- •«Емдеу ісі» мамандығы бойынша алгоритм тізімі:
- •1. Бас ми жарақаты кезіндегі жедел көмек көрсетуалгоритмі.
- •2. Асқазан-ішек жолдарынан қан кеткенде жедел көмек көрсету алгоритмі.
- •3. Өкпеден қан кеткенде көрсететін жедел көмек көрсету алгоритмі(қан аралас қақырық).
- •4. Артериядан қан кету кезінде жгут салу техникасының алгоритмі.
- •5.Алгоритм:Анафилактикалық шок кезіндегі жедел көмек.
- •3. Шокка қарсы іс-шаралар:
- •6. Иық сынығы кезіндегі «Крамер» жақтауын салу техникасының алгоритмі.
- •7. Балтыр сүйегі сынғанда Крамер жақтауын салу техникасының алгоритмі.
- •8. «Іш өтеспесі» кезінде жедел көмек көрсету алгоритмі.
- •9.Омыртқа жарақаты кездегі жедел көмек көрсетуалгоритмі.
- •10. «Гиппократ» қалпағы байламын салу техникасының алгоритмі.
- •11. Иық буынына «Масақ» тәрізді таңғыш салу техникасының алгоритмі.
- •12.Барлық саусаққа қолғап тәрізді спиральді таңғыш салу техникасыныңалгоритмі.
- •13. Саусақпен басу арқылы артериялық қан кетуді тоқтату техникасының алгоритмі.
- •14. Ұзақ уақыт жаншылу синдромында көрсететін жедел көмек алгоритмі.
- •15. Буындарды барынша бүгу арқылы артериалды қан кетуді уақытша тоқтату техникасының алгоритмі.
- •16. Жараны алғашқы хирургиялық өндеу техникасының алгоритмі.
- •17. Жамбас сүйегі сынған кездегі жедел көмек көрсету алгоритмі.
- •18. « Ноқта » тәрізді байлам салу техникасыныңалгоритмі.
- •19.«Дезо» байламын салу техникасыныңалгоритмі.
- •20. Алгоритм. Қысу арқылы таңғыш салу
- •21.Алгоритм. Бұрау салу арқылы техникасы
- •22. Алгоритм. Цоликлонды қолдану арқылы қан тобын анықтау(анти-а, анти-б).
- •23. Алгоритм: Резус факторды цоликлонмен анықтау.
- •25. Алгоритм. Жоғарғы буынға үшбұрышты орамал тәрізді таңғышты салу техникасы
- •27.Алгоритм .Білек сынығы кезіндегі «Крамер» құрсауын салу
- •28.Алгоритм:Тігістің жібін шешу.
- •29. Алгоритм.Abc жүйесі бойынша жүрек-өкпе реанимациясын жүргізу
- •30. Ашық пневмоторакс кезінде жедел көмек көрсетуалгоритмі.
4. Артериядан қан кету кезінде жгут салу техникасының алгоритмі.
Мақсаты: Қан кетуді тоқтату
Көрсеткіштері: Артерия қан тамырларынан қан кету
Қарсы көрсеткіштері: Жоқ
Керекті құралдар:
Резеңке жгут Эсмарха
Ақ қағаз,
Қалам
Резеңке залалсыздандырылмаған қолғап
Үлкен дәке немесе қол орамал.
Таңғыш материялы.
ҚКҚ
Іс-әрекет алгоритмі:
Қолдарымызды гигиеналық антисептикалық өндеуден өткізу. Бір реттік залалсыз қолғапты кию.
Қолды антисептикалық ерітіндімен гигиеналық өңдеу (бөлімшелерден тыс жағдайда қалта антисептигі қолданады).
Науқасты қарау, тыныштандыру, жатқызу.
Науқастың және жараның жағдайын бағалау.
Резеңкелі залалсыздандырылған қолғапты кию.
Зақымданған жағын денеден 1-2 cм жоғары.
Қан кеткен жерден жоғарырақ, праксимальды салу керек.
Жгуттың астына материял немесе киімін қою керек.
Қан кетіп жатқан артерияны саусақпен сүекке итерип басып тұрамыз.
Аяқ-қолдан қан кетип жатқан жерден 2 см жоғары материял немесе орамалмен орау керек.
Қанды тоқтату үшін жгутті ақя-қолға қатты тартып немесе орап байлау керек.
