттерапевтің міндеті – пациентке өзінің қажеттіліктерін ұғынуға және аяқтауға көмектесу болып табылады.

Осы шақты ұғыну және шоғырлану. Гештальтті аяқтау үшін ең басты шарт: адам өзін және тап осы кездегі басым қажеттіліктерін ұғынуға қабілеттілік. Ұғыну және шоғырлану, «осында және енді» атына ие болған гештальт-терапияның маңызды принципі болып табылады.

Перлз былй деп оқытты: «осында және ендіден басқа еш теме жоқ. Енді дәл осы шақ бар... Өткен шақ енді жоқ. Болашақ әлі келіп түскен жоқ»

Қорғаушы функциялар. Гештальт-терапия өзін-өзі басқару процесінің бұзылысының 5 механизмін көрсетеді: интроекция, проекция, ретрофлексия, дефлексия және слияние.

Интроекция – адам қоршаған ортаның ұсынған заттарының бәрін пассивті түрде қабылдайды. Ол өзінің қажеттіліктері мен тілекткрін анықтау үшін аз күш жұмсайды.

Проекция – адаб проекцияға өз сезімдерін және қылықтарын қабылдай алмаған кезде түседі, өйткені ол олай сезініп, ондай қылық жасамау керек.

Рефлексия – басқа адамға жасағысы келген немесе жасауға тырысқаннын өзіне жасау.

Дефлексия – қатынастың (контактың) күштенуін алу әдісі. Мұндағы адамдар басқа адамдармен қарым-қатынасқа түсуден қашады.

Бірігу (слияние) – мұндай адамдар өз ойларын, тілектерін және сезімдерін әрең ажыратады.

Перлздің айтуы бойынша терапия процесті анықтау жолдарында невроз 5 сатыдан тұрады.

Бірінші сатысы – жалған қарым-қатынас, рольдік және ойнау.

Екінші деңгей – жалғандық, яғни адам өзі кім сол болудан қорқады.

Үшінші деңгей – тығырыққа тірелу, жол таба алмау.

Төртінші деңгей – іштей жарылу.

Бесінші деңгей – сыртай жарылу, эксплозия. Перз эксплозияның 4 түрін көрсетті: қайғы, ашу-ыза, қуану, оргазм.

Гештальт-терапияның негізгі прцедурасына мыналар жатады:

сананы (ұғымды) кеңейту

қарама-қайшылық интеграциясы

сезімді күшейту

арманымызбен жұмыс (фантазия және түс көру)

өзіне жауапкершілі алу

кедергіні жеңу

Гештальт-терапияда қолданылатын техникалар

1-техника

Сананы дамыту

1-жаттығу

Бірнеше минут ішінде дәл осы шақта не ұғынып, не сезіп отырғандығыңыз жайлы фраза жазыңыз. Әр сөйлемді «кәзір», «дәл осы кезде», «осында және кәзір» деп бастау керек.

2-жаттығу

Көптеген феномендер болмас еді егер де оның қарсы ұғымы болмағанда.

Бір-бірінсіз бола алмайтын қарама-қарсы жұптарды ойлаңыз.

3-жаттығу

Қандай жағдайда стулда тамақ жеуге, ал стөлде отыруға болады. Астроном айға телескоппен қарап тұр, ал егер оған айдан біреу қарап тұрса ше? Полмен патолокты аударыңыз. Картинаны аяғынан басына төңкеріңіз. Кеме мен балықтың ауада ұшып жүргенін елестетіңіз.

4-жаттығу

Елестетіңіз не болар еді егер де азанда сіз төсектен тұрмай қалдыңыз, ия деген жауаптың орнына жоқ деп айтсаңыз? 10см-ге бойыңыз ұзынырақ болса? 10кг. көлеміңіз төмен болса? Әйел емес еркек немесе керсінше болсаңыз?

Қолданылатын әдебиеттер:

  1. Коралева З. Психологиическая тесты для всех – Москва.:Пресс, 2002

  2. Лесли Рай. Развитие навыков тренинга.- Питер, 2001

  3. Немов Р.С. Психология.- Москва ., І-ІІ-ІІІ том. 1998,

  4. Немов Р.С. Психологическое консультирование .- Москва.:

Владос,2001

  1. 11. Намазбаева Ж. Санғылбаев О. Психологиялық сөздік. –

Алматы.,2005 .

  1. 12. Овчарова В. Практическая психология образования.- М., 2003

  2. Роджерс К.Консультирование и психотерапия. Москва.: апрель-Пресс, Эксмо, 2000

№11 дәріс.  ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КОНСУЛЬТАЦИЯДАҒЫ адлер теориясы мен БАҒЫТЫ.

Жоспары:

  1. Психологиялық кеңес беруде Адлерлік теориясы

  2. Психотерапия жайлы Адлер теориясы. Техникалары.

Адлерлік психология – тұлғаны шығармашылыққа, жауапкершілікке толы, өзінің феноменалдік тәжірибесі саясында белгілі бір мақсаттарға ұмтылысы бар деп қарастырады.

Адлердің негізгі тұжырымдамалары келесідей көрініс табады:

Кез-келген әрекет әлеуметтік контексте жүзеге асады. Адам бір ортада дүниеге келеді және сол ортамен қарым-қатынасқа түседі.

Жеке психология – бұл тұлғааралық психология. Өзін әлеуметтік ортаның бір бөлшегі ретінде сезінуді дамытуға, қоғамдық өмірге өзіндік үлесті қосуға Адлер баса назар аударған. Мұндай әрекеттердің барлығы «әлеуметтік қызығушылық» деген терминнің аясына сыймақ.

Адлер психологиясы редукционизмнен бас тартып, холизмді қолдамақ. Өзінің зерттеулерінде адлерліктер тұлғаны бүтіндей зерттеуге баса назар аударады. Психиканың саналы бөлігі бір бағытта, ал бейсана бөлігі екінші бағытта қозғалатындай адамдар әрекет етеді. Сырт көзбен қарағанда адам бойындағы барлық қызметті бөліктер индивиттің өмір сүру стилі мен өмірлік мақсаттарына бағытталатындығы байқалады.

Санда да, бейсана да индивидке қызмет етеді. «Дау» «бір қадам алға және бір қадам артқа» ретінде анықталады, мұның нәтижесінде индивид «қозғалмас орталықта» қалып қоймақ. Ол өзін дау-жанжал болғандай, әрекетке қабілетсіздей сезінгенімен, шын мәнінден мұндай антогонистік сезімді, ойды және құндылықты адам өзі ойлап табады, себебі ол өзінің мәселесін шешу бағытында әлі де болса даяр емес екендігін байқатады.

Индивидті түсіну үшін оның когнитивті ұйымдастырылуын және өмірлік стилін түсініп алуымыз қажет. Адамның дамуы өмірінің бастапқы этаптарында тәжірибені ұйымдастыруға, жеке уайымды түсінуге, болжауға және бақылауға көмектеседі. Сәйкесінше өмірлік стиль дұрыс я дұрыс емес, нормаға сай я сай емес болмайды, бұл жай ғана тұлға өзінің өмірін көретін көмекші «көзілдірік» қызметін атқарады.

