- •«Емдеу ісі» мамандығы бойынша алгоритм тізімі:
- •1. Бас ми жарақаты кезіндегі жедел көмек көрсетуалгоритмі.
- •2. Асқазан-ішек жолдарынан қан кеткенде жедел көмек көрсету алгоритмі.
- •3. Өкпеден қан кеткенде көрсететін жедел көмек көрсету алгоритмі(қан аралас қақырық).
- •4. Артериядан қан кету кезінде жгут салу техникасының алгоритмі.
- •5.Алгоритм:Анафилактикалық шок кезіндегі жедел көмек.
- •3. Шокка қарсы іс-шаралар:
- •6. Иық сынығы кезіндегі «Крамер» жақтауын салу техникасының алгоритмі.
- •7. Балтыр сүйегі сынғанда Крамер жақтауын салу техникасының алгоритмі.
- •8. «Іш өтеспесі» кезінде жедел көмек көрсету алгоритмі.
- •9.Омыртқа жарақаты кездегі жедел көмек көрсетуалгоритмі.
- •10. «Гиппократ» қалпағы байламын салу техникасының алгоритмі.
- •11. Иық буынына «Масақ» тәрізді таңғыш салу техникасының алгоритмі.
- •12.Барлық саусаққа қолғап тәрізді спиральді таңғыш салу техникасыныңалгоритмі.
- •13. Саусақпен басу арқылы артериялық қан кетуді тоқтату техникасының алгоритмі.
- •14. Ұзақ уақыт жаншылу синдромында көрсететін жедел көмек алгоритмі.
- •15. Буындарды барынша бүгу арқылы артериалды қан кетуді уақытша тоқтату техникасының алгоритмі.
- •16. Жараны алғашқы хирургиялық өндеу техникасының алгоритмі.
- •17. Жамбас сүйегі сынған кездегі жедел көмек көрсету алгоритмі.
- •18. « Ноқта » тәрізді байлам салу техникасыныңалгоритмі.
- •19.«Дезо» байламын салу техникасыныңалгоритмі.
- •20. Алгоритм. Қысу арқылы таңғыш салу
- •21.Алгоритм. Бұрау салу арқылы техникасы
- •22. Алгоритм. Цоликлонды қолдану арқылы қан тобын анықтау(анти-а, анти-б).
- •23. Алгоритм: Резус факторды цоликлонмен анықтау.
- •25. Алгоритм. Жоғарғы буынға үшбұрышты орамал тәрізді таңғышты салу техникасы
- •27.Алгоритм .Білек сынығы кезіндегі «Крамер» құрсауын салу
- •28.Алгоритм:Тігістің жібін шешу.
- •29. Алгоритм.Abc жүйесі бойынша жүрек-өкпе реанимациясын жүргізу
- •30. Ашық пневмоторакс кезінде жедел көмек көрсетуалгоритмі.
|
Алматы қаласының Денсаулық сақтау Басқармасы ШЖҚ МКК «Медициналық колледж» |
||
№ ___ Хаттама «__» ____2016 ж өткен Әдістемелік Кенесенің отырысында қаралып келісілген Әдіскер_____ Қасымбекова М.Р. |
ЦӘК «Хирургиядағы МІ» |
Бекітемін. Директордың оқу-тәжірибе жөніндегі орынбасары м.а. ____________ Маштахова С.Г «___» _______2016ж. |
|
Мамандығы: 0301000 «Емдеу ісі»
|
|||
«Емдеу ісі» мамандығы бойынша алгоритм тізімі:
Алгоритм: Бас ми жарақаты кезіндегі шұғыл көмек.
Алгоритм: Асқазан-ішек жолдарынан қан кеткенде жедел көмек көрсету алгоритмі.
Алгоритм: Өкпеден қан кеткенде көрсететін жедел көмек көрсету алгоритмі(қан аралас қақырық).
Алгоритм: Артериядан қан кету кезінде резеңке жгут салу тәсілі
Алгоритм:Анафилактикалық шок кезіндегі жедел көмек.
Алгоритм: Иық сынығы кезіндегі «Крамер» құрсауын салу
Алгоритм: Балтыр сүйегі сынғанда «Крамер » құрсауын салу.
Алгоритм: «Іш теспесі» кезінде жедел көмек көрсету.
Алгоритм: Омыртқа жарақатында көрсететін жедел көмек
Алгоритм: Гиппократ қалпағы байламын салутехникасы
Алгоритм: Иыққа «Масақ» тәрізді таңғыш салу техникасы
Алгоритм: Барлық саусаққа қолғап тәрізді спиральді таңғыш салу техникасы.
Алгоритм: Саусақпен басу арқылы артериялық қан кетуді тоқтату .