Келесі орамды салу үшін; орамдар бір-бірінің үстіне
немесе
салыну
керек, себебі, орамдар босамас үшін
және теріні зақымдамау мақсатында
Жгуттың шетін ілгешекпен бекітеді немесе екі басын байлап тастайды.
Жгуттың дұрыс салынғанына көз жеткізуіміз керек (жгут салынған жерден төмен тамяр соғысы анықталмайды, жарадан қан кету тоқтайды, аяқ-қол ұштары бозарады).
Қолғапты шешім, ҚКҚ-ға тастау.
Қолды жуып, кептіру.
Жгуттың салынған уақытын: күні, сағаты мен минутын көрсетіп жазып, жгуттың оралу бағытының астына салады.
Науқасты жатқызып тасмалдауымыз керек.
Ескерту!
Жгутты жазда 1 сағатқа, қыста 30 мин салынады. 20 минут сайын босатып отыру керек.
Жгутты босатқанда қан кетіп жатқан жерді қолмен басып тұру керек.
Балаларға жгут 1 сағаттан артық салуға болмайды.
Жгутты таңғыш астына немесе киімнің астында қалып қоймау керек.
Қыста жгут 30 минутқа немесе 1 сағатқа салыну керек. Аяқ-қолды жылы киіммен немесе одеялмен жабыду керек, сол жерге қызыл материял бөлігін қоюымыз керек.
Резеңкелі жгуттың орынына ремен қолдануға болады.
Құжаттандыру:
Қазақстан Республикасының Кодексі 18 қыркүйек 2009ж.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 23 сәуір 2013ж. №111бұйрығы
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 24.02.2015ж. №127 бұйрығы
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 28.02.2015ж. №176 бұйрығы
5.Алгоритм:Анафилактикалық шок кезіндегі жедел көмек.
Мақсаты: АҚ тұрақтандыру, өмірге маңызды жүйелердің қызметін қалпына келтіру, ДВС-синдромының алдын алу.
Мүмкін болатын асқынулар:
Субъективті:
кенеттен пайда болған әлсіздік;
бас ауруы, бас айналу;
денеде ыстықты сезіну;
тері бөртпелері
суық тер;
түшкіру, жөтел, қышу сезімі;
жас ағу;
құсу;
аяқ-қолдың клиникалық тырысулары (кейде тырысулық құлау);
қозғалыс бұзылыстары;
«өлімнен қорқу»;
еріксіз зəр, нəжіс, газ бөлінуі.
Объективті:
тері жабындысының түсі өзгереді (тері қызаруы немесе бозғылдық, цианоз);
əр түрлі экзантемалар;
қабақ, бет, мұрын шырышының ісінуі;
жиі жіп тəрізді пульс ( перифериялық қан тамырларда);
тахикардия (сирек брадикардия, аритмия);
жүрек тондері тұйықталған;
артериалдық қысым тез төмендейді ( ауыр жағдайда төмен қысым анықталмайды).
жеңіл жағдай кезінде салыстырмалы түрде АҚ төмендемейді, төменгі критикалық деңгей 90-80 мм.сын.бағ. Алғашқы минуттарда кейде АҚ аздап төмендеуі мүмкін;
тыныс бұзылысы (ентігу, қиындаған сырылды тыныс, ауыздан көбік ағу);
қарашық кеңейген жəне жарыққа реакция жоқ.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Науқасты Тренделенбург қалпына келтіру: аяқ басын көтерген күйде, басын бүйіріне қаратып, тілін артқа кетуінің алдын алу үшін, асфиксия, құсық массалары мен аспирация болдырмау үшін төменгі жақты алға тарту, таза ауаның келуін қаматамасыз ету. Оксигенотерапия жүргізу.
2. Ағзаға аллергендердің ары қарай түсуін тоқтату: а) аллергендерді парентеральды енгізу:
— аллерген енгізген жердің жоғарғы бөлігіне артерияны қыспайтын етіп, 30 минутқа жгут салу ( əр 10 минут сайын жгутты бір-екі минутқа босатып отыру қажет);
— «крест тəрізді» инъекция орнына ( шағу) 0,18 % эпинефрин ерітіндісін 0,5 мл (мүмкіндігінше к\т-ға– гипоперфузия!) 5,0 мл изотониялық ертінді натрий хлориді 5,0 мл жəне мұз қояды (бірінші емдік тағайындау!). б) аллергенді медикаменттерді мұрын қуысына тамшылату жəне коньюктиваны сумен жуу керек.
в) аллергендерді пероральды қабылдағанда науқастың жағдайы көтерсе асқазанды жуу керек.