Мінез-құлық адамның бүкіл өмірі бойы жағдай талаптарына сай, ұзақ мерзімді мақсаттарға сай өзгеріп отырады. Өмір өтуі барысында өмір стилі өзгермейді, ал сенім психотерапияның әсерінен өзгеруі әбден мүмкін.

Адлердің концепциясына сәйкес адамды туа біткен қасиет немесе қоршаған орта анықтай алмайды. Адамдар өздері таңдаған мақсаттардың жетегіне түседі, бұл мақсат оларға өмірдегі өз орнын таба алуға көмектеседі, оларға қамқорлықты қамтамасыз етеді және өзін -өзі құртеттеуді тұрақтандырады.

Адам өмір сүруінің орталықтанған ұмтылысы түрліше бейнеленген: аса басымдық, өзін-өзі белсендірушілік, өзін-өзі дамытушылық, жетілгендік, әмірлік және т.б. маңызды болып белгілі бір ұмтылыс таңдаған бағыт болмақ.

Өмір өтуі барысында индивид түрлі альтернативалармен кездеседі. Адлерліктер адам өз бетімен шығармашылық, таңдаулы шешімдерді шығара алуға және өзі жеткісі келетін мақсаттарды таңдай алуға қабілетті. Ол қоғамға үлесін қосатын пайдалы мақсаттарды таңдай алады немесе өзін өмірдің пайдасыз жағына арнайды.

Таңдау еркіндігі психологияға құндылық пен мәнділік түсінігін ендірмек. Алайда адлерліктер «әлеуметтік қызығушылық» түсінігіне баса назар аударып отыр. Адамдарға өзгелермен қарым-қатынасқа түсу қабілеті дарыған. Ең ауыр психопотологияның өзінде адамның әлеуметтік қызығушылығы жойылмайды.

Өмір және адам туа біткен, ал ол кемтар деген түсінік невротик сезімінде қалыптасқан. Ақыр аяғында ол мәселені тікелей шешуден бас тартып, жетілуін өзге жолдармен жүзеге асырады: шамадан тыс компенсация, жасырын маска, нәтижесі табысты болатындығы көрінетін міндеттерді алу және т.б.

Адлерліктерді үрдіс баса қызықтыратындықтан, диагностикалық терминологияға аз көңіл білінеді. Мысалы функционалды және органикалық бұзылыстар. Кез-келген әрекет мақсатты бағытталған болғандықтан, психогендік симптомның психологиялық мақсаты, органикалық симптомның соматикалық мақсаты болады.

Өмірдің өзінік міндеттері мен мақсаттары бар. Адлер мұның үшеуін ғана атайды: қоғам, жыныс және жұмыс. Біріншісі жайлы біз толығымен тоқталып болдық. Екіншісі: өмірде екі жыныс орын алатындықтан біз бір-бірімізбен қарым-қатынасқа түсуімізге үйренуіміз керек. Өзге жынысты өзге адамдар біздің қарсыластар емес, олармен де дос бола білу керек. Үшіншісі: адамдар бір-біріне өзара тәуелді. әрқайсысымыз өзге адамның еңбегіне тәуелді болсақ, өзгелер де дәл солай тәуелді, олай болса, жұмыс адам тіршілігі үшін қажетті болмақ.

Өмірдің қиыншылықтары болғандықтан, оны сүріп өту үшін қайраттылық керек. Қайраттылық нәтижесі белгісіз немесе жағымсыз болып күтілетін қауіп қатерге даярлық болып саналады. Егер біз жеңілмес күшті болатын болсақ, онда өмір сүру үшін қайраттылықтың қажеті не?

Өмірдің өзіндік мәнділігі жоқ. Біз өзіміз оған мәнділік береміз. Өмір біздің сезімімізге қалай сәйкес келсе, біз дәл солай әрекет етеміз. Оптимистердің өмірі үміт пен мүмкіндікке толы болып, олар әрбір мүмкіндікті пайдалануға тырысады, ал писсимистер болса өмір ұсынған қауып-қатерден қашқақтап, қорқақтай береді.

ТҰЛҒА. Адлер психологиясы иемдену психологиясы емес, қолдану психологиясы. Сондықтан олар «тұқым қуалаушылық пен қоршаған орта тұлғаны қалай қалыптастырады?» деген сұрақтың орнына «тұқым қуалаушылық пен қоршаған ортаны адам қалай қолданады?» деген сұрақты қояды.

Психотерапия жайлы Адлер теориясы. Техникалары..

Өзара бір-бірімен байланысты бір немесе бірнеше терапевті және бір немесе бірнеше пациентті қамтитын білім беру мекемесі. Терапияның мақсаты: пациенттің әлеуметтік қызығушылығын ояту. Мұндай мақсатқа жету үшін терапия жалған әлеуметтік құндылықтардан құтылуы керек. Пациент қайта білім алады- өзінің өмір стилін және өмірлік мақсаттарға қарым-қатынасын өзгерту. Өзінің когнитивті картасында пациент бұрынғы жолымен жүргісі келеді ме әлде өзге жолды таңдайды ма – оның өз еркі. Ол өзіндік не әлеуметтік қызығушылықты таңдай алады. Мұндай білім беру үрдісінің келесідей мақсаттары бар:

әлеуметтік қызығушылыққа түрткі болу.

мұңаюды жеңіп, кемтар сезімін кішірейту және өзіндік ресурстарды пайдалану.

тұлға өмірінің стилін өзгерту, яғни көзқарас пен мақсаттарды өзгерту.

дұрыс емес мотивацияны және құндылықтарды өзгерту.

өзінің әріптестері мен достары және индивид арасында тең құқықты орнықтыру.

ортақ іске септігін тигізетін адамзаттың қалыптасуына көмектесу.

егер «білімгер» осы аталған мақсаттарға жететін болса, ол өз өзін және өзгені қабылдай алады. Ол «мотивациялық күш» оның ішінде жатқандығын және өзінің тағдырын белсенді түрде соғып жатқандығын сезеді. Бұдан былай ол өзін сенімді, қайратты, оптимисті және сергек етіп сезінеді.

Адлер бойынша, психотерапия үрдісінің төрт мақсаты бар:

қарым-қатынас – «жақсы» қарым-қатынасты құру және оны сақтап қалу.

анализ- пациенттің динамикасын, өмір сүру стилін, мақсаттарын ашу.

интерпретация – алынған мәліметтерді талқылау, мысалы түсті.

қайта бағытталу – (переориентация)

Техника

Ең алғашқы кездесуде терапевт келесідей ақпаратты алады:

Пациент өз еркімен көмек сұрап келді ме?

Пациент қандай мақсатпен келді?

Пациент бұл кездесуден не күтуде?