Алгоритм: Ұзақ жаншылу синдромында көрсететін жедел көмек
Алгоритм: Буындарды барынша бүгу арқылы артериалды қан кетуді уақытша тоқтату.
Алгоритм: Жараны алғашқы хирургиялық өндеу
Алгоритм: Жамбас сүйегі сынған кездегі жедел көмек.
Алгоритм:« Ноқта » тәрізді байламды салу техникасы.
Алгоритм: «Дезо» байламын салу техникасы.
Алгоритм. Қысу арқылы таңғыш салу.
Алгоритм. Бұрау салу арқылы техникасы.
Алгоритм. Цоликлонды қолдану арқылы қан тобын анықтау(анти-А, анти-Б).
Алгоритм: Резус факторды цоликлонмен анықтау.
Алгоритм. «Чепец» тәрізді жұмсақ байламды салу.
Алгоритм. Жоғарғы буынға үшбұрышты орамал тәрізді таңғышты салу техникасы.
Алгоритм: Мойынға крес тәрізді таңғыш салу
Алгоритм: Білек сынығы кезіндегі «Крамер» құрсауын салу
Алгоритм: Тігістің жібін шешу.
Алгоритм. ABC жүйесі бойынша жүрек-өкпе реанимациясын жүргізу.
Алгоритм: Ашық пневмоторакс кезінде жедел көмек.
1. Бас ми жарақаты кезіндегі жедел көмек көрсетуалгоритмі.
Мақсаты:Емдік.
Корсеткіштері: Бас миының жабық жарақаты (мидың шайқалуы, соғылу, қысылуы, бас сүйектері негізінің және бет сүйектерінің сынуы)
Қарсы көрсеткіштер: Өмірге сәйкес емес ауыр жарақаттар
Керекті құрал жабдықтар:
Зембіл;
Бір реттік шприц 5.0 анальгетиктер енгізу үшін;
Бір реттік шприц 20.0 дәрі дәрмектерді енгізу үшін ;
Бір реттік шприц 2.0 гемостатикалық дәрі дәрмектерді енгізу үшін
Гемостатикалық дәрілер (дицинон – 2,0: этамзилат – 2,0)
Мұзды мұйық,
Залалсыз материалдар (шарик, салфеткада, мақта,бинт)
Электросорғыш;
Спирт, антисептикалық сұйықтық;
Залалсыздандырылған қолғаптар.
ҚКҚ
Пациенттің мүмкін болатын мәселелері:
есінен тану,шок , кома
қан кету
механикалық асфиксия, құсу;
жедел жүрек-қан тамыр жеткіліксіздігі
Іс-әрекет алгаритімі :
Науқасты идентификациялау (Паспорттық мәліметтер)
Науқасқа іс-шараның мақсатын және жүргізілуін түсіндіру
Қолды антисептикалық ерітіндімен гигиеналық өңдеу (бөлімшелерден тыс жағдайда қалта антисептигі қолданады).
Залалсыздандырылмаған бір реттік қолғапты кию.
Науқасты горизантальды қалыпта бас жағын биіктетіп зембілге жатқызу,
Бұлшықет ішіне 2.0 кетатопты немесе кетаролды, 1,0% димедрол ерітіндісін енгізу
Қан кету кезінде қан тоқтату (саусақпен басу арқылы, жараның тығыз тампонадасы,қысатын байлам), байлам салу, Гиппократ немесе Чепец таңғыш салу.
Қан тоқтататын препараттар енгізу : дицинон, этамзилат
Көк тамырға 40% глюкоза ерітіндісі 20,0, витамин С 5% 4мл немесе 25% магний сульфаты ерітіндісі; егер қан қысымы төмендемесе;
Басына мұзды мұйық қою
Ес түссіз кезінде құсық массасымен және тілдің жұтылуынан механикалық асфиксияның дамуының алдын алу шараларын жүргізу: (басын бір жағына қарай бұру, ауыз қуысын механикалық жолмен, яғни салфеткамен немесе электросорғышпен сору)және тілді салфеткамен ұстап өзіне қарай тарту
Қан қысымын, пульсін бақылау
Бас жағын биіктетіп зембілге жатқызып, травматология бөліміне тасымалдау
Қолғапты шешім, ҚКҚ-ға тастау.
Қолды жуып, кептіру.
Нәтижені бағалау: Науқастың қал жағдайымен гемодинамикасын жақсарды, қан кету тоқтатылды , жарақатқа таңғыш салынды, науқас дұрыс тасмалданғанды
Құжаттандыру:
Қазақстан Республикасының Кодексі 18 қыркүйек 2009ж.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 23 сәуір 2013ж. №111бұйрығы
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 24.02.2015ж. №127 бұйрығы
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 28.02.2015ж. №176 бұйрығы
