- •«Емдеу ісі» мамандығы бойынша алгоритм тізімі:
- •1. Бас ми жарақаты кезіндегі жедел көмек көрсетуалгоритмі.
- •2. Асқазан-ішек жолдарынан қан кеткенде жедел көмек көрсету алгоритмі.
- •3. Өкпеден қан кеткенде көрсететін жедел көмек көрсету алгоритмі(қан аралас қақырық).
- •4. Артериядан қан кету кезінде жгут салу техникасының алгоритмі.
- •5.Алгоритм:Анафилактикалық шок кезіндегі жедел көмек.
- •3. Шокка қарсы іс-шаралар:
- •6. Иық сынығы кезіндегі «Крамер» жақтауын салу техникасының алгоритмі.
- •7. Балтыр сүйегі сынғанда Крамер жақтауын салу техникасының алгоритмі.
- •8. «Іш өтеспесі» кезінде жедел көмек көрсету алгоритмі.
- •9.Омыртқа жарақаты кездегі жедел көмек көрсетуалгоритмі.
- •10. «Гиппократ» қалпағы байламын салу техникасының алгоритмі.
- •11. Иық буынына «Масақ» тәрізді таңғыш салу техникасының алгоритмі.
- •12.Барлық саусаққа қолғап тәрізді спиральді таңғыш салу техникасыныңалгоритмі.
- •13. Саусақпен басу арқылы артериялық қан кетуді тоқтату техникасының алгоритмі.
- •14. Ұзақ уақыт жаншылу синдромында көрсететін жедел көмек алгоритмі.
- •15. Буындарды барынша бүгу арқылы артериалды қан кетуді уақытша тоқтату техникасының алгоритмі.
- •16. Жараны алғашқы хирургиялық өндеу техникасының алгоритмі.
- •17. Жамбас сүйегі сынған кездегі жедел көмек көрсету алгоритмі.
- •18. « Ноқта » тәрізді байлам салу техникасыныңалгоритмі.
- •19.«Дезо» байламын салу техникасыныңалгоритмі.
- •20. Алгоритм. Қысу арқылы таңғыш салу
- •21.Алгоритм. Бұрау салу арқылы техникасы
- •22. Алгоритм. Цоликлонды қолдану арқылы қан тобын анықтау(анти-а, анти-б).
- •23. Алгоритм: Резус факторды цоликлонмен анықтау.
- •25. Алгоритм. Жоғарғы буынға үшбұрышты орамал тәрізді таңғышты салу техникасы
- •27.Алгоритм .Білек сынығы кезіндегі «Крамер» құрсауын салу
- •28.Алгоритм:Тігістің жібін шешу.
- •29. Алгоритм.Abc жүйесі бойынша жүрек-өкпе реанимациясын жүргізу
- •30. Ашық пневмоторакс кезінде жедел көмек көрсетуалгоритмі.
11. Иық буынына «Масақ» тәрізді таңғыш салу техникасының алгоритмі.
Мақсаты: Жарақаттанған қолдың иммобилизациясын (қозғалтмауын) қамтамасыз ету
Көрсеткіштері:Таңғыш материалды, гипс лангетін, шинаны бекіту.
Құрал-жабдықтар:
Бинт ені 10 см,
Қайшы ,
Лейкопластырь
ҚКҚ
Іс-әрекет алгоритмі:
Науқасты идентификациялау (Паспорттық мәліметтер)
Науқасқа іс-шараның мақсатын және жүргізілуін түсіндіру
Науқастың келісімін алу.
Қолды антисептикпен гигиеналық деңгейде өңдеу, бір реттік қолғапты киіңіз.
Залалсыздандырылмаған резеңкелі қолғапты кию.
Науқасты өзіне қаратып отырғызуы керек.
Тоқпан жіліктің жоғарғы үштен бір бөлігіне 1-2 рет айналдыра отырып бекіту жасау.
Бинтті кеуденің артқы бөлігінен айналдырыңыз.
Арқадан кеуде арқылы қолтық астынан жүргізу.
Бинтті кеуденің алдынан алып, иықтың жараланған жерінен жүргізіңіз.
Иықты циркуляторлы жүргізіп, арқадан өткізіп, алдыңғы орамның 2/1 немесе 3/2 бөлігін жабу.
Иықты толық жабу үшін 1 және 2 орамды қайта жүргізу.
Бинтті иықтың төменгі жағынан бекіту.
Қолғапты шешіп, ҚКҚ тастау.
Қолды жуу және кептіру.
Құжаттандыру:
Қазақстан Республикасының Кодексі 18 қыркүйек 2009ж.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 23 сәуір 2013ж. №111бұйрығы
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 24.02.2015ж. №127 бұйрығы
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 28.02.2015ж. №176
бұйрығы
12.Барлық саусаққа қолғап тәрізді спиральді таңғыш салу техникасыныңалгоритмі.
Мақсаты: Емдік мақсатта.. Көрсеткіші: Күйік, ісік, саусақтың жарақаты. Керекті-құралдар:
Қайшы,
бинт 5 см.
Резенкелі қолғап
ҚКҚ
Іс –әрекет алгоритмі:
Науқасты тыныштандырып ем-шара барысын түсіндіру
Науқастың келісімін аламыз.
Қолдарымызды гигиеналық антисептикалық өндеуден өткізу
Резеңке қолғап кию.
Науқасты өзімізге қарап отырғызып жараққаттанған қолды үстелдің үстіне қою;
6. Бинтті сол қолға ал ұшын оң қолға ұстау;
7. Білезік тұсынан бекіту жасау;
8. Білезіктен қолдын сыртымен қиғаш саусақтын ұшына апару(1орам)
9. Саусақтын ұшынан спираль тәрізді төменге саусақты орау(2 орам)
10. Қолдын сыртымен білезікке түсіп циркулярлы орау(3орам)
11. 1-ші,2-ші,3-ші орамдарды қайталап, келесі саусақтарды орап байлау.
12. Таңғышты айналмалы түрінде білезікке орап бекіту.
13. Қолғапты шешу, ҚКҚ тастау.
14. Қолымызды жуып, кептіру.
Ескерту:
1. Оң қол бас бармақтан бастап таңылады. Ал сол 5ші саусақтан.
2. Барлық саусақтарды бинттеу дұрыс тану кезінде алақан ашық болу керек.
Құжаттандыру:
Қазақстан Республикасының Кодексі 18 қыркүйек 2009ж.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 23 сәуір 2013ж. №111бұйрығы
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 24.02.2015ж. №127 бұйрығы
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 28.02.2015ж. №176
бұйрығы