Пациент өзі үшін не аламын деп күтуде?

Психотерапиядағы пациенттің мақсаттары қандай?

Балалық шақтағы қиыншылықтарды зерттеу үшін және келген мәселенің анық-қанығын білу үшін Адлер сұхбаттың екі сызбасын ұсынады- жас балаларға және үлкен кісілерге арналған.

Техника №1

Жас балаларға арналған сұхбат сызбасы

Жабырқаңқылық

Қай кезден бастап бала шағымдана бастады? Ең алғаш рет жабырқаңқылық көріне бастағанда бала қандай күйде болды? Мұндағы маңыздысы: ортаның өзгеруі, мектепалды даярлық, мектепті ауыстыру, мұғалімнің ауысуы, өзінен кейін баланың туылуы, мектептегі сенімсіздіктер, жаңа достар, баланың я ата-ананың ауыруы, ата-ананың қайта үйленуі, ажырасуы, олардың өлімі.

Баланың белгілі бір жері оның жас кезінде баса назар аудартушы ма еді? Бала жалғыз қалуға қорқушы ма еді? Ол қарама-қарсы жыныстығылармен қандай қарым-қатынаста болды? Ол өз жасында сөйлей және жүре бастады ма? Оқуда, сурет салуда, есеп шығаруда, жазуда күрделі қиыншылықтар болды ма? Ол отбасында ерекше бір тұлғаны жақсы көрді ме? т.б.

Бала көп қиыншылық тудырушы ма еді? Кімнен және неден ол қатты қорқатын? Түнде шошып оянушы ма еді? Төсекке сиіп қоюшы ма еді? Ол ақылды болды ма? Оған күліп, оны мадақтаушы ма еді?т.б

Бұл сұрақтар бала басымдыққа қаншалықты ұмтылатындығы анықтауға бағытталған.

Әлеуметтік қарым-қатынас

Баланың контактыға түсу қабілетін және сенімділігі мен мықтылығын жоғалту деңгейі қандай екендігіне бағытталған сұрақтар: ол онай достасушы ма еді? Ол ұрысқа жақын болды ма? Өзінен үлкен я кіші балаларға әуес болды ма? Ол бір нәрсе жинақтаушы ма еді?т.б.

Баланың мектепке даярлық деңгейін анықтайтын сұрақтар: ол мектепте өзін қалай ұстайды? Сабаққа кешікпейді ме?ол сөмкесін я кітаптарын жоғалтатын жағдайлар болды ма?т.б.

Келесі сұрақтарға байланысты бала отбасылық қандай жағдайда туып өскендігін бағалай аламыз: үй жағдайы жайлы нақты ақпарат керек, тәрбие беру бағыты қандай – қатаң ба қатаң емес пе? Ол жетім ба? Балаға қаншалықты қадағалау жүргізіледі?т.б.

Келесі сұрақтар баланың мінез-құлқын анықтауға бағытталады: баланың отбасындағы орны қандай? Ол қызғаншақ емес пе? т.б.

Қызығушылығы

Бала өзінің болашағын қалай көретіндігіне бағытталған сұрақтар: баланың мамандық таңдауына қатысты ойы қандай? Отбасы мүшелерінің мамандығы қандай? Отбасын құру жайлы не ойлайды?т.б.

Баланың бойындағы басымдық моделін анықтау: оның сүйікті ойындары, әдебиеттері, сүйікті кейіпкерлері кімдер? Ол фантазияға беріледі ме?т.б.

Еске алу және түс

Бұл ақпараттар баланың жалғыз қалғысы келетіндігін, енжарлыққа бейім болуын, белгілі бір адамдарды қалауын анықтауға мүмкіндік береді: баланың кішкентай кезіндегі есте қалғандығы, ол үшін маңызды түстері және көп қайталанып отыратын түстері.

Сенімділіктің және күш қуаттың жойылуын көрсететін мінез-құлық

11. Берілген сұрақтар бала өзіне деген сенімділіктің жойылуы және дұрыс емес бағыттан жол іздеп жатқандығы жайлы ақпарат жинақтауға көмектеседі: өзінің наным сенімдері бар ма? Ол мақтаса өзін қалай сезінеді?т.б.

12. Өзіне назар аудартудың амалы: баланың жағымсыз әдеттері бар ма? Ол өзін ақымақ секілді көрсеткісі келеді ме?т.б.

Мүшелердің жетіспеушілігі

13. Келесі сұрақтар өмірлік қиыншылықтарды қозғайды: бала дұрыс емес дамыған ба? Сол қолымен жазу жазады ма? Түнде қорылдайды ма?т.б.

Жетіспеушілік симптомы

14. Бұл баланың бойындағы әр түрлі саладағы сенімсіздіктің бар болуын көрсетеді: бала өзінің бойында оқуға және т.б. деген қабілетің жоқтығын ашық жария етеді ме? Өзін өзі өлтіру деген ой болады ма? Ол өзінің сыртқы жетістіктерін шамадан тыс бағалайды ма?т.б.

Техника №2

Ерте кездегіні еске түсіру

Адлердің анау айтарлық ерте кездегіні еске түсіруді жүзеге асыратын арнайы техникасы болған жоқ, мұндай техника оның ізбасарларына сайп келді. Әдіс бойынша пациентке нұсқаулар көрсетілген бір парақ және ерте кездегі орын алған жағдайларды еске түсіру үшін алты парақ беріледі.

Е.Сидоренконың еңбегінде жарық көрген нұсқауларды мысал ретінде қарастырайық:

нақты болуға ұмтылыңыз;

өміріңізде көп рет қайталанған жағдайларды бермеңіз;

бұл жағдай сізбен болғандығына сенбесеңіз де оны көрсетіңіз;

маңызды емес деп ойлағаныңызды да парақ бетіне түсіріңіз;

сегіз жасыңызға дейін болған жағдайды ғана сипаттаңыз;

сезіміңізді ашып беріңіз;

есіңізде қалған жағдайға байланысты адам есімдерін де атаңыз;

жағдайдың ең қызықты бөлігін сипаттаңыз;

жағдайдың алдында және одан кейін не болғандығын еске алыңыз;

еске алған жағдайыңыз шамамен қанша жасыңызда болды.

Алайда мұнан қысқа нұсқауды да қолдануымызға болады: пациент ең ерте кездегі жағдайын еске түсіреді де кеңес беруші оны сұрақтар қоя отырып толықтырады: сіз не сезіндіңіз? онда тағы кімдер болды? жағдаймен байланысты қандай түс, әуен есіңізде қалды?

Нұсқаудың тағы бір үлгісі: пациент сегіз жасына дейін болған екі жағдайды есіне түсіреді, алайда бұл жағдай оның көзалдында анық көрінуі керек. Еске түсіру барысы үн таспаға басылады да, содан кейін қағазға қайта көшіріледі. Әрбір басылымнан кейін пациент ол жағдайға ат береді, ол жағдайға қатысты өзінің сезімін көрсетеді, дұрыс емес жерлерін өзгертеді.

Техника №3

Жас кезді еске түсірудің сапалық контент-анализі

Жас кезді еске түсірудің сапалық контент-анализі сызбасы төрт этаптан тұрады:

мазмұндық категорияға анализ және гипотезаны ұсыну;

гипотезаны қайта тексеру;

инсайт- автордың ерте кездегіне еске түсіру нәтижесінде сол кездегі өмірлік стилінің формуласын көру;

шыққан формуланы автормен бірлесе отырып зерттеу.

Бірінші этапта мазмұндық категориялар тізбектеліп, гипотезалар ұсынылады:

есте қалған адамдар (әке-шеше, ағайын, туған-туыс, ата-әже т.б.)

жағдайдың түрі (ұрлық, ауру, өлім, келеңсіз жағдай т.б.)

субъектінің жағдайды қабылдауы (сезім және эмоция)

Екінші этапта бірінші этапта жазылған барлық гипотезаларды қайта оқып, оның ішінде естегі элементтер жалғандығын әшкерелейтіндерін сызып тастау ұсынылады.

Үшінші этапта автордың сол кездегі өмір стилінің формуласын шығару жүзеге асады. Яғни автор берген барлық идеялар жазып алынады, сосын бұл идеяларды анализдеу нәтижесінде Адлер ұсынған сөздермен басталатын нақты формуланы шығару қажеті туады: «Өмір –бұл...», «Өмір сүру- дегеніміз... »

Төртінші этапында біз автормен бірлесе отырып оның өмірлік стилінің формуласын талқылауға жететін болсақ, онда біз диагностикалық міндеттен құтылып, психотерапиялық міндетке көшкендігімізді крсетеміз. Ал бұл өз кезегінде өзге жұмыс әдісін талап етеді.

Техника №4

Өмір тарихы

Адлер келесі проектілі жұмысты ұсынады- «Өмір тарихын» жазу. Бұл тапсырманы орындау үшін автор өзінің өмірбаянындағы ең маңызды оның өмірінде күрделі өзгеріс тудырған жайтты таңдап алуы қажет. Бұл клиенттің өмірлік драмасын көруге, оның өзіндік мифологиясын және өмірлік сценарийін түсінуге мүмкіндік береді.

Техника №5

Түсті жору

Адлер түсті жоруды әсіресе маңызды деп есептеген, себебі ол осы кездегінің түпкі мақсатын көрсетіп, болашақтың бет пердесін ашады. Түс- мақсатты жүзеге асыруға деген ұмтылыс. Арман, фантазия жайлы да осылай айта аламыз. Осы тұрғыда Фрейд өткен армандардың жүзеге аспауы жайлы айтса, Адлер жүзеге асыруды қажет етіп жатқан армандар жайлы сөз етеді. Жалпы алғанда Фрейд пен Адлердің түсті жору техникалары бір –бірінен ерекшеленеді. Мысалға, Фрейд құлау немесе ұшуды жыныстық акт белгісі ретінде қарастырса, Адлер құлау- өзіндік мәнділікті жоғалту сезімін, ал ұшу- өзіндік статус деңгейін көтермелеу дегенді білдіреді дейді.

Адлер түс белгілерін жеке түсіндіру қажеттігі жайлы айтады. Бірде ол түсінде ат болып жүрген екі баланың түсін екі түрлі етіп жориды. Біреусі үшін ат болу- отбасы үшін барлық жауапкершілікті мойнына алу болып есептелінсе, екіншісі үшін- өзгелерден бұрын алға шығуға деген ұмтылысын көрсетеді.

Түсті жору түлға деңгейінің тереңіне бойлауына жағдай жасайды және ең көп қолданылатын әдістердің біріне жатады.

Техника №6

Терапевт модель ретінде

Терапевт пациент қайталай алатын құндылықтарды көрсетеді. Адлерлік терапевт өзін жай адам ретінде көрсетеді, біреу үшін уайымдайтын, қателесетін, солай бола тұра өз-өзіне күле алатын қарапайым адам. Бұл арқылы ол модель ретінде көрінеді. Егер терапевттің бойында осындай сипаттар орын алатын болса, онда пациенттің де бойында орын алуы әбден абзал. Көптеген пациенттер өздерінің терапевттерін қайта қайталауға ұмтылып жатады.

Техника №7

«Сияқты» әрекеті

Пациенттердің көбісі «егер де мен осылай істей алсам» деп жатады. Терапия барысында Адлердің ізбасарлары «сияқты »деген сөзді қосып айтуды ұсынады. Бұл бәрібір шын мәнінде олай емес, іштей мен бәрібір сол тұлға болып қаламын деп пациент қарсылық айтып жатады, алайда жаңа костюмді киіп көргендей, осы рольді де сіз ойнап көруіңіз керек деп түсіндіруіміз қажет. Бұл костюм киіп жүрген тұлғаны өзгертпейді, алайда кейбір кезде ол костюм кигенінде өзін өзгеше сезінуі мүмкін, сөйтіп өзгеше әрекет етуге де итермелеуі мүмкін және сол арқылы өзге тұлға болып өзгере алады.

Техника №8

Жағымсыз практика

Практиканың көрсетуі бойынша, аурудың белгісі белгілі бір шеңберді айналып жүреді: ол қайта қайта қайталанудың нәтижесінде бекітіледі, ал қайталану клиент үнемі оны өзінің санасында жаңғырта беретіндіктен жүзеге асады. Сондықтан да жекелік психологиясында ауру белгісімен күресуді тоқтату идеясы туындады. Бұл бағыт жағымсыз практика деген атқа ие болды. Клиентке ауру белгісін күшейту ұсынылады. Мысалы, клиент менің даусым, мимикам маңызды адамдармен сөйлесу барысында өзгереді дейді. Оған психотерапевттің көзінше өзінің ауру белгісін одан әрмен күшейту ұсынылады. Әлбетте нәтижесінде барлық ауру белгісі жойылады. Бұл техника әсіресе ұйқысыздықты жою кезінде күшті нәтиже береді.

Техника №9

Өзін-өзі ұстау

Пациент өзінің мақсаттарын түсініп, өзгеруге ұмтылған кезде, оған өзін-өзі ұстап алуды үйретеді. Пациент өзін өзінің ескі жағымсыз қылығының үстінде ұстап ала алады, алайда осы ретте ол өзін мұнымен ештеңе істей алмайтындай сезінеді. Бірақ ол бірте-бірте мұндай жағдайларды және ондағы өзінің қылығын алдын ала көре алады, сөйтіп сәйкесінше мүндай жағдайларды болдырмауға, өзгертуге немесе өзінің қылығын өзгертуге тырысады.

Техника №10

Пуск пернесі әдісі

Өзінің эмоциясынан жапа шегетін адамдармен жүргізу тиімді. Әдістің мәнділігі, пациент көзін жұмып, көзалдына өткен жағымды бір жағдайды түсіреді және онымен байланысты сезімді жаңғыртады. Енді оған керісінше, уайым, қайғы , ауру, сәтсіздікпен байланысты жағымсыз бір жағдайды еске түсіруді сұранады. Мұнан кейін қайта бірінші сахнаны көз алдына алу өтініледі. Мұндағы Адлерліктердің көрсеткісі келіп жатқан сабақ- пациент өзі қалайтын кез-келген сезімді тудыра алады, жай сол жайлы ойлау ғана қажет. Оның қол астында перне жатыр, оны басу арқылы ол жақсы не жаман сезімді оята алады. Ол өзінің сезімінен жапа шегуші емес, оны өзі жасаушы болып табылады.

Техника №11

«Ия- уайымдау»

Пациент ем қабылдау нәтижесінде өмірге белсене қатыса бастайды, ол периодты түрде «Ия-уайымдауды» немесе «эвриканы» сезіне бастайды. «Ия, мынаның мәнділігі бар», «Енді мен оның қалай қызмет ететіндігін білемін», «Оп-па, мынау дегеніміз мен ойлағаннан да оңай болып шықты ғой». Түсіне отырып, онда өз-өзіне деген сенімділік, оптимистік көзқарас қалыптаса береді. Ал мұның өзі өмірдің қиыншылықтарымен күресуге көмектеседі.

Адлер ұсынған қайта бағыттаушы тренингтер

Өз -өзімен кездесу:

«Маңдайдағы жазулар» жаттығуы

Стереоскопиялық психологиялық көруді дамыту:

«Темірші Радион»жаттығуы;

«Себептерді түсіндіру» жаттығуы;

«Пум-пум-пум» жаттығуы;

«Өлеңдерді қайта мәтіндеу» жаттығуы;

«Классиктердің қалжыңы» жаттығуы.

Мінездегі кристаллданған паттерндерді жеңу:

Сессия Мен-соңғы;

«Сократтық келісім» сессиясы.

Метафориялық өзара әсерлесу:

«Баланың метафориялық бейнесі» жаттығуы;

Объектімен теңдестірудің гештальт-терапиялық техникасы

Адлерлік терапиядағы метафораны зерттеу және қайта өзгерту.

Үлкендерге арналған метафралық жаттығулар:

Түс метафоросы;

Сапа метафоросы;

Метафориялық би;

Метафориялық гүл бумасы.

Қолданылатын әдебиеттер:

  1. Коралева З. Психологиическая тесты для всех – Москва.:Пресс, 2002

  2. Лесли Рай. Развитие навыков тренинга.- Питер, 2001

  3. Немов Р.С. Психология.- Москва ., І-ІІ-ІІІ том. 1998,

  4. Немов Р.С. Психологическое консультирование .- Москва.:

Владос,2001

  1. 11. Намазбаева Ж. Санғылбаев О. Психологиялық сөздік. –

Алматы.,2005 .

  1. 12. Овчарова В. Практическая психология образования.- М., 2003

  2. Роджерс К.Консультирование и психотерапия. Москва.: апрель-Пресс, Эксмо, 2000

12 Дәріс. Психолог-консультант позициялары, типтері және кәсіби даярлығы

Жоспары:

1. Психологиялық консультациядағы позициялар

2. Психологтың кәсіби қасиеттері

3. Супенревизор міндеттері

Клиенттің өз өміріндегі мәселелерге басқа бір қырынан қарауға көмектесуге, қиыншылықтардың себебі болған клиенттің мінез-құлқымен қарым-қатынас саласын онымен бірлесе талдау психолог –консультанттың клинтке әсер ету әрекетінің мазмұнымен эмоционалдық райы оның ұстанатын позицияларды көрсетеді.

Психологиялық консультацияда психологтың клиентке қатысты мүмкін болатын үш позиция белгілі:

-  партнерлық немесе тең дәредегі өзара әрекеттестік

-  «жоғары» позициямен өзара әрекеттестік

-  «төмен» позициямен өзара әрекетестік (Цзен, Пахомов, 1985)

Әр түрлітеориялық бағыттарда консультантқа белгілі бір позициялар танылады. Мысалы, А.Маслоу психолг-клиент позициясы «аға-іні» принципі бойынша құрылуы керек деп санайды. Дегенмен, психологың клиентпен тең дәрежеде немесе партнерлық жағдайда өзара әрекеттестік жасауы консультациялауда әлдеқайда дәстүрлі және мәнді позиция болып табылады. Тең дәрежедегі позиция жағдайында да консультанттың бағыттаушылық, активиаторлық ролі алға қойылады. Ал, консультациялауда парнерлық деңгейде өзара әрекеттестік ұйымдастырылса, клиент өзін психологпен тең сезінуге, ұстауға мүмкіндік болады. Осыдан барып, клиент психолгпен қатарласа отырып, өз мәселесін шешуде белсенділік танытып, нәтижелі әрекеттестік жасайды. Сонымен қатар, тең дәрежеде өзара әрекеттестік жасау ең нәтижелі позиция болғанымен, ол консультантты екі ұдай жағдайға қалдырады. Ал өзін биіктетіп, мәртебесі жоғары екенін танытса, оған қойылар талап та, артатын үміт те еселеп кететіні, ал оған сәйкес келу аса күрделі болатыны сөзсіз. Осы жағын ескерткен де, партнерлық деңгейде өзара әрекеттестік ұйымдастыру консультант үшін аса ұтымды болады. Ал, «жоғары» позиция ұстанатын мәртебелімен әлдеқайда санасатындықтан, оның айтқандарына әлдеқайда «құлақ қойып», назар аударатындықтан, консультант үшін тең дәрежедегі өзара әрекеттестік біршама қиындықтар әкеледі.

Н.Н.Обозов психологиялық консультация барысында маманның ұстанатын позициясы клиенттің сұхбатқа артатын үміт-сенімі мен бағдарына сәйкес келу керек деп санайды. Ал, клиенттің бағдары консультацияның бастапқы сатысында шағын диагностикалық процедура арқылы анықталады. Ол үшін клиентке мынадай сауал беруге болады: «Дәрігелердің қандай типтері Сіздің талаптарыңызға әлдеқайда сәйкес келер еді? Шкала бойынша белгілеп көрсетіңіз». Шкала ретінде семантикалық дифференциалды қолдануға болады. Сонымен қатар, Н.Н.Обозов клиентке мына типтегі аяқталмаған сөйлемді ұсынуды қажет деп есептейді: «Дәрігерлерде мынадай қасиеттер болу керек».

Консультанттың позициясы клиенттердің әркайсысына қатысты да, бір психологиялық сұхбаттың барысында  да өзгеруіәбден мүмкін. Компетентті маман әртістік қасиет көрсете отырып, қажет болса, клиентке көмегі бар бір ақпараттарды қалтқысыз сеніммен жеткізіп, «жоғары» позиция ұстана алуы, ал кейде, клиенттің өзіндік бағасын арттыру, оның білімді және мәртебелі екендігін аңғарту үшін «төмен» позицияда өзара әрекеттестік жасау қажет болады.

Сонымен қатар, психологиялық консультация нәтижесі психологтың басқа да жеке бас ерекшеліктеріне, тұлғалық қасиеттеріне де байланысты болады. Іс-әрекетте, қарым-қатынаста бір жаққа шыға алмай қобалжып, толқу, күмәндану жағдайарын байқатпай, сыр бермей, дистанция сақтап жұмыс жүргізетін консультанттың өз-өзіне сенімді болуы қажетті психологиялық әсер етуде аса жоғары бағаланады.Н.Н.Обозов тәжірибеші психологтың төмендегідей келесі мәнді қасиеттерін бөліп көрсетеді:

-  үйірсектік, қарым-қатынас жасай алушылық;

-  динамикалық орамдылық;

-  невротикалық мінез-құлық пен субъективті бағалаудан аулақ бола алу;

-  консультация барысында көрініп қалатын клиенттің невротикалық мінез-құлқы мен бағалануына шыдамдылық таныту (тыңдай алу, түсіну, жұбата алу);

-  мәдениеттілік;

-  кәсіби әдептілік – кәсіби құпияны сақтау, клиенттің жеке өмірі мен интимді қатынастарына қатысты мәселелер бойынша аса сақтық таныту;

-  клиенпен жұмыс жүргізуде жүйелілік, ақырына дейін жеткізе алу, тұрақтылық;

-  клиентпен күрделі жағдайды бірлесе талдай алу (монологқа орын бермеу);

-  мүмкін болатын әр түрлі вариантты қақтығыс жайлы білім, дағды, біліктіліктің болуымен қақтығыс жағдайында мінез-құлық ережесін білу.

Консультанттардың әр түрлі типтері сипатталады:

Консультант-лидер өзіне аса сенімділікпен, табандылықпен, орнықтылықпен консультацияның барлық сатыларында клиентке жетекші, қамқор болып отырады

консультант  -  дипломат  әлде қайда әмбебап ,  кішілікті,  әдепті бола отырып,  клиенттің сеніміне тез кіре алады. 

Консультант-ақылшы  клиентке ақпарат, нақты кеңес беруге  даяр болады.

Консультант-көмекші клиентпен бірлесе жұмыс жасап,  «инсайт» сәтінің болуына,  ішкі қуаттың актуализациялануына  жәрдемдеседі.

Консультант-эксперт клиентке  проблемді жағдайларды шешудің мүмкін болатын варианттарын  көрсетеді, клиентпен оларды бірлесе бағалап, адекватты шешімдерді  таңдауға көмек береді.

Психологиялық консультацияның нәтижелі болуы маман тарапынан жіберіліп қалатының бір қатар  қателіктерді ескерумен байланысты. Басты – басты деген  қателіктерге  қысқаша тоқталайық:

1. консультант пен клиент арасында қажетті психологиялық контактінің орнықпауынан  консультациялық сұхбаттың  оңтайлы өтуіне   жағдай жасалынбауы;

2.  консультанттың клиент мәселесінің мәні,  ерекшеліктері мен көрініс беру жағдайларың  жеткілікті біліп алмай,  оны шешумен айланысып кетуі;

3.  консультанттың  клиент мәселесіне  қатысты болжамдар вариантын ойластырмай, алғашқы тандаған болжамының  таймай ұстануы ;

4.   клиент пікірі, көзқарасы ескерілмеуі немесе консультант тарапынан  дискредитациялануы;

5.   консультанттың клиенттің өз көзқарасын  түсіндіруіне және негіздеуіне шек қоюы немесе кедергі жасап,  мүмк індік бермеуі;

6.   клиенттің консультациялық  сұхбатқа келуіне  түрткі болған жағдайды аңғара алмай,  консультанттың  оған тіке сұрақтар қоюы.

Психолог – консультант  әрқашан өзінің кәсіби деңгейін көтеріп отыруы қажет  болады. Ол үшін консультанттардың кәсіби тәжірибесінде  «супервизия» атты іс - әрекет формасы қолданады. «Супервизия»  ұғымын Г.Хэмбли  «біреудің іс-әрекетін бақылау», - деп көрсетеді. Супервизияның тәжірибелі психолог- консультант, кәсіби ассоциациялар жүргізе алады. Қандай болғанда да консультанттың кез-келген уақытта кеңесетін, күрделі жағдайларды, консультация барысында көнілі толмаған  сәттерді  бірлесіп талдайтың көмек орталықтарының әкімшілігі, консультациямен психотерапия бойынша кем дегенде  үш жылдық тәжірибесі бар  мамандар керек болады (Меновщиков, 1998,2000) Соңғы жылдары тәжірибелік психологияның өрістеуі байқалған біздің елде супервизиялық жұмыстарды  әріптес мамандардың бірлескен  іс-әрекеттері арқылы ғана ұйымдастыруға  мүмкіндік болады. 

Г.Хэмбли бойынша супервизия  консультанттың кәсіби мәнді тұлғалық қасиеттерің  жетілдіруге және консультациялық шеберлікті,  біліктілікті  дамытуға  бағытталады.

П.Маккартни (1994) супервизордың төмендегідей міндеттерін көрсетеді:

-  этикалық стандарттарды ұстану;

-  супервизорлық біліктілікті, шеберлікті дамыту;

-  кәсіби жетілуге көмектесу;

-  өзіндік кәсіби қажеттілікті  қанағаттандыру;

-  бір агенттікке  (орталыққа)  бағынышты болу тактикасың ұстану;

-  кәсіби идентификацияны дамыту;

-  супервизияны тиімді жүргізу;  

-  өзін - өзі бағалау;

-  супервизордың біліктілігі, объективтідігі және тәжірибелілігі;

- консультациялық жұмысты топтық бағалау лидердің жетекшілігі арқылы мүмкін болады (Хэмбли, 1992).

Шетелдік әдебиеттерде супервизорлардың қолданатын әр түрлі әдіс-тәсілдері, формалары келтіріледі. |П. Маккартни (1994) жиі қолданылатын супервизорлық техникадан сирек пайданылатын техникаларды ретінде қарай, қолдану жиілігі бойынша тізім жасаған.

Қолдану (құптау).

Ашық сұрақтар қою.

Ақпарат беру.

Кеңес беру.

Интерпретация жасау.

Мазмұнды бейнелеу (рефлексия).

Сезімді бейнелеу.

Өзін - өзі ашу (көрсету).

Модельдеу.

Супервизорлық жағдайды көрсету.

Өзін - өзі кірістіру, тарту.

Әсер ету.

Жабық сұрақтар.

Конфронтация.

Үйге тапсырма.

Супервизорлық жұмыс нәтижесін көрсету, яғни консультациялауда бағалау үшін супервизор баяндама жасайды, жағдаймен таныстырады, жазбаша баға береді, тікелей бақылау жүргізеді, аудио- және видеожазбалар пайдаланады.

Супервизор мен консультант арасында өзара сенім арту және ашықтық таныту супервизияда аса маңызды болады.

Супервизор-“ жогарыдан” келетін тексеруші де, кемістіктерді ғана анықтайтын, мін тағатын саншы да емес, консультациялық іс- әрекеттегі аса күрделі жағдайларды түсінуге және шешім қабылдауға көмектесетін, қолдау көрсетін тәжірибелі әріптес болу керектігін ескеру керек.

Қолданылатын әдебиеттер:

  1. Коралева З. Психологиическая тесты для всех – Москва.:Пресс, 2002

  2. Лесли Рай. Развитие навыков тренинга.- Питер, 2001

  3. Немов Р.С. Психология.- Москва ., І-ІІ-ІІІ том. 1998,

  4. Немов Р.С. Психологическое консультирование .- Москва.:

Владос,2001

  1. 11. Намазбаева Ж. Санғылбаев О. Психологиялық сөздік. –

Алматы.,2005 .

  1. 12. Овчарова В. Практическая психология образования.- М., 2003

  2. Роджерс К.Консультирование и психотерапия. Москва.: апрель-Пресс, Эксмо, 2000

13. Ойын – психотерапияның жетекші бағыты

Арт терапия. Арттерапияның кеңес беру жұмысындағы маңызы.

Жоспары:

  1. Психологиялық кеңес беру психотерапиямен байланысы

  2. Арт терапия. Арттерапияның кеңес беру жұмысындағы маңызы

Ойын терапиясы – психикалық дамудың динамикалық принципіне негізделген және блаларда әртүрлі ойын материалдарының көмегімен көңіл-күйдегі стрессті жеңілдетуге бағытталған психологиялық әдіс.

Ойын бала өмірінде маңызды орын алатыны бәрімізге мәлім. «Баланы танып, түсіну үшін оның ойын әрекетін бақылау керек. Ересек адамдар үшін қарым-қатынас құралы тіл болса, бала үшін қарым-қатынас құралы – ойын әрекеті болып табылады», - деп 18-ғасырда Жан Жак Руссо айтып кеткен.

Ойын терапиясы, ойын формасы түрінде жеңілдетілген күрделі жұмыс. Балалардың мінез-құлқы және ойлау әрекеті ересектерге қарағанда өзгеше болғандықтан олармен жұмыс істеу барысында бұл ерекшелікті ескеру тиіс. Көптеген балалар өздерінің жеке басында қандай да бір мәселелері бар екенін мойындағысы келмейді. Баланың психологқа қаралуы көбінесе үлкендердің (ата-ана, мұғалім, т.б.) инициативасы болып табылады.

Қабілетті, бірақ тәжірибесі жоқ психолог, балаға – «Сен бұл жерге қандай мәселемен келдің?» , - деген сұрақ қойғанда- баланың таң қалған көзқарасы мен иық қағуын немесе «Мамам сізге жіберді» деген жауабын күтуі мүмкін. Бала тарапынан бұл өте шынайы жауап.

Кейде ересектердің өздеріне күрделі көңіл-күй мәселелері жайлы психологпен ой бөлісу қиынға соғады, ал бала үшін тіпті де қиын. Осы кезде ойын психотерапиясының әдістері көмекке келеді.

Баланың ойынын бақылау және оған қатысу – оның ой - өрісін түсінуге көмектеседі. Бала үшін ойын – күрделі, өте мағыналы әрекет, баланың дене, психикалық, әлеуметтік дамуының негізі. Ойын барысында бала өзін еркін ұстап, мінез-құлқының түрлі жақтарын еркін пайдаланады.

Ойын балаға сөздердің орнына белгілік жүйені қолдануға мүмкіндігін береді. Баланың өмірлік тәжірибесі, оның басынан кешіргендері жайлы сөзбен жеткезгеннен гөрі ойыннан да айқын көрінеді. Және де ойын бала үшін - өзіндік терапияның бір формасы болып табылады.

Ойын терапиясының негізгі бағыттарының қысқаша тарихы. Балалар психотерапиясында ойын әдісі шамамен 1920 жылдың басында психоаналитикалық бағыттағы терапевтер ( Анна Фрейд, Мелали Клейн және Термина Хаг – Гельмут) қолдана бастаған.

Балалар ересектер сияқты қобалжын сипаттай алмайтынын психоаналиктер байқаған. Осындай психоанализден бала психикасын зерттеуге арналған маңызды әдістемелер пайда болған, мысалы «Үй – ағаш- адам» , жанұяның кенетикалық суреті және т.б. Бұл ойын психотерапиясының алғашқы бағыты болды. Ойын психотерапиясындағы екінші бағыт 1930 жылы Девид Левидін еңбегі жарық көргеннен кейін пайда болды. Д.Левидін ойынша, ойын баланың алған психикалық жарақатына «жауап беруіне» мүмкіндік береді. Д.Леви бойынша, оның психотерапиясы үш кезеңнен құралады:

І – кезең-қатынасты орнату;

Баланың еркін ойыны, оның ойын бөлмесімен және психологпен танысуы;

ІІ-кезең- бала ойынына оның жан-жарақатына ұқсас жағдай енгізу (арнайы ойыншықтар көмегімен )осындай жағдайда бала ойынды басқарады және зардап шегіші енжар рольден белснді, әрекетті рольге ауысады.

ІІІ -кезең –баланың еркін ойының жалғасуы Д.Левидің ұсынған дерективті принциптерінде, ойын барысындағы инициативаны психолог ұсынуы қажет. Ол үшін ойын психотерапиясы сианстарда мұқият техникалық және әдістемелік қажет. Қатысушының жас ерекшелігін, психоэмоциалды күйінің ерекшелігін және де психологтың мақсатын ескере отырып, рольдік ойынның жоспары құрылады: ойын алдында балаларға рольдерді бөліп береді, және т.б.

Үшінші маңызды бағыт, Джин Тафт және Фредерик Алленнің 1930 ж. Зерттеулері негізінде п.б.

Бұл – қатынастар ойын терапиясы: онда психолог пен пациент арасындағы эмоциялық қатынастың ендік күшіне көп көңіл бөлінеді. Аллен және Тафт балаға жеке тұлға ретінде қатынас жасау керек екенін айтады.

Осы принциптерді дамыта отырып, Вирджиния Эсклайн ойынды баланың максималды түрде өзін көрсету ойын әрекетінде ересектердің араласуын толық ашылуына мүмкіндік беру ретінде қарастырады.

Әр түрлі ойын жағдайларында құлықтық және көңіл-күйлік реакцияларды зерттей отырып, психолог баланың даралық ерекшеліктерін түсінуге тырысады. Сонымен қатар, егер бала ойын барысында шектен тыс белсенді болса , онда психолог белгілі-бір шектеулер енгізеді.

Дерективті емес ойын психотерапиясы процесінде (психолог).

1) Баланың ойын процесін бақылайды (баланың ойнауы, ойын материалына жақындауы, оларды таңдауы , бейімделуі, ойынның сюжеті).

2) Ойынның мазмұнын қарастырады (жалғыздық агрессия болып кеткен оқиғаны еске түсіру тағы басқалардың ойында көрініс берді. Ойын барысында қауіпті жағдайлардың болуы);

3) баланың қарым-қатынас дағдыларын бағалайды (ойын барысында бала мен қатынастың болуы).

Кейде баланың зейінін ойын процесіне аударып, ойын барысында бала мен қатынас орнату қажет. Егер ойында кейбір жағдайлар қайталанса, балаға оның шынайы өмірі жайлы сұрақтар қоюға болады.

Ойын психотерапиясының негізгі мақсаттары

Ойын психотерапиясы:

диагноз қоюда көмектеседі;

психолог пен бала арасындағы қатынасты орнатуға көмектеседі;

сезімдерін сөз арқылы жеткізуге көмектеседі;

баланың эмоциялық қысымын жеңілдетеді;

баланың қызығушылық шеңберін кеңейтуі.

Қазіргі таңда ойын психотерапиясы тек психологиялық тәжірибеде ғана емес, педагогикалық тәжірибеде де кеңінен қолдануда.

Ойын психотерапиясын қолдану көрсеткіштері

Ойын психотерапиясы балалардың әртүрлі мәселелерін шешуге өте тиімді болып саналады, олар:

-балалардағы невротикалық және соматикалық бұзылыстар;

- ата-аналары ажырасқаннан кейін баланың көңіл-күйін көтеру;

- науқас балалардың қобалжу деңгейін төмендету

- психосоматикалық аурулар мен ауырған кезде науқастың күйін жеңілдету (бронха астмасы, асқазанның ауруында т.б.)

- мінез-құлқындағы агрессияны басу

Арт терапия. Арттерапияның кеңес берудегі маңызы.

Қазіргі таңда жеке тұлғаны шығармашылық деңгейде қалыптастыру заман талабы, осындай сұранысты қанағаттандыруда психотерапиялық бағыттың икемді түрлерін қолданудың маңызы зор.

«Арт»-деген сөздің аудармасы «өнер дегенді білдіреді. Бір сөзбен қорытындыласақ өнер (сурет, саз балшық,құм, қырқу-жапсыру, би, әуен, ертегі, түймелер, бейнеге түсіру, қуыршақ, майда ойыншықтар, грим бояуы....) арқылы адамдарды емдеу болып табылады.

Арт терапия алғаш ауруханаларда қолданысқа енгізілген. АРТ-дегеніміз ауру адам сурет салу барысында бір мезгіл сыртқы және ішкі өмірдің бәрін ұмытады, осы кезде ағзада тыныштық орнап, ауруды жеңуге ішкі күш іске қосылады, және оны салған суреті арқылы анықтауға мүмкіндік туындайды.

Шығармашылық терапиясы философиялық тұрғыда, сабақтарда терапияны енгізу, ол өмір мәнін іздеу, адамдар мен табиғатта өз орнын табумен байланысты болып табылады. Марк Аврелия (ІІ ғ.б.э.) , Августин , Григория Нарекаци кезеңдеріндегі ауыр және терең уайымға салынуға бейім адамдар, рухани сырқаттан іштей қауіптеніп, өздерін философияларда, психологиялық, діни жүйелерде , шығармашылықтың сан қилы түрлерімен айналусыдан іздеген.

Ежелгі медицина, философия, жаратылыстану, мифология, өнермен біртұтас келеді. Тарихи мәліметтер бойынша арт – терапия мамандарға психологтар мен психиатрларға науқастарды зерттеуде диагнозын нақтылауда суреттеріне талдау жасау негізін ескеріп, олардың емдеу тәсілін таңдауда көмек береді.

Алғашында арт терапия З.Фрейд , К.Юнгтың теориялық идеялары констекстінде пайда болды, одан әрі кенірек концептуалды негізгі ие болды, оған К.Роджерс пен А.Маслоудың тұлға дамуының гуманистік модельдері кірді. Америка Құрама штаттарында өнерді терапияда қолдануда алғшқы қадам жасаған Маргарет Наумбург болды.

Арт-терапия терапевт пен науқастың арасындағы символдық деңгейде жүретін қарым-қатынас құралы ретінде қолданылады. Көркем өнер туындыларының бейнесі адамның барлық сана астарлы процестерінің, оның ішінде ішкі қақтығыстар, қорқыныштар, балалықтан естеліктер, түс көрулер-фрейдтік бағыттағы психотерапевтердің қарастыратын құбылыстар.

Қазіргі таңда арт-терапия мамандары тұлғаны зерттеуде және емдеу процесінде өз үлесін қоса алатын тәуелсіз практиктер мәртебесіне ие бола алды. Арт-терапия деңгейіне бірнеше зерттеулер Уеллер және Деллидің ойлары Клейннің , Винниготта және Юнгтың теорияларына негізделді. Теориялық көз-қарастарға сүйенсек арт-терапияны балаларда қолдану өте жақсы нәтиже беретіні жайлы айтады.

«Арт-терапия» терминін ең алғаш рет 1938 жылы Андреан Хилл санаторияларда туберкулез науқастарымен өзінің жұмысын сипаттау тұсында енгізді.

Алғашқы кезендерде арт-терапия психоаналитикалық көз-қарастарда бейнеленді, оның мәні бойынша науқастың көркемөнерлік іс-әрекетінің нәтижесі (сурет немесе мүсін) оның бейсаналы психикалық процестерінің сипаты ретінде түсіндірілді.

Шетелдік психотерапияда арт-терапияның 4 негізгі бағыты белгіленген:

1)Емдеу үшін өнердің қолда бар туындыны қолдану, оны пациентке талдау жасату және түсіндірме бергізу жолымен жүзеге асыру.

2)Пациенттерді дербес шығармаға ынталандыру, осы тұста шығармашыл акт негізгі емдеуді фактор ретінде қарастырылады.

3) Бірінші және екінші принциптерді бір уақытта қолдану.

4) Психотерапевт оқыту үрдесінде өзінің ролін пациентпен өзара қатынастарын оның шығармашылығына бағыттау.

Қолданылатын әдебиеттер:

  1. Коралева З. Психологиическая тесты для всех – Москва.:Пресс, 2002

  2. Лесли Рай. Развитие навыков тренинга.- Питер, 2001

  3. Немов Р.С. Психология.- Москва ., І-ІІ-ІІІ том. 1998,

  4. Немов Р.С. Психологическое консультирование .- Москва.:

Владос,2001

  1. 11. Намазбаева Ж. Санғылбаев О. Психологиялық сөздік. –

Алматы.,2005 .

  1. 12. Овчарова В. Практическая психология образования.- М., 2003

  2. Роджерс К.Консультирование и психотерапия. Москва.: апрель-Пресс, Эксмо, 2000

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]